|
Бақылауға жоспарланған нәтижелер мен нақты қол жеткен нәтижелердің сәйкестігін анықтау және фирма қызметеріне түзету енгізу жатады.)
12. Несие мәні, түрлері (Несие — бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берілетін ссудалық капитал қозғалысы. Түрлері:
1. Коммерциялық
2. Банктік
3. Мемлекеттік)
Стратегия (қорғаныстық, шабуылдық) (Стратегия дегеніміз ұйымның міндетті ісін орындауды және мақсатына жетуді қамтамасыз ететін жан-жақты жоспар жиынтығы болып саналады. Стратегия екі типке белінеді:
• қорғаныстық;
• шабуылдық.
Қорғаныстық стратегиясының екі бағыты болады:
1. Имитациялық (еліктеу) стратегиясында бәсекелестердің ғылыми-техникалық жетістіктерін пайдалану арқылы жаңалықтар енгізуден туатын қауіп-қатерліктерді азайтуға назар аударылады. Фирма нарықты үнемі байқап отырады, жаңа өнім пайда болуын күтіп отырады және ресурстарын ұқсас өнім, немесе, оның прототипін (түгі түлға) өндіруге жұмылдырады.
2. Куту стратегиясы. Фирмалар осы стратегияны өзінің ұйғарымы бойынша осы нарықтан кетуді жоспарлағанда, немесе, басқа бәсекелес осы нарықта қолайлырақ орналасқанда, өз өндірісін жүргізу арқылы қолданады.
Шабуылдық стратегияның төрт бағыты болады:
1. Рационализациялау стратегиясы. Бұл жаңалықтар енгізу үшін ресурстардың өсуін талап етеді. Жаңа технологияға сынақ жүргізуге пайдаланатын балалық және венчурлік компанияларға қаржымен қолдау көрсетіледі.
2. Квотаны (шығаратын өнімнің санын) дифференциациялау стратегиясы. Бұның мақсаты — жоғары пайданы сақтап, фирма үшін нарықтың елеулі бөлігін қамту. Жоғары пайданың негізін тұрақты инвестициялар құрайды. Осының көмегімен фирма өз өнімінің бағасын төмендетіп, оған тұтынулық сұраныс ты өсіруді көздейді.
3. Инновациялық стратегия өнім мен қызметтердің жаңалануын, сонымен бірге негізгі қорлар өндірісінің жаңалануын және инновацияларды жаңа өнімдер мен технологияға енгізуді тілейді. Инновациялар өнімдік және технологиялық болып бөлінеді.
Өнімдік инновация жаңа өнім бағасын көтеру арқылы фирмаға өз пайдасын барынша көбейтуге мүмкіндік береді.
Технологиялық инновациялар өндірілген өнімнің өзіндік құнын төмендету арқылы және өнімнің сапасы өскенде, оның өзіндік құнының артық өсуіне жол бермей, пайданы барынша көбейтуге көмектеседі.
4. Нарықтық қуыстарды меңгеріп оларды толтыру стратегиясы. Бұл бағытты жүзеге асыру ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізумен, елеулі шығындар жасаумен және іскерлік тәуекелдікпен байланысты. Тәуекелдік — болжаумен және жоспармен қарастырылған шығындардың немесе табыс түспеуінің ықтималдығы. Тәуекелдіктің маңызды түрлері:
• өндірістік;
• коммерциялық;
• қаржылық;
• несиелік;
• проценттік.)
13. Биржалық сауда, листинг кезеңдері (Листинг – қандай да бір бағалы қағаздарды KASE ресми тізіміне енгізу процедурасы.
14. Банк, банктік жүйе, банк операциялары (Банк (италянша bankо — үстел) — ақша қаржылары мен қорларын жинақтау, кредит беру, мемлекеттер, кәсіпорындар (фирмалар), мекемелер және жеке адамдар арасындағы өзара төлемдер мен ақшалай есеп айырысуда делдалдықты жүзеге асыру, ақшаның белгілі бір түрін айналымға қосу, ақша мен құнды қағаздар шығару, алтынмен, шетелдік валютамен түрлі операциялар жасау және басқа да қызметтер атқаратын қаржы мекемесі. Банктік жүйе- нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі. Банк жүргізетін операциялар пассивті (ресурстарды банктегі есепшотқа енгізу) және активті (Банк ресурстарын орналастыру) болып бөлінеді. Негізгі пассивті операциялардың қатарына Банктің өзіндік капиталы (жарғылық қор, резервтік қор), депозиттер қабылдау және банкаралық ақша пиасасынан (рыногынан) қосымша ресурстар алу жатса, ал, негізгі активті операцияларға банкаралық кредит беру, инвестициялық (тікелей және портфельді) қаржы бөлу, т.б. жатады. Коммерциялық Банктер бұлармен қатар делдалдық және сенімдік (коммандиттік) операцияларды да жасайды Қазақстандағы банк жүйесі КСРО банк жүйесінің бір тармағы ретінде қызмет етті. Қазақстанда КСРО Мемлекеттік банкінің 260, жинақ кассаның 4147 мекемесі жұмыс істеді. ТекҚазақстан дербес мемлекетке айналғаннан кейін ғана елдің жеке банк жүйесі құрылды, шетелдік ірі банктердің өкілдіктері ашыла бастады. (Дүниежүзілік банк, Дойче банк, т.б.) Қазақстанда 1991 жылы басталған Банк реформасының нәтижесінде қос деңгейдегі банк жүйесі құрылды. Жоғары (бірінші) деңгейдегі Банк — ҚР Ұлттық банкі. Оның міндеттері, қызметінің бағыттары, құқықтық мәртебесі және уәкілеттігі ҚР Президентінің “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” Заң күші бар Жарлығында (30.3.1995) белгіленген. Өзге Банктердің бәрі банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейіне жатады. Көбінесе олар “коммерциялық Банктер” деп аталады. Себебі, олардың жарғылық қорлары мемл. меншіктен шығарылып, жарналық акцион. капиталдан құралады. Ұлттық Б. эмиссиялық айналымға ақша шығаруға, реттеп отыруға құқылы. Сондай-ақ, коммерциялық Банктер мен олардың бөлімшелері үшін міндетті экономикалық нормативтерді белгілейді, қызметтерін бақылайды және ақша мен алтын қорын сақтайды. [1] Екінші деңгейдегі Банктер халық шарасы мен халыққа сан-салалы қызмет көрсететін коммерциялық-несиелік мекемелерге айналдырылған.)
Фирманың даму стратегиясы ((Стратегия дегеніміз ұйымның міндетті ісін орындауды және мақсатына жетуді қамтамасыз ететін жан-жақты жоспар жиынтығы болып саналады. Стратегия екі типке белінеді:
• қорғаныстық;
• шабуылдық.
Қорғаныстық стратегиясының екі бағыты болады:
1. Имитациялық (еліктеу) стратегиясында бәсекелестердің ғылыми-техникалық жетістіктерін пайдалану арқылы жаңалықтар енгізуден туатын қауіп-қатерліктерді азайтуға назар аударылады. Фирма нарықты үнемі байқап отырады, жаңа өнім пайда болуын күтіп отырады және ресурстарын ұқсас өнім, немесе, оның прототипін (түгі түлға) өндіруге жұмылдырады.
2. Куту стратегиясы. Фирмалар осы стратегияны өзінің ұйғарымы бойынша осы нарықтан кетуді жоспарлағанда, немесе, басқа бәсекелес осы нарықта қолайлырақ орналасқанда, өз өндірісін жүргізу арқылы қолданады.
Шабуылдық стратегияның төрт бағыты болады:
1. Рационализациялау стратегиясы. Бұл жаңалықтар енгізу үшін ресурстардың өсуін талап етеді. Жаңа технологияға сынақ жүргізуге пайдаланатын балалық және венчурлік компанияларға қаржымен қолдау көрсетіледі.
2. Квотаны (шығаратын өнімнің санын) дифференциациялау стратегиясы. Бұның мақсаты — жоғары пайданы сақтап, фирма үшін нарықтың елеулі бөлігін қамту. Жоғары пайданың негізін тұрақты инвестициялар құрайды. Осының көмегімен фирма өз өнімінің бағасын төмендетіп, оған тұтынулық сұраныс ты өсіруді көздейді.
3. Инновациялық стратегия өнім мен қызметтердің жаңалануын, сонымен бірге негізгі қорлар өндірісінің жаңалануын және инновацияларды жаңа өнімдер мен технологияға енгізуді тілейді. Инновациялар өнімдік және технологиялық болып бөлінеді.
Өнімдік инновация жаңа өнім бағасын көтеру арқылы фирмаға өз пайдасын барынша көбейтуге мүмкіндік береді.
Технологиялық инновациялар өндірілген өнімнің өзіндік құнын төмендету арқылы және өнімнің сапасы өскенде, оның өзіндік құнының артық өсуіне жол бермей, пайданы барынша көбейтуге көмектеседі.
4. Нарықтық қуыстарды меңгеріп оларды толтыру стратегиясы. Бұл бағытты жүзеге асыру ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізумен, елеулі шығындар жасаумен және іскерлік тәуекелдікпен байланысты. Тәуекелдік — болжаумен және жоспармен қарастырылған шығындардың немесе табыс түспеуінің ықтималдығы. Тәуекелдіктің маңызды түрлері:
• өндірістік;
• коммерциялық;
• қаржылық;
• несиелік;
• проценттік.)
Бағалы қағаздар түсінігі мен түрлері (Қ ұнды қағаздар, бағалы қағаздар — мүліктік құқықты куәландыратын, дивиденд және пайыз түрінде белгілі бір ақша сомасын алуға құқық беретін құжат. Қазақстан РеспубликасыныңАзаматтық Кодексіне (15.1. 2001) сәйкес құнды қағаздардарға “облигация, коносамент, акция және заң актілерінде немесе соларда белгіленген тәртіппен құнды қағаз қатарына жатқызылған басқа да құжаттар” жатады (130-бап). құнды қағазға өтімділік, кірістілік бағамының өзгеріп отыратындығы, сенімділік, дербес айналымдылық сияқты жалпы экономикалық сипаттамалар тән.
Түрлері:
.1. акция
2. облигация
3. вексель)
Заңды тұлғалар қандай нысанда құрылады. (Заңды тұлғалардың түрлерi мен нысандары
1. Өз қызметiнiң негiзгi мақсаты ретiнде табысын келтiрудi көздейтiн (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретiнде пайда келтiре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестiрмейтiн (коммерциялық емес ұйым) ұйым заңды тұлға бола алады.
2. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттiк кәсiпорын, шаруашылық серiктестiк, акционерлiк қоғам, өндiрiстiк кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкiн.
3. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бiрлестiк, акционерлiк қоғамдар тұтыну кооперативi, қоғамдық қор, дiни бiрлестiк нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкiн.
Коммерциялық емес ұйым кәсiпкерлiк қызметпен өзiнiң жарғылық мақсаттарына сай келуiне қарай ғана айналыса алады.
3-1. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын және мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ғана ұсталатын заңды тұлға тек қана мемлекеттiк мекеме нысанында құрылуы мүмкiн.
4. Заңды тұлғалар бiрлестiк құра алады (Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі 110-бабы).
5. Заңды тұлға осы Кодекстiң, заңды тұлғалар нысандарының әрқайсысы туралы Заңның, өзге де заң құжаттары мен құрылтай құжаттарының негiзiнде жұмыс iстейді)
15. Екінші деңгейлік банктердің қызметі (Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің мақсаты – қаражаттардың сақталуын қамтамасыз ету, диверсификацияны, табысты және өтімділікті қамтамасыз ету. үгінгі коммерциялық банктер өз кленттеріне 200-ге жуық әралуан өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда өзін де пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді. Коммерциялық банктердің екінші дәстүрлі-базалық қызметі-экономиканы және халықты несиелендіру. Бұл қызмет банктік қызмет көрсету аясындағы маңыздыларға және банкінің актив операцияларына жатады. Соның арқасында банктер несиелік институттарға қатысты болады. Ақпараттық қызмет көрсету. Қазіргі кездегі телекоммуникациялар, компьютерлік байланыстарды игере отырып, банктер жеткілікті түрде коммерциялық немесе коммерциялық емес ақпараттарды да иеленеді. Сонымен қатар, банктер клиенттерге әр түрлі қызметтер көрсете отырып, олардан түрлі мәліметтер алады. Ақпарат алудың басты көзі басқа банктермен және ірі ақпараттық агенттіктермен өзара ақпараттар алысу болып табылады.
16. Қазақстан Республикасындағы банктер мен банктік қызметтер туралы» Заңға сәйкес банктер мынадай операцияларды орындай алады:
17. - ақылы негізде депозиттерді тарату;
18. - клиенттер мен банк корреспонденттердің шоттарын жүргізу және оларға кассалық қызмет көрсету;
19. - қайтарымдылық, мерзімдік және төлемділік шарттарымен заңды және жеке тұлғаларға қысқа мерзімді несиелер беру;
20. - инвестицияланатын қаражаттар иелерінің немесе иемденушілердің тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;
21. - заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару (чектерді, вексельдерді,аккредитивтерді, депозиттік сертификаттарды, акцияларды және басқа да қаржылық міндеттемелерді);
22. - төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да операцияларды жүргізу;
23. - банктік операциялар бойынша брокерлік қызметтерді көрсету, клиенттердің тәуекелі бойынша оларды агенттері ретінде әрекет ету;
24. - клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік операцияларды (қаражаттарды қарау және орналастыру, бағалы қағаздарды басқару);
25. - банктік қызметпен байланысты кеңес беру қызметін көрсету;
26. - лизинтік операцияларды жүзеге асыру.)
31. Мерзімдік контрактілер. ("мерзімдік контракт" – биржалық сауда-саттығы осы Ережелерге сəйкес жүзеге асырылатын, туынды қаржы құралы)
Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 79 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Ерікті сақтандыру | | | ЭТАПЫ И ОСНОВНЫЕ НАПРАВЛЕНИЯ РАЗВИТИЯ ЭКОНОМИЧЕСКОЙ МЫСЛИ |