Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ақан серінің лирикалық ән өлеңдеріндегі азаматтық, сыншылдық, махаббат тақырыптары

Мұрат өлеңдерінң жанрлық түрі: толғау, хат-өлең, тойбастар. | Мұраттың дастандарында көтерілген мәселелер (мысал келтіріңіз). | Абайдың аудармалық-нәзиралық шығармалары. | Ыбырайдың «Мұсылманшылық тұтқасы» кітабының ағартушылық-гуманистік сипаты. | Мұрат Мөңкеұлының шығармаларының әлеуметтік мәні | ХІХ ғасырдағы әдеби ағымдар мен, бағыттар. | Сал-серілік дәстүрдің әдебиеттегі рөлі. | Айтыс – қазақ халқының төл өнері. XIX ғ ІІ жартысындағы айтыс өнерінің дамуы. | Еспембет” дастанының құрылысы | Абайтану ғылымының қалыптасуы, даму тарихы. |


Читайте также:
  1. A) Контекстік меню көмегімен, Файл менюімен және “Бума құру” сайманымен.
  2. A) сатушы және сатып алушы нарығы
  3. D)& толық сатып алынатын және жартылай сатып алынатын
  4. D)& толық сатып алынатын және жартылай сатып алынатын
  5. Microsoft Word бағдарламасымен және гипертекстпен жұмыс істеу.
  6. Web-hosting мәнін ашыңыз.
  7. А топты болаттар дегеніміз не және оның ентаңбасы?

Ақан сері — өмір шындығын үлкен суреткерлікпен жырлаған заманының асқақ ақыны ғана емес, мұңшыл да сыршыл, лирикалық тебіреністі сазымен, әншілік-орындаушылық өнерімен танылған өзгеше дарын иесі. Шығармаларының басым бөлігін қамтитын кеңінен танымал көңіл-күй және махаббат лирикаларында ғажайып табиғат суреттері мен нәзік мұң, өмір қиыншылықтары туралы трагедиялық пайымдаулар шынайы да шымыр қатар өріліп жатады. Ақан серінің “Ақтоқты”, “Алтыбасар”, “Тер қатқан”, “Мақпал”, “Балқадиша”, “Сырымбет”, “Майда қоңыр”, т.б. әндері әйел жанының сұлулығын жарқырата көрсетуімен бірге, махаббат құдіретін асқақтата суреттеуімен де құнды. Кеңінен танымал бұл әндер әйелдер образының галереясын жасап, шынайы махаббат рухын ту етіп көтереді. Нәзік жанды ақын өмірдегі небір сұлу, әдемінің бәрін беріле жырлаған. Ол өзінің "Желдірме" өлеңінде:... Ғашықтық бір ыстық күн, желі тынық,
Басына түскен жанның көңілі сынық. Жарлы, бай, жаман, жақсы дегізбейді
Уа, шіркін, желіктірсе жігітшілік, –деп бастан өткізген албырт жастықтың бір кезеңін сүйсіне толғайды;
Ақынның "Жайықтың ақ түлкісі", "Ақ көйлек" т.б. лирикалық өлеңдерінде көркі көз сүріндірер сұлу арулар ақын назарынан тыс қалмайды. Ол адамның түсі де, ісі де, жаны да сұлу болуын қалайды, өлеңдерінің лирикалық қаһарманы – әсем бейнелі, жаны сұлу адам болып келеді. Оны суреттеу барысында неше алуан теңеу, метафоралар, бейнелі сөздер, үздік эпитет, теңеу, шендестірулерді молынан шебер пайдаланады. "Жайықтың ақ түлкісі аралдағы" өлеңінде: Жайықтың ақ түлкісі аралдағы,Алдымен сен бір қашқан маралдағы. Ертістің құба талы секілденіп, Жаудырап екі көзің отырасың, Тұндырған шай секілді құмандағы. Ж үсіп төренің сұлу қызы Жамалға ғашық болған Ақан оны ешбір қызға теңемейтінін өлең шумағында анық білдіреді. Мұнда ақын Жамалды "Ақ жамбы", "Аққу" "Қоңырқыз" т.б. сияқты небір теңеулермен аспандата суреттеп эмоциялық әсерін күшейте түседі. Осындай сұлу жанның өзіне тең келмейтін сүймеген адамына баруына мүлде қарсылық білдіреді. Жамалды мүлде ұмыта алмаған Ақан сері оның өзі ұнатпаған адамына ұзатылу кезінде іштегі мұң-шерін өлеңнің, музыканың тілімен сыртқы шығарған әйгілі "Сырымбет" әні дүниеге келеді. Бұл ән кімнің болса да жүрегін қозғайтын, ішкі жан ашуының, сезімінің адамшылық, азаматтық сырларын паш еткен шығарма. Мысалы: Аулым қонған Сырымбет саласына, Болдым ғашық ақсұңқар баласына. Бидайыққа лайық қарағым-ай, Бөктеріге қор болып барасың ба?"Қарындасым, енді есен бол! – деген жолдардың өзінен ақын жаны қанша қиналса да, азаматтық ағалық көңілмен сүйген адамына аман-саулық тілейді. Ереймен еліндегі Сағынайдың асында Ақанның сүйікті аты Құлагерге қастық жасалады. Бұл кез серінің сүйген жары Ұрқиядан, қыран құсы Қараторғайдан, құмай тазысы Базаралыдан айрылған кезі болатын. Атын жанындай жақсы көрген Ақан Құлагерге арнап, өлеңдерін шығарады.
Зорлықшыл қиянатқа қарсы ақын қатты назаланып, жан айқайын өлең жолдарымен білдіреді. Құлагер мерт болды деп естігенде, Жұлдым да сақалымды ойбайладым, деп суреттейді. Бұл өлеңде ат портретін, жүйрік қасиетін танытатын суреттеулер басым. М: Шынымен өлгенің бе, Құлагерім,
Салбырап сапты аяқтай төменгі ернің, Баспа-бас қызға бермес жануарым,
Басылмас бір шырқамай менің шерім, –
деген жолдары Ақанның Құлагерді ерекше бағалап, талай аруларға ән шығарған сері енді қызға да айырбастамайтынын білдіреді. "Құлагер" – ат қайғысын ғана жырлаған өлең емес, озбыр зұлымдықты әшкерелеген туынды. Талай жарыста ел намысын, ел абыройын асырған Құлагердің мерт болуын Ақан Атығай, Қарауыл елдерінің қайғысындай қабылдайды.

 


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 536 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Шернияз Жарылғасұлы мұрасының зерттелуі. Шығармаларының мазмұны мен тілі.| Біржан мен Сара айтысының көркемдігі.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)