Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Айтыстың түрлері. Жанрлық ерекшеліктері.

Ақан серінің лирикалық ән өлеңдеріндегі азаматтық, сыншылдық, махаббат тақырыптары | Біржан мен Сара айтысының көркемдігі. | ХІХ ғасырдағы әдеби ағымдар мен, бағыттар. | Сал-серілік дәстүрдің әдебиеттегі рөлі. | Айтыс – қазақ халқының төл өнері. XIX ғ ІІ жартысындағы айтыс өнерінің дамуы. | Еспембет” дастанының құрылысы | Абайтану ғылымының қалыптасуы, даму тарихы. | Ақылбай Абайұлының шығармашылығы. | Ыбырай өлеңдері. | Шоқан өлімін Шыңғыс пен Зейнепке естірту”. |


Читайте также:
  1. Дәріс 6. Жүйелердің күй – кесте сызбаларының негізгі түрлері. П.С. Курнаковтың заңы.
  2. Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері.
  3. Коммерциялық банктегі маркетингтің ерекшеліктері. «Kaspi bank» мысалында.
  4. Мұрат өлеңдерінң жанрлық түрі: толғау, хат-өлең, тойбастар.

Айтыс — ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы. Айтыста осыған орай лирикалық, эпикалық, драмалық сипаттар мол ұшырасады. Сол арқылы бұл жанр ауыз әдебиетінің өзге түрлерімен қанаттаса дамып, бір-біріне елеулі әсер-ықпал жасап отырған. Батыр және лиро-эпос жырларына да әсерін тигізіп, өзі де арнасы кең мол салаға айналған. Айтыстың ескі түрі деп есептелетін бәдік айтысының негізінде адам баласының табиғатқа әсер ету мақсаты жатса, басқа айтыстардың ішінде қайсысы ерте, қайсысы кеш туды, оны айту қиын. Дегенмен, кейбір айтыстардың мазмұнына, лексикасына, сөйлем құрылыстарына қарап, қай заманда пайда болғанын топшылауға болады. Мысалы, жануарлар айтысына, өлі мен тірінің айтысына қарағаңда, жұмбақ айтысының анағұрлым кеш туғандығы анық.Салт айтысының ескі түрі қыз бен жігіт айтысында негізгі тақырып – жастық көңіл күйі мен өнер сынасу болса, ақындар айтысында өнер салыстыру, сөз сынасудың үстіне әр ақын өз руын дәріптей жырлаушылық келіп қосылғанын көреміз. Әсіресе бұл XIX ғ. етегін кеңірек жайған.Осы дәуірде өмір сүрген атақты ақындар: Шөже, Балта, Орынбай, Кемпірбай, Тезекбай, Сүйінбай, Түбек, Омарқұл, Тәбия, Мұрат, Сүгір, Жаскілең, Бала Омар, Біржан, Сара, т.б. түрлі тақырыпта шығарған қысқа өлеңдерімен қатар, айтысқа түсіп, сан алуан сөз тартыстарын бастарынан кешірген және тарихта көпшілігінің аттары осы айтыс арқылы сақталған. Айтыс жанры қазақ ауыз әдебиетінде саны жағынан да, сапасы жағынан да айрықша орын алады. Тек қазақта ғана емес, бүкіл Шығыс елінде бар айтыс қазір өзінің жанрлық қасиетін, түрін қазақ әдебиетінде ғана сақтап қалып отыр. Айтыстың алғашқы бұлақ көзі тұрмыс-салт жырларындағы “Жар-жар” мен “Бәдік” жырларынан басталған. Кейін қыз бен жігіт айтысына да (қайым өлең) ұласқан. Келелі ақындар айтысы — екі дай жұрттың ортасында бетпе-бет отырып, қолма-қол шығарылып айтылады. Қазақ айтыстары жанрлық сипаты жағынан түре айтыс, сүре айтыс болып екіге бөлінеді. Алғашқысына бір-бір ауыз өлеңмен қайырылатын айтыстар жатса (“Жар-жар”, “Бәдік”), кейінгісіне келелі, кесек ақындар айтысы енеді (“Ақсұлу мен Кеншімбай”, “Әсет пен Ырысжан”, “Сүйінбай мен Қатаған”, “Жамбыл мен Құлмамбет”, “Молда Мұса мен Манат қыз”, “Кемпірбай мен Шөже”, “Орынбай мен Тоғжан”, “Біржан мен Сара” тағы басқа). Айтыс мазмұндық сипатына қарай, әдет-ғұрып айтысы және ақындар айтысына жүйеленеді. Соңғысы тақырып аясына қарай жұмбақ айтыс, мадақ айтыс, тағы басқа болып жіктеледі. ДІН АЙТЫСЫ Тарихшылардың айтуына қарағанда XVI—XVII ғасырға дсйін қазақ халқьі тұта-сынан бір діндс болмаған, тск XVII ғасырдан бсрі қарай ислам дінін толық қабылдап алған. Осы ксзден бастап ислам — қазақтардың да негізгі дінінс айналған.Дін иелері, қожа-молдалар қазақ арасына ислам дінін үгіттеп жаю үшін поэзияны, соның ішінде айтыс өлендерін пайдаланған. Дін айтысы скі ақынның бір-біріне берген сүрау-жауабы түрінде айтылады. Айтыстың негізгі тақырыбы дін әңгімелері, дін үгіті болады,соларга қараңғы халықты^иландыру, нандырып, сендіру жағы қарастырылады. Дін айтысының үлгісін, мәселен, Болық пен Елентай дейтін ақындардың мына бір айтысынан көруге болады. “Жүмбақ айтысы” бүкіл айтыс өлендерінің ішіндегі ең қиыны секілді. Өйткені ол тапқырлық пен білгірлікке құры-лады. Сондыктан мұндай айтысқа түсу үшін ақынның өленді суырып салып айтуы жеткіліксіз. Мұндай айтысқа Рысжан, әсет, Шөкей, Күңбала, Нұржан, Сапарғали секілді ақындардың қатысқанын білеміз. Олардың жұмбақ түріндегі айтыстары аталған ақындардың-ақындық өнерімсн қатар, тапқыр, білгір адамдар скендіктерін көрсетеді.

 


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 685 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Шоқанның Жетісу қазақтары мен Ыстықкөл экспедициясы туралы очерктері.| АБАЙ АУДАРМАШЫ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)