Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Айтыс – қазақ халқының төл өнері. XIX ғ ІІ жартысындағы айтыс өнерінің дамуы.

Мұрат өлеңдерінң жанрлық түрі: толғау, хат-өлең, тойбастар. | Мұраттың дастандарында көтерілген мәселелер (мысал келтіріңіз). | Абайдың аудармалық-нәзиралық шығармалары. | Ыбырайдың «Мұсылманшылық тұтқасы» кітабының ағартушылық-гуманистік сипаты. | Мұрат Мөңкеұлының шығармаларының әлеуметтік мәні | Шернияз Жарылғасұлы мұрасының зерттелуі. Шығармаларының мазмұны мен тілі. | Ақан серінің лирикалық ән өлеңдеріндегі азаматтық, сыншылдық, махаббат тақырыптары | Біржан мен Сара айтысының көркемдігі. | ХІХ ғасырдағы әдеби ағымдар мен, бағыттар. | Абайтану ғылымының қалыптасуы, даму тарихы. |


Читайте также:
  1. A) ғылыми-технакалық орта
  2. A) Қолданушыға қажет жұмыстарды атқаруға мүмкіндік беретін программа.
  3. A) үнемі сұраныстағы тауар
  4. A) сатушы және сатып алушы нарығы
  5. A) Тек төмен бағалар
  6. A)& лизинг алушы келісім-шарт талаптарын орындамағанда
  7. A. Работа была выполнена к 6 часам. \ Жұмыс сағат 6-ға таман орындалды.

Айтыс — ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы. Айтыс — синкреттік жанр, ол тұрмыс-салт жырларынан бастау алып, келе-келе ақындар айтысына ұласқан. Ақындар айтысында "жаттама (трафарет) өлеңдер аз болады". Олар өлеңді табан астында шығарады, тосыннан айтысады. Айтыс үстінде талай күтпеген жайлар кездеседі. Айтысар тақырыбы белгісіз, тосын сұрауларға тап болады. Айтыс тарихы көнеде бермен қарай ұлтпен бірге жасасып келе жатыр. Осы дәстүрдің арғы шығу тегін зерделей отырып, басқа да елдердің ұқсас әдеби үрдістерімен салыстыра зерттеген М.Әуезовтің пікірі біраз дүниеден хабар береді. «Айтыс қазақ даласында негізінен XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап айрықша кең өріс алып, мол серпінмен дамыды. Бұған сол тұстағы қазақтың көшпелі өмірі мен әдет-ғұрып, салт-дәстүрі басты себеп болды. Әлеуметтік мәні ұшталған бір алуан айтыстарды («Ақсұлу мен Кеншімбай», «Молда Мұса мен Манат қыз», «Ұлбике мен Жанкел», «Шөже мен Балта», «Орынбай мен Арыстан», «Әсет пен Ырысжан», «Біржан мен Сара», «Сүйінбай мен Қатаған», «Жамбыл мен Құлмамбет», т.б.) ел өмірінің көркем шежіресі, жинақталған энциклопедиясы деуге де болар еді. Қырғыздың шоң манабы Бәйтік қазақтан келген қалың топқа: «Тезек төре! Мына бадана көз, сұлу жігіт Сүйінбай ақын емес пе?!» – деді. Өзінің аты бірінші аталғанда Сүйінбайдың айтқаны: Жүйіріктер қосылмаған қою шаңға, Қосылар Ассалаумағалайкүм, сәлем бердік, Мүбәрәк жүздеріңді жаңа көрдік. Атақты ас-жиынды құттықтауға,Бауырлас, қырғыз елі, саған келдік. Сүйінбай осылай деп тоқтағанда, Бәйтіктің тасасында отырған қағылез, қайыстай қара жігіт қарғып тұрып, қолына домбырасын ала айғайды салып, Сүйінбайға тиіседі. Қатаған ақын: Ау, Сүйінбай тоқтат сөзіңді, Ояйын ба көзіңді! Ақын мен деп ойлайсың, Мен тұрғанда өзіңді! -деп демін алғанда, Қатағанның екпінінен жасқанған Тезек төре Сүйінбайға жалтақ-жалтақ қарай береді. А дегенде Сүйінбай булығып қалады. Сол кезде Бөлтірік батыр Тезек Төреге: «Ей, төрем, көтер басыңды, қаныңды қашырма. Сүйінбай өлең таппай отыр дейсің бе?! Булығып отыр. Сүйінжан, шығар даусыңды» – дегенде, Тезек төреден бастап сөйлеп кетеді. Сондағы Сүйінбайдың Қатағанға айтқаны: Қашырма төре, қаныңды, Кіргізейін жаныңды, Қатағаннан жеңілсем,Талап алғын малымды! – Ботам Сүйінбай! Сен жеңдің, Қатаған жеңілді. Жеңген жүлдеңе не таңдайсың? Соны өлеңмен айтшы, Сүйінжан! – дейді екі елдің айтысын басқарып отырған, төрағасы Қара Бәйтік. Сүйінбай: Ер-тоқымы алтыннан,Бір ат бергін астыма, Әсемдетіп мінерге.Керегесі күмістен, Босағасы асыл тас, Бір ақ отау үй бергін, Еңкейіп оған кірерге! Алтын қынап, қылыш бер,Білегіме ілерге.

– Сүйінбай ботам! Екі елдің бас қосқан үлкен айтысында Қатағанды жеңгенің үшін: Ыстықкөлдің ақ көбігінен жаратылған асқан сұлу Мейіз атты қыз, алты қанат ақ орда, алтын бесік, бір бүркіт, мойнында күміс қарғысы бар екі тазы силаймыз. Риза бол қарағым! – дейді Қара Бәйтік асқа жиналған күллі қазақ пен қырғыздың ортасында бата береді.


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 718 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Сал-серілік дәстүрдің әдебиеттегі рөлі.| Еспембет” дастанының құрылысы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)