Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Скери бөлімді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру

Й-жайларды жылыту | Елді мекендерде орналастыру | Ртке қарсы қорғаныс | Оршаған ортаны қорғау | Жалпы ережелер | Күн тәртібі, қызмет уақытының регламенті | Йқыдан тұрғызу, таңертеңгі тексеру мен кешкі тексеру | Оқу-жаттығу сабақтары | Таңғы ас, түскі ас және кешкі ас | Сейілдемеге босату |


Читайте также:
  1. Бұйрық, өкім, бұйырым. Оларды беру, орындау және бақылау тәртібі. Әскери қызметшілердің бастамасы
  2. Жай бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіру.Жай бөлшектерді салыстыру» ОӘЖӘ А/5/5/10
  3. Жауынгерлік кезекшілік пен жауынгерлік қызмет
  4. Скери қызмет қауіпсіздігі
  5. Скери қызметшілердің құқықтары
  6. Скери қызметшілердің қызмет және тұрмыс жағдайларын сауықтыру
  7. Скери қызметшілердің жалпы міндеттері

280. Әскери бөлімді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіруді Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының басшылары осы құқықты берген командирлер (бастықтар) жүргізеді.

281. Әскери бөлімді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру оны белгіленген мерзімде жауынгерлік міндеттерді орындауға даярлау мақсатында жүргізіледі. Міндеттерді орындауға әзірлік мерзімі жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіруге белгі алынған сәттен бастап саналады. Әскери бөлімді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру кезінде әскери бөлімнің жеке құрамы оған тиесілі қару-жарақпен, әскери техникамен және басқа да материалдық құралдармен тұрақты орналасу пунктінен белгіленген (көрсетілген) аудандарға шығарылады.

282. Әскери бөлімді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру тәртібі әскери бөлім командирінің тікелей басшылық жасауымен штаб әзірлейтін және аға командир (бастық) бекітетін жоспармен айқындалады. Онда:

жеке құрам мен бөлімшелерді хабарландыру тәртібі;

әскери бөлім бойынша кезекшінің (жедел кезекшінің) және тәуліктік нарядтың басқа да адамдарының іс-әрекеттері;

кезекші күштер мен құралдардың іс-қимылы;

әскери бөлімнің жиын ауданы, бөлімшелердің жиын пункттері және оларға жеке құрамды шығару, қару-жарақты, әскери және басқа техниканы, басқа да материалдық құралдарды әкелу (әкету) тәртібі;

әскери бөлімді шоғырландыру аудандары және олардағы бөлімшелердің орналасу орындары, сондай-ақ әскери бөлімнің бастапқы шебі (пункті), бағыттары мен қозғалу тәртібі;

әскери бөлімді жан-жақты қамтамасыз ету жөніндегі іс-шара;

басқаруды және байланысты ұйымдастыру;

әскери бөлімнің Жауынгерлік Туын алып шығу (әкету) тәртібі;

қаруды, оқ-дәрілер мен басқа да материалдық құралдарды беру тәртібі;

жиын және шоғырландыру аудандарына шығу кезінде коменданттық қызметті ұйымдастыру;

бөлімді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіруге құқығы бар лауазымды адамдар;

басқа да қажетті іс-шаралар көзделуі тиіс.

283. Барлық әскери қызметшілер жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру кезінде өздерінің іс-қимыл тәртібін, оларға қатысты бөлігінде бөлімшенің, әскери бөлімнің іс-қимыл тәртібін қатаң білуі тиіс.

Істер мен лауазымды қабылдау кезінде әскери бөлімнің барлық лауазымды адамдары жергілікті жерде міндеттерді нақтылаумен жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру кезіндегі іс-қимыл тәртібін оларға қатысты бөлігінде зерделеуге міндетті.

Әскери бөлімді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру жөніндегі іс-шараларды орындау барысында жеке құрам белгіленген мерзімде барлық бүркемелеу түрлерін, қауіпсіздік талаптары мен қару-жарақты, әскери және басқа техниканы пайдалану ережелерін сақтай отырып, тез және ұйымдасқан түрде әрекет етуге міндетті.

284. Әскери бөлімдердің (бөлімшелердің) жауынгерлік әзірлігін тексеру бөлімнің (бөлімшенің) тағайындалуына сәйкес белгіленген мерзімде міндеттерін орындау қабілеттерін айқындау мақсатында жүргізіледі.

Тексерулерді Қорғаныс министрі, Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитетінің төрағасы, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың тиісті басшылары, әскер түрлерінің бас қолбасшылары, тектерінің, өңірлік қолбасшылықтар әскерлерінің қолбасшылары, әскери бөлім командирі немесе олардың тапсырмасы бойынша адамдар кенеттен және белгіленген шектеулермен жүзеге асырады.

Тексерулерді жүргізудің кезеңділігі мен мерзімдерін Қорғаныс министрі мен Қарулы Күштердің бірінші басшылары айқындайды. Осы мақсаттарда тиісті лауазымды адамдар жауынгерлік әзірлікті кенеттен тексеру жоспарын әзірлейді.

Жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру барысында әскери бөлім командирінің, штабының, бөлімшелер (қызметтер) командирлерінің (бастықтарының), жеке құрамның қойылған міндеттерді орындауға даярлық деңгейі, бөлімді жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру кезіндегі бөлімнің басқару органдарының іс-шараларды орындауды қамтамасыз ете білуі, қару-жарақтың, әскери және басқа техниканың, зымырандардың, оқ-дәрілер мен материалдық құралдар қорларының жай-күйі тексеріледі.


Дата добавления: 2015-07-21; просмотров: 160 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бөлімшелердің (командалардың) орнын ауыстыру| Скери қызметшілердің қызмет және тұрмыс жағдайларын сауықтыру

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)