Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

IV. Қолданылған әдебиеттер

Читайте также:
  1. IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
  2. БАСТАПҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚТЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» Негізгі әдебиеттер
  3. Негізгі әдебиеттер
  4. Негізгі әдебиеттер
  5. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
  6. олданылған әдебиеттер көзі

СӨЖ

Тақырыбы: Экологиялық бақылаудың түрлері мен міндеттері

Орындаған: Маманова Фариза 3A

Тексерген: Адилханова А.Б.

 

Қаскелең 2014ж.

 

ЖОСПАР

I. КІРІСПЕ. Экологиялық бақылау ұғымы.

 

 

II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ.

A) Экологиялық бақылау міндеттері

B) Экологиялық бақылау түрлері

C) Мемлекеттік бақылау

D) Инспекторлық экологиялық зерттеулер

 

E) Өндірістік экологиялық бақылау

F) Қоғамдық экологиялық бақылау

III. ҚОРЫТЫНДЫ

IV. Қолданылған әдебиеттер

 


 

КІРІСПЕ

Экологиялық бақылау – қоршаған ортаны зиянды әсерден қорғау мен рационалды табиғат пайдалануды қамтамасыз ететін маңызды құқықтық шаралар, қоршаған орта құқығының құқықтық институты және мемлекеттік басқару қызметі. Қоршаған ортаны қорғау механизміндегі экологиялық бақылаудың алатын орнына негізделе отырып, оны маңызды құқықтық шара деп айтсақ болады. Негізінен экологиялық бақылау көмегімен тиісті субъектілерге қоршаған ортаны қорғауды және экологиялық талаптарды орындатуды қамтамасыз ету жүзеге асырылады. Экологиялық құқықбұзушылықтар үшін жауапкершілік шаралары экологиялық бақылау немесе басқа мемлекеттік органдарымен қолданылады.

Экологиялық бақылау дегеніміз – өкілетті субъектілердің экологиялық заңнаманың талаптарының орындалуы мен сақталуын тексеру қызметі. Экологиялық бақылау құқықтық шара ретінде бірнеше функция атқарады:

· Құқықбұзушылықтардың алдын алу;_

· Ақпараттық қызмет;

· Жазалау қызметі.

Алдын алу қызметінің рөлі экологиялық бақылау субъектілері заңнаманың орындалуы мен құқықбұзушылықтардың алдын алуға мүдделі екенінде жатыр. Ақпараттық қызмет экологиялық бақылау процесінде тиісті органдар табиғат қорғау қызметі туралы ақпарат жинауымен байланысты. Жазалау қызметі тексеру нәтижесінде экологиялық талаптарды бұзушыларға заң бойынша санкцияны қолдануда көрінеді.

Қазақстан Республикасында экологиялық бақылаудың мынандай түрлері бар: мемлекеттік бақылау, инспекторлық экологиялық зерттеулер, өндірістік экологиялық бақылау, қоғамдық экологиялық бақылау.


 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ. Экологиялық бақылау міндеттері.

Мемлекеттік экологиялық бақылаудың міндеті болып табиғат ресурстарын ұтымды және тиімді пайдалану бойынша құқықтық талаптардың орындалуын қамтамасыз ету және осы талаптарды сақтау керек мемлекеттік органдармен, ұйым, мекеме, азаматтардың зиянды әсерінен қоршаған ортаны қорғау табылады. Ал экологиялық бақылауды жүзеге асыратын инспекторларға мынандай міндеттер жүктелген:

Ø Қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша жүйелі түрде шаруашылық және басқа да қызметті жүзеге асыратын жеке, заңды, лауазымды тұлғаларды тексеруді жүзеге асыру;

Ø Экологиялық құқықбұзушылықтарды және олардың салдарларын алдын алу мен жою үшін, құқық бұзған жеке және заңды тұлғаларды жауапқа тарту үшін шаралар қолдану;

Ø Қоршаған ортаның жағдайы мен өзгерістері жайлы ақпарат жинау, оларды талдап тексеру, белгіленген тәртіпте экологиялық бақылау тиімділігін жоғарылату және қоршаған орта жай күйін жақсарту жөніндегі ұсыныстар енгізу;

Мемлекеттiк экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың мiндеттерi:

1) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

2) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға;

3) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзудың қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi бар фактiлерi туралы құқық қорғау органдарына хабарлауға;

4) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мәселелерi бойынша басқа да мемлекеттiк органдармен, сондай-ақ жеке және (немесе) заңды тұлғалармен өзара iс-қимыл жасауға;

5) инспекторлық ақпарат құпиялылығын сақтауға;

6) қызметтiк әдеп ережелерiн сақтауға мiндеттi.

Өндірістік экологиялық бақылаудың негізгі міндеті тексеру болып табылады: а) қоршаған ортаны қорғау мен табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану бойынша жоспарлар мен шаралардың орындалуы; б) кәсіпорын үшін белгіленген нормативтерді сақтау; в) заңнаманың басқа да талаптарын орындау.


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 142 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ОБЩАЯ ИНФОРМАЦИЯ О ЦПО| Оршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру мен пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)