Читайте также: |
|
Жалпы ережелер
170. Ішкі тәртіп – бұл заңдармен, жалпыәскери жарғылармен, бұйрықтармен және нұсқаулықтармен айқындалған әскери қызметшілерді әскери бөлімде (бөлімшеде) орналастыру, күнделікті қызметі мен тұрмысы және тәуліктік нарядтың қызмет атқару ережелерін қатаң сақтау.
Ішкі тәртіпке:
барлық әскери қызметшілердің заңдармен, әскери жарғылармен, бұйрықтармен және нұсқаулықтармен айқындалған міндеттерін терең түсінуімен, ұғына және нақты орындауымен;
әскерлер қызметін анық ұйымдастырумен және тәуліктік нарядтың қызметін үлгілі атқарумен;
күн тәртібі мен қызмет уақытының регламентін нақты орындаумен;
мақсатқа бағытталған тәрбие жұмысымен, командирлердің (бастықтардың) жоғары талап қоюшылығын бағыныстылар мен олардың денсаулығын сақтау туралы ұдайы қамқорлық көрсетуімен үйлестірумен;
жауынгерлік даярлықты анық ұйымдастырумен;
қару-жарақты, әскери және басқа техниканы, басқа да материалдық құралдарды пайдалану (қолдану) ережелерін орындаумен; әскери қызметшілер орналасқан жерлерде әскери жарғылардың талаптарына жауап беретін олардың күнделікті қызметі, өмірі мен тұрмысы үшін жағдайлар жасаумен;
әскери бөлім орналасқан ауданда өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаумен, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды қабылдаумен қол жеткізіледі.
Скери қызметшілерді орналастыру
Дата добавления: 2015-07-21; просмотров: 190 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Бөлімше (экипаж, есептоп) командирі | | | Жалпы ережелер |