Читайте также: |
|
Ыбырай шығармаларының жариялануы, зерттелуі.
Ыбырай “Қазақ хрестоматиясы” 1879жылы Орынборда басып шығарады. “Бұл кітапты құрастырғанда мен,-деп жазды Ыбырай хрестоматиясының алғы сөзінде, -біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қатар жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім”. Сол мақсатпен Ыбырай “қазақ хрестоматиясын” балаларға арналған өлеңдер мен шағын әңгіме – новеллалардан құрастырды. Олардың бірқатарын өзі жазды, біразын сол кездегі орыс оқулықтарынан алып еркін аударды. Ыбырай шығармалары мына жинақтарда жарияланған: Начальное руководство к обучению киргизов русскому языку, Оренбург, 1879; Қазақ хрестоматиясы, Орынбор, 1906; Мәктубат, Қазан, 1896, 1899; Киргизская хрестоматия, Оренбург, 1879, 1906; Таңд. шығ. 3 томдық, А., 1943, 1953; Собрание сочинений в 3-х т. Т.1–3, А.-А., 1975, 1978; Әңгімелер, А., 1980. Н.Ильминский Ыбырай туралы тұңғыш еңбек жазған адам. Ол «Ы.Алтынсаринді еске алу» деген көлемді кітап 1891 жылы Қазанда бастырған. Бұл кітапта Ыбырай хатттарын, шығармашылығын жазған. Алайда ақын шығармаларын талдауды мақсат еткен жоқ. Ақынның педагогтік өызметі мен ағартушылық мдеялары туралы Ә.Садықов, Т.Тәжібаевтың кітаптары бар. Қоғамдық әлеуметтік көзөарастары туралы Қ.Бейсембиев, Б.Сүлейменов, М.Ақынжанов зерттеген. Ал шығармаларын М.Әуезов, с.Мұқаонов, Ә.Қоңыратпаев, Дербісәлиндер жазған. М.Фетисов «Қазақ публицистикасының тууы»(1961) атты кітабында Ыбырайдың белгісіз бір топ мақалаларын туаып жариялаған. «Оренбургский листок» газетінің 1880-1882 жж басылған мақалалалыр қазақтың сол кездегі ауыр халін кең қозғайды. Бұ газетте «Алтынсарин қазақ арасында әуелі Европаның білім-ғылымының көзін ашқан аяулы жан болды» - деп көрсетеді.
«Ірі ағартушы, озық саналы әлеумет қайратері, өнерлі ақынның артына қалдырған ізіне, қадірлі жолына қарап отырсақ, заманына бақсақ көңілге үлкен алғысқа толы ойлар келеді. Ыбырайда сол күш терең едң, мол еді. Ол сананың үлкен оты мұның ізгі жүрегінде мол уақыт берік орнаған» М.Әуезов.
Мұрат өлеңдерінң жанрлық түрі: толғау, хат-өлең, тойбастар.
Мұрат Мөңкеұлы елінің тәуелсіздігін аңсап, бодандыққа қарсы жыр толғады. Зар заман ақыны атанды. Ақынның басты шығармасы - «Үш қиян». Мұнда ақын ескі дәстүрдің іргесі шайқалғанын, адамдар ниетінің бұзылуын сөз етеді. «Үш қиян» толғауымен «Сарыарқа», «Әттең, қапы дүние-ай», «Қазтуған» жырлары үндес. Мұнда айтылатын басты нәрсе - жер, құтты қоныс жайы. Ол «Қарасай-Қази», «Шәлгез», «Ғұмар Қазиұлына айтқаны» атты жырларына діни аңыздарды негіз еткен. Білімді игермейінше елінің өркендемейтінін «Оқудан қайтқан азаматқа» өлеңінде аңғартады. Ақын мұрасының бір шоғыры - би-болыстарға айтқан арнау өлеңдері.
Мұрат Мөңкеұлы майталман жыршы, термеші ретінде де танылған. «Өлім», «Қыз», «Арғымақ сыйлап не керек», «Аттан сұлу болар ма?», «Жалғаншы фәни жалғанда» атты термелерінде заман сырына үңіліп, өмір мен өлім, жастық пен кәрілік, сұлулық хақында толғанады. «Оқудан қайтқан жігітке хат», «Еліне жазғаны», «Бір досқа» атты хат үлгісінде жазылған үш туындысы сақталған. Ақын «Қырымның қырық батыр» жырын, Шалкиіз, Қазтуған шығармаларын жеткізушілердің бірі болған. Әсіресе Махамбет өлеңдерін жеткізудегі еңбегі ерекше. Махамбет жырлары Қуан жырау - Мұрат - Ығылман ақындар арқылы біздің заманымызға жеткен.
Мүраттың арнау өлендері ел тізгінін үстаған накты адам-дарға арналған. Солармен бірге акынның жалпы хат түрінде жазылган "Окудан кайткан жігітке”, "Еліне жазғаны”, "Бір доска” сиякты арнаулары, тойбастар жырлары, әртүрлі такырыптағы өлендері бар. Оларда акын өз заманы адамдарының мінез-сипаттарын береді. Дүние, өмір туралы өз ой-ларын айтады. Ел ішінде берекесіздік тудыратын болыс сайлауларыша наразылык білдіреді. "Айжарыкка” деген өленде "Би болам деп таласып, дүние-малын шашады” деп мінейді. "Есенғали болыска”, "Қаракожа болыска”, "Есентемір Түра-бай болыска”, т.б. арнауларында жекебастың ғана камын ойлаған ел басшыларын аяусыз сынға алады.
Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 591 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Дона Франсиско | | | Мұраттың дастандарында көтерілген мәселелер (мысал келтіріңіз). |