Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мұраттың дастандарында көтерілген мәселелер (мысал келтіріңіз).

Ыбырайдың «Мұсылманшылық тұтқасы» кітабының ағартушылық-гуманистік сипаты. | Мұрат Мөңкеұлының шығармаларының әлеуметтік мәні | Шернияз Жарылғасұлы мұрасының зерттелуі. Шығармаларының мазмұны мен тілі. | Ақан серінің лирикалық ән өлеңдеріндегі азаматтық, сыншылдық, махаббат тақырыптары | Біржан мен Сара айтысының көркемдігі. | ХІХ ғасырдағы әдеби ағымдар мен, бағыттар. | Сал-серілік дәстүрдің әдебиеттегі рөлі. | Айтыс – қазақ халқының төл өнері. XIX ғ ІІ жартысындағы айтыс өнерінің дамуы. | Еспембет” дастанының құрылысы | Абайтану ғылымының қалыптасуы, даму тарихы. |


Читайте также:
  1. Азақ хандықтарының Ресейге қосылуының саяси-құқықтық мәселелері
  2. Отбасының заман талабына сай мәселелері туралы қазақша реферат
  3. Ылмыс жасаған адамдарды ұстап берудің тәжирибелік мәселелері
  4. Экономиканың негізгі құрылымдары және оны қайта құру мәселелері

Мұрат Мөңкеұлы елінің тәуелсіздігін аңсап, бодандыққа қарсы жыр толғаған жырау. Зар заман ақыны атанды. Ата қонысының отарлаушы талауына түскеніне налыған ақын өзі туып өскен даланың кешегі күнін сағынышпен еске алған. Оның «Әуелі жеңіп орыс Еділді алды, Сарытау, Аштарханның жерін алды. Тәмамы су мен нуды орыс ұстап, Қазақтың мұнан жұтап шалынғаны», «Қазақтың жер-мұрасы», «Кең қоныс қайдан іздеп таптырады?» деген жыр жолдары ақынның отаншылдық рухына дәлел болады. Зерттеушілер толғаулар деп атап жүрген ақынның екі үлкен шығармасы – «Үш қиян» және «Сарыарқа». Толғау деп айдар таққанмен, бұл туындылар лирикалық дастанның жүгін көтеріп тұрған шығармалар. Сондықтан бұларды лирикалық дастандар деген жанрға жатқызсақ артық емес. «Үш қиян», «Сарыарқа» атты лирикалық дастандар – «Зар заман» туындылары. Олар отаршылдыққа, озбырлыққа қарсы туған жырлар. Ресей патшалығының отаршылдығы үздіксіз жүргізілгені және жеріміз­ге шеттен бастап кіріп, ішімізді жай­лай бергені өте өрнекті тілмен бейнелі көрсетіледі.
Еділді тартып алғаны – Етекке қолды салғаны. Жайықты тартып алғаны –
Жағаға қолды салғаны. Ойылды тартып алғаны –Ойындағысы болғаны,
– деген жолдарда бір озбырдың екінші адамға жасаған зорлығындай сурет адам көз алдына келеді. Жаппай талап, топан, таптай келген «аузы түкті» жұрт өзінің әдет-ғұрпын, сұмпайы мінез-құлықтарын қазақ халқына енгізе бастағанын, халқымыздың бұрынғы өте әдепті, әділ ғұрпымызды лайлап, бүлдіргенін де бейнелі көрсетті. Дастанның соңында сұмпайы за­манның бейнесін өте дәл береді. Ақын өзге жұрттың әдепсіз ғұрпы бірден-бірге дендеп еніп, қазақты бүлдіріп жатқанын айтып, зорлықпен келген заманға жиіркене қарайды және болашақтан түңіледі:
Мен қауіп еткеннен айтамын, Ақ борықтай иілген, Кейінгі туған баланың, Ұстай ма деп білегін,, Шая ма деп жүрегін. Шашын, мұртын қойдырып, Ащы суға тойдырып, Бұза ма деп реңін. Адыра қалғыр заманның
Мен жаратпаймын сүреңін.
«Үш қиян» дастаны Мұрат ақынның жүрегін жарып шыққан ең мұңды, ең зарлы жыр. Ол – ақын тілімен айтқан халық үні, халық мұңы болды. «Сарыарқа» жыры өткен заманды еске алып, сонау Асан қайғыдан бас­тап ата қонысты тастап, озбыр елдің басқыншылық әрекетінен ауа көшіп, жылы орындарынан қозғалғандығын ашына айтады.
Әуелі жеңіп орыс Еділді алды, Сарытау, Аштарханның жерін де алды. Артынан Еділден соң Нарынды алды, Торғайдың ағаш, қамыс, талын да алды… Тәмамы су мен нуды орыс ұстап,
Қазақтың содан жұтап шалынғаны. Қуалап Исатайды өлтірген соң, Заманның содан бері тарылғаны.
Осы жолдардан Ресейдің жылжып-жылжып қазақтың ішкі қоныстарына енгендігі, соған қарсылық жасаған ­Исатай сияқты батырларды өлтіргендігі ай­қын да нақты көрінеді. «­Ерлерге ерегіскен не қылмады», «Ерлігі Махамбет­тің бір қазақтай оны да аңсыз жерде жазымдады» деген жолдарда ерлерді қыруды қарудың күшімен жалғастырғаны айтылады. Ақын осы жырының былайғы тармақ-тарында қазақ елінің озбырлардан көрген қорлықтарын жалғастыра береді. Өзінің елінен көшкендігінің салдары да сол қиянаттан және оған қосымша «Жұт қоянның» әсері екендігін жыр етеді. Мұрат Мөңкеұлы майталман жыршы, термеші ретінде де танылған. «Өлім», «Қыз», «Арғымақ сыйлап не керек», «Аттан сұлу болар ма?», «Жалғаншы фәни жалғанда» атты термелерінде заман сырына үңіліп, өмір мен өлім, жастық пен кәрілік, сұлулық хақында толғанады.

 


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 397 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Мұрат өлеңдерінң жанрлық түрі: толғау, хат-өлең, тойбастар.| Абайдың аудармалық-нәзиралық шығармалары.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)