Читайте также: |
|
ХІХ ғасырда қазақ халқының жаңа әдебиеті қалыптаса бастады, әдебиет жанрлық, көркемдік шеберлік тұрғыдан іштей түлеп, тақырып аясын барынша кеңейтті. Қазақ әдебиеті тарихының ең бір құнарлы, дәстүрі берік, мазмұны бай кезеңі ХІХ ғасыр. Бұл ғасыр үлкен-үлкен құбылысты оқиғаларға да, күрделі де шиеленісті әлеуметтік тартыстарға да толы болды. Он сегізінші ғасырдың аласапыран дәуірінің зардаптары жалғаса түсті. "Ақтабан шұбырынды" атанған зарлы заманнан өткен қазақ жұрты, қазақ хандығы тағы да бір қилы заман, қиын кезеңге аяқ басты. Бұл кезеңде әдебиет пен халық тарихы біте қайнасып, кірігіп кеткендей еді. Қазіргі әдебиеттануда "жаңа дәуір әдебиеті" деп атала бастаған бұл кезеңдегі әдебиет шынында да тарихи алғышарттары мен себеп-салдарларына орай дәстүрлі арнадан шығып жаңа сипаттарға ие бола бастады. Қазақ даласында ХІХ ғасырда патшалы ресей отарлаушылары жүргізген саяси-әлеуметтік өктемдік пен басқару жүйесіндегі реформалардың себеп-салдарлары сол кезеңдегі қазақ әдебиеті шығармаларынан да жан-жақты көрініс тапты. Хандық басқару жүйесі ыдырағаннан кейін, үздік-создық ұлт-азаттық қозғалысына ұласқан наразылық жалпыхалықтық қуатты күшке айналып кетуге түрлі ішкі-сыртқы жағдаяттар кедергі болса да, халықтың мұң-мүддесі тарихи жыр, дастан, толғауларда буырқанып көрінді. Әдеби шығармалар жанрлық жағынан да, көркемдік бітімі турасында да, идеялық мазмұны жөнінен де көп ілгеріледі. Қазақ әдебиеті тарихының ең бір тынысты, мазмұнға бай кезеңі - ХІХ ғасыр шығармаларын шартты түрде екі кезеңге бөліп қарауға тура келеді. Бірінші кезең - ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет, екінші кезең - ғасырдың екінші жартысындағы әдебиет. Жалпы алғанда бағыт пен ағым сөзі бір біріне синоним ретінде қолданылады. Сондықтан ХІХ ғасырдағы әдеби бағыттар мен ағымдарды шартты түрде үшке бөліп қарастырады: зар заман, сал серілік, діни ағартушылық. Х1Х ғасыр әдебиетін «зар заман» әдебиеті атаған. Қазақ әдебиетінің тарихын Асан Қайғыдан бастап, Бұқар, Махамбет, Шортанбай, Мұрат, Ыбырай, Ығылман, Абай, Нармамбет сияқты ұлт мүддесін жырлаған ақындардың шығармашылықтарын жоғары бағалаған. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиетте Шоқанды, Ыбырайды, Абайды берген дәуірдің әдебиеті бізге біршама таныс. Ағартушы демократтық бағытпен бірге осы кездерде сал-серілер поэзиясы, діни ағартушылық ағым да қатар дамыды. «Тарихта» Ақан Қорамсаұлы, Біржан Қожағұлұлы секілді сал-серілердің, Ақмолла Мұхамедиярұлы, Мұсабек Байзақұлы, Шәді Жәңгірұлы, Майлықожа Сұлтанқожаұлы сияқты діни ағартушылардың шығармашылықтары да жеке тарауларда сөз болады. Сондай-ақ Мұрат Мөңкеұлының, Базар Оңдасұлы Өтемісовтің, Шәңгерей Бөкеевтің, Ақтан Керейұлының, Әріп Тәңірбергенұлының, Нұржан Наушабайұлының, Әсет Найманбаевтың өнерпаздық жолдары да кеңінен қарастырылған.
Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 841 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Біржан мен Сара айтысының көркемдігі. | | | Сал-серілік дәстүрдің әдебиеттегі рөлі. |