Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Абайдың аудармалық-нәзиралық шығармалары.

Мұрат өлеңдерінң жанрлық түрі: толғау, хат-өлең, тойбастар. | Мұрат Мөңкеұлының шығармаларының әлеуметтік мәні | Шернияз Жарылғасұлы мұрасының зерттелуі. Шығармаларының мазмұны мен тілі. | Ақан серінің лирикалық ән өлеңдеріндегі азаматтық, сыншылдық, махаббат тақырыптары | Біржан мен Сара айтысының көркемдігі. | ХІХ ғасырдағы әдеби ағымдар мен, бағыттар. | Сал-серілік дәстүрдің әдебиеттегі рөлі. | Айтыс – қазақ халқының төл өнері. XIX ғ ІІ жартысындағы айтыс өнерінің дамуы. | Еспембет” дастанының құрылысы | Абайтану ғылымының қалыптасуы, даму тарихы. |


Абай аудармасының бір қыры нәзира үлгісімен жалғасып жатыр дегенді басшылыққа алсақ, жаңашыл ақын шығыстан келген сол нәзирагөйлік дәстүрдің өзін түлетіп, жағрапиялық аясын ғана емес, идеялық – тақырыптық желілерін байытып кетті. Дәстүрлі нәзира үлгісінің негізінде барып Абай орыс ақындарының шығармаларына көңіл аударды. Нәтижесінде Пушкиннің «Евгений Онегині» қазақша сөйлеп, қазақ сахарасына ән боп жайылды. Бұл туынды абайтанушы ғалымдар тарапынан нәзиралық үлгідегі аударманың озық үлгісі ретінде жоғары бағаланды. Аудармаға арналған 15 жылында Абай үлкенді-кішілі 50-ден астам шығарманы орыс тілінен қазақшаға аударыпты. Сонда ол А.С.Пушкиннің "Евгений Онегин" атты әйгілі шығармасынан 7 үзінді, М.Ю. Лермонтовтан 30-ға таяу өлең, И.А. Крыловтан 12 мысал, басқа да авторлардан 7 өлең шамасында аударған. Аудармаларын негізінде екі түрлі деуге болады. Бірі - дәл аударма, екіншісі - ерікті аударма. Дәл аудармалары шумақ, бунақ, буын ұйқастарына қарай өзара және екіге бөлінеді. Кейбір өлеңдерді аударғанда, Абай шумағын да, ұйқас түрлерін де берік сақтайды. Орыс өлеңдерінің ырғақ, буындары қазақ өлеңінің буындарына дәл келе бермейді. Өйткені орыс өлеңі тоникалық, не силлабо-тоникалық өлең құрылысына жатады да, қазақтікі силлаболық өлең құрылысына жатады. Сондықтан Абай аударған өлеңдерінің буынын қазақша дәл беруге мүмкін болмаса да, саны жағынан соған жақын келетін өлеңмен аударады. Кейде ұйқастарын, кейде тіпті образдарын да дәлме-дәл шығарады: Қазақшасы: «Қараңғы түнде тау қалғып, Ұйқыға кетер балбырап. Даланы жым-жырт дел-сал қып, Түн басады салбырап. Шаңдай алмас жол дағы, Сыбдырламас жапырақ, Тыншығарсың сен дағы, Сабыр қылсаң азырақ...» Орысшасы: «Горные вершины, Спят во тьме ночной, Тихие долины, Полны свежей мглой. Не пылит дорога, Не дрожат листы, Подожди немного - Отдохнешь и ты...» Екінші түрі - ерікті аударма. Бұған жататындар - «Онегиннің Татьянаға жазған хаттары». Бұлардың негізі ғана орысша. Абай олардың жалпы мазмұнын өз сөзі, өз ұғуынуынша әдемілеп айтып береді. Солардың үлгісін ғана алып, өзінше жазады. Бірақ жалпы сарыны, ізі сақталынады. Аудармаларының үздік болуының үш түрлі себебі бар: 1) өзінің үлкен таланттығы; 2) орыс тіліндегі өлеңдерде қолданылатын сөздердің тек жай мәнін ғана емес, көркемдік қасиеттерін терең ұғынуы; 3) қазақтың өз тіліне ақынның мейлінше байлығы. Лермонтов: «Как сталь твоя при трепетном огне, То вдруг тускнели, то сверкали...» -десе, Абай да сол орыс тіліндегі күрделі теңеуді бұлжытпай, күш-қасиетін өз қалпында сақтап: «Болатша дірілдеген жалын көрген, Бір күңгірт тартып және оттай жанған» - деп аударады. Сол сықылды: «Қатып қалған көзімде бір тамшы жас, Төгілмей ме, бой жылып, о да ерісе?..» - деген тамаша көркем образдардың тегін қуа келсек те, бірқатарының-ақ негізі Пушкин, Лермонтовтарда жатқандығын көрі қиын емес. Жоғарғы өлеңнің орысшасында: «И если есть в очах застывших капля слез, Они расстают и прольются...» -делінген.


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 325 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Мұраттың дастандарында көтерілген мәселелер (мысал келтіріңіз).| Ыбырайдың «Мұсылманшылық тұтқасы» кітабының ағартушылық-гуманистік сипаты.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)