Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жалпы ережелер. 346. Әскерлер оқу орталықтарына, полигондарға (лагерьлерге) жеке

Таңғы ас, түскі ас және кешкі ас | Сейілдемеге босату | Бөлімшелердің (командалардың) орнын ауыстыру | Скери бөлімді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру | Скери қызметшілердің қызмет және тұрмыс жағдайларын сауықтыру | Скери қызметшілердің шынығуы, дене дайындығымен және спортпен айналысуы | Санитарлық-гигиеналық және індетке қарсы іс-шаралар | Емдеу-алдын алу іс-шаралары | Монша-кір жуу қызметін көрсету | Жауынгерлік кезекшілік пен жауынгерлік қызмет |


Читайте также:
  1. Арым-қатынасқа жалпы сипаттама.
  2. Жалпы ережелер
  3. Жалпы ережелер
  4. Жалпы ережелер
  5. Жалпы ережелер
  6. Жалпы ережелер

 

346. Әскерлер оқу орталықтарына, полигондарға (лагерьлерге) жеке құрамның далалық дағдысы деңгейін арттыру және моральдық-психологиялық және жауынгерлік қасиеттерін, бөлімдердің (бөлімшелердің) әр түрлі жағдайда жауынгерлік іс-әрекеттерді жүргізу және тағайындалуына сәйкес міндеттерді орындау қабілеттерін нығайту мақсатында шығады. Көрсетілген іс-шаралар жауынгерлік жағдайға барынша жақындатылған, күштердің анағұрлым жоғары шоғырлануын, әскери қызметшілердің білімдері мен дағдыларын іс-жүзінде қолдануын талап ететін жағдайларда пысықталады.

Әскерлердің оқу орталықтарына, полигондарға (лагерьлерге) шығу тәртібі жауынгерлік даярлық жоспарымен немесе аға командирдің (бастықтың) бұйрығымен айқындалады.

347. Әскерлер оқу орталықтарында, полигондарда (лагерьлерде) үй-жайларда немесе лагерь болып (шатырларда) орналастырылады.

Штабтар, медициналық пункттер, шеберханалар, қоймалар, тыл қызметтері (объектілері) көбінесе үй-жайларда орналасады. Қару-жарақ, әскери және басқа техника далалық парктерде орналастырылады.

348. Оқу орталықтарында, полигонда (лагерьде) болған кезде әскери бөлімдегі және оның бөлімшелеріндегі ішкі қызмет осы Жарғыда жазылған талаптарға сәйкес ұйымдастырылады.

Әскери бөлім командирі күн тәртібін, әскери қызметшілердің қызмет уақытының регламентін, сарбаздар (матростар) мен сержанттарды (старшиналарды) мерзімді әскери қызметтен полигоннан (лагерьден) сейілдемеге босату тәртібін және басқа да ішкі тәртіп ережелерін айқындай отырып, бөлімшелердің далалық дағдысын арттыру, олардың орналасу ерекшеліктері жөніндегі міндеттерді, сондай-ақ оқу орталығында, полигонда (лагерьде) аға командир (бастық) белгілеген жалпы ережелерді ескеруі тиіс.

349. Оқу орталығында, полигонда (лагерьде) әр түрлі құрамалардың (әскери бөлімдердің) әскери бөлімдерінің (бөлімшелерінің) жиынын өткізу кезінде ішкі қызметке басшылық жасау үшін аға командир (бастық) лагерьлік жиын бастығын тағайындайды, ал қажет кезде басқа да лауазымды адамдар тағайындалады.

Әскери бөлім (бөлімше) оқу орталығында, полигонда үй-жайларда немесе лагерь болып (шатырларда) орналастырылады. Әр түрлі құрамалардың (әскери бөлімдердің) бірнеше әскери бөлімдері немесе бөлімшелері бірлесіп орналасқан кезде олардың арасында аумақ пен үй-жайларды аға командир (бастық) немесе лагерьлік жиынның бастығы бөледі.

Лагерьлік жиынның бастығы: жауынгерлік даярлықты ұйымдастыру және барысы; әскери тәрбие мен тәртіп, жеке құрамның моральдық-психологиялық жай-күйі; жиынға тартылған әскери бөлімдердегі ішкі тәртіп және олардың қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтауы үшін жауап береді.

Ол жиынның барлық бөлімдерінің (бөлімшелерінің) жеке құрамы үшін тікелей бастық болып табылады. Лагерьлік жиынның бастығы өз міндеттерін осы тарауға қатысты бригада командирінің міндеттеріне сәйкес орындайды.

350. Тәуліктік нарядқа лагерьлік жиын бастығының бұйрығымен лагерьлік жиын бойынша кезекші тағайындалады, ол әскери бөлім бойынша кезекшінің міндеттеріне сәйкес міндеттерді орындайды.

 

 


Дата добавления: 2015-07-21; просмотров: 157 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Парктердегі ішкі қызметтің ерекшелігі| Оқу-жаттығу орталығындағы, полигондағы (лагерьдегі) ішкі тәртіп

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.013 сек.)