Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Каспий теҢізі, итбалыҚ аралы

ЖОШЫ ХАН КЕСЕНЕСІ | АРАҒАНДЫ МЕТАЛЛУРГИЯ КОМБИНАТЫ | НҮРКЕН ӘБДІРОВ ЕСКЕРТКІШІ | БҰХАР - ЖЫРАУ КЕСЕНЕСІ | АРАҒАНДЫ ЦИРКІ | ОРЫС - ҚЫРҒЫЗ МЕКТЕБІ | ЖӘҢГІР - ХАН КЕСЕНЕСІ | САЛЫҚ БАБАЖАНОВТЫҢ КЕСЕНЕСІ | СЫРЫМ ДАТҰЛЫНЫҢ ЕСКЕРТКІШІ | ТЕНГИЗШЕВРОЙЛ» ҒИМАРАТЫ |


Читайте также:
  1. Абаттың қоректену аймағымен байланысатын шекаралық бет қалай аталады? A) ағын нұсқасы
  2. Жаңаша саяси ойлау және халықаралық қатынастар.
  3. Каспийский район
  4. Педагогикалық психология пәнінен аралық бақылау сұрақтары
  5. Плов с севрюгой по-каспийски
  6. СӨЖ тақырыптарының тізімі мен аралық бақылау сұрақтары

Каспий – құрлықтары теңіз, ірі көл болып табылады. Азия мен Еуропа шекарасында жатыр. Оған Еділ, Жайық, Терек, Құра, Сұлақ және басқа да өзендер құяды. Кейбір деректер бойынша теңіздің аты XVI ғасырдың аяғында осы теңіз жағасында қоныстанған Каспи тайпаларына байланысты қалыптасқан делінеді. Грузияда Каспи қаласы қазір де бар. Сонымен бірге Гиркан (I ғасыр), Хазар (ІІ-Х ғасыр), Хвалын (Х-ХІІІ ғасыр) және т.б. тарихи атаулары бар. Олар соңғы үш мың жылдағы өмір сүрген халықтардың қойған аттары. Каспий теңізі неоген дәуірінің аяғында жер қыртысының көтерілуінен Қара теңіздей бөлінді. Бұл кезді Каспий теңізінің пайда болған уақыты деп есептеуге болады. Каспий теңізінің жалпы ауданы 376 мың км2. Оның беті теңіз деңгейінен 28 м төмен жатыр. Теңіз солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200 км-ге созыла орналасқан. Теңіздің ендірек жері - 435 км, ал енсіз жері - 193 км. Каспий теңізінің жағалау сызығының ұзындығы - 7000 км. Оның суы 5 мемлекеттің жағалауын шайып жатыр. Жағалау сызығының Қазақстан үлесіне 29% (2340 км), Ресейге - 16%, Әзербайжанға - 20%, Түрікменстанға - 21%, Иран Ислам Республикасы - 14% тиеді. Каспий теңізіне 130-ға жуық өзендер мен ағынды сулар құяды. Олардың теңізге құятын жиынтық ағыны жылына орташа есеппен 300 км3. Осы мөлшердің 80%-ы Еділ өзенінің, 5%-ы - Жайықтың үлесіне тиеді. Ағынның 10-11%- ын Батыс жағалаудағы өзендер Терек, Сулак, Самур, Кура және т.б. береді. Қалған 4-5%-ы Иран жағалауы өзендерінен келеді. Шығыс жағалауларда тұрақты ағын сулар жоқ. Нағыз итбалықтар (лат. Phocidae) – ескекаяқтылар отрядының бір тұқымдасы. Бұларды құлақсыз итбалық деп те атайды. Итбалықтардың бұлай аталуына сыртқы құлақ қалқанының болмауы себеп болған. Олардың артқы аяқтары қысқа, әрі құрлықта қозғалуына қатыспайды. Түгі ірі қылшықты, мамығы болмайды. Итбалықтардың жалпы 22 туысының қазіргі кезде 13 туысы 18 түрі Солтүстік Мұзды мұхит теңіздерінде, Антарктида жағалауында және кейбір үлкен ішкі су айдындарында таралған. Итбалықтардың негізгі туыстарына: жолақты итбалық, Гренландия итбалығы, кәдімгі итбалықтар, нерпалар, теңіз пілдері, т.б. жатады. Итбалықтардың көпшілік түрлері қоныс аударады. Итбалықтар ауа-райы күрт өзгерер алдында теңіз жағалауындағы жартастар арасындағы бұғаздарға тығылып, мазасыз күй кешеді. Артқы аяқтары тек суда жақсы жүзу қызметін атқарады. Олар судың терең қабаттарына түсіп, су ішінде ұзақ уақыт бола алады. Солтүстік жартышардағы итбалықтар мұз үстіне шығып тынығады, әрі мұз үстінде күшіктейді, ал Оңтүстік жартышардағы түрлері – тынығу үшін жағалауға шығады. итбалықтардың тері астындағы қалың май қабатының дене темп-расын бірқалыпты ұстаудағы маңызы зор. Итбалықтардың түйсік қабілетінің жоғары дәрежеде дамығаны анықталған. Мысалы, олардың денесіне қатты соққы тиген кезде көздерінен жас ағып “жылайды”, музыка әуеніне еліктейді. Итбалықтың аналығы жылына бір рет күшіктейді. Күшіктерінің көзі ашық, денесі қалың, ақ түсті мамықпен қапталған. Осыған орай оның күшігін “ақүрпек” деп атайды. Күшіктері алғашында суда жүзе де, сүңги де алмайды. Үш аптадан кейін олардың түгі біртегіс, әрі қылшықты күйге ауысады. Итбалықтардың негізгі жауы теңізде – касатка дельфині, ал жағалауда – ақ аю, ал күшіктеріне ірі жыртқыш балықтар шабуыл жасайды.

Қиыр Солтүстік тұрғындары итбалықты еті, майы, терісі үшін аулайды. Итбалықтар кәсіптік маңызы бар жануар болғандықтан, жылдан-жылға саны азаюда. Сондықтан Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” 3 түрі және 1 түр тармағы енгізілген. Қазақстанның Каспий теңізінде – каспий итбалығы кездеседі.

 


Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 318 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
РМАНҒАЗЫ КЕСЕНЕСІ| ШОПАН – АТА ЖЕРАСТЫ МЕШІТІ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)