Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сал-серілік дәстүрдің әдебиеттегі рөлі.

Мұрат өлеңдерінң жанрлық түрі: толғау, хат-өлең, тойбастар. | Мұраттың дастандарында көтерілген мәселелер (мысал келтіріңіз). | Абайдың аудармалық-нәзиралық шығармалары. | Ыбырайдың «Мұсылманшылық тұтқасы» кітабының ағартушылық-гуманистік сипаты. | Мұрат Мөңкеұлының шығармаларының әлеуметтік мәні | Шернияз Жарылғасұлы мұрасының зерттелуі. Шығармаларының мазмұны мен тілі. | Ақан серінің лирикалық ән өлеңдеріндегі азаматтық, сыншылдық, махаббат тақырыптары | Біржан мен Сара айтысының көркемдігі. | Еспембет” дастанының құрылысы | Абайтану ғылымының қалыптасуы, даму тарихы. |


Сал, сері екеуі де өте ескі дәуірден сақталып келе жатқан халықтың тіршілігіне көп жаңалық кіргізген, әдебиетке, ой-санаға көп әсер еткен қазақ мәдениетінің бір жарқын белгілері. Олардың бар ынтасы махаббатқа бас иіп,

оған бәйек болып түсу, ол үшін ел-елді қыдырып, өзіне ақылды, сұлу қыз іздеу, оған барлық жас өмірін сарп қылып, мал-мүлкін аямай соның жолына құрбан етіп салу. Бұл тек қана сал мен серілерде ғана болатын. Сал мен серіні мұндай ардақты дүниеге бағыттайтын оның жаратылыс ерекшелігі, оның дарынды ойы, ашық-жарқын мінезі, сыпайылығы, сұлулықты, ғажайып жаңалықты жақсы көретіні, әдемі дүниеден ләззат ала білуі. Сал мен серінің өзгешелігі олар, әрі ақын, әрі әнші, әрі күйші, әрі сауыққой, елге қуаныш беретін, олардың жүрегіне жарық сәуле түсіретін оқымысты адамдай саналады. Сондықтан халық сал мен серіні өте ардақтап, қуанышпен қарсы алып, олардың істерін халық ортасында аңыз қылып айтып жүреді. Ауылдағы бойжеткен қыздары да сал мен серіге ерекше көңіл қойып, олар ауылға келгенде тобымен жүріп, алдымен қарсы алатын. Бір айтатын ой, сал мен сері бір типті емес, екеуі екі алуан, өзгеше нәрсе. Олардың бірінен – бірінің өзгешелігі – олардың тұрмыс көрінісінде, типінде. «Сал» - өз бағытымен жүретін бір аяулы адам. Оның бір арманы сылқымдық, кербездік, киімді әдемі киіну, өзімен қатар жүрген адамның бәрінен де қияпатымен де, киімімен де артық болу, асып түсу. «Сал» сөзі киімді салпаңдатып кең тігуден шыққан, сал, салпаң. Салдар әр уақыт жарқын жүзді, майталман, әзілдік пен қулықты қатар ұстап, бір жағына сынағыш, сын көзімен қарайтын, отырған маубас басшыларды сықақ пен өлтіріп, игі адамдарға мөлдіреп жарқын пейіл білдірген. Салдарды қазақ халқы өте еркелетіп өсірген. Ол өте нәуетек, кербез, бой күйез, паң, онымен қатар мінезі өте жайдары, ашық ер көңілді келеді. Ілгеріде мысалмен келтірілмек, «серілік», «салдықтан» бүтіндей басқа, екеуінің қосылатын жері, екеуі де ақын, күйші, әнші, екеуіне де ортақ болатын музыка аспаптарын бірдей қолданатыны. «Сері» сөзі серпілдеуден шыққан, бой жазу, серпер осы сөзбен бірдей, шалқыту, асқақтау. Сері көбінесе оқымысты кісілер арасында көп болған. Жақсы көрген қызға салдар сияқты іздеп бармайды хат пен жұмбақ жазысады. Серілер біріншіден, атақты мерген, екіншіден саятшы, сұңқармен, лашынмен, тұйғынмен қызық көруші, тұлпар аттың ең жүйрігін қадірлеп баптаушы. Онымен қабат халықтың рухани тіршілігінде, ойын-сауығына да ерекше қуат беріп, оны биікке көтеруші. Ақын болып әдебиетке үлкен үлес қосуы, Қозы Көрпеш – Баян сұлу, Алпамыс, Қыз Жібек, Мұңлық – Зарлық сияқты ескі жырларды бірден бірге айтып жеткізіп отырды. Бір ғажайып жері, серілердің көпшілігі Орта Азияның, шығыс елінің әдебиетінен де үлкен

хабары болған (Нияз, Сегіз сері, Ақан сері, Мұхит, Сейтек, тағы басқалар). Демек, сері мен сал қазақ тіршілігінде ерекше жаралған дарынды, сөз тапқыш, шешен, ол әрі құйылма, ақын, әрі сері, әрі сал, әрі күйші, әрі әнші, әрі сауыққой. Сондықтан халық оларды ерекше ардақтап, еркелетіп төрге шығарып, жүздеген жыл оларды ұмытпай есіне сақтаған.

 


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 455 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ХІХ ғасырдағы әдеби ағымдар мен, бағыттар.| Айтыс – қазақ халқының төл өнері. XIX ғ ІІ жартысындағы айтыс өнерінің дамуы.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)