Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Абайтану ғылымының қалыптасуы, даму тарихы.

Мұраттың дастандарында көтерілген мәселелер (мысал келтіріңіз). | Абайдың аудармалық-нәзиралық шығармалары. | Ыбырайдың «Мұсылманшылық тұтқасы» кітабының ағартушылық-гуманистік сипаты. | Мұрат Мөңкеұлының шығармаларының әлеуметтік мәні | Шернияз Жарылғасұлы мұрасының зерттелуі. Шығармаларының мазмұны мен тілі. | Ақан серінің лирикалық ән өлеңдеріндегі азаматтық, сыншылдық, махаббат тақырыптары | Біржан мен Сара айтысының көркемдігі. | ХІХ ғасырдағы әдеби ағымдар мен, бағыттар. | Сал-серілік дәстүрдің әдебиеттегі рөлі. | Айтыс – қазақ халқының төл өнері. XIX ғ ІІ жартысындағы айтыс өнерінің дамуы. |


Абайтану — қазақ әдебиеттану ғылымының саласы. Абайтану Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылық өнері, философиясы, қоғамдық, эстететикалық көзқарастары, қазақ поэзиясындағы өлең жүйесін, ақындық тілді дамытудағы үлесі, музыкалық мұрасы жайлы сан-салалы зерттеу еңбектерін қамтиды. Абайдың өмірі мен шығармашылық мұрасын зерттеу шын мәнінде Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы мақалаларынан басталды деуге болады. АхметHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D1%85%D0%BC%D0%B5%D1%82_%D0%91%D0%B0%D0%B9%D1%82%D2%B1%D1%80%D1%81%D1%8B%D0%BD%D2%B1%D0%BB%D1%8B" Байтұрсынұлы 1913 ж. «Қазақ» HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B_%D0%B3%D0%B0%D0%B7%D0%B5%D1%82%D1%96"газетінде басылған «Абай — қазақтың бас ақыны» атты мақаласында «Одан асқан бұрыңғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ» — деп Абайды аса жоғары бағалады.

Жарық көруінен бірнеше жыл бұрын құрастырылып, 1909 ж. Санкт-Петербургте басылған Абай өлеңдерінің жинағында ақынның жүз қырықтай өлеңі (аударма өлеңдерін қосып санағанда) мен «HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%95%D1%81%D0%BA%D0%B5%D0%BD%D0%B4%D1%96%D1%80_(%D0%BF%D0%BE%D1%8D%D0%BC%D0%B0)"ЕскендірHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%95%D1%81%D0%BA%D0%B5%D0%BD%D0%B4%D1%96%D1%80_(%D0%BF%D0%BE%D1%8D%D0%BC%D0%B0)"», «Масғұт» HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B0%D1%81%D2%93%D2%B1%D1%82_(%D0%B4%D0%B0%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD)"поэмалары басылғаны, яғни осы күнгі белгілі поэзиялық шығармаларының көрнектілері түгелге жуық қамтылды. Бұл тұңғыш жинақты дайындаған, бастырып шығарған Кәкітай ЫсқHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D3%99%D0%BA%D1%96%D1%82%D0%B0%D0%B9_%D0%AB%D1%81%D2%9B%D0%B0%D2%9B%D2%B1%D0%BB%D1%8B_%D2%9A%D2%B1%D0%BD%D0%B0%D0%BD%D0%B1%D0%B0%D0%B5%D0%B2"ақұлы мен Абайдың баласы Тұрағұл болатын. Ақынның көзі тірісінде 1903 ж. Санкт-Петербургте Бөкейханов берген мағлұматтар бойынша басылған «Ресей. Біздің Отанымыздың географиялық баяны» атты көптомдық жинақтың 18-кітабында А. Сидельников жазған мақалада: «Абай — қазақ әдебиетіндегі жаңа бағыттың өкілі» деген баға берілгенін көреміз. Абай өлеңдері төңірегінде 20-жылдарда, одан кейінгі кездерде айтыс-тартыс көп болды. Осыған орай Байтұрсыновтың «Қазақтың бас ақыны» атты 1913 ж. жарияланған мақаласындағы Абайға берген бағасы, ұлы ақынның қазақ әдебиеті тарихындағы алатын орнын анықтауы, өнерпаздық өзгешелігін, асқан шеберлігін тануы шынайы ғұлама ғалымға тән айрықша көрегендіктің, білгірліктің, өлең сөздің қадірін терең бағалай алатын ақындық сезімталдықтың, талғампаздықтың үлгісі деуге лайық. Бөкейханов, Байтұрсынов, Дулатовқа ілесе Абай шығармашылығы жайында үлкенді-кішілі мақала жазып, ақын өлеңдерін жұртшылыққа танытуға Н. Рамазанов, Ғ. Сағди, Ы. Мұстамбайұлы және Н. Н. Белослюдов, т.б. ат салысты.

Абай шығармашылығына қайтадан жүйелі, дәйекті түрде дұрыс көзқарастың қалыптаса бастағанын 1933 ж. М. О. Әуезов бастырған жинақтан (мұнда Әуезов жазған ақынның өмірбаяны берілген) және 1934 ж. жарық көрген Ілияс Жансүгіров, Ахмет Жұбанов секілді белгілі әдебиет, ғылым қайраткерлерінің мақалаларынан байқауға болады. Әуезов Абайтануды дербес ғылым саласы дәрежесіне көтерді. Ол «Абай HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%B1%D0%B0%D0%B9_%D0%B6%D0%BE%D0%BB%D1%8B"жолыHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%B1%D0%B0%D0%B9_%D0%B6%D0%BE%D0%BB%D1%8B"» эпопеясымен ұлы ақын, ағартушының алып тұлғасын дүние жүзі оқырмандарына танымал әдеби бейне қатарына жеткізсе, ғылымда да сондай күрделі еңбек атқарды

1995 ж. жарық көрген «Абай» HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%B1%D0%B0%D0%B9_%D1%8D%D0%BD%D1%86%D0%B8%D0%BA%D0%BB%D0%BE%D0%BF%D0%B5%D0%B4%D0%B8%D1%8F%D1%81%D1%8B"энциклопедиясында ұлы ақынның өмірі мен шығармашылық жолына қатысты қыруар деректер, құнды ой-пікірлер жинақталып, жүйелі түрге түсірілген.. Абай шығармаларын жариялау, зерттеу ісіне шет елдерде айрықша мән берілді. Абайтану тарихы 1889 HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/1889_%D0%B6%D1%8B%D0%BB"жылы басталып, қазақ әдебиетінде 50-жылдары өpic алды. Бұл мөселені тұңғыш рет сөз етіп, өз алдына арнайы түрде зерттеу қажеттілігі ең алдымен Мұхтар Әуезовтің, сонымен бірге Сәбит Мұқанов, Қажым Жұмалиев, Есмағамбет Самұратұлы HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%95%D1%81%D0%BC%D0%B0%D2%93%D0%B0%D0%BC%D0%B1%D0%B5%D1%82_%D0%A1%D0%B0%D0%BC%D2%B1%D1%80%D0%B0%D1%82%D2%B1%D0%BB%D1%8B_%D0%AB%D1%81%D0%BC%D0%B0%D0%B9%D1%8B%D0%BB%D0%BE%D0%B2"Ысмайылов, Митрофан Семенович Сильченко, Әбіш Мұсылманқұлұлы HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D3%98%D0%B1%D1%96%D1%88_%D0%9C%D2%B1%D1%81%D1%8B%D0%BB%D0%BC%D0%B0%D0%BD%D2%9B%D2%B1%D0%BB%D2%B1%D0%BB%D1%8B_%D0%96%D0%B8%D1%80%D0%B5%D0%BD%D1%88%D0%B8%D0%BD"Жиреншин еңбектерінде көрініс тапты.

Қазақ әдебиетінің аса қуатты арнасына айналған абайтанудың ғылыми тұрғыдан зерттелу кезеңін үш салаға бөле қараудың қажеттілігі туды.
- Бірінші кезеңі, яғни абайтанудың алғашқы дәуірі ресми түрде баспасөз бетінде 1889 жылдан басталып 1934 жылмен аяқталады.
- Екінші кезең 1934 жыл мен 1961 жыл аралығындағы абайтанудың Мұқтар Әуезов бастаған соңы танымдарының заманымен аяқталады.
- Үшінші кезең 1961 жылдан кейінгі Абай мұрасын тереңдей танып зерттеу дәуірімен жалғасады.

 


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 921 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Еспембет” дастанының құрылысы| Ақылбай Абайұлының шығармашылығы.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)