|
Шарын шатқалы – ең ірі экзотикалық орындардың бірі. Әлемде АҚШ пен Қазақстан және Ресей аумағында ғана кездесетін мұндай әсем жерімен әр қазақ мақтана алады. Шарын шатқалы үлкендігі жөнінен әлемде АҚШ-тың Колорадо жазығындағы Гранд-Каньоннан кейінгі екінші шатқал болып саналады. Ерекше шайылған формалар, желденген рельефтер – ертегідегі құм тауларынан жасалған ескерткіштер әлеміне алып кетеді. Сан алуан сазды-тасты қызық мүсіндер – судың, жел мен күннің асықпай, мұқият жасаған туындысы. Табиғат күштері Шарын өзенінің арнасында таңғажайып мүсіндер топтамасын жасаған. «Қамалдар аңғары», «Жалмауыз кемпір шатқалы» және т.б. Құмды жардың биіктігі – 150-300 метр. Шарын шатқалы Алматыдан шығысқа қарай 220 шақырым жерде Райымбек ауданының аумағында орналасқан. Саяхатшылар үшiн Шарын шатқалы, әсіресе, оның төменгi бөлiгi ғажайып сұлулығымен тартымды. Жергілікті халық бұл жерді «қорғанды қамалдар аңғары» деп атап кеткен. 2005 жылдан бастап Шарын шатқалы мен шетен тоғайының аумағында «Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи қорығы» құрылды. Шарын шатқалындағы жер бедерi жаратылысының алуандығы жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiнiң мол болуына қолайлы жағдай жасаған. Мұндағы 1500 өсiмдiк түрiнiң 34-i «Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына» енген. Ал, жануарлар дүниесiнен сүтқоректiлердiң 60, ұя басатын құстардың 300, сумекенділердің 20 түрі және бауырымен жорғалаушылардың 800 түрi бар.
Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 469 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
І. ЖАНСҮГІРОВ АТЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ САРАЙЫ | | | І. ЖАНСҮГІРОВ АТЫНДАҒЫ ЖЕТІСУ МУ ҒИМАРАТЫ |