Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

ОМАР - ТҰР КЕСЕНЕСІ

БҰХАР - ЖЫРАУ КЕСЕНЕСІ | АРАҒАНДЫ ЦИРКІ | ОРЫС - ҚЫРҒЫЗ МЕКТЕБІ | ЖӘҢГІР - ХАН КЕСЕНЕСІ | САЛЫҚ БАБАЖАНОВТЫҢ КЕСЕНЕСІ | СЫРЫМ ДАТҰЛЫНЫҢ ЕСКЕРТКІШІ | ТЕНГИЗШЕВРОЙЛ» ҒИМАРАТЫ | РМАНҒАЗЫ КЕСЕНЕСІ | КАСПИЙ ТЕҢІЗІ, ИТБАЛЫҚ АРАЛЫ | ШОПАН – АТА ЖЕРАСТЫ МЕШІТІ |


Читайте также:
  1. АБАТ - БАЙТАҚ КЕСЕНЕСІ
  2. АЛМАТЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ
  3. АРАХАН КЕСЕНЕСІ
  4. АШАҒАН» КЕСЕНЕСІ
  5. БҰХАР - ЖЫРАУ КЕСЕНЕСІ
  6. БӘЙДІБЕК БАБА КЕСЕНЕСІ
  7. ГРАНД АЛАТАУ» ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ

Омар мен Тұр күмбезі ХІХ ғасырдағы сәулет ескерткіші. Атырау облысы Бейнеу ауылынан шығысқа қарай 20 шақырым жерде орналасқан.

Омар мен Тұр күмбезі 1897 жылы жергілікті тастан тұрғызылған. Күмбез шаршыланып салынған, жалпы көлемі 6,15х5,70 метр, биіктігі 8,21 метр. Сәулетшілері – ағайынды Өмір мен Дүйсен Қаражүсіпұлдары. Ескерткіштің жалпы құрылымы цилиндрлі пішінді мойындыққа қондырылған дулыға іспетті күмбезден құралады. Күмбез және мойындық ескерткіштің көлденең білігін ұстап тұратын төрт сәндік элементтер арқылы біріктірілген. Қабырғалары тайыз ойынды қуыстармен нақышталып, үш жағынан сәндік тақта орнатылған. Бұл құрылыс алдыңғы бетіндегі негізгі пештақпен үндестік тапқан. Омар мен Тұр күмбезінің іші сыртқы сәулеттік шешімге сай нақышталған. Бетіне қашап ою-өрнектер, түрлі суреттер (қару-жарақтар, етік, кебіс, кебеже, аққұман, самауыр, тостаған, кесе, дастарқан, тағы басқалар) салынып, әр түсті бояулармен сырланған.

 

«МАҢҒЫСТАУ ТАУЛАРЫ»

Түбектегі батыстан шығысқа қарай созылып жатқан, бір-бірінен терең ойыстармен бөлінген Қаратау және Ақтау жоталарынан тұрады. Ең биік жері – Қаратаудағы Бесшоқы (556 м). Қаратаудың ұзындығы – 130 км, ені – 10 км шамасында. Тау беткейлері сай, жыра, жоталармен тілімделген. Қаратау – перьмнің метаморфты құм, тас, әктас және конгломерат жыныстарынан түзелген. Баурайында жусан, қараған, етегінде бұйырғын өседі. Сай-шатқалдарынан Аманбұлақ, Тұщыбек, Шоң, Оңды, Дойдан, Ағашты бұлақтар шығады. 50-ші жылдардың орта кезіне дейін Қаратаудың екі бетін жайлаған колхоздар бұлақ суларын егінге салып, қауын-қарбыз өсіруге пайдаланған. Қаратау аңғарларын кеншарлар жайылым ретінде пайдаланады. Темір, мыс рудалары, көмір, мұнай кездеседі. Ақтау солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылып жатыр. Ұзындығы – 70 км, ені – 12 км, ең биік жері – 322 м. Жоғары бор дәуірінің әктастары мен кальцийлі тау жыныстарынан түзелген. Оңтүстік беткейі тік жарқабақты, солтүстік беткейі көлбеу, сайлы, жыралы болып келеді. Баялыш, бұйрығын, жусан өседі. Жыл бойы мал жайылады.

 

 


Дата добавления: 2015-07-25; просмотров: 330 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
БЕКЕТ - АТА ЖЕРАСТЫ МЕШІТІ| Т.Г.ШЕВЧЕНКОНЫҢ ЕСКЕРТКІШІ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)