Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Рота (4-дәрежелі кеме) командирі

Бригаданың киім-кешек қызметінің бастығы | Орталығының (клубының) бастығы | Бригада сержанты | Жеке батальон (2-дәрежелі кеме) командирі | Батальон (3-дәрежелі кеме) командирі | Батальон командирінің орынбасары | Батальон штабының бастығы | Батальон (3-дәрежелі кеме) командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары | Техникалық бөлім) орынбасары | Батальон командирінің тыл (жабдықтау) жөніндегі орынбасары |


Читайте также:
  1. Бөлімше (экипаж, есептоп) командирі
  2. Батальон (3-дәрежелі кеме) командирі
  3. Батальон (3-дәрежелі кеме) командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары
  4. Батальон командирінің орынбасары
  5. Батальон командирінің тыл (жабдықтау) жөніндегі орынбасары
  6. Бригада (1-дәрежелі кеме) командирі
  7. Бригада (1-дәрежелі кеме) командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары

149. Рота (батарея, авиациялық буын, жеке взвод) бұдан әрі – рота, командирі бейбіт және соғыс уақытында: ротаның (кеменің) жауынгерлік әзірлігі; жеке құрамның жауынгерлік даярлығы, әскери тәрбиесі, тәртібі мен моральдық-психологиялық жай-күйі; ротадағы (кемедегі) жарғылық ішкі тәртіпті ұстау; рота (кеме) қару-жарағын, әскери, басқа техникасын және басқа да мүлкінің сақталуы мен жай-күйі; роталық (кемелік) жауынгерлік міндеттерді табысты орындауы; ротадағы (кемедегі) шаруашылықты жүргізу үшін жауап береді.

Рота (4-дәрежелі кеме) командирі батальон (кемелер дивизионы) командиріне бағынады және ротаның (кеменің) барлық жеке құрамының тікелей бастығы болып табылады.

150. Рота (4-дәрежелі кеме) командирі:

ротада (кемеде) жауынгерлік даярлықты ұйымдастыруға, бір аптаға сабақтар кестесін жеке өзі жасауға, рота (кеме) офицерлерімен және сержанттарымен (старшиналарымен), сондай-ақ рота (кеме) бөлімшелерімен сабақтар өткізуге;

ротаның (кеменің) әрбір әскери қызметшісінің әскери атағын, тегін, қызмет мерзімін, атқаратын лауазымы мен мамандығын, отбасы жағдайын, іскерлік және моральдық-психологиялық қасиеттерін білуге, олармен құқықтық, әскери тәрбие жөніндегі жеке жұмысты ұдайы жүргізуге;

ротаның (кеменің) материалдық бөлігін, қару-жарағы, әскери және басқа техникасын пайдалану, қызмет көрсету, сақтау, жөндеу ережелерін білуге; кемінде аптасына бір рет олардың бар болуын, жай-күйі мен есепке алынуын жеке өзі тексеруге (кеме командирі кемінде айына екі рет кеме байқауын, оның қару-жарағын, оқ-дәрілері мен техникалық құралдарын тексеруді және күн сайын кемені қарап шығуды жүргізуге), қарау (тексеру) нәтижелерін қару-жарақты, әскери, басқа техника мен оқ-дәрілерді тексеру кітабына енгізуге (12-қосымша);

жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде ротаны (кемені) шебер басқаруға;

ротаның (кеменің) сарбаздарының (матростарының), сержанттары (старшиналары) мен офицерлерінің білімі мен практикалық дағдыларын тексеруге;

жеке құрамды дұрыс орналастыруды ұйымдастыруға, ротада (кемеде) ішкі жарғылық тәртіпті ұстауға, әскери тәртіпті сақтауға;

рота үшін бөлінген барлық үй-жайларды ұстауға бақылауды жүзеге асыруға, ротаға бекітіліп берілген аумақ учаскесін тазалықта ұстауды (кемеде – тұрғын және қызметтік үй-жайларды қарауға, кеме корпусының ақаусыз жай-күйін бақылауды жүзеге асыруға), ротада (кемеде) өртке қарсы іс-шараларды жүргізуді бақылауды жүзеге асыруға;

ротадан (кемеден) тағайындалатын тәуліктік (кемелік) наряд жеке құрамының даярлығын ұйымдастыруға және олардың қызмет атқаруын тексеруге;

қару мен оқ-дәрілерді сақтауға арналған бөлмелерді ашу кезінде жеке өзі қатысуға, күн сайын күзет дабылдамасы құралдарының ақаусыздығын тексеруді бақылауға;

ротада (кемеде) ұйқыдан тұрғызуға және кешкі тексерулерге кезең-кезеңмен қатысуға;

ротаның (кеменің) жеке құрамының есебін жүргізуге, әрқашанда оның штат, тізім, шығыс бойынша санын және түрін, ротаға тіркелген қару-жарақтың, әскери, басқа техниканың, оқ-дәрілердің, жанармай және басқа да материалдық құралдарының болуы мен жай-күйін нақты білуге;

келісімшарт бойынша әскери қызметке, сондай-ақ әскери оқу орындарына түсу үшін кандидаттарды іріктеуді жүзеге асыруға;

сарбаздар (матростар) мен сержанттарды (старшиналарды) кезекті әскери атақтар беруге ұсынуға, лайықтыларды бос қызмет лауазымдарына орналастыру үшін ұсынуға;

команда бойынша оған бағыныстылардан келіп түскен өтініштер мен ұсынымдарды, егер осы мәселелерді шешу аға командирлерге (бастықтарға) байланысты болған жағдайларда ұсынуға;

ротаның (кеменің) әскери қызметшілерін тиісті жабдықталыммен уақтылы қамтамасыз етуге, өз бағыныстыларының тұрмысы туралы қамқорлық көрсетуге және олардың мұқтаждықтарын жете түсінуге, олардың жеке гигиенаны сақтауын бақылауға;

оған бағынысты әскери қызметшілердің сыртқы пішініне және жинақылығына, олардың әскери киім нысанын киіп жүру ережелерін орындауына, жабдықтарды, киім-кешек пен аяқ киімді шақтап пішуге бақылауды жүзеге асыруға;

жеке құрамның сабақтар, оқ атулар, оқу-жаттығулар және қару-жарақпен, әскери, басқа техникамен жұмыс жүргізу, қызмет жануарларымен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік талаптарын орындауын қамтамасыз етуге;

ротаның қару-жарағын, әскери, басқа техникасын, казармалық қорын, мүкәммалын, киім-кешек, техникалық мүлкін және басқа да материалдық құралдарын уақтылы алуды, дұрыс пайдалануды, сақтауды, техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді ұйымдастыруға;

әрбір оқу-жаттығуға немесе сабақтарға шығар алдында ротаның (кеменің) қару-жарағының, әскери және басқа да материалдық құралдарының даярлығын, сондай-ақ оқу-жаттығулардан немесе сабақтардан қайтқан кезде олардың болуын тексеруге;

оқ атулар жүргізілгеннен кейін гильзаларды, ыдыстарды (сауыттарды), жұмсалмаған зымырандар мен оқ-дәрілерді бригаданың зымырандық-артиллериялық қару-жарақ қоймасына уақтылы тапсыруды ұйымдастыруға; батальон командирінің қару-жарақ жөніндегі орынбасарына зымырандарды жіберудің іске аспағандығы, сондай-ақ оқ-дәрілердің ақаулығы туралы баяндауға;

ротаның қару-жарағының, әскери және басқа техникасының апаттарының, авариялары мен бұзылуларының, оқиғаларының алдын алу жөніндегі шараларды қабылдауға (кеме командирі одан басқа, кеменің төзімділігі мен оның жүзуінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге);

айына бір рет рота (кеме) жеке құрамының, қару-жарағының, әскери, басқа техникасының, оқ-дәрілерінің, жанармай және басқа да материалдық құралдарының есепке алу деректерін бригаданың есепке алу деректерімен салыстырып тексеруге;

роталық (кемелік) шаруашылыққа басшылық жасауға;

машиналар жұмысының есебін (моторесурстар шығысын) жүргізуді және формулярларды (паспорттарды), техникалық және жол құжаттарын дұрыс жүргізуді бақылауға;

апта сайын жауынгерлік даярлықтың, әскери тәртіп пен ішкі тәртіптің қорытындысын шығаруға;

белгіленген есепке алу мен есептілікті жүргізуге міндетті.

 

 


Дата добавления: 2015-07-21; просмотров: 151 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Батальон сержанты| Рота командирінің орынбасары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)