Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жалпы ережелер. 243. Әскери бөлімде уақытты бөлу оның ұдайы жауынгерлік әзірлігі

Рота командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары | Рота сержанты | Рота старшинасы | Бөлімше (экипаж, есептоп) командирі | Тарау. Ішкі тәртіп | Жалпы ережелер | Й-жайларды ұстау | Й-жайларды жылыту | Елді мекендерде орналастыру | Ртке қарсы қорғаныс |


Читайте также:
  1. Арым-қатынасқа жалпы сипаттама.
  2. Жалпы ережелер
  3. Жалпы ережелер
  4. Жалпы ережелер
  5. Жалпы ережелер
  6. Жалпы ережелер
  7. Жалпы ережелер

243. Әскери бөлімде уақытты бөлу оның ұдайы жауынгерлік әзірлігі қамтамасыз етілетіндей және жеке құрамның ұйымдасқан жауынгерлік оқу-жаттығуын жүргізу, жарғылық тәртіпті, әскери қызметшілердің әскери тәртіп пен тәрбиесін ұстау, олардың мәдени деңгейін, жан-жақты тұрмыстық қызмет көрсетуді арттыру, уақтылы демалуы мен тамақ ішуі үшін жағдайлар жасалатындай етіп жүзеге асырылады.

Офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің апта сайынғы қызмет уақытының жалпы ұзақтығы заңнамамен белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығынан аспауы тиіс, ал мерзімді қызмет әскери қызметшілері қызмет уақытының ұзақтығы әскери бөлімнің күн тәртібімен айқындалады.

Әскери қызметшілерге (мерзімді әскери қызметтің, әскери оқу орындарының курсанттарынан басқа) апта сайын кемінде бір тәулік, бірақ айына кемінде алты тәулік демалыс беріледі.

Жауынгерлік кезекшілік, жауынгерлік қызмет, тәуліктік нарядтағы қызмет, кемелердің оқу-жаттығулары, жорықтары, жауынгерлік әзірлік және жауынгерлік даярлық жөніндегі сабақтар апта сайынғы қызмет уақытының жалпы ұзақтығы шектеусіз жүргізіледі.

Әскери бөлімнің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігімен тікелей байланысты жедел іс-шаралар оның командирінің (үлкен бастықтың) жазбаша бұйрығы бойынша тәуліктің кез келген уақытында аға командирге (бастыққа) дереу баяндаумен орындалады.

Апта сайынғы қызмет уақытының белгіленген ұзақтығынан артық, демалыс және мереке күндері әскери қызмет міндеттерін орындауға тартылған офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге бөлім (бөлімше) командирінің шешімімен, әскери қызметшілердің қызметі мүдделері мен тілектерін ескере отырып, аптаның басқа күндері демалыс беріледі. Демалыс ұзақтығы демалыс және мереке күндері қызметте өткізілген уақыттан немесе қызмет уақытының белгіленген ұзақтығынан артық болмауы тиіс.

Әскери қызметшілерді белгіленген уақыттан артық, демалыс және мереке күндері әскери қызмет міндеттерін орындауға тарту, сондай-ақ оларға аптаның басқа күндері демалыс беру бөлім бойынша бұйрықпен ресімделеді.


Дата добавления: 2015-07-21; просмотров: 234 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Оршаған ортаны қорғау| Күн тәртібі, қызмет уақытының регламенті

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)