Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Лы Жібек жолының тарихи-мәдени маңызы.

Ылым ретіндегі Қазақстан тарихының. мақсат, міндеттері және оны зерттеудің өзектілігі | Тас ғасыры,оның кезеңдері мен ескерткіштері. | Түркеш қағанатының тарихы | Арлұқ қағанатынытың тарихы | Имак мемлекетті: этносаяси тарихы және шаруашылығы. | Арахан мемлекеті: этносаяси тарихы, әлеуметтік- экономикалық дамуы, мәдени өркендеуі. | Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдары.Әбу Насыр әл-Фараби, М.Қашқари, Қожа Ахмед Йассауи, Ж.Баласағұни. | Найман және Керей ұлыстары. | Азақстан Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі және құлдырау кезеңінде. | Ақ Орда Қазақстанның этникалық территориясындағы алғашқы мемлекет. |


Читайте также:
  1. Ж.ұлт азаттық көтерілістің себептері,барысы,нәтижесі және маңызы. 1 страница
  2. Ж.ұлт азаттық көтерілістің себептері,барысы,нәтижесі және маңызы. 2 страница
  3. Ж.ұлт азаттық көтерілістің себептері,барысы,нәтижесі және маңызы. 3 страница
  4. Ж.ұлт азаттық көтерілістің себептері,барысы,нәтижесі және маңызы. 4 страница
  5. Ж.ұлт азаттық көтерілістің себептері,барысы,нәтижесі және маңызы. 5 страница
  6. Лы жібек жолы Қазақстанны” қай қалалары арқылы өтеді?

Ұлы Жібек жолы туралы алғашқы мәліметті будда діндары Сюань-Цзяннің қолжазбаларынан белгілі(629-630жылдар). Б.з.б. ІІІ-ІІ ғасырлар жібек жолымен алғашқы сауда байланысы жасалған.Ұлы Жібек жолы Шығыс пен Батысты байланыстырып, Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны қақ жарып өтетін кеуен жолының жүйесі (ұзындығы 7 мың шақырымнан астам). Бұл жол Орта Азия мен Қазақстан территориялары арқылы өтіп, бірнеше сауда жолдары қалыптасып, дамыды:

- Лазурит жолы: Бадахшан тауы – Иран- Месопотамия – Мысыр – Сирия – Қытай.

- Нефрит жолы: Жаркентдария – Шығыс Түркістан – Қытай.

- Дала жолы (б.з.б. І мыңжылдықтың ортасы): Қара теңіз жағалауы – Дон – Оңтүстік Орал – Ертіс, Алтай – Зайсан көлі (Геродот дерегі).

- Қазақстан жеріндегі Ұлы Жібек жолының негізгі бағыттары Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы өтіп, төрт тармаққа бөлінді:Батыстан шығысқа бакғытталатын жол;Іле бағыты;Еуропа бағыты;Орталық және Шығыс Қазақстан бағыттары.

Ұлы Жібек жолының VI-VII ғ.ғ. ең гүлденген бағыты - Қытайдан Жетісу және Оңтүстік Қазақстан арқылы батысқа баратын жол. Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар: Құлан қаласы,Ілебалық қаласы.Үлкен қала – Екіоғыз.Вильгельм Рубрук бұл қалада ирандық көпестердің сауда орындары болғанын айтады (1253ж.).Сырдарияны бойлай жүретін керуен жолындағы ең ірі қалалар – Отырар мен Шауғар. Тауар тасымалы Саудадағы басты тауар жібек. Жібек алтынмен теңеліп, халықаралық валютаға айналған. Жалақы мен қарызды жібекпен төленген. Ұлы Жібек жолымеен алғашқыда Қытайдың жібегі Батыс елдеріне жеткізілген. Кейін бұл жол арқылы Үндістан, Иран, Византия, Араб халифаты, Еуропа, Ресей тауарлары тасылды. Ұлы Жібек жолы арқылы тасылатын тауарлар: жасмин суы, мускат жаңғағы, женьшень, питонның өті, пілдер, мүйіз тұмсықтар, арыстандар, арғымақтар, түйелер, тотықұстар, сұңқарлар, т.б. Мәдениет пен діннің таралуы. Ортағасырлық Азияда әлемнің төрт патшалығы туралы тұжырым болды: Пілдер патшалығы немесе Үнді философиясы мен ғылымның дамуы мен даналық патшалығы – Үндістан;Бағалы тастар патшалығы немесе аңдар мен ерлер патшалығы – Иран мен Византия;Сәйгүліктер патшалығы немесе жыртқыштар аңдар патшалығы – Түрік қағанаты;Адамдар патшалығы немесе мемлекеттік басқару және өнеркәсіп патшалығы - Қытай.

Бұл тұжырым Самарқан төңірегіндегі Кушаниядағы сайрайдың қабырғасына салынған суреттерден байқалады.Ұлы Жібек жолы арқылы ән мен би өнері, әдебиет туындылары тараған. Қытайда көп тараған Шығыс Түркістан мен Қазақстанның әуендері болды. Византияда түрік акробаттарының өнері көрсетілген. Бағдатта наурыз мерекесінде халифтың алдында маскалы ойын сауық өткізілген. Сырдариядағы Кедер қаласынан X-XI ғасырларға жататын саздан жасалған маска табылды.

Ұлы Жібек жолының бойымен дін таралды. Буддизм – Үндістаннан Орта Азия мен Қазақстанға келіп, Оңтүстік Қазақстан және Жетісуда кең тарады. Испиджабқа жақын жерден жер асты храмы (VII-VIIIғ.ғ.), Ақбешімнен екі будда храмдары (VII-VIII ғ.ғ.) табылды. Христиан діні - Сирия, Иран, Аравиядан келіп, Қазақстанда бұл діннің несториандық бағыты тарады (VII-VIII ғ.ғ.). Қарлұқ жабғуы арқылы түріктер христиандықты қабылдап, Тараз, Меркеде христиан шіркеулері салынған (VIII-IХ ғ.ғ.). Манихейлік дінді соғдылықтар таратты. Бұл дін туралы «Екі негіздің қасиетті кітабында» жазылған. Манихейлік ғимараттар Баласағұн мен Шілікбалықтан табылды. Тараздан манихейлердің көк тәңірісі болып есептелетін әйел бейнесі мен ай суреті салынған қола медальон табылды (ай – манихейлік жұлдыз сәулелі құдайдың символы). Зороастризм діннің белгісі – от мұнарасы (Қостөбе мен Қызылөзенде).Ортағысрлық Жібек жолының маңызы:

Отырықшы және көшпелі мәдениеттің өзара қатынасы күшейіп, бірін бірі байытты.Қалалар көбейді.Сыртқы байланыс дамыды.Сауда өркендеді

Ұлы Жібек жолы екі мың жыл бойы жұмыс істеген. XV ғасырда су жолы пайда болғаннан кейін керуен жолы тоқтады.

6. Хұн,Үйсін, Қаңлы мемлекеттік-саяси құрылымдарының басты белгілері. Ғұндар - көшпенді халық. Ғұндар тәңірілік дінді ұстанып, түркі жазуын тұтынған. Сөйлеу тілі де түркі тілі болған. Шығыста Мөде «шыгыс ху» тайпаларын бағындырды, ал оның құрамөна, шамамен алғанда, Керулен және Онон алқаптарында мекендеген сянби және ухуань тайпалары кіретін еді. Мөде батыста юеди (юечжи) тайпаларына қарсы жорықтар жасады. Бұл кезде қазіргі Кореядан Тибетке және Шығыс Түркістаннан Хуанхэнің орта ағысына дейін созылып жатқан аумақ ғұн шаньюйлерінің қол астына түсті, ал солтүстікте ғұн конфедерациясына біріккен тайпалар Байкалдан арғы оңтүстік аудандарға дейінгі аумақты алып жатты. Тарихы Біздің заманымызға дейін 1 мыңжылдықтың 2-жартысынан бастап Еуразияның этникалық-саяси тарихында Орталық Азияның көшпелі тайпалары ролі артты. Біздің заманымызға дейін 4-3 ғасырларда Қытайдың солтүстігі мен Орталық Азияда ғұндар деген тайпалар бірлестігі (сюнну, дунху) пайда болды. Нақты айтқанда, біздің заманымыздың дейін 209 жылы бой көтеріп, біздің заманымызда 216 жылы дейін дәурен сүрді.

Шаңырағын көтерген әйгілі Мөде (Мотэ) батыр. Біздің заманымызға дейін 209 жылы Мөде әкесін өлтіріп, таққа ие болады. Осы заманнан бастап, ғұн мемлекеті күшейе бастады (атап айтсақ, біздің заманымызға дейін 188 жылы ғұндар өзіне қытай императоры Гао-Диды бағындырады, хань династиясы ғұндарға салық төлеп тұрғаны белгілі. Юечжи, ловфань, байянь, үйсүн тағы да басқа тайпалардың жерін тартып алады.) Ғұндар Байкалдан Тибетке, Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзеніне дейінгі жерде мемлекет құрды. Оның әскері 300-400 мың болды. Мөде қайтыс болғаннан кейін өзара қырқыс басталды. Хулагу кезінде, біздің заманымызға дейін 47 жылы ғұндар оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінді. Оңтүстік ғұндар Қытай бодандығын қабылдады, ал солтүстігіндегілер орталық азиялық тайпалармен одақтасып батысқа кетіп, өз тәуелсіздіктерін сақтады. Алайда, үнемі Қытайдың қысымына түскендіктен Тянь-Шаньды асып өтіп, қаңлыларға келді. Бұл ғұндардың Орта Азия мен Қазақстанға алғашқы қоныс аударуы болды. Екінші қоныс аудару біздің заманымыздың 1 ғасырында болды. 93 жылы Қытайлар ығыстырған солтүстік ғұндар тағы да батысқа қарай жылжыды. Олар Қазақстан территориясы арқылы батысқа бет алды. Бұл көшпенділердің Қазақстанға енуіне байланысты шығыс иранның қаңлы тайпаларының түріктенуі басталады. Біздің заманымыздың 1 мыңжылдығы басында Жетісу, оңтүстік қазақстан тайпаларының кескін-келбеті монғолдана бастады. Ғұндар жергілікті тайпаларды бағындырып, Сырдария бойымен Арал өңіріне, орталық және батыс Қазақстан аймақтарына барып енеді. Ғұндардың біздің заманымыздың 4 ғасырда Шығыс және Орталық Еуропа жеріне келуіне үш ғасыр уақыт керек болды. Ғұндар Рим империясына қауіп төндірді. 5 ғасырдың 30-жылдары ғұндардың басшысы Аттила Еуропа халқының үрейін ұшырды. 375-376 жылдары вестготтардың Қазақстан даласынан келген ғұндармен күресі ежелгі Рим империясының құлауына әкелді. Шаруашылығы. Шаруашылық-мәдени типінің негізі - көшпелі мал шаруашылығы. Мал өсіру, әсіресе жылқы өсіру басты рөл атқарды. Сондай-ақ қой өсіру, аң аулау, егіншілік дамыды. Ғұндардың қол өнер кәсібі күшті дамыған (металдан, сүйек пен мүйізден, тас пен саздан, ағаштан, керамикадан жасалды). Сауда дамығандығын жібек маталар, айналар, нефриттен істелген бұйымдар көрсетеді.Қоғамы. Патриархалды-рулық қарым-қатынастардың белгілері өте күшті болған. Ғұндар 24 руға бөлінген. Олардың басында ағамандар тұрған. Ағамандар кеңесі мен халық жиналысы жұмыс істеген. Әскери тұтқындардан құралған құлдар да болған. Жазба деректер ғұндар қоғамындағы өкімет белгісі туралы мәлімет те қалдырған. Елді шаньюй басқарған. Одан кейін түменбасылар болды. Ғұндар қоғамында мал мен жерге жеке меншіктің пайда болуы, тұрпайы бюрократтық аппараттың құрылуы, алым-салық, жазу-сызудың болуы таптық қоғам мен мемлекеттің пайда болуын туғызды. Үйсіндер — Орталық Азия аумағындағы ертедегі алғашқы таптық бірлестіктердің бірі. Егер VIII ғасырдағы жазушылардың Бесбалықты «Үйсін князінің шекарасы» деп атайтынын ескерсек, үйсіндердің шығыс шегі бір кездерде Бесбалық ауданы арқылы өткен деген қорытынды жасау керек. Үйсіндер иеліктерінің шекарасы батысында Шу және Талас өзендерінің бойымен өткен. Қаратаудың шығыс беткейлеріне дейін созылып жатса керек. Үйсіндер иеліктерінің орталығы — Іле аңғары, дегенмен олардың ордасы — «Қызыл Аңғар қаласы» Ыстықкол мен Іле өзенінің оңтүстік жағалауы аралығында орналасты. Ғұндардың күшеюінен қорыққан Қытай үкіметі өзіне одақтас іздеп, батыс елдеріне елшілік жіберді. Қытай елшісі келген кезде Үйсіндер Қытаймен және ғұндармен терезесі тең қуатты мемлекет болды (қ. Үйсін мемлекеті). Үйсіннің шығу тегі, таралуы, халықтардың тарихындағы рөлі жайында тарихи-генеалогиялық зерттеулерде талас пікірлер азды-кемді ұшырасады. Оған себеп жазба дерек көздері. Оларда адамдардың есімі, лауазымы, қытай транскрипциясы бойынша жазылған. Атап айтқанда, 7 ғасырдағы Қытай жазушысы Чин-гу, “Батыс өлкенің өзге шетелдіктерінен Үйсіндердің едәуір айырмашылығы бар, олардың көзі көк, жирен сақалды” деп жазады (қ. Үйсін антропологиялық типі). Үйсіндердің шаруашылық жағдайы мен мәдениеті жайындағы деректер археол. қазбалардан анықталып отыр (қ. Үйсін дәуірінің ескерткіштері). Б.з.б. 105 жылдарда Үйсін күнбиіне ұзатылған Қытай императорының қызы киізбен ораған дөңгелек үйде тұратынын, ет, сүтпен қоректенетінін айтып, өлеңмен зарлы хат жазған. Жазба деректемелерде б.з.б. 1 ғасырда Үйсін халқының жалпы саны 630 мың адам (120 мың түтін) болғаны айтылады. Олар 188 мың 800 адамнан тұратын әскер ұстаған. Алғашында Бұлыңғыр өзеннің бойын мекендеген. Б.з.б. 2 ғасырдың орта шенінде Жетісуға, Іле бойына ығысқан. Дегенмен, олардың барлығы көшпеген деген ғыл. жорамал бар. Оны шығыстанушы С.Е. Малов Тоныкөк ескерткіштеріндегі Үйсін есімінің жазылуымен дәлелдейді. Жетісу Үйсіндерінің шығу тегін анықтау жолында А.Н. Бернштам, К.А. Ақышев, Г.А. Кушаевтар археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді. Шығыстағы Орхон-Енисей жазба ескерткіштеріндегі деректер де осындай бұлтартпас қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Бұл деректерге сүйенген Ресей ғалымдары Үйсіннің исседондармен туыс екенін дәлелдеп, оларды Тянь-Шань және Шығыс Түркістан тармағы деп бөледі. Б.з. 6 ғасырдан бастап Үйсін этнонимі тарихи әдебиетте кездеспейді. Бірақ одан тараған рулар дулат, албан, Шігіл (жікіл) Түрік қағандығы кезіндегі мемлекеттерді құруға қатысқан. 13 ғасырда Рашид әд-Диннің шығармасында Шағатай ұлысындағы Үйсін халқы туралы айтылады. Жетісу, Оңтүстік Қазақстанды мекендеген Ұлы жүз құрамындағы тайпалардың жалпы атауы ретінде халық арасында да, жазба әдебиетте де қолданылды. Қазақтың дәстүрлі шежіре деректері Үйсінді Шыңғыс хан заманындағы Майқы биден таратады. Ботбай руынан шыққан Диқанбай батырдың шежіресінде (Н.Аристов жазбасында) Майқы биден: Қаңлы, Бақтияр, Қырықжүз, Мыңжүз. Бақтиярдан: Үйсін, Ойсыл. Үйсіннен: Ақсақал (Абақ), Жансақал (Тарақ). Абақтан — Қараша, одан Бәйдібек, Байтулы. Ұлы жүздің негізін құраған тайпалар Бәйдібектің балалары болып саналады. Олар: албан, дулат, суан, шапырашты, сарыүйсін, ошақты, ысты. Ш.Уәлихановтың жазбаларында Үйсін — бұл тайпалардың ғана емес, Ұлы жүздің барлық тайпасының түп атасы. Онда Төбейден — Үйсін, одан — Қойылдыр (Қатаған, Шанышқылы), Мекрейіл (Жалайыр), Майқы (Абақ), Қоғам (Қаңлы) тарайды. Үйсін қырғыз халқының құрамында да бар. Солты тайпасының бір тармағы Усон, Қаракесек тармағы Сарыүйсін, Бағышындағы Қалша аталары Үйсін деп аталады. Сол сияқты Үйсін қарақалпақтардың құрамына да енген. Қаңлы мемлекеті - Қытай жазба деректерінде канцзюй деген атпен, б.з.д. 2 ғ. айтылады. Сырдария, Талас өзендері бойында орналасты. Саны 600 мың адам, 120 мың әскерімен Орталық Азиядан келген. Астанасы Битян қаласы. Біздің заманымызға дейін II ғасырдың соңы — I ғасырдың басында каңлыларда жоғарыда аталынған бес иелік пайда болды. Олар өздеріне Арал — Каспий аралығындағы Яньсай (сармат-алан) тайпаларын бағындырды. Сыма Цянь мен Бан Гу еңбектерінде каңлылар біздің заманымызға дейін II ғасырда Іле бойын мекендеген үйсіндердің көршісі ретінде қарастырылды. Қытай елшісі Чжан Цянь біздің заманымызға дейін 138 жыл Орталық Азияны билеп тұрған юэчжилерге келе жатып, қаңлыларға жол-жөнекей соққан екен. Бұл қаңлы мемлекетінің күшейіп тұрған кезі еді. Қаңлылар біздің заманымызға дейін I ғасырда гүлденді. Өзінің тәуелсіздігін сақтап, Кытайға аманат ретінде адам жіберуден бас тартқан. Алайда қаңлылар ғұндармен жақындасып одақ құрды. Ғұндар солтүстік және оңтүстік болып бөлінгенде, солтүстік ғұндардың билеушісі Чжи-Чжиді қолдады. Чжи-Чжи бастаған елге өз жеріне қоныстануға жағдай жасады. Қаңлы билеушісі Чжи-Чжиге өз қызын әйелдікке берді. Ал Чжи-Чжи өз кезегінде күш жинап, қаңлыларды менсінбеуге айналды. Орталық Азиядағы үстемдікке ұмтылды. Ғұндар қаңлы мен үйсіндер арасындағы соғысқа араласты. Ал үйсіндерді Хань империясы колдап отырды. Біздің заманымызға дейін 42 жылы ғұндар мен қаңлылардың біріккен күштері үйсіндердің астанасын (Ыстықкөл жағасындағы "Қызылаңғар қаласын") талқандайды. Ферғаналықтарға жорық жасайды. Чжи-Чжи Талас өзенінің жоғары ағысына қорған салдырып, оған каңлы, Ферғана, Бактриялықтарды шақырды. Қытайға қарсы күресте көрші елдерден көмек іздестіре бастайды. Бұл Қытайдың сыртқы саясатына қарама-қайшы келді. Батыс өңірде үстемдік орнатуға кедергі болып отырған Чжи-Чжи тәңірқұтының көзін жою кезек күттірмейтін мәселеге айналды. Жалпы саны 40 мыңдай біріккен қытай және үйсін әскерлері Чжи-Чжиға қарсы жорыққа шықты. Әскердің бір бөлігі оңтүстіктен Памир арқылы Ферғана бағытын ұстаса, қалған бөлігі солтүстіктен үйсіндердің жері арқылы қаңлылардың Ыстықкөл маңындағы шекарасына бет алды. Біздің заманымызға дейін 36 жылы Чжи-Чжи мен Қытай әскерлерінің арасындағы шайқас Талас қорғанында екі күнге созылды. Л. Гумилев: "Бұл шайқасқа римдік легионерлер қaтысты", — деп көрсетеді. Қаңлылар өз тараптарынан Қытай басқыншылығына қарсы тұруға ұмтылды. Өз жерін қорғап, ғұндарға көмекке келгенімен, бұл ұмтылыс сәтсіз аяқталды. Қаңлы мемлекеті біздің заманымдың III ғасырына дейін өмір сүрді. Мемлекеттің ыдырауына экономикалық әлсіздігі себепші болды. Оңтүстіктегі отырықшылықпен айналысатын аудандардың солтүстіктегі көшпелі, жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын аудандармен байланысы нашар болды. Мұның өзі біртұтас елге айналу жолында кедергі келтірді.

7. Бірінші Түрік қағанатының тарихы (552-603ж)

Ұлы қоныс аудару оқиғасы (ІІ-Vғ.ғ.) Қазақстанның, Орта Азия мен Шығыс Еуропа халықтарының тарихына үлкен өзгеріс енгізді.

Vғ. Түркі тілдес теле тайпасы Солт. Монғолиядан Шығыс Еуропаға дейінгі далада өмір сүрді, ал оңт-те көшіп қону жайылымдары Амударияның жоғарғы ағысына дейін жетті.

535ж түрік қолбасшысы Бұмын Алтай даласындағы түркі тілдес тайпаларды біріктіре бастады. 546ж теле тайпасы түріктерге қосылды. Үлкен күшке ие болған Бұмын 552ж 50 мың әскермен авар (жуань-жуань) мемлекетін талқандады.

552ж Түрік қағанаты құрылып, Бұмын өзін қаған деп жариялады.

Территориясы: Жетісу, Амудария мен Сырдария аралығы. Астанасы: Суяб.

«Түрік» атауы алғаш рет 542 жылғы қытай деректерінде кездеседі. Қытайлар түріктерді ғұндардың ұрпағы деп санаған. Алғашында «түрік» этнонимі әскери шонжарлар деген мағынаны білдірсе, кейін үстемдік етуші тайпа осылай аталды.

Бұмын қағанның ізбасарлары Қара Ыссық және Мұқан қағандар тұсында мемлекет Орталық Азияда саяси үстемдікке жетті. Түріктер Маньчжуриядағы қидандарды, Енисейдегі қырғыздарды, Солтүстік Қытай мемлекетін бағындырды. VI ғ Қазақстан жері Түрік қағанатының иелігінде болды.

Түріктердің Орта Азияны алудағы басты қарсыласы - эфталиттер. Бұл – Каспий теңізінен Солт.Үндістан мен Шығыс Түркістанға дейінгі жерде созылып жатқан күшті мемлекет халқы.

561-563 ж түріктер эфталиттерге қарсы Иранмен әскери одақ құрды.

564 ж Иран шахы Хұсрау Ануширван Тоқарыстанды жаулады.

567 ж Бұхар тұбінде түріктер эфталиттерді жеңді. Орта Азиядағы жеңістерден кейін түріктер Ұлы Жібек жолын өз бақылауында ұстады.

Түріктер және олардың қол астындағы соғдылықтар Византиямен сауда байланысын жасауға ұмтылды. Бұған Иран кедергі болады. Соған байланысты 568 ж соғды көпесі Маниах бастаған түрік елшілігі Константинопольге келіп, Византия императоры II Юстиниманмен сауда және әскери шарт жасасты. Түрік Византия одағы н,әтижесінде:

Иран түріктерге жылына 40 мың алтын динар салық төлеуге;

Сауда қатынасына бөгет болмауға міндеттенді.

575ж Иран мен Византия келісімі нәтижесінде Византия өзінің Кавказдағы вассалдарын түріктерге қарсы қойды. Түріктер жауап ретін,де Киммерия Боспорын талқандап, Қырым мен Батыс Кавказға соғыс жорықтарын жасады.

Түрік қағанаты он ұлысқа бөлінді. Ұлыс басқарушысы шад. Ұлыстық үс темдік белгісі ретінде он алтын жебе берілді.

Естеми қаған мен оның ұлы Түріксанфа тұсында қағанат әлсіреді. Басты себептері:

Ішкі тартыстар

Көрші елдермен соғыс

Осы ауыр жағдайды пайдаланған Қытай империясы шапқыншылық бастады.нің

603ж. Қағанат екіге бөлінді:Батыс және Шығыс Түрік қағанаты.

Қазіргі Қазақстан территориясы Батыс Түрік қағанаты құрамына енді.

 

 


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 193 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Сақтар: жазба деректері, материалдық және рухани мәдениеті, қоғамдық құрылысы.| Көне түрік жазба ескерткіштері.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)