Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бәсекелік ортаны қалыптастыру және дамыту бойынша мемлекеттік шаралар

Экономикалық өсудің интенсивті типіне өтуді мемлекеттік реттеу | Экономикалық саясаттың мәні | Мемлекеттік экономикалық саясаттың мақсаттары | Фискалдық экономикалық саясат | Монетарлық экономикалық саясат | Экономиканың негізгі құрылымдары және оны қайта құру мәселелері | Материалдық өндірісті дамытуды мемлекеттік реттеу | Мемлекеттің өнеркәсіптік саясаты | Агроөнеркәсіптік кешеннің құрамы, мақсаттары мен міндеттері | Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеудің бағыты, әдістері және нақты механизмдері |


Читайте также:
  1. A) Контекстік меню көмегімен, Файл менюімен және “Бума құру” сайманымен.
  2. A) сатушы және сатып алушы нарығы
  3. A] Мұра орналасқан елдің құқығы бойынша
  4. D) маркетингтік шараларды енгізу үшін
  5. D)& толық сатып алынатын және жартылай сатып алынатын
  6. D)& толық сатып алынатын және жартылай сатып алынатын
  7. Microsoft Word бағдарламасымен және гипертекстпен жұмыс істеу.

Тауар рыногындағы кәсіпкерлік іс-әрекеттің екі үрдісі, сондай-ақ жетістікке жетіп, пайда алудың екі тәсілі бар.

Бірінші, үрдіс (тенденция) бойынша кәсіпкерлер өткізу рыногы, тұтынушылар тапсырысы үшін бәсекеге түседі және сондықтан өнім сапасын жақсартуға, оның ассортиментін кеңейтуге, өндірістік шығындарды мейлінше төмендетуге ұмтылады. Мұның өзі өндірісті жетілдірудің, техникалық прогрестің қозғаушы күші болып табылады.

Екінші үрдіс бойынша кәсіпкерлер, тауар жеткізушілер рынокты бөлісу, сату шарттары, баға деңгейі төңірегінде өзара пайдалы келісімге келуге ұмтылады. Олар бәсекелестерді рыноктан ығыстыру, олардың беделін түсіру арқылы біржақты артықшылықтар алуды көздейді.

Бірінші үрдісті мемлекет қолдауы тиіс, екіншісіне бәсекелік ортаны кеңейту тұрғысынан қарсылық ретінде антимонополдық саясат жүргізілуі қажет.

Егер шаруашылық жүргізуші субъект, басқару органы бәсекені болдырмауды, шектеуді немесе жоюды көздесе және бұл тұтынушы үшін зиянды болса, онда олардың қызметі монополистік болып саналады. Бұндай шаруашылық жүргізуші субъект рынокқа үстемдік жасап тауар айналысына шешуші әсер етеді немесе басқа шаруашылық жүргізуші субъектілердің рынокқа кіруін қиындатады.

Уақытша, табиғи және мемлекеттік монополиялар түрлерін ажыратады. Уақытша монополия өнертабыстарды пайдалану, патенттерді енгізу нәтижесінде пайда болады және бәсекенің жоқ болуымен сипатталады.

Өндірістің технологиялық ерекшеліктеріне сәйкес тауарларға, қызмет көрсету түрлеріне сұранысты тиімді қанағаттандыру рыноктағы бәсекенің жоқ болуына байланысты, болса, сондай кәсіпорындар бағаның едәуір өзгеруіне қарамастан тауары тұрақты сұранысқа ие (себебі оларды басқа тауармен алмастыру мүмкіншілігі жоқ) коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда табиғи монополиялар болып табылады. Табиғи монополия жағдайында рыноктағы сұраныс деңгейінен тәуелсіз бәсекелік орта қалыптастыру мүмкін емес немесе ғылым мен техника дамуының қол жеткен деңгейінде бәсекелік экономикалық жағынан тиімсіз.

Мемлекеттік монополияның субъектілері, формалары, шектері заңнамалық негізде бекітіледі. КСРО-ның экономикасы өндіріс факторлары мен нәтижелеріне мемлекеттік монополия сипатында болды. Транзиттік, өтпелі кезеңде мемлекет экономиканы демонополизациялау және тауар рыноктарында бәсекені дамыту саясатын жүргізеді. Демонополизация ұзақ мерзімді процесс болып табылады. Бәсекелік шарттарын жасау, тауар өндірісінің шамадан тыс шоғырлану деңгейін төмендету, олардың еркін қозғалысына кедергілерді алып тастау, рынокқа жаңа бәсекелік құрылымдарды, соның ішінде шетелдік құрылымдарды енгізу мәселелері көпжақты сипатта болады.

Шаруашылық жүргізу субъектінің рыноктағы үлесі келесідей болса, онда оның рыноктағы басымдығы бар деп саналады:

· 65% және жоғары, егер ол жағдайының басымдығы жоқ екендігін дәлелдемесе;

· 65%-дан кем, егер бұл антимонополдық орган белгіленген үлес тұрақтылығы, рынокқа бәсекелестердің кіру еркіндігі критерилері негізінде көрсетілмесе.

Егер рыноктағы белгілі бір тауардың үлесі 35%-дан аспаған болса, оның рыноктағы басымдығы жоқ деп танылады.

Тауар рыногының географиялық шектері сатып алушының тауарға қол жетімділігі принципі негізінде анықталады. Егер сатып алушы бір өңірде сатылып жатқан тауар басқа бір өңірдегі тауардың баламасы деп есептелсе, онда бұл өңірлерді осы тауарлардың географиялық рыногы ретінде қарастыруға болады.

Рыноктың географиялық шекарасын анықтауда бірқатар факторлар ескеріледі:

· Біртұтас географиялық рынокқа кіретін территориялар арасындағы сұранысты жылжыту мүмкіндігі (сатып алушыны сатушыға жеткізетін көлік құралдарының болуы және оған жұмсалатын шығын мөлшерінің аздығы);

· Біртұтас географиялық рынокқа кіретін территориялар арасында тауарлардың еркін қозғалысы мүмкіндігі (тасымалдау бағасының төмендігі, тасымалдау процесінде тауардың сапасы мен тұтынушылық сипатының төмендемеуі);

· Осы территорияға тауарды әкелу мен әкетуге әкімшілік шектеулердің болмауы;

· Рынок аумағындағы тауарлардың баға деңгейі.

Тауар рыноктарының шоғырлануы деңгейіне сәйкес антимонополдық органдардың да әрекеті әртүрлі болады. Ол әрекеттер қатарына мыналар жатады:

· Салалық демонополизациялау бағдарламаларын талдап жасау, олардың жүзеге асуын бақылау;

· Белгілі бір тауардың рыноктағы үлесінің 35%-дан астамына иелік ететін шаруашылық жүргізуші субъектінің рыноктық іс-әрекетін бақылау;

· Тауар рыноктарына кіруге кедергі келтіретін іс-әрекеттер деңгейін кеміту;

· Шаруашылық жүргізуші субъектілердің монополистік іс-әрекетіне тосқауыл болатын шаралар жүйесін қалыптастыру;

· Осы тауар рыногына кіруге ықыласты шаруашылық жүргізуші субъектілерге көмектесу арқылы олардың санын көбейту;

· Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қосылуына, бірлестіктер құруына тыйым салу;

· Әділетсіз бәсекенің жолын қию;

· Тауар рыноктарында басымдығы бар шаруашылық жүргізуші субъектілердің рыноктық әлеуетін шектеу.

· Басқа шаруашылық жүргізуші субъект туралы жалған ақпараттар немесе оның іскерлік беделіне зиянды, қате мәліметтер тарату, әділетсіз бәсеке болып саналады.

Монополизмді шектеу туралы мемлекеттік шаралар көп мөлшерде өндірілетін және сатылатын тауарлармен салыстырғанда меншік объектілері рыногында сатылатын тауарларға арнайы қолдану әдістері арқылы жүзеге асады. Мысалы, жылжымайтын мүлік сияқты ірі меншік объектілері рынокта көпшілікке арналған, күнделікті қолданыс тауары болмағандықтан мұндай тауарлардың рынокты жаулап алып, еркін бәсекеге кедергі келтіретін монополистер ретінде тікелей айқындау қиыншылық туғызады. Меншік объектілерін сату рыноктарының өзі аукцион, конкурс түрінде ұйымдастырылып, көлеңкелі немесе тікелей бағалық ымыра көріністерін қалқалайды. Көптеген меншік объектілеріне тән жағдай объектіні тікелей сату емес, оны пайдалану құқын жалға беру, акция пакеттерін басқаруға беру сияқты амалдарды қолдануында болса керек. Антимонополиялық мекемелер меншіктің мүліктік объектілерінің айналым сферасындағы бәсекелік бастауларды қолдау мақсатында заманауи, өркениетті жылжымайтын мүлік рыногын қалыптастыруға әсер етуі тиіс.

Меншік объектілері рыногына қатысты антимонополдық шаралар бәсекелік бастауларды қолдау мақсатында сату, сатып алу, қолдан-қолға өткізу сияқты іс-әрекеттерді мемлекеттік реттеуге бағындыруы қажет. Соның өзінде мемлекеттік реттеу мен рыноктық өзін-өзі реттеу арасында ұтымды арақатынастар сақталуы керек, бірақ өзін-өзі реттеу механизмдері ең алдымен бәсекеге лайықталуы тиіс. Сондықтан қазіргі кездегі рыноктың өзін-өзі реттеуіне қарсы орын алып отырған монополистердің, бір топ адамдардың, олигархия өкілдерінің мүдделеріне сай рыноктық қызмет атқару үрдістеріне тосқауыл қою қажет.

Бәсекелік бастаулардың дамуы меншік объектілеріне баға жасау механизмін жақсарта түседі.

Меншіктің ірі объектілері рыногында сұраныс пен ұсынысты теңдестіру негізінде еркін рыноктық баға жасау механизмі өз міндетін іс жүзінде атқармайды, сондықтан жылжымайтын мүлікке бағаны мемлекеттік реттеу өте қажет.

Мемлекеттік меншік объектілерін баланстық құн дегенмен сатуға тыйым салынуы тиіс, себебі объектінің баланстық құны, әдетте оның рыноктық құнын көрсетпейді. Жылжымайтын мүлік рыногында бағалық реттеудің негізгі құралы мемлекет орнықтыратын бағалық шектеулер (бағалар дәлізі) болуы керек. Шектеулер ұқсастықты қолдану арқылы шығынды және табысты тәсілдер негізінде объекті құнын тәуелсіз бағалау әдістеріне сүйенуі қажет. Нақты объектілер немесе меншіктің типтік объектілеріне қолдануға болатын шекті бағалар деңгейі сатуға дейін тағайындалып, сатушыларға хабарлануы тиіс.

Жалдау ақысының мөлшерін де мемлекеттік реттеу өте маңызды іс болып табылады. Жалдау ақысын жалға беруші мен жалға алушы арасындағы келісімді баға ретінде тағайындау оның нақты рыноктық бағасына сәйкес келе бермейді. Сондықтан, типтік жылжымайтын мүлік объектілерінің түріне қарай (жер телімі, қоймалар, офистер, тұрғын үй т.б.) және олардың сапалық параметрлерін ескеріп (орналасуы, тозу деңгейі, өнімділігі, пайдалануға қолайлығы және т.б.) мұндай прейскуранттарды жасау негізінде жалдау ақысының мөлшерін бағамдауға болады. Жалдау ақысының мөлшерімен қатар мемлекеттік мүлікті концессияға беруді де реттеу қажет. Негізі, мемлекеттік меншік объектісін пайдаланғаны үшін төлем сол объектіні әкелетін пайдаға тәуелдендірілуі керек. Мемлекеттік органдар объектінің бағаланған құнын есептеу арқылы арендалық және концессиялық төлемді анықтаудың әдістемесін даярлағаны жөн болады.

Меншік объектілері рыноктарын антимонополдық реттеу құралдары құрамына белгілі бір меншік түрінің бір иемденушінің қолына шоғырлануына бақылау орнату тиімді болмақ. Мұнда біз бір қолға шоғырланған заттай, материалдық меншік объектілерімен қатар сатып алынған үлестерді, пайларды, акцияларды қарастырып отырмыз.

Меншік объектілерін антимонополдық реттеудің ерекше бағытына құпия ымыраласуды, картелдік келісімдерді және т.б. жатқызуға болады.


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 743 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бәсекелі және монополды рыноктар. Мемлекеттің монополизмге қарсы әрекеті| Табиғи монополияны мемлекеттік реттеу

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)