Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Рота командирінің орынбасары

Орталығының (клубының) бастығы | Бригада сержанты | Жеке батальон (2-дәрежелі кеме) командирі | Батальон (3-дәрежелі кеме) командирі | Батальон командирінің орынбасары | Батальон штабының бастығы | Батальон (3-дәрежелі кеме) командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары | Техникалық бөлім) орынбасары | Батальон командирінің тыл (жабдықтау) жөніндегі орынбасары | Батальон сержанты |


Читайте также:
  1. Батальон (3-дәрежелі кеме) командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары
  2. Батальон командирінің орынбасары
  3. Батальон командирінің тыл (жабдықтау) жөніндегі орынбасары
  4. Бригада (1-дәрежелі кеме) командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары
  5. Бригада командирінің орынбасары
  6. Бригада командирінің тыл жөніндегі орынбасары

151. Рота командирінің орынбасары бейбіт және соғыс уақытында: ротаның жауынгерлік даярлығын ұйымдастыру және сабақтарды сапалы өткізу; оқу материалдық-техникалық базасының объектілерін, оқу аспаптары мен жабдықтарын ақаусыз ұстау; ротадағы спорт жұмысы; әскери тәртіп пен жарғылық ішкі тәртіпті ұстау; сыныптық мамандарды даярлау үшін жауап береді.

Ол рота командиріне бағынады және ротаның барлық жеке құрамның тікелей бастығы болып табылады. Рота командирі болмаған кезде ол оның міндеттерін орындайды.

152. Рота командирінің орынбасары:

бір аптаға сабақтар кестесін жасауға қатысуға және ротаның жауынгерлік даярлық есебін жүргізуге;

ротаның жеке құрамын жан-жақты білуге, бағыныстыларды құқықтық және әскери тәрбиелеу жөніндегі жеке жұмыстарды ұдайы жүргізуге, рота сержанттарымен және взводтарымен сабақтар өткізуге;

взводтар командирлеріне жауынгерлік даярлық жөніндегі сабақтарды ұйымдастыруда және өткізуде көмек көрсетуге және анықталған кемшіліктерді жоюға;

ротаның материалдық бөлімін, қару-жарағын, әскери және басқа техникасын пайдалану, қызмет көрсету, сақтау, жөндеу ережелерін білуге және кемінде аптасына бір рет олардың болуы мен жауынгерлік қолдануға әзірлігін тексеруге;

ротада спорттық жұмыстарды өткізуге, өнертапқыштық және рационализаторлық жұмыстарды ұйымдастыруға;

ротада әскери тәртіп пен жарғылық ішкі тәртіпті ұстауға, тәуліктік нарядты даярлауға қатысуға және олардың қызмет атқаруын тексеруге;

ротаға бекітіліп берілген аумақты тазалықта ұстауды, ротада жеке құрамының өрт қауіпсіздігі талаптарын орындауын бақылауды жүзеге асыруға;

ротада ұйқыдан тұрғызуға және кешкі тексерулерге кезең-кезеңмен қатысуға;

қару-жарақты, әскери, басқа техника мен басқа да материалдық құралдары оқу-жаттығуларға және сабақтарға дайындауға қатысуға, апаттардың, авариялар мен бұзылулардың алдын алу жөніндегі шараларды қабылдауға;

ротаның жеке құрамынан әскери киім нысанын киіп жүру ережелерін сақтауды талап етуге;

ротада бар немесе оған бекітіліп берілген оқу құралдарын, аспаптарды, жабдықтар мен оқу материалдық-техникалық базасын дұрыс пайдалануды және сақтауды ұйымдастыруға;

ротада сыныптық мамандарды даярлау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға және жеке өзі жүргізуге міндетті.

 

 


Дата добавления: 2015-07-21; просмотров: 111 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Рота (4-дәрежелі кеме) командирі| Рота командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)