Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Арахан мемлекеті: этносаяси тарихы, әлеуметтік- экономикалық дамуы, мәдени өркендеуі.

Ылым ретіндегі Қазақстан тарихының. мақсат, міндеттері және оны зерттеудің өзектілігі | Тас ғасыры,оның кезеңдері мен ескерткіштері. | Сақтар: жазба деректері, материалдық және рухани мәдениеті, қоғамдық құрылысы. | Лы Жібек жолының тарихи-мәдени маңызы. | Көне түрік жазба ескерткіштері. | Түркеш қағанатының тарихы | Арлұқ қағанатынытың тарихы | Найман және Керей ұлыстары. | Азақстан Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі және құлдырау кезеңінде. | Ақ Орда Қазақстанның этникалық территориясындағы алғашқы мемлекет. |


Читайте также:
  1. E) фирманың мәдениеті
  2. Азақстан Республикасындағы білім, ғылым, мәдениет және денсаулық сақтау ісінің дамуы
  3. Бай қожалықтарын тәлкілеу,ауқатты шаруалар қожалықтарын жою шаралары олардың саяси-экономикалық нәтижелері.
  4. Діпті дұрыс анықтағанда ол ненің өндеуін экономикалық түрде тиімді етеді?
  5. Имак мемлекетті: этносаяси тарихы және шаруашылығы.
  6. Лы Жібек жолының тарихи-мәдени маңызы.

Қарахандықтар мем-нің қалыптасуында жетісуды мекендеген қарлұқ бірлестігінің тайпалары басты рөл атқарады.Карахан әулетінің негізін салушы—Сарұқ Боғра хан(Білге Құл Қадыр ханның немересі,915-955жж)Ол ислам дінін қабылдаған билеуші саманилерден қолдау тауып, туысы Оғұлшақты жеңіп,Тараз бен Қашғарды бағындырады. Нәтижесінде,бірңғай бір орталыққа бағынған қарахан мемлек-ті құрылды(942 ж) қарлұқ қағанатының ыдырауына байланысты Жетісу мен Қашғар аралығы қарахан мемлекетіне қарады.

955 ж –Мұса хан билігі орнады (Сатұқ Богра ханның баласы)

960 ж – Мұса хан исламды мемлекеттік дін етіп жариялады.

Мемлекет тереториясына қосылған аймақтар:

990 ж –Тараз, Исфиджаб

992 ж –Хотан,Бұхар

999 ж –Саманилер мемлекеті

XI-XII ғ.ғ –Мәуренахр мен жетісудың қалған бөлігі.

Тереториясы(XI-XII ғ.ғ) Жетісу, Шығ.Түркістан(Мәуренахр-Қашхар аралығы),

Астаналары: Қашғар- Мұса хан билігінің орталығы.Баласағұн-Сүлеймен хан(Мұсаның інісі) орталығы.

Қарахан мем-нің саяси тарихы екі әулеттің арасындағы өзара күреске толы:

Әли Арсылан хан (Мұса ханның баласы)

Хасан(Харун) Боғра хан (Сүлеймен ханның баласы)

XI ғ. 30-жылдары мем-кет екіге бөлінді:

Шығыс хандық. Тереториясы-Жетісу, Шығ.Түркістан.Астанасы-Баласағұн. Билеушісі-Арсылан хан Сүлеймен.

Батыс хандық. Тереториясы-Мәуренахр. Астанасы- Бұхар, кейін Самарканд. Билеушісі-Ибрахим Тамғаш Боғра хан.

1089 ж-селжұқтар сұлтаны Мәлік шах Батыс қағанатты бағындырды. Нәтижесінде қарахандықтар селжұқтарға вассалдық тәуелділікке түсті.

1102 ж – Баласағұн мен Тараздың билеушісі Қадыр хан Жебірейл Мәуренахрды жаулады. Нәтижесінде Амударияға дейінгі жерді өзіне қаратты. Кейін Термезге шабуыл кезінде селжұқтардан қаза тапты. Селжұқтардың сұлтаны Санжардың Мәуренахрға ықпалы артқан кезден бастап, қарахандықтардың саяси құлдырауы байқалды. Қарақытайлар шапқыншылығы басталды.

1128 ж – қарақытайлар шығыс хандықты жаулап, Жетісуда үстемдік етті. Осымен бір мезгілде хорезмдіктердің Батыс хандыққа шабуылдары басталды.

XII ғ. 30-жылдары Қарақытайлар Шығ. Қарахандықтың қалған иелігін түгел жаулап,Батыс хандыққа шабуылдады.

1141 ж – Қарақытайлар Қарахан мемлекетін түгел бағындырды.

Мемлекетті шігіл ж\е яғма тайпалары басқарды. Арсылан хан атағын- шігілдердің билеушісі; Боғра хан атағын- Яғма көсемі алды. Тамғаш хан “хандардың ханы” атанып,бүкіл мемлек-ті биледі. Билеуші титулы – хан. Ұсақ аймақтардың басшылары-илақ тегін.

XIII ғ. басы- Қарахан мемлекеті өмір сүруін тоқтатты.

Қарахандықтар кезеңі- саяси экономикалық, әлеуметтік,мәдени өмір жоғарғы деңгейде дамыған жаңа кезең.Феодалық карым-қатынастар дамып,түркі тілдес тайпалардың бірлігі нығайды.

Қарахан дәуіріндегі мәдениет

Қарахандарда феодалдық қарым-қатынастар дамып,түрік тілдес тайпалардың бірлігі нығайды. Жетісу, Оңт.Қазақстан жерінде көшпелі түріктердің отырықшылық өмірге бейімделіп,қала мәдениеті жедел дамыды. Қарахан мем-нің саяси құрлымы өздерінен бұрынғы көне түрік идеялогиясы мен мәдениетіне ұқсамайтын өзгеше сипатта болды.960 ж қарахан әулеттері ислам дінін мем-тік дін деп дариялады. Осыған байланысты көне түрік руна жазуының орнына араб жазуы келді.Түркі тілінде біраз шығармалар жазылды. Олардың арасында Жүсіп Баласағұнидің “Құтадғу білік”, Махмуд Қашғаридың “Диуани лұғат ат-түрік”, Ахмед Яссауидің “Диуан-и Хикмет” сияқты еңбектері бар.

Қарахан өнері- Қарахан мем-ті кезінде тұрғызылған сәулет өнерінің озық үлгілері.X-XII ғ.ғ Жетісу, Сырдария алқаптарында қала (Тараз), мавзолей

(Айша бибі күмбезі, Аяққамыр, Алаша хан күмбезі, Бабаша хатун мавзолейі, Жошыхан күмбезі, Сырлытам т.б) көпір салу ісі (Талас өзен бойында) өркендеді.

Архитектуралық құрылыстарға күйдірілген қышты пайдалану ғимараттардың композициялық түр-типтерін қалыптастыруға, арқа-свод-күмбез конструкциясын кеңінен қолдануға, көркемдік әдістерінің алуан түрін іске асыруға жол ашты.

Олардың сыртқы қабырғаларының күмбездері мен ішкі еңселері ғимарат құрлымымен үндес, тартымды ою-өрнектермен әсемделді.

Құрылыстарда қашап, құйып жасалған 8 қырлы, жұлдыз гүлді, кілем өрнегі тәрізді нақыштар көптеп пайданылды.

Осы заманғы сәулет өнерімен бірге сән ж\е қосалқы өнерінің кейбір салдары дамыды.Мысалы, бедерлеу,кесу,жапсыру әдістері арқылы жасалған бояулы қабырға өрнектері мен су құбырлары.Алматыда тараз моншасы. Ромб не шеңбер түріндегі үлкен әрі анық ою-өрнектермен әсемделген тұтыну заттары т.б. қол өнерінің мұралары Орта ғасырдағы қазақ сәулет өнерінің, сән ж\е қосалқы өнердің даму кезеңін көрсетеді.

мем\ң қалалық мәдениеті және экономикасы.І мыңжылдықтың аяғында – II мыңжылдықтың басында Қазақстан территориясында өндіргіш күштер мен феодалдық қатынастардың дамуы жаңа кезеңге аяқ басты. Х ғасырдың орта шенінде Жетісу территориясында және Шығыс Түркістанның бір бөлігінде феодалдық құрылы біршама дамыған, өзінен бұрынғы мемлекеттік құрылымдардың көптеген әлеуметтік институттарын табиғи түрде өзіне жинаұтаған Қарахан мемлекеті құрылды. Қарахан мемлекетінің құрылуында және әуелгі тарихында қарлұқ конфедерациясының тайпалары зор роль атқарды. Қарахан мемлекетінің құрылуы батыста Жетісудан Испиджабқа дейінгі және шығыста Қашқарға дейінгі территорияда болған саяси оқиғалармен, Қарлұқ қағанатының ыдырауымен байланысты еді. Сатұқ Боғра ханды(915-955) Қарахан әулиетінің негізін салушы деп есептейді. Исламды қабылдап, Саманилерді қолдауын пайдалана отырып, Сатұқ Боғра хан Оғұлшаққа қарсы шығып, оны талқандап, Тараз бен Қашқарды бағындырады. 942 жылы ол Баласағұнда билеушіні құлатып, өзін жоғарғы хан деп жариялады. Сатұқ өлгеннен кейін билік оның баласы Мұсаға көшті, ол 960 жылы қағанаттың мемлекеттік діні ислам деп жариялайды. Оның астана қаласы Қашқар болды. Мұса өлген соң жоғарғы хан атағы оның баласы Әли Арслан ханға көшті. Сонымен қатар ол Тараз бен Баласағұнның билеушісі болып есептелінді.999 жылы Қарахан мемлекеті Бұхара қаласын алып, біржолата Мәуереннахрды бағындырды.1089 жылы салжұқ сұлтаны Мәлік хан Батыс хандықтың орталығы Самарқанд алынды, одан соң Бұхара басып алды.1141 жылы Самарқан қаласына жақын жерде Қатуан даласында басып кірген қарақытайлар салжұқтар мен қарахандықтар ойсырата жеңіледі.Бұхара қаласын, Мәуереннахр орта бөлігін толығымен жаулап алады. Қарахан мемлекеті қарақытайларға толық тәуелділікке түсті.

Саяси құрылымы. Қарахан мемлекетінің саяси құрылысы бірден емес, біртіндеп жаулап алған жерлерде Қарахан шонжарлары билігінің орнығынуына қарай қалыптасты. Қарахан державасында жоғарғы өкімет тек сырттай ған патриархаттық қауашақпен қапталды, ал шын мәнінде ол феодалдық иерархия принципіне негізделді.Мемлекет басшысы- қаған. Сонымен бірге Қарахан әулиетінің басшысы ретінде болды, бірақ оның өкіменті іс жүзінде ілек атағын алған үлестік жерлерді билеушілермне шектелген еді. Қағанның сарай маңындағы адамдары мен чиновниктерінен тұратын штаты болды. Ең жақын адамдардың бірі уәзір болды(ханныі еі жақын көмекшісі мен кеңесшісі). Хан сарайы, оның басты ставкасы мемлкеттік және әкімшілік басқарудың орталығы болды. Сарай адамдарына сарай күзетінің бастығы(қапығ башы), есік қорушылар(қорыөшылар), қазынашылар, аспазшылар және басқалар жатты. Қарахан мемлекетінің қалалық мәдениетінің дамуы нәтижесінде қолөнер, көзе жасау шеберханалары дамыды. Атақты қалалары Самарқанд, Бұхара, Тараз қалалары сауда орталықтары болған еді. Археологиялық зерттеулер нәтижесінде қалалардың көшелері, салынған үйлері, шаруаға қажетті бөлмелер аршылған еді. Х-ХІІ ғ. қалаларындағы басты жаңалық- мұсылман дінінің енуіне байланысты мешіттердің пайда болуы. Тағы да жаңалық шығыс моншасы салынуы. Қарахан мемлекетінің қалаларының құрылыс жүйелерінде елеулі өзгерістер болды. Ол рабадтың қалыптасуы, махаллалар көлемінің ұлғаюы, мешіттер мен моншалардың салынуынан көрініс табады.

 

16.Түркілердің материалдық және рухани мәдениеті 6-12ғ.ғ

VI-XIIғ. Түркі тайпаларының мәдениеті. Көне түркі дәуірінің мәдени, әдеби ескерткіштерін сөз етуден бұрын, қазақ халқын құраған тайпалық бірлестіктерінің тұрмыс- тіршілігі, әлеуметтік өмірі жайында бірер сөз айта кеткен дұрыс. Өйткені “Өз өміріндегі қоғамдық өндірісте адамдар өздерінің дегендеріне қарамайтын, белгілі бір, қажетті қатынастарда - өндірістік қатынастарда болады, бұл қатынастар олардың материалдық өндіргіш күштері дамуының белгілі бір сатысына сай келеді. Біздің заманымыздан бұрынғы 1-мың жылдықтың бас кезінде-ақ қазіргі Қазақстан жерінің оңтүстік және шығыс аймақтарын мекендеген, тарихта сақтардеген атпен белгілі тайпалар өздерінің қоғамдық даму дәрежесі жағынан мемлекеттік құрылыс сатысына таяп қалған еді. Оларды мал өсіру және егіншілікпен қатар темір қорыту біршама дамыған болатын. Сол кезде-ақ қызыл – қоңыр және магнитті темір рудасын кеңінен пайдаланған сақтар қола мен темірден түрлі қару-жарақ, үй шаруашылығына қажетті және зергерлік бұйымдар жасаған. Соңғы жылдары Есік маңынан (Алматы облысы) табылған сақ көсемінің киіміндегі алтын өрнектер, сақтардың “Алтын обасынан” (Шымкент облысы) шыққан әшекей-сәндік бұйымдар, Таңбалы тас (Қаратау) мен Саймалташ (Қырғызстан) жартастарына ойып салынған орасан үлкен суреттер сақтардың көркемдік талғамы, бейнелеу өнері, металды өңдеу тәсілі жоғары болғ,анын аңғартады. Сақтарда бұғы, арқар, арыстан, самұрық құс суретін салу мен олардың бейнесін алтыннан құйып жасау стилінің өзіндік ерекшеліктері бар. Жоғарыда айтылған “Алтын обадан” табылған зергелік-әшекей бұйымдардың кейбір бөлшектері өте кіші әрі нәзік етіп жасалғаны сондай, оны тек үлкейткіш шыны арқылы ғана айқын көруге болады. Қазақстан жерінде сақтардан кейін жасаған ежелгі алғашқы тайпалық бірлестіктер – үйсіндер мен қаңылылар деуге болады. Олардың шекарасы батысында Шу мен Талас өзендері, шығысында Тянь-Шянь таулары, солтүстігінде Балқаш көлінен бастап, Ыстық көлінен бастап, Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауына дейінгі өлкені алып жатты. Үйсіндер негізінен Іле алқабын жайлағанымен, ордасы “Қызыл алқап” қаласы Ыстықкөл маңында болды. Қаңлылар - Қаратау өңірі мен Сырдарияның орта саласын мекен етті. Ежелгі саяхатшылар Қаңлы тайпалық бірлестігін көшпелі ел әрі қалалары бар ұлкен мемлекет ретінде сипаттап жазады. Сыр өзенінің орта ағысы (Шаш, Отырар, Қаратау) аймағын мекендеген қаңлылардың мәдениеті тарихи әдебиеттерде Жетісай, Қауыншы, Отырар, ал кейін Қаратау мәдениеті деп аталады. Орта Азия мен Қазақстан территориясында бірте-бірте патриархалды –феодалдық қатынастар қалыптасып, ежелгі феодалдық мемлекеттер құрыла бастады. Орталық Азиядағы көптеген тайпалық одақтардан бірігіп пайда болған осындай ежелгі феодалдық мемлекеттердің бірі. Түрік қағандығы (552-745 жылдар) еді. Бұл қағандыққа енген тайпалар алғашында Алтай мен Жетісудың бір бөлігін мекендеді.

17.Орта ғасырлардағы қала мәдениеті.9-12ғ.ғ Қазақстан жерінде ежелден отырықшылық тарихи-мәдени ірі аймақтар, ал ортағасырдың ортасында қалалық мәдениет дамыды. Олардың бірі Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу еді. Оңтүстік Қазақстанда Исфиджаб (Сайрам), Газгирд, Шараб, Будухкет, Отырар, Шавгар және Сауран тәрізді ірі қалалар бой көтерді. Исфиджаб сауда жолы өтетін орталық болды, мұнда көптеген тауарлар өндірілді, бұл жерден маталар, қару-жарақтар, мыс пен темір тасылды. "Исфиджаб,- деп жазды ортағасырлық авторлардың бірі,- Түркістан шекарасындағы Мауераннахрдың үлкен де, ірі қалаларының бірі. Ол Азия елдерінің өркендеген және керемет қалаларының бірі, жері құнарлы, ағаштары көп, суы мол және ғажайып бақтары бар".

Талас алқабында ірі қала Тараз пайда болды. Ол VI ғасырдың өзінде-ақ белгілі болды. Тап осында Түрік қағаны Иштеми 568 жылы Земарх бастаған Византия императоры Юстиниан II-нің дипломатиялық елшілігін қабылдады. Шежірешілер Таразды саудагерлер қаласы деп атаған. Ол түргештердің, сосын қарлұқтар мен қарахандардың астанасы болды. ХІ ғ. бірінші ширегінде ақша айналымының қалыптаса бастауына сай Қазақстандық екі теңге сарайы – Тараз және Испиджаб қалаларында болды. Қалалардағы ішкі сауда айналымында мыс (қола) теңгелер жүрсе, ал күміс теңге қалааралық ірі товар айналымын қамтамасыз етіп, қаржы жинаудың құралы қызметін атқарды. ХІ ғасырдың 70 -жылдарынан кейін күміс құю тоқтатылып, айналымда оның орнына алтын қолданылды. Талас, Асса өзендерінің бойында Тараз маңында Төменгі Барысхан, Жамукат, Жекіл, Бектөбе, Дех-Нуджикес, Адахкет, Текабкет, Шельджи, Жувикат және т.б. қалалар мен мекендер созылып жатты. Талас алқабынан Шуға дейінгі жолда Ақыртас, Құл-Шуб, Жұл-Шуб, Құлан, Мерке, Аспара, Нүзкет тәрізді қалалар орын тепкен.Тек VI-XIII ғасырларда Шу алқабында соғдылар, сириялықтар, түріктер, парсылар мекендеген ірілі-ұсақты 25 қала болған. Бұл Харанжуан, Жұл, Навакет, Бунджикет, Құрмырау, Суяб, Баласағұн, Жоғарғы Барысхан қалашықтары. Іле алқабының ірі қалаларының қатары Тальхиз (Талғар), Қойлық, Дунгене, Алмалық (Алматы), Ілебалық, Көк-Тума сияқты қалаларды жатқызуға болады.

VII-XIII ғғ. қала мәдениеті тек оңтүстікте және оңтүстік-шығыста ғана емес, Қазақстанның басқа өңірлерінде де дамыды. Сырдарияның төменгі ағысында Асанас, Янгикент,Сығанақ, Жент, Барлышкент және т.б. қалалар орналасқан. Орталық және Шығыс Қазақстанда, оның ішінде Торғай, Жыланшық, Кеңгір, Нұра, Жезді, Сарысу өзендерінің бойында жетпіс сегіз қаланың орны табылды. Нұра алқабында Ақсикент деп аталатын мейлінше ірі қала болған, Сарысу жағалауында Жұбаныш пен Ұлыбағыр, Торғайдың төменгі сағасында – Қаңлыкент, Қарақорым, Борсық қалалары болғаны белгілі. Ертіс өзенінің алқабында он алты қимақ қаласы кездессе, оның ішінде Хакан мен Хакан-Қимақ қалалары қағанаттың астанасы болған. Сол кезде қалалардың дамығанын сәулетті құрылыстардың болуы дәлелдейді. Тараз маңындағы Бабаджа-хатун (X-XI ғғ.), Айша–бибі (XI-XII ғғ.) кесенелері, Тараздағы Қарахан кесенесі, Сырдарияның төменгі сағасындағы Сырлытам, Орталық Қазақстанның Домбауыл кесенесі ортағасырлық сәулеттік ескерткіштерге жатады. Қазақстан қалаларының сәулеті бұрыңғы өткен заманның сәулет өнерімен тығыз байланысты. Үйлерді салуға шикі кірпіш, құм, ағаш қолданылды. Ірі ғимараттар мен бекіністердің сыртқы қабырғасы көбінесе күйдірілген сары саздан жасалған плиткалармен қапталды. Сөйтіп, орта ғасырда Қазақстан аумағында тек көшпелі өркениет ғана дамып қойған жоқ, сонымен бірге отырықшылық, егін шаруашылығы, мал шаруашылығы мен қалалық мәдениет те дамыды, олар бір-бірін толықтырып, бір-бірін байытып, бір-біріне үлгі болған.

Қолөнер кәсібі. Қазақстан жерінде халықтар өздерінің даму дәрежесіне қарай қолөнер кәсібімен де шұғылданды. Құмыра жасаушылардың, ұсталардың, ағашқа, сүйекке, тасқа өрнек салушылардың істеген заттарына халықтың сұранымы күшті болды. Саз балшық бұйымдар өндірісі ерекше дамыды. Отырар алқабында және Қаратаудың баурайларындағы қалаларда керамиканы өркендетудің қалыптасқан түрлері сақталған. Сырдарияның төменгі бойындағы қалалардан табылған саз балшықтан жасалған заттарда әсем өрнектер басым болды. Керамикадан кесе, тостаған, аяқ-табақтар, тағы да басқа ыдыстар жасалынып, сырты оюланып, неше түрлі қызыл, жасыл, сары, қоңыр түсті бояулар жалатылды. Аңдар мен құстар бейнеленген құйма ыдыстар тобы ынта қоярлық. Мәселен, Тараз қазбалары кезінде арыстан бейнелеген тамаша табақша шықты. Отырарда өсімдік ою-өрнегімен әшекейленген құмыра табылды.VІ-ХІІғғ оңтүстік ж/е оңтүстік-шығыс Қазақстанның қалалық мәдениеті – жазба деректемелер мен археологиялық материалдар нәтижесінде анықталған байырғы қоныс орындары, қала жұрттары. 6 – 9 ғасырларда Оңтүстік Қазақстан мен Оңтүстік-Батыс Жетісуда қала мәдениеті жақсы дамыды. Саяси жағынан бұл аймақтар түрік әулеттеріне бағынды және реті бойынша Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ қағандықтарының құрамына енді. Бұл кезеңде көшіп жүретін жер аумағы шектеліп, көш жолдары қалыптасты, тұрақты қыстаулар мен жайлаулар орнығып, егіншілік пайда болды, отырықшы кедейлер тобы бөлініп, жекелеген рулық топтар отырықшылыққа көшті. Мемлекеттік төрешілдік аппарат құрылып, ортақ тіл мен жазу қалыптасты, сауда және дипломаттық байланыстар дамыды. Осындай жағдайда әкімшілік және қолөнер, сауда, мәдениет орталығы ретінде қалалар салына бастады. Оңтүстік Қазақстандағы ең ірі қала Исфиджаб саналады. Ол 629 ж. Сюань-Цзянның жылнамасында “Ақ өзендегі қала” атымен алғаш аталады. Кейін Махмұт Қашқари Сайрам – ақ қаланың аты (әл-Мединат әл-Байда), ол Исфиджаб деп, кейде Сайрам деп те аталғанын жазады. Сайрамнан Шашқа баратын жол бойында 8 – 10 ғасырларда Газгирд (Қазығұрт) болған. Исфиджабтың шығыс жағында Шарап, Будухкет, Тамтаж, Абараж, Жувикат қ-лары мен елді мекендері орналасқан. Шарапқа – Төрткөл Балықшы, Будухкетке Қазатлық қалаларының жұрты сай келеді. Тамтаж, Абараж – керуен сарайлары іспетті. Арыстың төменгі ағысында орталығы Отырар қ. болған Фараб (Отырар) өңірі жатты. Отырар аты (Отырарбенд) 8 – 9 ғ-лардағы жазба деректерде аталады. Оның Фараб, Тарбанд секілді атаулары да бар. Отырардан төменірек Сырдария бойындағы Шауғар өңірінде сол аттас орталығы болған. Шауғар қ.аласы(соғды тілінен аударғанда “Қара тау”) Түркістанның оңтүстік-шығысында 8 км жерде орналасқан Шойтөбе қ-ның орнында болған.Оңтүстік-Батыс Жетісуда қалалардың өркендеуіне, қолөнері мен егіншіліктің және құрылыс техникасының дамуына Соғды ұрпақтарының елеулі әсері болды. 8 ғ-дың 2-жартысында олар Шу, Талас жазықтарына көптеп қоныстана бастады. Соғдылық саудагерлер Иран мен Византияны Шығыс Түркістанмен жалғастыратын Ұлы жібек жолының бойына сауда қоныстарын салды. Осындағы Тараз және Суяб қалалары Қазақстаннан тыс жерлерге де мәлім болды. Жазба деректерге қарағанда 7 – 13 ғ-ларда осы жол бойындағы Аспара, Шігілбалық, Атын, Семекина, Талхиз, Мерке, Құлан, Исфиджаб, Усбаникет және басқа қалалар да маңызды рөл атқарды. Бұл қалаларда ұсталық, зергерлік, былғары өңдеу, қыштан ыдыс жасау кәсібі өркендеді. Тұрғындары егін шаруашылығымен айналысып, бидай, тары егіп, бақ, жүзім өсірген. 9 – 10 ғасырларда солтүстік-шығыс Жетісуда да қалалар салына бастаған. Іле өз. бойындағы көшпелілер қоныстарының орнына пайда болған бұл қалалар тез арада-ақ қолөнері мен сауда орталығына айналды.9 ғасырларда және 10 ғасырдың 1-жартысында Жетісуда билік қарлұқтар қолына өтуіне байланысты көшпелі халықтар отырықшылыққа жедел көше бастады. Көшпелі тайпалардың ақсүйектері құнарлы жайылымдарды басып алу, соғыс жорықтары және сауда арқылы байыды. Қоғамның қарапайым мүшелері топ-тобымен отырықшылыққа көшіп, егіншілердің, қолөнершілердің қатарын толықтырды. Осыдан барып үлкенді-кішілі елді мекендер мен қалалар көбейе бастады. 9 – 12 ғасырларда қоғамның өндіргіш күштері үлкен қарқынмен өсті. Орта Азия мен Қазақстандағы саяси билікті басып алған Қарахан әулеті феод. қатынастардың қалыптасуына ықпал жасады. Осы кезде қалаларда діни орындарға арналған құрылыстар, ақсүйектердің сарайлары, су құбырлары, тазалық жүйелері салынды. Жаңа қалалар пайда болды. Әсіресе, Оңтүстік Қазақстанда қалалар көркейе түсті. Бұрын 5 – 7 га-дан аспаған Отырар рабадының аумағы 170 га-ға дейін жетті.Кең көлемдегі қазба жұмыстары Оңтүстік Қазақстандағы қала мәдениеті ескерткіштерінің типологиясын жасауға мүмкіндік береді. Аумағы 30 га-дан асатын қала жұрттарына Сайрам (Исфиджаб), Шортөбе немесе Қараспан-1 (Осбаникет), Отырартөбе (Отырар), Құйрықтөбе (Кедер), Шойтөбе (Шауғар), Жанқала (Жанкент, Янгикент), Сунақ-Ата (Сығанақ), Құмкент жатады. Аумағы 15 га-дан 30 га-ға дейін жететін қалалар – Бурух, Хурлуг, Жумишлағу, т.б. 15 га-ға дейін жететін қала жұрттарына Шарапхана (Газгирд), Бұлақ-Қоғал (Манкент), Тамды (Берукент), Қазатлық (Будухкет), т.б. жатады. Осы қалалардан басқа Сырдарияның орта ағысында 6 – 9 ғ-лардың бірінші жартысына тән мәдени қабаттары анықталған бір топ қала жұрттары жатыр. Қазақстанның оңтүстігінде жалпы саны 27-ге жететін осындай қала жұрты бар. Қазақстанның оңт-ндегі қала жұрттарына құрылымында – ішкі қамал (цитадель); шахристан (дуалмен бекіндірілген қала) және рабад (қала төңірегіндегі сауда-қолөнер орны) болатын топография тән. Шахристанда бай шонжарлардың, ірі саудагерлер мен дінбасылардың үйлері, сарайлар орналасты. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың ерте орта ғасырлардағы қалаларының жұрттарын анықтаған кезде мынадай белгілердің жиынтығы: көлемі мен құрылымы (қамал және бүкіл көлемі немесе қамал мен шахристан); бекіністері; мәдени қабатының байлығы; археол. кешені пайдаланылады. Осындай сан және сапа белгілеріне сүйенгенде, Оңтүстік Қазақстандағы алдыңғы орта ғасырлардағы барлық қалалар саны 33 болды.Алайда, Оңтүстік Қазақстанның барлық қалалары неғұрлым кейінгі уақытта да өмір сүргендіктен, қала орындарының кейінгі мәдени қабаттары ертедегі қалалардың көлемін анықтауға және олардың үлгілерін жорамалдауға мүмкіндік бере бермейді. Жетісудың оңт.-батысында, керісінше, бұған толық мүмкіндіктер болды. Жазбаша деректемелерге қарағанда, мұнда 7 – 10 ғасырларда 27 қала мен қоныс болған, олардың көпшілігі нақты қала жұрттарымен сәйкестендірілді.Ал Шу және Талас аңғарларындағы аумақта барлығы 36 қала жұрты табылып, олардағы 7 – 9 ғасырлардың мәдени қабаттары анықталды. Қалалар кейінгі кезге дейін өмір сүрген. Олардың топографиясында өзіндік ерекшелік кездеседі. Қала жұрттарында қамал мен шахристаннан тұратын “орталық бөлік” ерекше көрінеді. Орталықтағы құлаған үйінділерге ұзындығы 3 км-ден ондаған км-ге дейін жететін дуалмен қоршалған аумақ жапсарласып жатады. “Ұзын дуалды” қалалардың орналасуында қатаң заңдылық бар: Талас аңғарында олар бір-бірінен 15 – 20 км қашықтықта, аңғарлардың ең қолайлы жерлерінде, Таласқа ұсақ тау өзендерінің құятын сағаларында орналасқан. Шу аңғарында қалалардың орналасу заңдылығы одан да айқын – он үш қала тау етегіндегі аймақта тау өзендері ағып шығатын жерлерде бір-бірінен 15 – 35 км қашықтықта орналасқан; қалғандары Қырғыз жотасы тауларынан өзендердің Шуға келіп құятын жерлерінде солтүстік Жақтағы ішкі тізбекті құрайды. Қалаларды сипаттап топтаған кезде қала орындарының көлемі мен топографиясы және жазбаша деректердің мәліметтері пайдаланылуы нәтижесінде қалалар үш топқа бөлінеді. Бұлар: астаналық және ірі қалалар – Тараз, Суяб, Невакет және Нұзкет, олар Жетісудың оңт.-батысындағы Жамбыл, Ақбешім, Қызылөзен және Шитөбе сияқты ірі қала жұрттарына сәйкес келеді. Орташа топқа Таластағы Ақтөбе қ-ның жұрты деп саналатын Текабкет және тиісінше: Сус – Шалдовар, Мерке, Аспара, Жол – Соқылық, Харранжуван – Беловодск бекінісі, Жақ – Сарығ – Грозненское жатқызылды. Шағын қалаларға жататындар: Құлан – Луговое, “Түрік қағанының ауылы” – Шөміш, Кірмірау – Покровское. Ірі қалалардың төңірегінде орналасқан ондаған ескерткіштерді қоныстарға жатқызуға болады. Шу-Талас өңірлерінде орналасқан 403 ортағасырлық қалалар мен мекендердің 240-ның тарихи-топографиялық құрылымдары зерттелген. Мұндағы негізгі қалалар Жікіл, Балу, Шелже, Такабкет, Көл, Кендек, Ақтөбе, Төлек, Сус, т.б. Шу аңғарында Баласағұн қ. жетекші орынға шығып, астана рөлін атқарған. Ол 10 – 11 ғ-ларда хан ордасы ретінде қалыптасқан. Оның орнында неғұрлым ерте кезеңдегі қала жұрты бар. Бұл өлкеде осынша көп жаңа қалалардың пайда болуы ауданда отырықшылық пен қала өмірінің дамығанын көрсетеді. Солт.-шығыс Жетісуда 9 – 13 ғ-дың басында қалалар саны артқан. Егер 9 – 10 ғ-ларда мұнда 10 ғана қала болса, 11 – 13 ғ-лардың басында олардың саны 70-ке дейін көбейген. 10 ғ-дағы деректер Іле аңғарының сол жағалауында орналасқан екі қала – Талхиз (Талхар, Талғар) және Лабан қ-лары туралы мәлімет берсе, 11 – 13 ғ-лардың басындағы деректерде Екі-Оғыз, Қаялық, Ілебалық, т.б. қалалар аталады. Солт.-шығыс Жетісудағы барлық қала жұрттары “төрткөл” аталатын үлгіге жатады. Олар тік бұрыш, трапеция түрінде жоспарланған немесе дөңгелек болып келеді, жалпы жер бетінен сәл дөңестеніп тұрады және барлық жағынан бұрыштары мен мұнаралары бар дуалдармен қоршалған.Төрткөлдер солтүстік-шығыс Жетісуға ғана емес, сонымен қатар оңтүстік-шығыс Жетісуға, Тянь-Шаньға, Орталық Қазақстанға, Тува мен Моңғолияға таралған. Осы үлгідегі немесе біршама өзгеше жоспарланған қала жұрттары Сырдарияның төм. ағысында, Азов т. маңында кездеседі. Олардың типологиясы жөнінде әр түрлі көзқарастар бар. Тянь-Шаньдағы Қошайқорған мен Шырдабек сияқты ірі қалалардың жұрттары орда-қалалар деп саналады. Ыстықкөл қазаншұңқырының төрткөлдері бекіністер және ауылдық қоныстар деп есептеледі. Сырдарияның төм. ағысындағы суреттеліп отырған үлгідегі қала жұрттары ауылдық мекен жайлар мен қала үлгісіндегі қоныстар деп саналады. Солт.-шығыс Жетісу төрткөлдері үш топқа бөлінеді.Біріншісіне:•Антоновка, Дүнгене, Шілік; Екіншісіне:•Талғар, Сүмбе, Ақмола енгізілген; Үшіншісіне:•Алматы, Лавар, Қапал, Бояулы, Ақтам, Арасан. Бірінші топқа аумағы 30 га-дан асатын қалалар енеді.Бұлар – көп қабатты ескерткіштер, мәдени қабаттарының қалыңд. 2 – 3 метрге дейін жетеді және одан да қалың. Қазба жұмыстары кезінде қала жұрттарынан алуан түрлі керамика, әйнек, теңгелер, қолөнер шеберханалары мен өндірістік күл-қоқыстар табылды, бұлар мұнда қолөнер мен сауданың дамығанын дәлелдейді. Бұл қалалар жұрттарының кейбіреулері нақты қалаларға: Антоновка – Қаялыққа, Дүнгене – Екі-Оғызға баланады. Олардың ішіндегі ең ірісі қарлұқ жабғуының астанасы Қаялық ретінде танылған – Антоновка. Бірінші топты құрайтын төрткөлдер ірі қалалар және астаналық орталықтар болып табылады. Екінші топтағы қалалардың аумағы 10 га-дан 30 га-ға дейін жетеді. Үшінші топ қалаларының аумағы 10 га-ға да жетпейді. Мұндай қала жұрттарының құрылысы Жақсылық қ-ның орнын кең көлемде қазған кезде зерттелді. Оларда тұрғын үйлер дуалдар іргесіне, ішкі жағында орналасады, ішкі аулалар бар. Іле қалалары жұртының бұл тобын бұрынғы көшпелілер мен жартылай көшпелілердің ауылдық қоныстары деп санауға болады. Кейбіреулері керуен-сарайлар болуы мүмкін. Сарыжас, Быжы және Айнабұлақ сияқты бірнеше қаланың жұрты бір-біріне жақын орналасқан екі немесе тіпті үш бекіністен тұрады. Олар әдетте жолдардың түйіскен тұсына салынған.Бұл кезеңде отырықшы және қала мәдениеті Қазастанның орт. және шығыс аймақтарына қарай ойысқан. Қазақстанның батысында қоныстар пайда болған. Орталық Қазақстанда, Нұра, Кеңгір және Жезді аңғарларында, Ұлытау етегінде ондаған төрткөлдер табылды, мұнда жүргізілген қазба жұмыстары олардың әкімш., қолөнер-сауда және а.ш. сипатын көрсетеді. Шыңғыс хан шапқыншылығы және одан кейінгі Шыңғыс хан ұрпақтары арасындағы соғыстар салдарынан Іле, Шу, Талас алқаптарындағы қалалардың көбі қирап, біржола жойылып кеткен. Италия елшісі Плано Карпини Сырдария жағалауында болғанда, бұл жерлерден көптеген қираған қалалар мен мекендерді кездестіргенін жазды. Француз королі Людовик ІХ-ның елшісі Виллем де Рубрук 1253 ж. моңғол ханы Мөңкеге бара жатып, Іле алқабы арқылы өткенде жазған күнделігінде жоғарыда аталған жазықта бұрын көптеген қалалар болғанын, олардың көбін мал жайылымына айналдыру үшін татарлардың қиратқанын жазады. Сырдария мен Қаратаудағы 13 ғ-да жермен-жексен етіліп, тоналған қалалар – Түркістан (Иасы), Отырар, Сығанақ, Созақ, Құмкент, Жент және Жаңакент 14 – 15 ғ-ларда Темір мен оның ізбасарларының солтүстік-шығысқа жасаған жаугершілік жорықтарында бекініс қамалдары болып, одан кейін қолөнер және сауда орталығы, хандардың резиденциясына айналған. Олар қазақ хандарының өмірінде маңызды рөл атқарды. 15 – 16 ғ-ларда Қазақ хандығының қалыптасу және нығаю кезеңінің күрделі саяси оқиғалары жағдайында, жерді игеру барысында қазақтардың этникалық аумағының қалыптасуы аяқталды. 13 ғ-дың 2-жартысы – 14 ғ-да айтылатын қалалар саны 20-ға дейін, ал мезгілі 15 ғ-дың 2-жартысы – 18 ғ-дың басына жататын қала жұрттары 23-ке дейін азайды. Жалпы алғанда, 9 – 12 ғ-лармен, қала мәдениеті барынша гүлденген уақытпен салыстырғанда, Оңт. Қазақстанның жазбаша деректемелер бойынша белгілі қалалар саны 3 еседей, ал қала жұрттарының саны 6 еседей азайып кеткен. 16 – 17 ғасырларда аймақтың саяси және экон. өмірінде Аркөк, Қожан, Аққорған, Үзкент сияқты қалалар маңызды рөл атқара бастады. Сайрам өркендеді. 15 – 18 ғасырларда Түркістан – қазақ хандарының астанасы, одан бұрын Сығанақ пен Сауран Ақ Орданың орталығы болды. 13 – 14 ғасырларда бұл қалаларда үлкен құрылыс жұмыстары жүргізілді, мешіттер, медреселер, басқа да қоғамдық архит. құрылыстар салына бастады. Түркістанда теңге соғылды. Мұнда Әмір Темірдің бұйрығы бойынша Қожа Ахмет Иасауи қабірінің үстіне кесене тұрғызылды, қала аймақтың ресми идеол. орталығына айналып, қауырт өстіОтырарда да теңге соғылғаны туралы деректер бар. Мұнда ‘’Арыстан баб кесенесі’’ салынды. 14 – 15 ғасырларда Отырардың орталығында үлкен мешіт салынып, жұмыс істеген. Отандық археологтар ізденістерінің нәтижесінде 16 ғ-дың аяғы 17 ғ-дың 80-жылдарындағы Отырар қ-ның халқына демографиялық есептеулер жүргізілді. Отырар қ-ның 16 – 17 ғасырлардағы аумағы 20 га-ға тең. Оның төрттен бір бөлігін алаңдар, көшелер, шаруашылық жайлар алып жатқан. Махаллаларда (100 шақты) орта есеппен 45 – 63 адам тұрған, ал қаладағы барлық тұрғындар саны 4500 – 6300 адам немесе орта есеппен 5500 адам өмір сүрген. Сығанақ (20 га) пен Созақта (22 га) да тұрғындар саны осындай. Көлемі 35 га болатын Түркістанда 170 махалла болған, оларда 9180 адам тұрған. Көлемі жағынан Сауран Отырардан екі есе үлкен, онда 11000-дай адам, ал Сайрамда (28 га) 7560-тай адам болған. Қарасаманда (6 га), Иқанда (6,7 га), Қарнақта (4,5 га), Қарашоқта (5 га), Сүткентте (6 га), Аркөкте (7 га), Қотанда (7 га), Үзкентте (9 га), Аққорғанда (8 га) 1500-ден 2000-ға дейін тұрғындар тұрып, махаллалар саны 20-дан 40-қа дейін жеткен.Жақанкентте, Суриде, Жүнкентте, Құжанда, Қарақұрымда және Раң сияқты баламасы табылмаған, көлемі 1 – 2 га-ға дейін жететін қалашықтарда 800 – 1000-дай адам тұрған. Жалпы, 16 – 17 ғ-лардың үш ширегі кезеңінде Қазақстандағы қала халқының саны 70 мыңнан аспаған. 17 – 18 ғ-лардағы жоңғарлар шапқыншылығы Қазақстан қалаларының экономикасын құлдыратты. Қазақстандағы орта ғасырлардағы елді мекендер мен қала-лар, мұнда қалалық мәдениет пен өркениеттің ежелден қалыптасып, дамығандығын көрсетеді.

 

 


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 344 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Имак мемлекетті: этносаяси тарихы және шаруашылығы.| Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдары.Әбу Насыр әл-Фараби, М.Қашқари, Қожа Ахмед Йассауи, Ж.Баласағұни.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)