Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Фискалдық экономикалық саясат

Рыноктық жүйенің сипаты – аралас экономика | Аралас экономикадағы мемлекеттің негізгі функциялары. | Мемлекеттік реттеудің объектілері мен субъектілері | Мемлекеттік реттеу формалары | Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері | Мемлекеттік басқару және мемлекеттік реттеу | Экономикалық өсудің негізгі факторлары және құралдары | Экономикалық өсу теориялары және моделдері | Экономикалық өсудің интенсивті типіне өтуді мемлекеттік реттеу | Экономикалық саясаттың мәні |


Читайте также:
  1. АӨК дамуын мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау
  2. Азақстандағы социалистік индустрияландыру саясатының мазмұны және оның нәтижелері.
  3. Арахан мемлекеті: этносаяси тарихы, әлеуметтік- экономикалық дамуы, мәдени өркендеуі.
  4. Бай қожалықтарын тәлкілеу,ауқатты шаруалар қожалықтарын жою шаралары олардың саяси-экономикалық нәтижелері.
  5. Діпті дұрыс анықтағанда ол ненің өндеуін экономикалық түрде тиімді етеді?
  6. Мемлекеттің өнеркәсіптік саясаты
  7. Мемлекеттік экономикалық саясаттың мақсаттары

Фискалдық саясаттың қызметі мемлекеттік қазына (фиска) элементтерін қамтиды. Ол тікелей мемлекеттік бюджетпен, салықтармен, мемлекеттің ақшалай табыстары мен шығыстарына байланысты. Рыноктық экономика жағдайында бұл мемлекеттік экономикалық саясаттың діңгегі болып табылады. Фискалдық саясат қаржылық саясаттың бюджеттік, салықтық, табыстар мен шығыстар сияқты ірі түрлері мен формаларын біріктіреді.

Толықтай алғанда фискалдық саясат мемлекеттің қаржылық ресурстарын басқаруды ұйымдастыру, оларды елдің әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешу үшін пайдалану бойынша мемлекеттік шаралар жиынтығын құрайды. Фискалдық саясат мемлекетке қажетті ақша қаражаттарын жинақтау, бөлу, көзделген шараға жұмсау іс-әрекеттерін жүзеге асырады.

Фискалдық саясаттың ең маңызды міндеттерінің бірі экономикалық саясат мақсаттарын атқаруды көздейтін орталықтандырылған мемлекеттік ақша қорларының бастауларын, оларды қалыптастыру тәсілдерін іздестіру болып табылады. Қаржылық-бюджеттік саясат жүргізу арқылы мемлекет елдегі аса ірі экономикалық үдерістерді реттейді, қаржылық орнықтылықты қолдайды, өндірістік-экономикалық және ғылыми-техникалық әлеуетті тиімді пайдалануды қамтамасыздандырады. Фискалдық саясат құралдарын мемлекет жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсынысқа әсер ету үшін, дағдарысқа қарсы шаралар қолдану үшін пайдаланылады.

Тауарлар мен қызметтер түрлерін сатып алуда мемлекеттік сектордың үлесі едәуір; мемлекет рыноктағы ең ірі сатып алушы болып табылады. Сатып алулар елдің ішкі рыногында, сондай-ақ сыртқы рыноктарда жүзеге асырылады. Нәтижесінде мемлекет жиынтық сұраныстың көлемі мен құрылымына әсер етудің едәуір мүмкіндіктеріне ие болады.

Макроэкономикалық қаржы-бюджеттік саясатты елдегі жалпы экономикалық жағдайға байланысты екі басты желіні ерекшелеуге болады. Оларға фискалдық саясаттың шектеулі және кеңейтілген сипаттары жатады.

Экономикалық дүмпу, жедел экономикалық өсу кезеңінде фискалдық саясат өсу параметрлерін белгілі бір шектерде ұстап тұру үшін шектеуші сипат алады. Ал, экономикалық дағдарыс, экономикалық белсенділіктің баяулауы кезеңінде фискалдық саясат кеңейтілген сипат алады, яғни экономиканы «қыздыруға», өндірісті кеңейтуге, құлдыраудан жоғарылауға бағыт ұстайды.

Экономикалық циклдың қарама-қарсы фазаларына сәйкес бұл екі курстың арасында тұрақтандырушы фискалдық саясат деп аталатын үшінші курс әрекет етеді.

Тұрақтандыру саясаты – бұл жалпы ішкі өнім көлемін қалыптасқан жағдайға сәйкес деңгейге жақындату мақсатындағы мемлекеттің қаржы ағындары мен ақша айналымын реттеу іс-әрекеттері болып табылады. Тұрақтандыру саясаты – экономиканың азды-көпті орнықтылығы жағдайына сай келетін фискалдық саясаттың типтік формасының көрінісі. Ол, бір жағынан тұрақсыз дағдарыстық жағдайдың алдын алады және екінші жағынан макроэкономикалық көрсеткіштерді оңтайландыруға жақындатып, қалыптасқан экономикалық ситуацияны жақсартуға көмектеседі.

Тұрақтандырудың автоматты және реттелетін түрлерін ажыратады. Автоматты (қалыптасқан) тұрақтандырғыштар – бұл қабылданған, экономикада әрекет ететін ережелер мен нормалар; олар үкіметтің араласуынсыз, тұрақтылық жағдайынан ауытқуға автоматты түрде жауап қатады да шаруашылықты орнықтылық жағдайға келтіреді. Автоматты тұрақтандырғыштар алдын-ала ойластырылып, экономикалық қызметті реттейтін заңнамалық актілерге енгізіледі. Мысалы, табыстар кеміген кезде одан алынатын салықтар мөлшері төмендейді. Егер адамдар жұмыс пен жалақыдан айырылса, оларға үкімет жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлейді. Белгілі бір жасқа жеткенде зейнетақы алуға автоматты түрде құқық пайда болады. Директивті түрде белгіленетін жалақының минималды деңгейі белгіленеді. Осындай автоматты түрде қосылатын тұрақтандырғыштардың көптеген түрлерін келтіруге болады. Дегенмен экономикалық жүйеге кіріктірілген ішкі тұрақтандырғыштар экономикада мүмкін болар тербелістерді кеміткенімен тұрақтандырудың қажетті деңгейін қамтамасыз ете алмайды. Заңнамалық актілерге ықтимал тұрақсыздықтың алдын алатын нормативтерді түгелдей кіргізу қолдан келмейтін мәселе. Сондықтан көмекке мемлекеттік органдардың оперативті реттеуі, сәйкессіздіктерге ағымдағы жауап қатуы, дискрециялық (ерекше өкілеттік) саясат құралдары келуі қажет.

Дискрециялық фискалдық саясат – бұл қосымша қабылданатын немесе тұрақты қолданыстағы ережелер мен нормаларды өзгертетін мемлекеттік оперативті қаржылық шаралар жиынтығы. Автопилот ұшақты басқара алмаған кезде ұшқыштың штурвалды өз қолына алатыны сияқты, үкімет те бұрын қабылданған заңдардың тұрақтылықты ұстап тұруға күші жетпеген жағдайда дискрециялық саясатты қолға алады.

Дискрециялық фискалдық саясатты жүзеге асыру әдістеріне қоғамдық жұмыстар, материалдық жәрдем, салық қойылымдарын өзгерту сияқты әдістер жатады. Дискреттік фискалдық шаралар экономикалық шиеленістер ошақтарын басуға көмектеседі. Бірақ уақытша енгізілген босатуларды, жеңілдіктерді, қосымша жәрдемдерді доғару қиынға түседі. Кейбір жағдайларда дискреттік уақытша тұрақтандырғыштардың автоматты түрде, тұрақты стабилизаторға айналып кететіні де бар. Қайталап айту керек олар өздерінің табиғаты бойынша тұрақты болмауы тиіс.

Фискалдық саясаттың құрамдас бөлігі ретіндегі мемлекеттің бюджеттік саясаты бүкіл бюджеттік кезең бойына мемлекеттік табыстар мен шығындардың теңгерімділігіне жетуді көздейді. Жоғары экономикалық конъюнктура жағдайында бюджеттің профициті (мемлекеттік кірістердің шығыстардан артуы) бұрыңғы қарыздарды өтеуге, резервтік қорлар жасауға, қосымша әлеуметтік шараларға бағытталуы мүмкін. Іскерлік белсенділік төмендеген кезде мемлекеттік билік органдары, тіпті бюджет тапшылығына қарамастан мемлекеттік сатып алуларды арттырып, құлдырауды тоқтату, сөйтіп экономикалық үдерістерді тұрақтандыру үшін жиынтық сұранысты көбейтеді.

Мемлекеттің бюджеттік саясатының ең бірінші міндеті қауіпті деңгейге жеткен бюджет тапшылығын еңсеру болып табылады. Мемлекеттік бюджеттің жалпы көлемінің 5% шектеріндегі және жалпы ішкі өнімнің 1-2% деңгейіндегі тапшылық қауіпті деп саналмайды. Бірақ, егер бюджет тапшылығы оның көлемінің ондаған пайызын құрап, Ж.І.Ө-нің 5%-нан артып кетсе, онда бұл бюджеттік саясаттағы ірі ақаулықтарды көрсетеді.

Мемлекеттің бюджет тапшылығын ақша эмиссиясымен жабуға ұмтылысы инфляцияға жетелейді, ал мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару және сату болашақ борыштарды туындатады, өйткені қағаздарды өтеу және олар бойынша пайыздар төлеуге тура келеді. Сондықтан, мемлекеттік бюджеттің теңгермелігіне қол жеткізу үшін бюджеттік саясат мемлекеттің кірісі мен шығысы саясатымен байланыстырыла жүргізілуі тиіс.

Мемлекеттік шығындар саясаты ең алдымен мемлекеттік сектордың сұранысын қанағаттандыруы қажет, яғни бюджеттің шығысы баптарында көрсетілетін мемлекеттік зәру қажеттіліктерді қанағаттандыруы тиіс.

Мемлекеттік кірістер саясаты мемлекеттік бюджетке ақша қаражаттарын келтіретін қолда бар және потенциалды көздерге сәйкес жүргізілуі керек. Мемлекеттік бюджет негізінен салықтық түсімдерден құралатынын ескерсек, онда мемлекеттік кірістер саясаты салықтық саясатпен тығыз байланыста болары даусыз.

Салықтық саясат – салық түрлерін, салық салу объектілерін, салықтық қойылымдарды, салық алу шарттарын, салықтық жеңілдіктерді тағайындаудан көрінетін фискалдық экономикалық саясаттың бір бөлігі. Бұл параметрлерді мемлекеттік реттеудің басты мақсаты салықтан түсетін ақша қаражаттары мемлекеттік бюджетті қаржыландыруға жеткілікті болуы тиіс. Бірақ, бұл арада салықтық және бүкіл фискалдық саясаттың басты қарама-қайшылығымен кездесуге тура келеді.

Салықтық ауыртпалық жоғарылаған сайын қайсыбір шектерден бастап оны төлеуге ықтиярлық пен мүмкіндік кеми түседі. Салықтардың жоғарылығы оны қоректендіріп отырған салықтық негізді үгіте бастайды. Сондықтан мемлекеттік салықтық саясаттың негізінде жоғары емес, ұтымды салықтық қойылымдар болуы тиіс.

Мемлекеттің салықтық саясаты бюджетке түсімдерді қамтамасыз етумен ғана байланысты емес, сонымен бірге құрылымдық-инвестициялық саясат жүргізумен де байланысты. Салықтарды, салықтық қойылымдарды, салықтық жеңілдіктерді реттей отырып мемлекет өндірістің белгілі бір түрлерінің өзін-өзі дамытуға ынталандыруға, тұтыну құрылымына әсер етуге, қаражатты экономика дамуына салуды көтермелеуге мүмкіндіктер жасайды.

Сонымен, фискалдық саясат мемлекеттік экономикалық саясаттың ең қуатты бағыты ретінде, қаржыландырудың, бюджеттеудің, салық салудың әртүрлі құралдарын тиімді қолданады.


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 831 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Мемлекеттік экономикалық саясаттың мақсаттары| Монетарлық экономикалық саясат

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)