Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

І. ЖансҮгіров атындаҒы мӘдениет сарайы

Р ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ | АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ | ТӘУЕЛСІЗДІК МОНУМЕНТІ | РАЙЫМБЕК БАТЫР КЕСЕНЕСІ | Кімшілік орталығы – Көкшетау қаласы. | БУРАБАЙ | Кімшілік орталығы – Талдықорған қаласы. | ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ МАЗАРЫ | Н.ТІЛЕНДИЕВ ЕСКЕРТКІШІ | ШОҚАН УӘЛИХАНОВТЫҢ МЕМОРИАЛДЫҚ КЕШЕНІ |


Читайте также:
  1. ЖҰБАНОВА АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛОРМОНИЯ
  2. І. ЖАНСҮГІРОВ АТЫНДАҒЫ ЖЕТІСУ МУ ҒИМАРАТЫ
  3. Н.БЕКЕЖАНОВ АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МУЗЫКАЛЫҚ – ДРАМА ТЕАТРЫ
  4. ТӘУЕЛСІЗДІК САРАЙЫ
  5. ШАҚШАҚ ЖӘНІБЕК АТЫНДАҒЫ МҰРАЖАЙ

Мәдениет сарайы Тәуелсіздік көшесінде орналасқан. Ғимарат 1963 жылы салынды. Жалпы көлемі – 3563 ш.м. құрайды. 500 орынға арналған мәдениет сарайы.

«Жер Жаннаты Жетісудің» символына айналған фонтан2001 жылы ашылды. Фонтанның авторы – Қазақстан Дизайнерлер Кеңесінің Президенті – Т.Сүлейменов.

Ілияс Жансүгіров – ақын, қоғам қайраткері. Алғашында өз әкесінен, ауыл молдаларынан сауат ашқан. «Тілші», «Еңбекші қазақ» газеттерінде, Қазақ ағарту институтында қызмет еткен. Қазақстан Жазушылар одағының алғашқы төрағасы болған.

Ілияс Жансүгіров 1937 жылы жалған саяси айыппен тұтқындалып, 1938 жылы ату жазасына кесілген. 1958 жылы ақталды. І.Жансүгіров өлең жазуды 1912 жылы бастаған. Оның «Балдырған», «Қызыл жалау» атты өлең дәптерлері кейін, 1957 жылы Ұлттық кітапханадан табылды. Жансүгіровтың баспа бетін көрген алғашқы туындылары – «Сарыарқаға», «Тілек» деген өлеңдері 1917 жылы Семейде шығып тұрған «Сарыарқа» газетінде жарияланған. 1923 жылы «Сана» журналында «Мерген Бөкен» әңгімесі, өлеңдері «Тілші», «Ақжол», «Кедей еркі» газеттерінде жиі жарияланып жүрді.

І. Жансүгіров халқына қаламы ұшталған, терең ойлы, талантты ақын ретінде мәшhүр болды. Халықтың бай фольклорын жинасуға, оның озық үлгілерін халық игілігіне айналдыруға, басылып шығуына үлкен үлес қосқан. Жансүгіров әдебиет сынына да араласып, әдеби көркем сын жанрының дамуына ат салысты. Алматы, Ташкент, Мәскеу оқу орындарында жақсы мағынасындағы қомағайлықпен білім алды, өз бетімен де көп оқыды, орыс және әлем классикалық әдебиетін зерттей оқып, үздік туындыларын орыс тілінен қазақшаға аударды (А.С. Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтың, Н.А Некрасовтың, М.Горькийдің, Г.Гейне мен В. Гюгоның, Ғ. Тоқайдың, К. Лахутидің шығармаларын қазақ тіліне аударған). Ілияс Жансүгіров қазақ әдебиетінің барлық жанрларында қалам тартып, елеулі туындылар берген әмбебап дарын. Әйтсе де әмбебап дарын айналасы проза мен драматургияда, әсіресе поэзияда әдебиетіміздің алтын қорына жататын айтулы туындылар беріп, артына аса мол көркем мұра қалдырды. Ілияс поэзиясы – ойға - қанат, сезімге нәр беретін, ешқашан ескірмейтін, мәңгі жас поэзия.

 


Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 390 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
АРАСАЙ БАТЫР ЕСКЕРТКІШ| ШАРЫН ШАТҚАЛЫ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)