Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жалпы ережелер. 366. Саны көп әскери бөлімдер, бөлімшелер мен командалар темір жол және су

Скери қызметшілердің қызмет және тұрмыс жағдайларын сауықтыру | Скери қызметшілердің шынығуы, дене дайындығымен және спортпен айналысуы | Санитарлық-гигиеналық және індетке қарсы іс-шаралар | Емдеу-алдын алу іс-шаралары | Монша-кір жуу қызметін көрсету | Жауынгерлік кезекшілік пен жауынгерлік қызмет | Парктердегі ішкі қызметтің ерекшелігі | Жалпы ережелер | Оқу-жаттығу орталығындағы, полигондағы (лагерьдегі) ішкі тәртіп | Скери бөлімнің лагерь болып (шатырларда) орналасуы |


Читайте также:
  1. Арым-қатынасқа жалпы сипаттама.
  2. Жалпы ережелер
  3. Жалпы ережелер
  4. Жалпы ережелер
  5. Жалпы ережелер
  6. Жалпы ережелер

366. Саны көп әскери бөлімдер, бөлімшелер мен командалар темір жол және су көлігімен тасымалдау үшін әскери эшелондарға құрылады.

Әрбір әскери эшелонға (командаға) нөмір беріледі.

Әуе көлігімен тасымалдау кезінде әрбір әуе кемесі үшін әскери командалар жасақталады.

367. Әскери эшелонның (команданың) жеке құрамы белгіленген мінез-құлық ережелерін, әскерлерді тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік талаптарын білуі және сақтауы, қырағы болуы, мемлекеттік құпияларды сақтауы және әскери мүлікті сақтауы тиіс.

368. Әрбір әскери эшелонда әскери бөлім командирінің бұйрығымен әскери эшелон бастығы, әскери эшелон бастығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, жауынгерлік қамтамасыз ету жөніндегі көмекшісі, жабдықтау жөніндегі көмекшісі, байланыс бастығы, дәрігер (фельдшер) тағайындалады.

Әскери командада команда бастығы тағайындалады.

Вагондар (адамдарға арналған кеме үй-жайлары) бойынша жетекшілерді оларда бөлімшелерін тасымалдайтын командирлер немесе әскери эшелон бастығы, ал әуе кемелерінің салондары бойынша тәуліктік кезекшілерді әскери команда бастығы тағайындайды.

Әскери эшелон (команда) бастығының әскери атағы мен тегі, әскери эшелонның (команданың) нөмірі барлық жеке құрамға жарияланады.

Өз құзыреті шегінде әскери қатынастар мен көлік органдарының лауазымды адамдарынан басқа кез келгенге әскери эшелон (команда) бастығының іс-қимылына араласуға тыйым салынады.

Аға командирлердің (бастықтардың) барлық бұйрықтары (командалары) әскери эшелон бастығы арқылы беріледі.

369. Әскери эшелондағы тәуліктік нарядтың қызметі осы Жарғының талаптарына сәйкес ұйымдастырылады.

Әскери эшелонда ішкі және қарауыл қызметтерін өткеру үшін:

әскери эшелон бойынша кезекші мен оның көмекшісі;

роталар (оларға тиісті бөлімшелер) бойынша кезекшілер;

вагондар (адамдарға арналған кеме үй-жайлары, әуе кемесінің салоны) бойынша тәуліктік кезекшілер;

қарауыл;

кезекші бөлімше;

кезекші байланысшы;

кезекші белгі беруші тағайындалады;

тәуліктік нарядтың басқа да адамдары тағайындалуы мүмкін.

370. Әскери эшелонның (команданың) жеке құрамына:

әскери қатынастар мен көлік органдары лауазымды адамдарының жұмысына араласуға;

поезды (кемені, әуе кемесін) аялдауға тиісті уақытынан артық ұстауға;

белгіленген команда немесе белгі берілгенше отырғызуды және түсіруді (әуе кемесіндегі өз орнын тастап кетуге) жүргізуге, вагондарға (кеменің палубасына) секіруге немесе олардан поезд (кеме) жүріп бара жатқанда секіруге;

поезд қозғалысының қауіпсіздігі мен адамдардың өміріне қауіп төндіретін жағдайларды қоспағанда, поезды тоқтату тұтқасымен тоқтатуға;

поездарда (кемелерде) жазулар жазуға, плакаттарды, ұрандарды, жалаушаларды жапсыруға, ілуге;

хаттар мен жеделхаттарда әскери бөлім атауын көрсетуге және тасымалдау туралы ескертуге, бөтен адамдармен бұл туралы әңгімелер жүргізуге; тиеу-түсіру орындарында және вагондарда (кеме үй-жайларында, әуе кемелерінде) хаттар, газеттер, қағаз бен басқаларды қалдыруға;

вагондардың төбелерінде, платформаларда, тежеу алаңдарында, машиналардың кабиналары мен қораптарында, танкілер мұнараларында, ал темір жолдардың электрлендірілген учаскелерінде болуға, одан басқа байланыс желілерінің темір тіректері мен жерге берілетін құрылғыларына жанасуға, байланыс сымдарына екі метрден таяу жақындауға;

кеменің қызметтік үй-жайларында, кеме командасының жұмыс орындарында, құтқару қайықтарында болуға; шлюздердің қабырғаларына өрмелеуге;

вагон есіктерінің аралығында отыруға немесе тұруға, вагондардың есік жақтауларына (кемелердің леерлік қоршауларына, планширлеріне) сүйенуге;

вагондарда (кемелерде) жарық беру мен жылытудың белгіленбеген түрлерін қолдануға;

тиегеннен кейін техникаға жанар май құюды (толтыра құюды) жүргізуге;

темір жолдармен (порт, әуежай аумағы) бойынша орынсыз жүруге, аумақты бүлдіруге және станция (порттар, әуежайлар) шектерінде от жағуға; эшелонға (командаға) тиесілі емес көлік құралын рұқсатсыз алуға;

тоқтау және қозғалыс кезінде вагондардан (кемелерден) әлденені лақтыруға тыйым салынады.

371. Әскери эшелонмен бөтен адамдарды және әскери эшелонға қатысты емес жүктерді тасымалдауға тыйым салынады. Көліктің, жолшыбай әскери командалар лауазымды адамдарының әскери эшелонмен жол жүруіне қатынас жолдарындағы әскери комендант рұқсат етеді.

Қауіпті жүктер эшелонның, әскери қатынастар мен көлік органдары лауазымды адамдарының ұдайы бақылауымен көлік түрлеріне қолданылатын нормативтік құжаттар талаптарына қатаң сәйкестікте тасымалданады.

372. Әскери эшелоннан (командадан) қалып қойған әскери қызметші қатынас жолдарындағы әскери комендантқа, ал ол болмаған кезде станция (порт, әуежай) бастығына келуге, қалып қою себебін баяндауға (хабарлауға), әскери эшелонның (команданың) нөмірін айтуға және әскери коменданттың немесе станция (порт, әуежай) бастығының нұсқауы бойынша іс-қимыл жасауға міндетті.

 

 


Дата добавления: 2015-07-21; просмотров: 248 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Кезекшілерді сызыққа шақыру| Скери эшелон (команда) бастығы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)