|
Аудан жерінің батысынан шығысына қарай созылып жатқан Тарбағатай тауының ұзындығы 300 шақырымға жетеді. Ені 30-50 шақырым шамасында. Ең биік шыны «Тастау» 2991 м. Шығысында Алтай тауымен, батысында Сарыарқамен ұласады. Арғанаты, Маңырақ, Өкпеті, Түйемойнақ, Жылытау сілемдерінің де шоқтығы биік шындары көп. Осыдан бастау алған Боғас, Базар, Қарғыба, Тебіске, Қарасу, Шорға, Тайжүзген, Қандысу, Құсты
Зайсан көліне құяды. Біздің ауданда ойлаған көсемдер, шешендер, әділ билер, жауға қол бастап шыққан батырлар, күйшілер, күміс көмей әншілер, ақындар, көріпкел әулиелігімен аты аңызға айналған емшілер, жауырыны жерге тимеген палуандар өмір сүрген. Ежелден табиғатына бай «Барқытбел» атанған қарт Тарбағатай ерте замандардың көнекөз куәсі.
ЗАЙСАН КӨЛІ
Зайсан оңтүстік Алтай және Сауыр, Тарбағатай жоталары арасындағы тектоникалық ойыста жатқан тұщы көл. Зайсан қазаншұңқыры, Қазақстанның шығыс бөлігіндегі солтүстік жағындағы оңтүстік Алтай сілемдері мен оңтүстігіндегі Тарбағатай-Сауыр жүйесінің жалғасы саналатын тау жоталарының аралығында жатыр.
Батыс шегі Шар-Көкпекті шоқыларына жалғасады. Оның жалпы ұзындығы – 225-250 шақырым, ені – 140 шақырымға дейін жетіп жығылады. Климаты континенттік. Топырағы қоңыр, қызыл қоңыр болып келеді. Зайсан көлінің айналасында шөлейттік өсімдік түрлері көптеп өседі. Зайсан көлінде балықтың 23 түрі бар.
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНДАҒЫ
Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 455 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
ШҮЛБІ СЭС-і | | | ЕҢЛІК - КЕБЕК КЕСЕНЕСІ |