Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Оршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру мен пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау

Читайте также:
  1. C)& бағалы қағаздар мен табиғи ресурстар
  2. А) Оқушының даму ерекшелігін, қызығушылығын, қоршаған ортасын танып білу.
  3. Аралық және қорытынды бақылауға арналған сұрақтар
  4. Бәсекелік ортаны қалыптастыру және дамыту бойынша мемлекеттік шаралар
  5. деу]Бақылау
  6. Жалпы медицина факультетінің 1-курс студенттеріне информатика пәні бойынша № 1 аралық бақылау сұрақтары
  7. Жерге жеке меншік құқығы мен жер пайдалану құқығын қорғау.

Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру мен пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылаудың мақсаты экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеу, биологиялық ресурстарды орнықты пайдалану, ұлттық өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру болып табылады.

Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру мен пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдар:

1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган;

2) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган;

3) жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган;

4) орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган;

5) жануарлар дүниесiн қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган;

6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган;

7) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган;

8) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;

9) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган;

10) ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган;

11) өсiмдiктердi қорғау мен олардың карантинi саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган;

12) атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган;

13) көлiктi бақылау органдары болып табылады.

Мемлекеттiк экологиялық бақылау табиғат пайдаланушылардың қоршаған ортаға жауапкершiлiкпен қарауын қалыптастыруды, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы саласындағы бұзушылықтардың алдын алуды орындау үшiн қызмет етедi. Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының сақталуына, қоршаған ортаның ластану салдарларын жою жөнiндегi шаралардың жүргiзiлуiне, жерлердi жақсарту, жердiң жұтаңдауынан туындататын процестер салдарларының алдын алу мен жою, топырақтың құнарлылығын қалпына келтiру және сақтау жөнiндегi iс-шаралар кешенiнiң жүргiзiлуiне, кәсiпорындарды, құрылыстар мен өзге де объектiлердi салу және реконструкциялау кезiнде жердi рекультивациялау жөнiнде шаралар қабылдауды қамтамасыз ететiн экологиялық талаптардың сақталуына, кәсiпорындарды, құрылыстар мен өзге де объектiлердi пайдалануға беру және пайдалану кезiнде жердi рекультивациялау жөнiндегi жобаланған жұмыстарды орындау бөлiгiнде экологиялық талаптардың сақталуына, жердi бүлдiрумен байланысты жұмыстар жүргiзген кезде топырақтың құнарлы қабатының алынуына, сақталуы мен пайдаланылуына;, пайдалы қазбалардың өнеркәсiптiк қорларын өндiрiп алу шамасына қарай немесе басқа да бүлдiретiн процестер мен жұмыстардан босатылған жерлердiң нысаналы мақсатына сай одан әрi пайдалану үшiн жарамды жағдайға келтiрiлуiне, қоршаған ортаны қорғауға қатысты лицензиялық келiсiмшарттық талаптардың сақталуына, жер қойнауының ластанудан, су басудан және кен орны мен басқа да қоршаған орта объектiлерiнiң бүлiнуiне әкеп соғатын техногендiк процестерден сақталуына, жер қойнауын пайдалану объектiлерiнiң консервациялануы мен жойылуына, жер қойнауын пайдалану және минералдық шикiзатты өңдеу кезiнде экологиялық нормалар мен ережелердiң сақталуына, минералдық шикiзатты өндiру мен өңдеу кезiнде қоршаған ортаны қорғау мәселелерi жөнiндегi жобалық шешiмдердiң сақталуына, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзген кезде авариялық және өзге де қауiптi жағдайлардың алдын алу жөнiндегi iс-шаралардың орындалуына, зиянды заттардың, радиоактивтi қалдықтардың көмiлуiне және сарқынды сулардың жер қойнауына ағызылуына, Қазақстан Республикасының құрылықтық қайраңында қалдықтар мен басқа да материалдарды көму, скважиналар мен жабдықтарды консервациялау мен демонтаждау ережелерiнiң сақталуына, су сапасы нормативтерiнiң сақталуына, атмосфералық ауаны қорғаудың, оның iшiнде көлiк және басқа да жылжымалы құралдарды пайдалануға шығару және пайдалану кезiнде техникалық регламенттердiң, нормативтердiң, ережелер мен өзге де талаптардың сақталуына, кәсiпорындарды пайдалануға бергенде, қалдықтарды жинап қою мен жағу кезiнде атмосфералық ауаны қорғау жөнiндегi талаптардың сақталуына, кәсiпорындарды, құрылыстар мен өзге де объектiлердi салу, реконструкциялау, пайдалануға беру және пайдалану кезiнде экологиялық талаптардың сақталуына, қоршаған ортаны ластаудың алдын алу жөнiндегi экологиялық талаптар бөлiгiнде радиоактивтi және өзге де экологиялық жағынан қауiптi заттарды пайдалану, сақтау, тасымалдау, көму, кәдеге жарату немесе олармен өзге де жұмыстар iстеу ережелерiнiң сақталуына, химиялық және биологиялық заттарды қолдану, сақтау, тасымалдау бойынша белгiленген нормалар мен ережелердiң сақталуына, экологиялық рұқсаттарда белгiленген табиғат пайдалану талаптарының орындалуына, өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын есепке алудың, кәдеге жаратудың және залалсыздандырудың белгiленген нормалары мен ережелерiнiң сақталуына, ластаушы заттарды шығарудың, тастаудың стационарлық көздерi бар және өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын орналастыратын объектiлердiң санитарлық-қорғаныш аймақтарына қойылатын экологиялық талаптардың сақталуына, Қазақстан Республикасының аумағындағы радиациялық жағдайға, қоршаған орта объектiлерiнiң радиоактивтi заттармен ластануының алдын алу жөнiндегi жобалық шешiмдердiң орындалуына, тазарту құрылыстары жұмысының технологиялық регламенттерiнiң сақталуына, өндiрiстiк экологиялық бақылау нормалары мен ережелерiнiң сақталуына, Қазақстан Республикасының мiндеттi экологиялық сақтандыру туралы заңнамасының сақталуына, қоршаған ортаны қорғау саласында лицензияланатын қызмет түрiн жүзеге асырудың біліктілік талаптары мен ережелерiнiң сақталуына, мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүргiзудiң мiндеттiлiгi туралы талаптардың сақталуына және оның шарттарының орындалуына, мiндеттi экологиялық аудит жүргiзу және қоршаған ортаны қорғау мәселелерi бойынша дұрыс ақпарат беру туралы талаптардың сақталуына, Қазақстан Республикасының құрылықтық қайраңында теңiздегi ғылыми зерттеулердi жүргiзу кезiнде экологиялық талаптардың сақталуына, қауiптi қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау ережелерiнiң сақталуына, технологияларға, техника мен жабдыққа қойылатын экологиялық талаптардың сақталуына, озонды бұзатын заттардың нақты әкелінген, әкетілген және өткізілген саны туралы деректерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсыну туралы талаптардың сақталуына мемлекеттік экологиялық бақылау жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк экологиялық бақылау қоршаған ортаға эмиссияларды және табиғи ресурстарды есепке алу жөнiндегi статистикалық ақпаратты, сондай-ақ табиғатты пайдаланушылардың табиғат қорғау қызметi туралы деректерiн талдау, табиғат пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын сақтауы мен орындауына тексерулер ұйымдастыру және жүргiзу, Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету үшiн құқықтық құралдарды пайдалану жолымен жүзеге асырылады. Мемлекеттiк экологиялық бақылау шаралар кешенiне бақылаудың басымдықтарын айқындауды, бақылаудың қолданыстағы құралдарын пайдалануды, қызметтiң перспективалық жоспарларын, нақты iс-шаралар мен қажеттi кадрлық және материалдық ресурстарды, сондай-ақ сапалық және сандық көрсеткiштердi әзiрлеу мен енгiзудi, тексерiлетiн объектiлер бойынша жұмыстардың жылдық және жедел жоспарларын әзiрлеу мен енгiзудi, инспекторлық тексерулер жүргiзудi, талдама бақылаудың деректерiн және мемлекеттiк экологиялық бақылауды жүзеге асыру үшiн қажеттi өзге де ақпаратты жинауды, талдау мен пайдалануды, мемлекеттiк экологиялық бақылау бөлiмшелерi қызметiнiң перспективалық, жылдық және жедел жоспарларын есепке алуды, құжаттауды және олардың iске асырылуын талдауды, мемлекеттiк экологиялық бақылау бөлiмшелерi қызметiнiң ашықтығы мен есеп беру кіреді.

Мемлекеттік экологиялық бақылауды Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторы, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік экологиялық инспекторының орынбасары, Қазақстан Республикасының аға мемлекеттік экологиялық инспекторлары, Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық инспекторлары жүзеге асырады. Олардың мынандай құқықтары бар:

o табиғат пайдаланушылармен, жеке тұлғалармен және қоғамдық бiрлестiктермен өзара iс-қимыл жасасуға;

o тексерiлетiн объектiлерде, оның iшiнде әскери және қорғаныс объектiлерiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен кедергiсiз болуға

o жеке және заңды тұлғалардың аумақтарына сынамалар алуға арналған өлшеу аспаптары мен жабдықтарды алып кiруге, қажет болғанда мамандарды және жұртшылық өкiлдерiн тарта отырып, қажеттi өлшеу жұмыстарын жүргiзуге, сынамалар (оның iшiнде тауарлар мен материалдардың үлгiлерiн) алуға және оларға талдау жасауға;

o мемлекеттiк экологиялық бақылауды жүзеге асыруға қажеттi құжаттаманы, талдаулар нәтижелерiн және өзге де материалдарды сұратуға және алуға;

o қоршаған ортаға және (немесе) халықтың денсаулығына аса ірі залал келтiруге әкеп соққан, табиғат пайдаланушы экологиялық нормалар мен талаптарды, экологиялық рұқсатта көзделген табиғат пайдалану шарттарын бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен лицензияны тоқтата тұру немесе одан айыру және (немесе) табиғи ресурстарды пайдалану және алу шартын (келiсiмшартты) бұзу жөнінде, табиғат пайдалануға экологиялық және өзге де рұқсаттарды тоқтата тұру немесе одан айыру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;

o жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар шығаруға;

o соттарға Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жүзеге асырылатын шаруашылық және өзге де қызметтi шектеу, тоқтата тұру және тыйым салу туралы талап-арыздар ұсынуға;

o қоршаған ортаны қорғау саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға, тұлғаларды әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауапқа тарту туралы материалдарды тиiстi органдарға жiберуге;

o Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзу салдарынан қоршаған ортаға келтiрiлген залал мөлшерiн айқындауға немесе анықтауға қатысуға, залалды өтеу туралы нұсқама шығаруға және сотқа талап-арыз ұсынуға;

o Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзушылардың iс-әрекеттерiн болғызбау немесе олардың жолын кесу үшiн жәрдемдесуiн сұрап, прокуратураға және құқық қорғау органдарына жүгiнуге.

Мемлекеттік экологиялық бақылаудың ең үлкен ерекшелігі оның мемлекет атынан жүргізілетінтігі болып табылады. Мемлекеттік экологиялық бақылау екі нысанда жүргізіледі: алдын ала және ағымдағы бақылау. Алдын ала бақылаудың міндеті шаруашылық және басқа да қызметтердегі қоршаған ортаға зиянды әсерді болдырмау. Бұл бақылау жобалау мен жоспарлау сатыларында болады. Ағымдағы мемлекеттік экологиялық бақылау табиғат пайдалану барысында жүргізіледі. Мемлекеттік экологиялық бақылау белгілі принциптерге сәйкес жүзеге асырылады. Ең негізгілері заңдылық, объективтілік, шаруашылық және басқару функцияларының бөлінуі.

 


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 148 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
IV. Қолданылған әдебиеттер| НДIРIСТIК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)