Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ж.ұлт азаттық көтерілістің себептері,барысы,нәтижесі және маңызы. 5 страница

Басындағы Қазақ хандығы.Тәуке ханның реформалары. | Патшалық Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының басталуы. | Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері. | Ресей империясының 1867-1868 жж. Қазақстандағы реформалары және олардың нәтижелері. | Кімшілік-сот реформасын аяқтау, 1886 және 1891 жж. өлкені басқару жөніндегі ережелер. | Азақтың ұлы ағартушылары мен ойшылдары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбайұлы және т.б. | Ж.ұлт азаттық көтерілістің себептері,барысы,нәтижесі және маңызы. 1 страница | Ж.ұлт азаттық көтерілістің себептері,барысы,нәтижесі және маңызы. 2 страница | Ж.ұлт азаттық көтерілістің себептері,барысы,нәтижесі және маңызы. 3 страница | Азақстан Республикасындағы білім, ғылым, мәдениет және денсаулық сақтау ісінің дамуы |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

 

 

76) Тәуелсіз Қазақстанның 1993-1995 жылғы Конституциясы. 1992 жылдың басында Н.Ә.Назрбаевтың бастамасымен ҚР Жоғарғы Кеңесі жаңа Конституцияның жобасын әзірлеу үшін конституциялық комиссия құру туралы қаулы қаблдады.Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өзінің басшылық ететін жоғарғы Кеңес депутаттарынан жамсақталған Конституциялық комиссия кемінде екі аптада бір рет үзбей бас қосып отырды.Бір жылдан кем уақытта Конституцияның жобасы жасалып бітіп,Жоғарғы Кеңестің сессиясы қарауына жіберілді.Сессия қарап болысымен,1993 жылдың 28 қаңтарында мақұлданып, заңдық күшіне ие болды. Конституция қоғамда болып жатқан иөзгерістерге жауап беруге тиіс болғандықтан, лған да кезең-кезеңімен көптеген өзгерістер енгізуге тура келді.Конституция мазмұны «Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» заңның ережелері мен ұстанымдарына сәйкес айқындалады. Конституцияның бірінші бөлімінде Қ азақстанның тәуесіз, құқықтық мемлекет екендігі негізделді. Ол 4 бөлім 21 тараудан тұрды.Қазақстан алағш рет әлемдік қауымдастықтың ажырамас бір бөлігі ретінде жарияланды.Конституция елдегі ұлтаралық келісімді сақтауға негізделіп жасалды.ҚР барлық азаматтарына теңдей құқық беру қамтамасыз етіліп, адамдардың міндеттері мен құқықтары және бостандықтары бекітілді. Конституция бойынша Қазақ тілі мемлекеттік тіл болып беітілді, ал орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі мәртебесіне ие болды.Мемлекеттік немесе қатынас тілді білмеу белгілеріне байланысты азаматтардың құқықтары мен бостандықтары шектелуіне тиым салынбады.Қазақстан қоғамын дамыту барысында Конституциядағы кемшіліктер мен оның шындықтан алыс жатқандығы байқала бастады. Онда Қазақстан демократиялық мемлекет деп жарияланды.Конституцияда Заңда мемлектеттің құқықтық және әлеуметтік бағдары анықталғанымен, басқару түрі туралы нақты айтылмады.Бұл уақытта президент және прламенттік республ.екенуінің де белгілері бар еді. Конс. Бойынша Президент мемлекет басшысы және атқарушы биліктің біріңғай жүйесі мәртебесіне қарай атқаушы биліктің қызметін атқармайды.Конс. бойынша Үкімет басшысын, соның орынбасарларын, министірлер жәнге ведмствалардың басшыларын Жоғарғы Кеңестің келісімімен Президент бекітетін. Жоғарғы кеңес туралы тарау Президент туралы тараудың алдында тұрды. «Мемлекет және оның органдары мен институттары» атты ережеде Қазақстан халқының атынан сойлеу құқығы тек қана Жоғарғы Кеңес пен Президентке тән деп көрсетілген.Эканомикалық салада жерді жеке меншікке беру тиым салынған. Кеңестік және тәуелсіз Қазақстанның құқықтық жүйелерінің арасында сабақтастық болды. Ол заңды еді. Себебі тәуелсіздіктің бастапқы кезеңінде Қазақстанға кеңестік құқықтық жүйе мұра болып қалды. Конст. ҚР мемлекеттік тәуелсіздігін заңды түрде рәсімдеді, халықаралық қауымдастыққа Қазақстанды институттарды қоғамық,саяси және құқықтық салаларда бекітті.Бірақ 1993 жылғы қабылданған Конституцияның Қазақстандағы шынайы әлеуметтік эканомикалық жәгне саяси үрдістерден алшақтығы мемлектет тұрғындарының тіл мәселесі,меншік нысандыры, жерге,азаматтыққа, мемлекетке қатысты сәйкессіздіктерден туындатты. Негізгі заңда атқарушы және заң шығарушы биліктердің арасындағы келіспеушіліктерді шешетін тетіктер болмады. Мемлекеттік билік тармақтарының арасындағы қайшылық күшие түсті. Үкімет биліктен кетуімен жалғасқан парламенттік дағдарыс, атқарушы биліктің дәрменсіздігін күшейтіп, мемлекеттік биліктің тұрақтылығына, мемлекетті басқарудың мүдделеріне қауіп төндірді.Осы себептерге байланысты 1993 жылғы Конституцияны қайта қарау және Конституцияның қажеттілігі туралы пікір туындады.

1995 жылғы 30 тамызда жүргізілген референдумның нәтижесінде бұрынғы мемлекеттік құрылыстың кемшіліктерін жойған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Жаңа Конституцияның жобасы жұртшылық арасында кеңінен талқыланды. Азаматтар 30 мыңға жуық ұсыныстар енгізді, ал Қазақстан Республикасы Президентінің басшылығымен құрылған арнаулы сарапшылық-консультациялық кеңес оларды зерделеді. Мәтінді пысықтау кезінде мыңнан астам түзету ескерілді, осының нәтижесінде Конституция жобасының 99 бабының 55-і елеулі өзгерістерге ұшырады.1995 жылғы 30 тамызда референдумға қатысқан халықтың 81,9 проценті жаңа Негізгі Заңды қабылдауды жақтады.Республика Конституциясы заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарының тұрақтылығын, тиімді жұмыс істеуін және өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін билікті бөлу принципін жай ғана жариялап қойған жоқ – онда тежемелілік пен тепе-теңдіктің нақты жүйесі баянды етілді. Негізгі Заң адамның жоғары құндылықтары ретінде оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын бекітті.Мемлекеттік билікті бөлудің принциптері оның бірлігіне қайшы келмейді, оның тармақтарының келісілген өзара іс-қимылын, бүкіл биліктің олардың біреуінде толық шоғырлану мүмкіндігі болмауын көздейді. Бірыңғай мемлекеттік билік тармақтарының диалектикалық өзара іс-қимылы осыдан көрінеді. Ал биліктің тежемелілігі мен тепе-теңдік тетігі елдегі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал етеді. Қазақстанды президенттік республика деп жариялаған 1995 жылғы Конституция, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы», «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңдар биліктің әрбір тармағының мәртебесі мен функциясын реттеді.1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясында Парламенттің заң шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың жоғары өкілді органы болып табылатыны бекітілген.

Парламент тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi Палатадан: Сенаттан және Мәжiлiстен тұрады.Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екi адамнан, тиiсiнше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және республика астанасының барлық өкiлдi органдары депутаттарының бiрлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенаттың жетi депутатын Сенат өкiлеттiгi мерзiмiне Республика Президентi тағайындайды. Мәжiлiс жетпiс жетi депутаттан тұрады. Алпыс жетi депутат республиканың әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсi ескерiле отырып құрылатын және шамамен сайлаушылардың саны тең бiр мандатты аумақтық сайлау округтерi бойынша сайланады. Он депутат бара-бар өкiлдiк жүйесi бойынша және бiртұтас жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша партиялық тiзiмдер негiзiнде сайланады. Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - алты жыл, Мәжiлiс депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - бес жыл. 1995 жылғы 30 тамызда жалпы халықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында «Парламент» ұғымы алғаш рет ресми түрде бекітілді. Осыдан кейін ғана ел Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Констициялық заң күші бар Жарлыққа қол қойды, оған сәйкес қос палаталы Парламентке депутаттарды сайлау процесі 1995 жылдың соңында өткізілді.

 

77) Қ.Р. ғы қазіргі саяси партиялар,қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар. ХХ ғасырдың 90 жылдарынан басталған демократиялық өзгерістер еліміздегі партиялық жүйені түбірімен өзгертті. Елімізде 70 жылдан астам үстемдік құрған бірпартиялық жүйе орнына көппартиялық жүйе қалыптаса бастады. Қазақстандағы демократиялық үдерістің дамуына кеңестер одағындағы Коммунистік партияға балама ретінде қалыптасқан саяси оппозиция мен бейресми қозғалыстардың ықпал еткені сөзсіз. Бейресми қозғалыс пен саяси оппозиция қатарында еліміздегі алдыңғы қатардағы зиялы қауым өкілдері, ХХ ғасырдың 70-80 жылдарындағы саяси диссиденттер, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушылар мен оны қолдаушылар болғанын айтуымыз қажет.Жалпы қазақстандық партиялар қызметіне таптық мүддені қорғаудан гөрі ұлт-азаттық мүддені бірінші орынға қою тән. Бiздiң ойымызша, қазақстандық саяси партиялардың ерекшелiгi отарлау саясатына күрес нәтижесiнде пайда болуында деп бiлемiз. Біздің бұл ұстанымымызды «Алаш» партиясының бағдарламасы да дәлелдей түседі, онда қазақ жерiнде завод-фабрика аздығына байланысты, жұмысшылар санының аздығы туралы айтылуы бекер емес.Сондықтан елімізде тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында, жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай, дүниеге келген жүздеген саяси партиялар мен қоғамдық-саяси қозғалыстар ұлттық идея төңірегінде топтасты. Олардың қатарында: азаматтық демократиялық «Азат» қозғалысы, «Желтоқсан» қоғамдық қозғалысы, 1991 жылы Қазақстан халық конгресі және 1992 жылы - Қазақстан халқының бірлігі одағы дүниеге келді. Бірақ партиялардың көбі ұйымдық тұрғыдан әлсіз, бағдарламасы бұлыңғыр, қолдаушы тобы аз болатын.Осы он сегіз жылдан астам уақыттан бері біздің еліміздегі партиялар саны да бірде азайып, бірде көбейіп өзгеріп отырды. Ол графикте айқын көрінеді.Әрине, саяси партиялар сандық тұрғыдан ғана өзгерген жоқ, олардың қызметіндегі сапалық өзгерістерді де байқаймыз. Бұл өзгерістер бір жағынан, уақыт талабынан, яғни партиялар қызметінің заңдық-құқықтық негіздеріндегі өзгерістерге байланысты туындап отырса, екінші жағынан партиялардың есею кезеңін бастарынан өткеріп, жетілгендігінің де дәлелі. 2006 жылы 4 шілде де кезектен тыс өткен IХ съезде «Отан» партиясы «Асар», кейін «Азаматтық» партияларымен бірікті. Осы өзгерістердің нәтижесінде партия аты да «Нұр Отан» болып өзгертілді. Сонымен қатар, қазіргі Қазақстанның «Азат» демократиялық партиясы «Нағыз Ақ жол» партиясы ретінде Қазақстанның Демократиялық партиясынан бөліну нәтижесінде 2005 жылдың 29 сәуірде дүниеге келді. 2009 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен ресми тіркеуден өткен он саяси партия қызмет жасауда. Олар «Қазақстанның «Азат» Демократиялық партиясы», «Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы», Қазақстанның социал-демократиялық «Ауыл» партиясы, «Әділет» Демократиялық партиясы, «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы», «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы, «Руханият» партиясы, Қазақстанның Коммунистік партиясы, Қазақстанның коммунистік халық партиясы, Қазақстанның патриоттар партиясы.

. 80 жылдардың аяғына қарай демократиялық процестің жандауына байланысты Қазақ КСР-де қоғамдық ұйымдар құрыла бастады.

1989 жылдың көктемінде Қазақстанда алғашқы болып «Невада - Семей» экологиялық қозғалысы құрылды. Бұл қозғалыстың лидері ақын О.Сулейменов болды. Қозғалыстың мақсаты – республика жеріндегі Семей және басқа полигондарды жабу, полигон зардабын шеккен халыққа көмек көрсету. Қозғалыс төрағасы – О. Сулейменов пен қоғам қайраткері М.Шахановтың бастамасымен Балқаш және Арал проблемалары бойынша комитет құрылды. Комитеттің негізгі мақсаты Арал төңірегіндегі экологиялық апаттың зардабын шеккендерге көмек беру, теңіздің экологиялық апатына үкімет назарын аудару болды. 1989 жылы «Әділет» коғамы құрылды. Қоғамның негізгі мақсаты ұжымдастыру кезіндегі ашаршылық, сталиндік репрессия шындығын ашу болды. Бұдан басқа Қазақстанда «Азамат», «Ақиқат», «Қазақ тілі», «Мұсылман әйелдер лигасы» сияқты қоғамдық саяси қозғалыстар құрылды.

1990 жылы «Азат» азаматтық қозғалысы құрылды. Басты мақсаты Қазақстанның мемлекеттік егемендігін алу болды.

1990 жылы ұлтаралық «Единство» қозғалысы құрылды. Қозғалысқа ғылыми-техникалық интеллигенция өкілдері кірді. Осы кезде «Желтоқсан» партиясы құрылды. Бұл партияның құрамына 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқандар кірді. 1991 жылы «Азат» азаматтық қозғалысының партиясы құрылды. Жастар өздерінің саяси қозғалысы «Алаш» партиясын құрды. 1991 жыл Қазақстан социал-демократиялық партиясы құрылды. 1990 жылы Қазақстанда 100-ден аса қоғамдық-саяси қозғалыс болды. Алматыда ғана 40-қа жуық саяси қозғалыс жұмыс істеді. Бұл кезде Қазақстандағы көптеген қоғамдық – саяси қозғалыстар әлсіз және қалыптасу кезінде болды. «Невада - Семей», «Қазақ тілі» сияқты қоғамдық қозғалыстар біршама мықты, көптеген мүшелері мен белгілі дәрежедегі қаржылық қорлары бар ірі қозғалыстар болды. 1990 жылдың аяғына қарай қатарында 800 мыңға жуық коммунист болған Қазақстан коммунистік партиясы сан жағынан неғұрлым көп саяси күш болды. Дегенмен, бүкіл елімізде компартияға деген халықтың сенімсіздігі күшейді. Бұл жағдай компартия беделінің түсуіне айтарлықтай әсер етті. 1990 жылы компартия мүшелерінің 42% - ы өз еркімен партия қатарынан шықты. Осы жылы партия мүшелерінің қатары 49000-ға кеміді. 90-жылдардың басына қарай Қазақстанда бұрын патша үкіметінің жазалаушы күші болған қазақтар ұйымы пайда болды. 1991 жылы 15 қыркүйекте Орал қаласында қазақтар патша үкіметіне қызмет етуінің 400 жылдығын мерекелеуге шешім қабылдады. Бұл, шындығында, қазақ халқының ұлттық мүддесімен сонаспағандықтың дәлелі. «Азат», «Желтоқсан», «Парасат» қозғалыстары бұл әрекетке ашық түрде қарсы шықты. Жаппай қақтығысқа ұласа жаздаған бұл әрекет жоғарыда аталған қозғалыстар мен құқық қорғау органдарының араласуымен тоқтатылды. Кез келген қоғамдық ұйымдардың абайсыз іс - әрекеттері үлкен қасіретке айналуы мүмкін екендігіне Оралдағы оқиғалар тағы да көз жеткізді.

 

78. Қазақстан халқының Ассамблеясының тарихы. Ассамблеясын құру туралы» Жарлығымен елдегі қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында 1995 ж. наурыздың 1 құрылған.ҚХА-ның мақсаты — республикадағы оқиғаларға баға беру және саяси жағдайларға болжам жасау негізінде қоғамдағы ынтымақты қамтамасыз ететін іс-тәжірибелік ұсыныстарды ойластыру, ҚР Президентінің республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілі ретіндегі қызметіне атсалысу.Ассамблея:мәдени-ағартушылық— тілдер мен ұлттық мәдениеттерді, салт-дәстүрлерді қайта жаңғырту және насихаттау;тәрбиелік — қазақстандық және ұлттық отан сүйгіштікті қалыптастыру;ұлтаралық қатынастарды қадағалау негізінде ұлтаралық татулық пен келісімді нығайту;Қазақстанды мекен еткен ұлт өкілдері арасында достық қарым-қатынастардың дамуына негіз болатын мемлекеттік саясат жүргізу жөнінде ұсыныстар дайында ісімен айналысады.Ассамблеяның 350-ге жуық мүшесі барҚХА-ның төрағасы — ҚР Президенті. Ол Ассамблея мүшелерінің ұсынысы бойынша төрағаның екі орынбасарын тағайындайды. Ассамблея мәжілістері арасындағы жұмысты ҚР Президентінің шешімімен Ассамблея кеңесі жүргізеді. ҚХА кеңесі ұлттық-мәдени орталықтар, ардагерлер кеңесі өкілдерінен, кіші Ассамблея жетекшілерінен, сондай-ақ, Ассамблеяға мүше басқа тұлғалардан құралады.ҚХА-н құру идеясын алғаш рет ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев 1992 ж. тәуелсіздіктің бір жылдығына арналған Қазақстан халықтарының 1-форумында ұсынды.ҚХА 2003 ж. дейін қызметі барысында 9 сессия өткізілді. ҚХА Қазақстанда өмір сүріп жатқан барлық халықтардың мәдениетін, тілін дамытуға қолайлы жағдай жасау бағытында Қазақстан халықтарының фестивальдерін, тілдер фестивальдерін, жексенбілік мектеп окушыларының мемлекеттік тіл мен ана тілін білу дәрежесін анықтайтын байқауларын, тіл саясаты мәселелері бойынша халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлар, т.б. өткізеді.Ассамблея Кеңесінің мүшелері жетекшілік ететін республикалық, аймақтық және қалалық Ұлттық мәдени орталықтар жұмыс істейді. Әзірбайжан, айсор, юнан, ингуш, неміс, шешен, поляк, т.б. халықтардың ұлттық мәдени орталықтарының жексенбілік мектептері бар.Форум Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қолдауымен Мемлекет басшысының ҚХА-ның ХVI және ХVII сессияларында берген Ассамблеяның Қазақстанды индустриалды-инновациялық дамыту және әлеуметтік жаңғырту процесіндегі рөлін күшейту бойынша тапсырмаларын орындау мақсатында өткізіліп отыр.Форумның мақсаты: бизнес-қауымдастықты этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз ету бойынша азаматтық процесске, Қазақстан этностарының тарихи шығу елдерімен байланысын пайдалана отырып инновациялық экономиканы дамытуға тарту.Форум 3 секциялы кең көлемді көрменің таныстырылымымен ашылады, онда: этномәдени бірлестіктердің бизнес, ауыл шаруашылығы, индустриалды-инновациялық даму салаларындағы 60-тан аса жобасы, ҚХА-ның әлеуметтік қолдау және қоғамды әлеуметтік жаңғыртуға қатысуы бойынша 20 жобасы, сондай-ақ бірегей қолөнер бұйымдары мен шеберлік жұмыстарының жаппай сатылымы ұйымдастырылатын этномәдени бірлестіктердің қызметінде қолданбалы қолөнерді дамыту саласындағы 20 жоба таныстырылады.

 


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 95 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ж.ұлт азаттық көтерілістің себептері,барысы,нәтижесі және маңызы. 4 страница| Астана – Қазақстан Республикасының астанасы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)