Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Й-жайларды жылыту

Батальон командирінің тыл (жабдықтау) жөніндегі орынбасары | Батальон сержанты | Рота (4-дәрежелі кеме) командирі | Рота командирінің орынбасары | Рота командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары | Рота сержанты | Рота старшинасы | Бөлімше (экипаж, есептоп) командирі | Тарау. Ішкі тәртіп | Жалпы ережелер |


Читайте также:
  1. Й-жайларды ұстау

210. Жылыту кезеңінің басталуы мен аяқталуы гарнизон бастығының немесе әскери бөлім командирінің бұйрығымен жарияланады. Пешпен жылыту кезінде үй-жайларды жылыту, отынды қабылдау және беру тәртібі мен уақытын әскери бөлім командирі немесе гарнизон бастығы белгілейді.

Барлық қазандықтар, орталық және автономды жылыту жүйелері, пештер мен мұржалар, сондай-ақ үш айға қатты және сұйық отын қоры жылыту кезеңі басталғанға дейін бір ай бұрын акт жасаумен гарнизон бастығының (бөлім командирінің) комиссиясымен тексерілуі, ал ақаулы жүйелері жөнделуі тиіс. Жылыту жүйелерін тексеру бақылау от жағуын жүргізумен жүзеге асырылуы тиіс. Мұржаларды тазалау белгіленген мерзімде жүргізіледі.

Жылыту маусымы аяқталғаннан кейін гарнизон бастығының (бөлім командирінің) комиссиясы аудандық пайдалану бөлімімен бірлесіп акт жасаумен орталық және автономды жылыту жүйелерін түгендеуді жүргізеді. Түгендеу актісі негізінде жаңа жылыту маусымына дайындау жоспары және аудандық пайдалану бөлімдері мен жоғары тұрған штабтарға өтінімдер жасалады.

211. Қыста тұрғын үй-жайларда ауа температурасы +18˚ С, ал медициналық мекемелерде +20˚ С төмен емес, ал қалған үй-жайларда белгіленген нормаларға сәйкес ұсталады. Термометрлер үй-жайлардың ішкі қабырғаларға, пештер мен жылыту аспаптарынан алыс, еденнен бір жарым метр биіктікте ілінеді.

212. Пештерді жағу жиырма сағаттан кешіктірілмей аяқталады. Оқу және қызметтік үй-жайларда пештерді жағу таңертең жүргізіледі және сабақ (жұмыс) басталғанға дейін бір сағат бұрын аяқталуы тиіс. Үй-жайларда осы жарғының 211-тармағында белгіленген нормалардан төмен температура кезінде пештерді жағу әскери бөлім командирінің рұқсатымен жалғастырылуы мүмкін.

213. Жылыту кезеңі уақытында пештерді жағу үшін әскери бөлім бойынша бұйрықпен сарбаздар (матростар) қатарынан от жағушылар тағайындалады, олар алдын ала пештерді жағу ережелеріне оқытылуы және өрт қауіпсіздігі талаптарымен таныстырылуы тиіс. От жағушылар сабақтардан босатылмайды. Жылыту кезеңінде олар барлық нарядтардан босатылады.

Бөлімшелерде пештерді жағуды қадағалау рота старшинасына және рота бойынша кезекшіге жүктеледі, ал әскери бөлім штабында әскери бөлім штабы бойынша кезекшіге жүктеледі.

Тәуліктік наряд адамдарына нұсқама беру кезінде олардың тұрғын және қызметтік үй-жайларда пештерді жағу ережелерін сақтауын бақылау қажеттілігіне ерекше назар аударылады.

214. Ақаулы пештерді пайдалануға, оларды жағу үшін жанармай сұйықтарын қолдануға, жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға, отынды пеште немесе пештің жанында кептіруге және оларды тұрғын үй-жайларда сақтауға, сондай-ақ үй-жайларда, дәліздер мен баспалдақтарда ағаш жаруға және аралауға тыйым салынады.

215. Жылыту кезеңі аяқталғаннан кейін барлық пештер мен мұржалар тазалануы және рота старшинасы пәтер-пайдалану қызметінің (бөлімнің пәтер-пайдаланумен қамтамасыз етуді, сондай-ақ табиғатты қорғау іс-шараларын жоспарлауды және бақылауды, бөлім мұқтажы үшін бөлінген жер телімдерін бөлуды және пайдалануға беруді, әскери қызметшілерді, жұмысшылар мен қызметкерлерді тұрғын алаңымен қамтамасыз етуді жүзеге асыратын орган) бастығымен бірлесіп қарауы тиіс, одан кейін пештердің есіктері пломбыланады немесе мөрленеді.


Дата добавления: 2015-07-21; просмотров: 153 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Й-жайларды ұстау| Елді мекендерде орналастыру

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)