Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Еспембет” дастанының құрылысы

Мұрат өлеңдерінң жанрлық түрі: толғау, хат-өлең, тойбастар. | Мұраттың дастандарында көтерілген мәселелер (мысал келтіріңіз). | Абайдың аудармалық-нәзиралық шығармалары. | Ыбырайдың «Мұсылманшылық тұтқасы» кітабының ағартушылық-гуманистік сипаты. | Мұрат Мөңкеұлының шығармаларының әлеуметтік мәні | Шернияз Жарылғасұлы мұрасының зерттелуі. Шығармаларының мазмұны мен тілі. | Ақан серінің лирикалық ән өлеңдеріндегі азаматтық, сыншылдық, махаббат тақырыптары | Біржан мен Сара айтысының көркемдігі. | ХІХ ғасырдағы әдеби ағымдар мен, бағыттар. | Сал-серілік дәстүрдің әдебиеттегі рөлі. |


Читайте также:
  1. Капитал органикалық құрылысы
  2. Кристалл күйдегі қатты ертінділер құрылысы жағынан .................деп бөлінеді?
  3. Сақтар: жазба деректері, материалдық және рухани мәдениеті, қоғамдық құрылысы.

Дулаттың елеулі шығармасы «Еспенбет» поэмасы. Поэма құрылысына талдау. Оқиғаның басталуы — Еспенбеттің ер шешен, көсемдігі туралы айтылуы. Оқиғаның дамуы- Еспенбеттің жетім қалып, нағашысынан жақсы тәрбие алуы. Оқиғаның байланысуы - Еліне қайтқысы келіп, нағашысының батасын алуы, тайды қалауы, Ақбөртенің жеңісі. Оқиғаның шиеленісуі - Қабанбай бастаған батырлардан кеткен бір кекті қайтаруға жауға аттануы. Оқиғаның шарықтау шегі - Қалмақ батырымен жекпе–жекке шығып, қалмақты өлтіруі. Оқиғаның шешімі - Еспенбеттің жекпе-жекте жеңіске жетуі, мол олжадан ештеңе алмай елге қамқор болуы. "Еспенбет" поэмасы
Ақынның ел өмірінің ескі бір тақырыбына құрып, жазба әдебиет үлгісінде шығарылған бұл поэмасы XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті үшін жаңалық еді. Поэма: Еспенбеттей ер қайда? Еспенбеттей ер туса, Ер күтетін ел қайда? деген жолдармен аяқталады. Шығарма елге тірек ер, көсем шықса, халық соның қасынан табылса деген идеядан туған. "Еспенбет" поэмасы батырлар жырының үлгісінде жазылғанымен, онда, қиял-ғажайып оқиғалар, тылсым күштер, нанымсыз әсірелеулер атымен жоқ. Фабуласы: Еспенбет қарапайым ғана кісінің баласы. Ол әке-шешеден жетім қалып, нағашысы Ер Қосайдың қолында, уақ елінде өседі. Еспенбет он төрт жасқа келгенде алыстағы ата жұртына кеткісі келеді. Нағашы атасынан еліне қайтуға рұқсат батасын сұрайды. Еспенбет нағашы атасы ұсынған байлықтың бәрінен бас тартып, жалғыз ғана Ақбөрте тайды қалайды. Нағашы атасы Еспенбеттің қалаған Ақбөрте тайын беріп, әрі жиенінің біліп таңдағанына сүйсінеді. Шынында да, нағашы атасы болжағандай жарбиып жалғыз тай мініп келген баланы еліндегілер кездеріне ілмей, Ер Қосайдың жиенін қара басын сопайтып, тай мінгізіп Қайтарған мұнысы қалай деп, алуан түрлі әңгіме қоздатады. Бірақ, Еспенбет оның бәрін құлағына ілмей, жүре береді. Сонымен үш жыл өтіп, Ақбөрте бесті ат болады. Сол кезде Жыл бұрын қайтыс болған Сәтімкұл деген атақты бидің көп халық шақырылған асы беріліп, аламан бәйге шаптырылады. Бәйгеге қосылған Ақбөрте алдымен келіп, бас бәйгеге тігілген 100 тайлақты жеңіп алады. Бірақ, "ердің сыйы – ортаға олжа салғаны" дегендей, бұл жолы да Еспенбет бәйгеге берілген жүз тайлақтан бір тайлақ та алмай, барлық олжасын қалың сыбанның ортасына салады. Өзінен атағы бұрын шыққан Ақбөртеге қызыққандар қоралап қой, үйірлеп жылқы беріп сұраса да, Еспенбет дүниеге қызықпайды, тұлпарын сатпайды.Сөйтіп жүргенде, Қабанбай бастаған батырлар кеткен бір кекті қайтару үшін, қалмаққа қарсы аттанбақ болады. Ақыры "шу!" десе, артынан шаңды боратып, алдынан құйын оратып, бөкендей орғып" желдеткен Ақбөртесіне мініп, аттанған қалың қолға Еспенбет те ілеседі. Өз жауларын жеңіп, халқына қамқор болады."Еспенбет" поэмасында ұлттық психология, салт-сана, тәрбие-өнеге үрдістері молынан көрінеді. Поэма көлемі шағын болғанымен, мазмұны бай, бөтен сөз, бөгде шумақтардан таза жинақылығымен де ерекшеленеді. Елге қорған тұлғаны аңсаудан туған "Еспенбет" поэмасы – XIX ғасыр әдебиетінде елеулі орын алатын көркем туынды.


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 1744 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Айтыс – қазақ халқының төл өнері. XIX ғ ІІ жартысындағы айтыс өнерінің дамуы.| Абайтану ғылымының қалыптасуы, даму тарихы.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)