Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ақылбай Абайұлының шығармашылығы.

Абайдың аудармалық-нәзиралық шығармалары. | Ыбырайдың «Мұсылманшылық тұтқасы» кітабының ағартушылық-гуманистік сипаты. | Мұрат Мөңкеұлының шығармаларының әлеуметтік мәні | Шернияз Жарылғасұлы мұрасының зерттелуі. Шығармаларының мазмұны мен тілі. | Ақан серінің лирикалық ән өлеңдеріндегі азаматтық, сыншылдық, махаббат тақырыптары | Біржан мен Сара айтысының көркемдігі. | ХІХ ғасырдағы әдеби ағымдар мен, бағыттар. | Сал-серілік дәстүрдің әдебиеттегі рөлі. | Айтыс – қазақ халқының төл өнері. XIX ғ ІІ жартысындағы айтыс өнерінің дамуы. | Еспембет” дастанының құрылысы |


Читайте также:
  1. Ақылбай Абайұлы
  2. Ақылбай Абайұлының шығармашылығы.
  3. Біржан салдың өмірі мен шығармашылығы.

Ақылбай — Абайдың өзінің баласы. Абайдың алғашқы әйелі —Ділдәдан, әкесінің он алты жасында туған. Үлкен әкесі — Құнанбайдың кенже баласы атанып, оның төртінші әйелі, еңсоңғы тоқалы — Нұрғанымның қолында өседі. Осындай тәрбиелік жағдайының есебінен Ақылбай Абайға көбінше іні есебінде қарап өскен. Ақылбайдың жазып шығарған үш поэмасы болған. Алғашқысы — "Жаррах" деген поэма, бұның тақырыбын шығыс әңгімесі — "Жеті үй" дейтін ұзақ ертегіден алған. Екінші поэмасы — "Дағыстан". Үшіншісі — Африкадағы зұлыстар тірлігінен алынған үлкен поэма "Зұлыс" еді. Бірақ"Жаррах" поэмасы мүлде жоғалып кеткен. "Зұлыстың" бас жағы ғана сақталып қалып, барлық поэма және де жалғыз сақталған қолжазба өртенумен жоғалып кетті. Біздің қолымызда енді қалған Ақылбайдың жалғыз поэмасы — белгілі "Дағыстан. Бұл поэма Кавказдағы Дағыстанда болған бір тартыс әрекеттерді баян етеді. «Қисса Жүсіп» (Дағыстан) - Кавказ тауын мекендейтін елдердің бірі - дағыстандардың өткен өмірлерінен алынған, шын мәнінде романтикалық поэма. Негізгі идеясы - үстемдік етуші тап өкілдерінің нашарларға еткен зорлық-зомбылықтарын әшкерелеу. Оларға халық атынан қарғыс, лағынет айту.Поэманың бас қаһарманы кәрі Жүсіп әрі бай, әрі өркөкірек, бетіне ешкімді қаратпайтын нағыз жуан жұдырық феодал, мейлінше мейірімсіз, қатыгез адам бейнесінде суреттеледі. Жүсіп поэмада әр қырынан алынып көрсетіледі. Бірақ сол қырларының бәрі де оның тек жагымсыз жағын сипаттайды. Оқиғаның байланысы - Жүсіп пен Ибраһим атты мерген жігіттің кездесуі, оның атқыштық туралы айтқан бір ауыз сөзін Жүсіптің кек сақтауы десек, сол бірінші рет оқырмандарын бас қаһарманымен таныстырғанда-ақ ақын Жүсіп мінезінің бір қырын мегзейді. Жүсіп - қаталдығының үстіне пасық. Сөз жүзінде өзін-өзі ермін, ірімін десе де, іс жүзінде қорқақ, жауын жар астынан ататын зұлымдық иесі екендігін аңғартады. Поэманың романтикалық ерекшеліктерінің бір тамыры осы махаббат мәселесін суреттеумен байланысты. Бас қаһарманы Зәһира, оның сүйген жігіті Жәбірәһил екеуі де романтикалық образдар. Ең алдымен Зәһираны алсақ, сыртқы сұлулығы қандай әдемі болса, оның жаны да сондай сұлу. Поэмада әрі ұнамды, әрі романтикалық мінездерді басына жинастырған қаһарманның бірі - Жәбірәһил. Жәбірәһил Зәһираны бар тұрғысымен беріле сүйеді. Ол онсыз өмір сүру мүмкін деп ойламайды. Ол үшін жауға барып, бірнеше рет ерліктер де жасайды. Поэма композиция-құрылысы жағынан да айрықша көңіл аударарлық қызықты, шебер және соны. Оқырмандарға тартымды болу үшін поэма оқиғасы жұмбақ көріністен басталады, поэма қысқа-қысқа бес бөлімнен құралған. Біріншісі - экспозиция. Оқиғаның қай ел, қай жерде болғандығын баяндау. Екіншісі - жұмбақ көрініс: қайғылы кәрі Жүсіп, не себептен екені белгісіз, ауырып жатқан жалғыз қызымен тіл қатысуға зар. Неге олай, ол - белгісіз. Осы эпизодтан кейін, жалғыз қызының өлетіндігіне көзі жетіп, жанары жасқа толған, Әлі кемпірді бақытсыздыққа ұшыратып, қарғысқа кездескен шалды көреміз. Неге олай? Оған жауап жоқ. Тек ұшығы көрсетілген, өткен бір тарихты мегзеу ғана бар. Бұл поэманың шешуі де. Басқа елдер әдебиетінде шығарманың композициясын осылай жұмбақ көріністен бастау болса да, біздің қазақ поэмаларында «Қисса Жүсіпке» дейін жоқ болатын. Сондықтан ол жаңалық Ақылбай қаламынан туды.

Ақылбайдың үшінші поэмасы — "Зұлыс" еді.Ол поэма түгел сақталмай, жоғалып кетті дедік. Бірақ алғашқы кіріспе бөлімі Ақылбайдыңталантына сай көркемдіктерді танытып, біраз адамдардың жадында сақталып қалған екен.Солардың ауызша айтуынан жаңағы кіріспе бөлімі 1921-1922 жылдарда қайтадан хатқатүсіріліп, 1924 жылы "Сана" журналының екінші санында жарияланды. Жоғалып кеткенпоэманың ол жарияланғаны тек кіріспе жағы болған соң, бар поэманың тым құрысасюжеті де білінбей, мәлімсіз кетіп барады. Мен поэманы түгел оқымасам да, жас шәкіртшағымда "Зұлыстың" әңгімесін естіген едім. Ақылбай шығармасына арналған осы жолғыалғашқы бір еңбекте сол "Зұлыстың" оқиғасын қысқаша айтып өтуім қажет деп білемін."Зұлыс" әңгімесі Генри дейтін адамның әңгімесінен басталады. Ол өзінің жалғыз інісіменөкпелескен де, сол өкпе арқылы інісінен айрылған адам. Еміс хабар бойынша, інісіЗұлыстарға өтіп кетіпті деген сыбыс есітіпті. Енді сол інісін іздеп табу үшін Зұлыс тауынасып, ақжұрттың адамдары бұрын бармаған зәңгілердің арасына сапар шекпекші

Қасына жолдас етіп, Зұлыс тауында мергендікпен өмір кешкен Гвартерман дейтін атақтыаңшыны жалдап алады. Гут деген бір жолдасы тағы болады. Бұлар жүргелі тұрғанда,"Зұлыс еліне мен де барушы ем", — деп, бір жас зәңгі, батыр денелі Омпапа деген жігіткеледі. Ол жігіт бұрын бала күнінде зәңгілерден зорлықпен ақ жұрттың адамдары кепілгеалып кеткен жан болады. Қазір ақжұрт ішінде өсіп, ержетіп болған соң, өзінің елі-жұртын,атамекенін таппақшы.Үшеуі жолдас боп жүруге беттеген соң, қастарына таулық қыстақтан бір пысық, өжетбаланы ертіп алады. Бірақ жолшыбай төртеуі пілдердің ойнағына кездеседі. Бір үлкенпілмен төртеуі амалсыз алысады. Сонда жаңағы бала қатты ерлік көрсетіп жүріп, пілдіңтұмсығына ілініп қалады да, қаза табады.Қалған үшеуі қалың бейнетпен ұзақжол кешіп, Зұлыстың адам баласы баспаған, қарлыбиік асқарынан асады. Зұлыстың сол қарлы, мәңгілі бір асқарын Ақылбай былайсипаттайды:...Зор Зұлыс, зодыр Зұлыс түсі суық,Басына жан бармаған оның жуық.Күн ашықта көрінер жалтыр тасы,Ақ боран көкала бас басын жуып...Осындай ерекше көркем күшті сурет береді.Ақыры, бірталай мезгіл өткен соң, жолаушылар Зұлыстың жабайы еліне жетеді. Ол елдәрімен атылатын мылтық дегенді көрмеген болады. Бірақ ақжұрттың адамдарын жаткөріп, жаулық ойлайды. Бұларды өлтірмек ниетке де бекінеді. Сонда Гут "мен қарғаймын,қарғағаным өледі", — дейді. Бір топ зәңгінің біреуін атып өлтіреді. Өздерін жер адамыемес, айдан түскен етіп танытады. Зәңгілер бұлардың сиқыр күші бар деп сескенебастайды. Бірақ зәңгінің әміршісі жауыз Твала әкім екен. Ол — халқын қан қақсатып,қысып тұрған адам. Омпапа біртіндеп сөйлесіп, өз халқының кейбір адамдарымен ұғысабастайды.Бұның өзін білетін қарттар табылады. Анығында, Омпапа осы зұлыстың бұрынғы жақсыәкімінің баласы екен. Қазіргі әкім Твала сол Омпапаның әкесін өлтіріп, орнын тартыпалған, тұқымын құртып жіберген дұспаны екен.Осы Тваланың ақылшысы, аяр кемпір Гаула деген бар. Жолаушылардың сырын, жайынТвала мен Гаула естігенде, бұларға қарсы қатты жауығады. Бар зәңгілерді жиып алып,солардың көзінше Генрилерді сынамақ, әшкерелемек болады. Мезгіл кеш. Қалың елжолаушыларды қоршап тұрғанда, зәңгінің әкімі "әулиелікті көрсетіндер" деп, бұларғашарт қояды. Сонда Гут "әулиелігім сол, қазір аспандағы айды ұрлаймын", — дейді.Календарь бойынша, сол кеш айдың тұтылатын кезі екен. Гуттің айтқанындай, біразда айтұтылып, барлық зәңгі сәжде ғып, мыналарға табына бастайды. Бірақ Гаула кемпіржұртты қайта толқытады. "Ай тұтылу әр кезде болатын. Ол адам ұрлайтын зат емес", —деп, бұларға қайта сын қояды. Әкімі менен Гаула: "Шын қасиеттерің болса, анау тұрғанөгізді қарғап өлтір", — деп, бір үлкен өгізді нұсқайды.Гут өгізді атып өлтіреді. Осыдан кейін зәңгілердің көпшілігі бұларға мүлде табынады.Омпапа сол халмен пайдаланып, жауыз әкімді өлтіреді де, өзінің кім екенін жариялайды.Сөйтіп, Омпапа әкім болады.

 


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 345 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Абайтану ғылымының қалыптасуы, даму тарихы.| Ыбырай өлеңдері.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)