Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жалпы ережелер. 427. Тәуліктік наряд адамдары күн тәртібінің (қызмет уақыты

Кезекшілерді сызыққа шақыру | Жалпы ережелер | Скери эшелон (команда) бастығы | Скери эшелон бастығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары | Жөніндегі көмекшісі | Скери эшелон бастығының жабдықтау жөніндегі көмекшісі | Вагон (адамдарға арналған кеме үй-жайы) бойынша үлкен | Вагон (адамдарға арналған кеме үй-жайы, әуе кемесінің салоны, кабинасы) бойынша тәуліктік кезекші | Жалпы ережелер | Тәуліктік нарядты даярлау |


Читайте также:
  1. Арым-қатынасқа жалпы сипаттама.
  2. Жалпы ережелер
  3. Жалпы ережелер
  4. Жалпы ережелер
  5. Жалпы ережелер
  6. Жалпы ережелер

427. Тәуліктік наряд адамдары күн тәртібінің (қызмет уақыты регламентінің) орындалуына және ішкі тәртіптің басқа да ережелерінің сақталуына табандылықпен қол жеткізе отырып, өз міндеттерін білуі және адал орындауы тиіс.

Бөлім бойынша кезекшінің рұқсатынсыз тәуліктік наряд адамдарының өз міндеттерін тоқтатуға немесе басқа біреуге орындауға беруге құқығы жоқ.

428. Бөлімшеге бөлім командирі және одан жоғары бастықтар келген кезде бөлімшелер бойынша кезекшілер бұл туралы бөлім бойынша кезекшіге дереу баяндауға міндетті.

Роталар (бөлімшелер) бойынша кезекшілер және бөлім бойынша кезекшінің көмекшісіне бағынысты басқа да кезекшілер ол келген кезде «Тік тұр» командасын бермейді және баяндамайды, тек өзін таныстырады.

429. Бөлім бойынша кезекшіге және оның көмекшісіне кезекшілік уақытында әрқайсысына бөлім командирі белгілеген уақытта төрт сағаттан артық емес, аяқ киімсіз, жарақтарын шешпей және шешінбей кезекпен жатып демалуға (ұйықтауға) рұқсат етіледі.

Бөлім штабы, парк, қойма аймағы (техникалық аумақ), бақылау-өткізу пункті мен асхана бойынша кезекшілерге, кезекші фельдшерге (санитарлық нұсқаушыға), рота бойынша кезекшіге және белгі беруші-барабаншыға кезекшілік уақытында бөлім командирі белгілеген уақытта төрт сағаттан артық емес, аяқ киімсіз, жарақтарын шешпей және шешінбей, жатып демалуға (ұйықтауға) рұқсат етіледі.

Кезекті тәуліктік кезекшіге, шабарманға, бақылау-өткізу пункті бойынша кезекшінің көмекшісіне жарақтарын шешуге және киімінің түймелерін ағытуға тыйым салынады.

Тәуліктік кезекшілердің бос ауысымына, шабарманға, бақылау-өткізу пункті бойынша кезекшінің көмекшісіне тек ұйқыға жатқаннан кейін және одан тұрғанға дейін шешінуге және жатып демалуға (ұйықтауға) кезекпен рұқсат етіледі.

Бөлім бойынша кезекшінің, оның көмекшісінің, штаб, парк, бақылау-өткізу пункті, қойма аймағы (техникалық аумақ), оқ-дәрілер арсеналдары, базалары бойынша кезекшілердің демалуы үшін арнайы орындар жабдықталады. Көрсетілген адамдарға басқа орындарда демалуға тыйым салынады.

Қарауыл құрамы Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысының ережелеріне сәйкес демалады.

430. Тәуліктік нарядтан ауысқан әскери қызметшілер ауысым күні сабақтан және жұмыстан босатылады.

Демалыс, мереке және жұмыс істемейтін күндері тәуліктік наряд құрамына кіретін офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге командир (бастық) аптаның басқа күндері демалыс беруге міндетті.

 

 


Дата добавления: 2015-07-21; просмотров: 168 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тәуліктік наряд таралымы| Бөлім бойынша кезекші

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)