Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Рота старшинасы

Батальон (3-дәрежелі кеме) командирі | Батальон командирінің орынбасары | Батальон штабының бастығы | Батальон (3-дәрежелі кеме) командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары | Техникалық бөлім) орынбасары | Батальон командирінің тыл (жабдықтау) жөніндегі орынбасары | Батальон сержанты | Рота (4-дәрежелі кеме) командирі | Рота командирінің орынбасары | Рота командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары |


161. Рота старшинасы бейбіт және соғыс уақытында: сарбаздардың, сержанттардың ротадағы әскери тәртіп пен ішкі жарғылық тәртіпті ұстауы; сарбаздар мен сержанттардың рота бойынша тәуліктік нарядта қызмет атқару ережелерін сақтауы; рота қаруының, оқ-дәрілері мен басқа да мүлкінің, сондай-ақ әскери қызметшілердің қоймадағы жеке заттарының сақталуы; рота сарбаздары мен сержанттарының сыртқы пішіні үшін жауап береді.

Ол рота командиріне бағынады, рота орналасқан жердегі ішкі тәртіптің тікелей ұйымдастырушысы және рота сержанты мен ротаның аға технигінен (технигінен) басқа, рота сержанттары мен сарбаздарының тікелей бастығы болып табылады.

162. Рота старшинасы:

ротаның әрбір сарбазы мен сержантының тегін, атын, қызмет мерзімін, атқаратын лауазымын, жеке қасиеттерін, отбасы жағдайын білуге және оларға қамқорлық көрсетуге;

рота сарбаздары мен сержанттарының сыртқы пішінін бақылауды жүзеге асыруға, мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілеріне киім-кешек пен аяқ киімді жеке шақтап пішуді жүргізуге;

ротаға келіп түсетін қаруды, жабдықты, мүлікті және басқа да материалдық құралдарды уақтылы алуға және қарап тексеруге, олардың болуын, дұрыс пайдаланылуын, сақталуын, қызмет көрсетілуін бақылауды жүзеге асыруға, олардың есебін жүргізуге және жөндеуге уақтылы жіберуге; ай сайын ротаның мүлкін есепке алу кітабын бригада қызметтерінің есепке алу кітаптарымен салыстырып тексеруге және белгіленген есеп беру құжаттарын ұсынуға;

ротаның жеке құрамының киім-кешек мүлкін жөндеуі үшін материалдардың болуына қам жасауға;

ротадан тәуліктік нарядқа тағайындалатын сарбаздар мен сержанттардың даярлығын жүзеге асыруға, оны таралым алдында қарап тексеруге және таралымға уақтылы жіберуге, рота бойынша кезекшінің және тәуліктік кезекшінің міндеттерін нақты орындауына бақылауды жүзеге асыруға;

ротадан тағайындалатын командаларды әзірлеуге және жіберуге, оларды азық-түлік, киім-кешек және басқа да мүлікпен қамтамасыз етуге;

рота жеке құрамының моншада жуынуын ұйымдастыруға және жүзеге асыруға, ротаны моншаға жеке өзі апаруға және оны медициналық қарауға ұсынуға;

әскери қызметшілердің тамақтануы туралы қамқорлық көрсетуге, рота бойынша кезекші арқылы асхана бойынша кезекшіге жауынгерлік кезекшіліктегі, жауынгерлік қызметтегі, нарядтағы немесе қызметтік істер бойынша жоқ адамдарға тамақ қалдыру туралы өтінім беруге; тамақты қызмет атқару және сабақтар өткізу орнына жеткізуді ұйымдастыруға;

ротаны асханаға апаруға;

пештерді дұрыс жағуды, өрт сөндіру құралдарының ұсталуын және рота сарбаздары мен сержанттарының рота орналасқан жерде өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтауын ұйымдастыруға және бақылауға;

ротаның әскери қызметшілерін азық-түлікпен, киім-кешекпен және басқа да мүлікпен қамтамасыз етудегі кемшіліктер туралы рота командиріне дереу баяндауға, оларды жоюға шешім қабылдауға;

рота әскери қызметшілерінің қоймадағы жеке заттарының сақталуын ұйымдастыруға және есебін жүргізуге;

ротаның жауынгерлік даярлық жөніндегі сабақтарға оқ-дәрілер мен басқа да материалдық құралдарды алуын және беруді ұйымдастыруға;

әскери бөлім орналасқан жерден сейілдемеге шыққан кезде мерзімді әскери қызмет өткерудегі сарбаздар мен сержанттарға (13-қосымша) сейілдеме қағаздарын беруге және олардың киім нысанын кигендігін және өздерін қоғамдық орындарда ұстау ережелерін білетіндігін тексеруге;

рота сарбаздары мен сержанттарынан әскери тәртіптің, күн тәртібінің (қызмет уақыты регламентінің) сақталуын талап етуге, рота командиріне әскери тәртіптің бұзылғандығы туралы, сондай-ақ рота сарбаздары мен сержанттарына қолданылған көтермелеулер мен салған тәртіптік жазалар туралы дереу баяндауға;

взводтар арасында қызметке және жұмысқа нарядтарды бөлуге, сержанттарға нарядтар кезектілігін жеке өзі жүргізуге және взводтардағы нарядтарды жүргізудің дұрыстығын тексеруге;

рота командирінің рұқсатымен қарауылдарға қаруды, оқ-дәрілерді және сарбаздарға, сержанттар мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге, ал бөлімше кезекшісіне әскери бөлім бойынша кезекшінің бұйрығымен пистолеттерді беруге, тапсырғаннан кейін оларды жеке өзі қабылдауға және қарап тексеруге;

таңертеңгі тексеру мен кешкі тексеруді жүргізуге басшылық жасауға;

рота бойынша кезекші арқылы әскери бөлім бойынша кезекшіге жеке құрамның шығысы; іссапарға кеткендер; сабақтардағы қарулар, оқ-дәрілер туралы; кешкі тексеруде болмағандар, ал өз еркімен кетіп қалғандар болса, олардың әскери атағы, тегі, аты мен әкесінің аты туралы мәліметтер беруге;

ротаның барлық үй-жайларының, сондай-ақ ротаға бекітіліп берілген аумақ учаскесін таза және тәртіпте ұстауды ұйымдастыруға және оларды жалпы жинауға басшылық жасауға міндетті.

 

 

Взвод сержанты (взвод командирінің орынбасары)

163. Взвод сержанты (взвод командирінің орынбасары) бейбіт және соғыс уақытында: сержанттар мен сарбаздарды оқыту, әскери тәрбиесі мен тәртібі; взводтағы жарғылық ішкі тәртіп; бағыныстылардың дұрыс қызмет атқаруы; взводтың әрбір сержанты мен сарбазының сыртқы пішіні үшін жауап береді.

Ол взвод командиріне бағынады. Взвод командирі болмаған кезде оның міндеттерін орындайды және взвод сарбаздары мен сержанттарының тікелей бастығы болып табылады.

164. Взвод сержанты (взвод командирінің орынбасары):

взвод сарбаздары мен сержанттарын оқытуға, тәрбиелеуге, олармен сабақ өткізуге; сарбаздарды жеке даярлауды жүргізуге;

бөлімше командирлерінің сарбаздарды дұрыс оқытуын бақылауға;

взводтағы жауынгерлік даярлықтың есебін жүргізуге;

взводтың сержанттарымен және сарбаздарымен спорттық жұмысты ұйымдастыруға және жүргізуге;

әрбір бағыныстының тегін, атын, әкесінің атын, туған жылын, жеке қасиеттерін, әскери қызметке дейін айналысқан қызмет түрін, отбасы жағдайын, жауынгерлік даярлықтағы жетістіктері мен кемшіліктерін білуге;

бағыныстыларға қамқорлық көрсетуге және олардың мұқтаждықтары мен сұраныстарын жете түсінуге, олардың барлығына тиісті жабдықталым нормаларының жеткізілуіне қол жеткізуге;

бөлімше командирлері мен взвод сарбаздарының әскери тәртіпті сақтауын және қызмет атқаруын бақылауды жүзеге асыруға;

үй-жайдың тазалығы туралы қам жасауға, бөлімшелер арасында оны жинаудың кезектілігін белгілеуге; взводтағы жеке және қоғамдық гигиенаның сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;

взводта бар материалдық бөлімді, қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалану ережелерін білуге; оларды ақаусыз жай-күйде ұстауға, олардың болуы мен дұрыс пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыруға;

әрбір сабаққа (оқу-жаттығуға) шығар алдында сержанттар мен сарбаздардың болуын, олардың сыртқы пішінін, жабдықтарының шақтап пішілуін тексеруге, сондай-ақ қару мен оқ-дәрілерді қарауды жүргізуге;

сабақтар (оқу-жаттығулар) барысында жеке құрамның қауіпсіздік талаптарының сақтауын, қару-жарақтың, әскери және басқа техниканың, оқу материалдық-техникалық базасының сақталуын және дұрыс пайдалануын, оқ-дәрілер мен басқа да шығыс құралдарын дұрыс пайдалануын бақылауды жүзеге асыруға;

сабақтар мен оқу-жаттығулар аяқталғаннан кейін барлық қару-жарақтың, әскери және басқа техниканың болуы мен жиынтығын, сондай-ақ оқ ату қаруының, оқ-дәрілердің, оқу-жаттығу аспаптарының, оқу-жаттығу және елестету құралдарының болуын жеке өзі тексеруге. Бұл ретте қару (қару-жарақ) ұңғыларының каналдарында патрондардың (оқ-дәрілердің) болуына (жоқтығына) ерекше назар аударуға және оларды алуға (атуға) шаралар қабылдауға; қару мен шанецтік аспапты тазалауды, қару-жараққа, әскери және басқа техникаға техникалық қызмет көрсетуді, сондай-ақ сабақ өткізетін орындарды жинауды ұйымдастыруға;

апта сайын взводтың сержанттар құрамымен қызметтік іс-әрекеттер, әскери тәртіп пен ішкі тәртіп бойынша қорытынды жасауға, взвод командиріне және рота сержантына уақтылы баяндауға;

взводтың жеке құрамын таңертеңгі тексеруді кезең-кезеңмен жүргізуге;

бағыныстылардан төсек-орын керек-жарақтарын, киім-кешегі мен аяқ киімін жинаулы және ұқыпты күйде ұстауын талап етуге, взвод сержанттары мен сарбаздарының киім-кешек мүлкін ағымдағы жөндеуді уақтылы жүргізуіне бақылауды жүзеге асыруға;

взвод командиріне бағыныстылардың барлық өтініштері, көтермелеулер, теріс қылықтары мен салынған тәртіптік жазалары туралы баяндауға;

бағыныстыларға қамқорлық жасауға және олардың мұқтаждықтарын жете түсінуге;

сарбаздарды қызметке және жұмысқа нарядтарға тағайындауға, взводтың нарядтар парақтарын, взводтың жеке құрамының, қару-жарағының, әскери, басқа техникасы мен басқа да материалдық құралдарының есебін жүргізуге;

бағыныстылардың қайда және немен айналысып жатқанын ұдайы білуге;

взвод командирінің орнына қала отырып, оның міндеттерін орындауға міндетті.

 

 


Дата добавления: 2015-07-21; просмотров: 154 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Рота сержанты| Бөлімше (экипаж, есептоп) командирі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)