Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ожа Ахмет Ясауи кесенесі

І. ЖАНСҮГІРОВ АТЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ САРАЙЫ | ШАРЫН ШАТҚАЛЫ | І. ЖАНСҮГІРОВ АТЫНДАҒЫ ЖЕТІСУ МУ ҒИМАРАТЫ | Облыс аумағында 7 аудан, 3 қала, 273 ауыл бар. | ОРҚЫТ-АТА» МЕМОРИАЛДЫҚ КЕШЕНІ | Н.БЕКЕЖАНОВ АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МУЗЫКАЛЫҚ – ДРАМА ТЕАТРЫ | ЖАНҚОЖА БАТЫР КЕСЕНЕСІ | БАЙҚОҢЫР – ҒАРЫШ АЙЛАҒЫ | ОҚШЫ-АТА КЕСЕНЕСІ | БӘЙДІБЕК БАБА КЕСЕНЕСІ |


Читайте также:
  1. АБАТ - БАЙТАҚ КЕСЕНЕСІ
  2. АРАХАН КЕСЕНЕСІ
  3. Ахметгалиев Рамиль
  4. АШАҒАН» КЕСЕНЕСІ
  5. БҰХАР - ЖЫРАУ КЕСЕНЕСІ
  6. БӘЙДІБЕК БАБА КЕСЕНЕСІ
  7. ДОМАЛАҚ АНА КЕСЕНЕСІ

Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауидің кесенесі - Орта Азия мен Қазақстандағы теңдесіз тарихи жәдігер. Бұл ғажайып сәулет өнерінің туындысы өз бойына ертеден келе жатқан жергілікті және Шығыс мұсылман құрылыс тәжірибесін жинақтаған бірегей ғимарат. Бұл ғажайып ғимарат Әулиелердің Сұлтаны Құл Қожа Ахмет Ясауиге зор

құрмет ретінде, оған деген халықтың шексіз сүйіспеншілігіне орай, Әмір Темірдің бұйрығымен 1397 жылы салына бастаған. Қ.А. Ясауи сәулет ғимараты айқын, дәл әрі үйлесімді жоспармен салынған. Деректерде Әмір Темір кесененің салынуына бұйрық беріп, әрі жобасын жасауға да тікелей қатысқан. Қожа Ахмет Ясауи сәулет ғимараты - аса үлкен порталды-күмбезді құрылыс. Оның ені - 46,5м, ұзындығы - 65м. Ғимараттың орасан зор порталы (ені - 50 метрге жуық, порталдық аркасы - 18,2 м және биіктігі - 37,5м) және бірнеше күмбезі бар. Оның орталық бөлмесінің төңірегінде түрлі мақсатқа арналған 35 бөлме салынған. Қ.А. Ясауи кесенесі жамағатхана, қабірхана, мешіт, кітапхана, үлкен ақсарай, кіші ақсарай, асхана, құдықхана және бірнеше құжыра бөлмелерден тұратын, діни-ғұрыптық, діни-ағартушылық, тұрмыс-салттық қызмет түрлерін атқаруға арналған аса күрделі, аса зор кешенді құрылыс болуымен ерекшеленеді. Ахмет Ясауи – (1093 ж.ш., кейбір деректерде 1103 ж., 1041 ж., Сайрам (Исфиджаб) — 1166 ж. Түркістан (Иасы) — түркі халықтарының, соның ішінде қазақ халқының, байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орыны бар ұлы ақын, пәлсапашы, сопылық ілімнің негізін салушы, уағызшы. Шағатай тілінде жазған “Диуани Хикмет” жыр жинағының авторы. Ахмет Ясауи шамамен XI ғ. соңында - XII ғ. басында Сайрам қаласында дүниеге келеді. Тегі - жергілікті түркі тайпаларының бірі көсіннен күнелткен Ахметтің әкесі Ифтихар баласы Махмудтың ұлы Ибрагим және анасы Қарашаш, бұл кісілердің бейіті Сайрам қаласында. Ахметтің тұңғыш рухани ұстазы әрі тәрбиешісі атақты шайхы Арыстапбаб болған. Ол дүние салғаннан кейін Ахмет Бұхараға келіп, атақты шайхы Қожа Жүсіп Хамаданидан софылық ілім жайлы дәріс алады. Сөйтіп, "Ақиқатты хақ жолдарын" түсіндіру құқына ие болады. Біраз уақыт бойы ол Бұхарадағы софылық қоғамын басқарып жүреді. Бірақ көп ұзамай өзінің рухани дүниесін қанағаттандырмаған осынау хұзырлы орыннан бас тартып, Түркістан қаласына қайта оралады. Бұл жерде Ахмет Ясауи өзінің уағызшылық қызметін кеңінен өрістетеді. Аңызға қарағанда Ахмет Ясауи Мұхаммад пайғамбар жасына келген соң, оны аза тұту белгісі ретінде қалған өмірін өзі уағыз айтатын мешіт іргесінде қазылған жер асты мекенінде (Қылуепе) өткізді. Мұнда оның үй іші ғана емес, шайқының ілім алып жүрген көптеген шәкірттері де болады. Ол 1166-67 жылдардың бірінде дүние салды. Жергілікті қауымдардың ұлттық әулиесі ретінде Ясауи халықтың аса көп жиналуымен өзіндік арнайы соғылған кішкене мазарға жерленеді. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – ортағасырлық сәулет өнерінің қайталанбас туындысы мен керемет сарайлардың, ғибадатханалардың кешені болып табылады. Үлкен ғимараттың қайта жөндеуден кейінгі биіктігі – 44 м, ал батыс күмбездің диаметрі – 22 м. Ғимаратта – 30 бөлме мен залдар бар. Орталық зал – Қазақ хандарының резиденциясы болған, бүгінде осы жерде мұражай-пантеон орналасқан. Мұражайдың маржаны болып табылатын, ислам әлемі бойынша ең үлкен су құюға арналған ыдыс – Тайқазан да осы жерде орналасқан. Ол – жеті металлдың (алтын,күміс,мыс,мырыш,қалайы,қорғасын,темір) қорытпасынан жасалған. Қазанның салмағы 2 тонна, диаметрі 2,4метр, сыйымдылығы 3000 литр, биіктігі 162см. Қазанды осы қаладан 25 шақырым жердігі Қаршақ деген елді мекенде Әмір Темірдің жарлығымен 1399 жылы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне арналып құйылған. Оны құйған Тебриздік шебер Адел Озиз Шарафуддин. Кесене 1396-1404 жылдары Әмір-Темірдің бұйрығымен салынған. Кесененің кейбір жерлері 1723 жылы қалмақтардың, 1846 жылы қоқандардың шапқыншылығы кезінде біраз қираған. 1390-91-94-95 жылдардағы қан төгіс ұрыстарда Темір Алтын Орданың өктемдігін жойып астанасы - Сарай Беркені өртеп жібереді. Міне, осы жеңістің құрметіне Ахмет Ясауидің ескі мазарының орнына жаңа зор мемориалды ескерткіш орнатуды ұйғарды. Осы тұрғыда Темір тек діни мақсат мүддені ғана көздеген еді деу қиын. Бұл оның беделін көтеруге үстемдігінің мызғымас берік екендігін көрсетуге және дала жақ сыртының сенімді болуы үшін де қажет еді. Құрылысты жүргізуді Темір өзі игілікті істермен шұғылданып Мәулен Убайдулла Садырға жүктеді. Мавзолейді салу жедел қолға алынып сол заманғы деңгеймен қарағанда, аса қарқынды жүргізілді. Көптегем жазба деректерге қарағанда, болашақ құрылыстың жобасын жасауда Темір тікелей өзі қатысып негізгі өлшемдерді анықтаған көрінеді. ХІV ғ. соңы мен Х ғ. басы кезінде тарихи жағдайға қарамастан Темірдің бұйрығы кілт етілмей орындалады, осыған қарамастан Темірдің шахарстаны-Шараф-ед-дин Иездидің «Жеңіс кітабындағы» құрылыстың 2 жылда салынып бітті деген мағлұматына сену мүмкін емес, оның үстіне күні бұрын ойластырған Қілтайға ірі жорық іске аспай 1405 жыдың 20-шы ақпанында қазіргі Темір станциясы маңында Әмір Темір қайтыс болады да құрылыс тоқтан қалады.

1991 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап Ахмет Ясауи республикалық музейі "Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейі" болып қайта құрылды. Қорықтың жалпы ауданы 88,7 га.(Қазіргі кезде ортағасырлық ескерткіштер 71-ге жуық және 19-20 ғасырдың 22 сәулет ғимараттары музей қорының құрамында жалпы қорықтың ауданы 393,75 га. Оған бірнеше ортағасырлық ескерткіш кіреді:

1. Қазақ хандарының зираттары (Есім. Абылай хандар XVI -XVII ғ.ғ)

2. Орта ғасырлық "Шығыс моншасы" XVIғ. (монша 1975 жылға дейін жұмыс істеді)

3. Жер асты мешіті. Қылует халық арасында кең тараған Ахмет Ясауи 63 жасқа келген соң Мұхаммедтен артық өмір сүру "күнә" деген оймен өмірінің қалған жылдарын осы жер астында өткізген көрінеді.

4. Осында отырып бүкіл мұсылман әлеміне белгілі өлеңдер жинағы "Хикметтерін" жазады.

5. Шілдехана, Белгісіз мавзолей, Гауһар ана, Айқожа - ата мавзолейі т.б. ескерткіштер.

 


Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 208 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Облыс аумағында 12 аудан, 8 қала, 934 ауыл бар.| ОТЫРАР ҚАЛАСЫ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)