Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері.

Арахан мемлекеті: этносаяси тарихы, әлеуметтік- экономикалық дамуы, мәдени өркендеуі. | Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдары.Әбу Насыр әл-Фараби, М.Қашқари, Қожа Ахмед Йассауи, Ж.Баласағұни. | Найман және Керей ұлыстары. | Азақстан Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі және құлдырау кезеңінде. | Ақ Орда Қазақстанның этникалық территориясындағы алғашқы мемлекет. | Ортасында Қазақ хандығының құрылуы. | Азақстандағы этникалық процесстер және қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы. | Асым хан (1511-1518/ 1521ж) тұсындағы қазақ хандығы | Басындағы Қазақ хандығы.Тәуке ханның реформалары. | Кімшілік-сот реформасын аяқтау, 1886 және 1891 жж. өлкені басқару жөніндегі ережелер. |


Читайте также:
  1. A) Контекстік меню көмегімен, Файл менюімен және “Бума құру” сайманымен.
  2. A) сатушы және сатып алушы нарығы
  3. D)& толық сатып алынатын және жартылай сатып алынатын
  4. D)& толық сатып алынатын және жартылай сатып алынатын
  5. Microsoft Word бағдарламасымен және гипертекстпен жұмыс істеу.
  6. А топты болаттар дегеніміз не және оның ентаңбасы?
  7. АӨК-нің мықты және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіптерін талдау

1836—1838 жылдары Бөкей хандығында аса ірі халық-азаттық көтерілістерінің бірі болып өтті. Ол көтерілістің басты себебі жердің жетіспеушілігі еді. Мәселен, Ішкі Ордадағы 20 мыңға жуық отбасы шаруашылығы жер тапшылығынан зардап шекті. Ең жақын шұрайлы жерлердің бәрін де ірі помещиктер мен байлар өзара бөлісіп алып қойған болатын. Қатардағы қарапайым қазақтар жерді солардан жалға алып пайдаланды. Қазақ ақсүйектері орыс помещиктерінен жалға алған жерлерді өздерінің жеке қалауы бойынша қазақ ауылдарына көтеріңкі қымбат бағаға тағы да қайыра жалға беріп отырды. Сөйтіп қазақтардан әр түрлі айыппұлдар мен алым-салықты еселеп алып тұрды.

Ресей помещиктері Юсупов пен Безбородконың Каспий теңізі жағасында көлемі орасан зор жер телімдері болды. Жайық әскери кеңесі Үлкен және Кіші Өзен бойындағы және Қамыс-Самара көлдерінің төңірегіндегі жерлерді өз пайдасына басып алды. Жайық бойындағы жерлерді Жайық қазақ әскерлері иемденді. Қазақтардың кесіп өтіп, жағалаудағы жайылымдарды пайдалануына қатаң тыйым салынды. Далалық қазақтар ішкі жақ бетке, ішкі жақ қазақтары далалық сыртқы жақ бетке өте алмады. Жердің жеткіліксіздігі салдарынан қазақтар жерді Астрахан губерниясының шаруаларынан, Жайық қазақтарынан, жер иеленуші ірі помещиктер мен қазақ байларынан қымбат бағамен жалға алып пайдалануға мәжбүр болды. Жәңгір хан тарапынан салынатын алым-салық түрлері де еңсені езіп жіберді. Ол өз жеке басының пайдасына жинап алынатын бірыңғай салық түрін енгізді. Патша үкіметі ханның өзі жасап алған фискальдық қаржы жүйесіне араласпады.

1836 жылы халық көтерілісі басталды. Оның қозғаушы күші қатардағы бақташы қазақтар болды. Көтеріліс туының астына бірқатар старшындар да жиналды.Сұлтандар мұның ақыры не болар екен деп, әліптің артын бағып, бейтарап қалды немесе көтерілісшілерге қарсы шықты.

Халық көтерілісін елге белгілі беделді батырлар Исатай Тайманұлы (1791-1838) мен Махамбет Өтемісұлы (1803-1845) басқарды. Оның екеуі де беріш руының жайық атасынан болатын.

Исатай Тайманұлы бастаған көтерілісшілер 1837 жылғы қазанның аяқ кезінде Хан ордасына он шақырымдай жақын келді. Жәңгір хан да, оның төңірегіндегілер де қоршауда қалды. Көтерілісшілердің жалпы саны екі мың адамнан асатын еді. Алайда Исатайдың Хан ордасын күшпен басып алғысы келмеді. Көтерілісшілер Жәңгір ханнан Балқы және Қарауылқожа билерді өз төңірегінен қуып жіберуді, билікті ру старшындарының қолына беруді талап етті.

Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басқарған көтерілістің орасан зор тарихи маңызы болды.

Бұл патша үкіметі құрған жаңа әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында қазақтардың отаршылдыққа қарсы ірі баскөтеруі еді. Оның ұлт-азаттық сипаты басым болды.Көтеріліс аяусыздықпен басылғаннан кейін де жалғаса берді. 1842 жылы Жәңгір ханға қарсы Аббас Кошайұлы мен Лаубай Мантайұлы бастаған баскөтерулер болып өтті.

Жәңгір хан көтерілісшілердің кейбір талаптарын орындауға мәжбүр болды. Атап айтқанда, халықтан жиналатын алым-салық көлемін едәуір жеңілдетті. Патшаүкіметіне наразылық білдірген старшындардың пікірімен санасу керектігін түсінді.

 

 

41. 1822-1824 жж Сібір және Орынбор қазақтары туралы жарғылар. ХІХ ғ. 20-30 жылдары орыс-ағылшын бақталастығының шиеленісуіне байланысты патшалық Ресей Орта Азия мен Қазақстанда өз ықпалы мен билігін одан əрі нығайту басты міндеті деп санады. Қазақстанның Ресей мен Орта Азия хандықтарының жəне Қытай аралығында геосаяси орналасуы Ресей тарапынан қазақ даласын отарлау үрдісін тездетті. Осы мақсатпен Ресей империясы 1822 ж. «Сібір қырғыздары туралы», 1824 ж. «Орынбор қырғыздары туралы» Жарғыны қабылдады. Ресейдің хандық билікті жоюға асығуы соншалықты, олар əрбір мүмкіндікті пайдаланып, ел ішіндегі ықпалды адамдарды, хандарды, билер мен батырларды бір-біріне айдап сала отырып, алдау, күш көрсету сияқты шараларды қолданды. 1822-1824 жылдардағы Жарғының қабылдануымен Орта жəне Кіші жүзде хандық билік жойылды. Авторы Сібір əскери губернаторы М.Сперанский болған «Сібір қырғыздары туралы» (1822 ж.) Жарғы бүкіл Орта жүздің жерін қамтыса, авторы Орынбор əскери губернаторы П.Эссен болған «Орынбор қырғыздары туралы» (1824 ж.) Жарғы Кіші жүз территориясына таралды. «Сібір қырғыздары туралы» Жарғы бойынша Орта жүз территориясы «Сібір қырғыздарының облысы» аталып Батыс Сібір генерал-губернаторына бағынатын болды да орталығы алғаш Тобыл, 1839 ж. бастап Омбы болды. Хандық билік жойылғаннан кейін Оңтүстік-батыс Сібірде тұратын қазақтар ішкі округтерге біріктірілді, ал Орта жүздің қалған қазақтары сыртқы округтерді құрады. 1838 жылға қарай 7 сыртқы округ құрылды: Қарқаралы (1824 ж.), Көкшетау (1824 ж.), Аягөз (1831 ж.), Ақмола (1832 ж.), Баянауыл (1833 ж.), Құсмұрын (1834 ж.), Көкпекті (1838 ж.). Əр округ болыстар мен ауылдарға бөлінді. Батыс-Сібір генерал-губернаторлығын генерал-губернатор басқарды, оған сібір қырғыздарының облысы бағынды. Округтердің басшылығында округтік приказдар тұрды жəне оларды сұлтандар жиналысында 3 жылға сайланатын аға сұлтандар басқарды. Округке 15-тен 20-ға дейін болыс кірді. Болыстарды сұлтандар басқарды. Бір болыстың құрамында 10-нан 12-ге дейін ауыл болды. Ауылдарды ауыл старшындары басқарды, əр ауылда 50-ден 70-ке дейін үй болды. Қазақтарға тек қана өз округында ғана көшіп-қонуға рұқсат берілді, ал бір округтен екінші округке өту үшін жергілікті басшылардан рұқсат алуы керек болды. Жаңа əкімшілік бөлініс қазақтардың дəстүрлі жер қатынасын күйретті де – рулық қауым құлдырады. Сонымен қатар, оған аға сұлтандарға, болыс сұлтандарына, тілмаштарға, казактарға түрлі көлемде жер бөліп беру де əсер етті. Оларға өңдеуге, мал шаруашылығына,омартаға т.б. ыңғайлы жерлер бөлінді жəне егерде ол жерлер қойылатын талаптар бойынша дұрыс пайдаланылатын болса, онда оның иесі жерге меншік құқығын иеленуге де мүмкіндігі болды. Патша өкіметінің қарауы бойынша Орта жүз жері бөлініске түсіп, бір əкімшілік басқарудан екіншісіне өтіп жатты. Осылайша, Омбы облысы Тобыл губерниясына кірді, Семей жəне Өскемен уездері Том губерниясына берілді. 1822 ж. Жарғы бойынша сот істеріне де өзгерістер енгізілді, ол өзгерістер бойынша сот үш категорияға бөлінді: қылмыстық істер (мемлекеттік сатқындық, ұрлық, барымта, билікке бағынбау); арыз-шағымдар («қазақтардың əдет-ғұрып заңдары» бойынша билер шешетін екінші кезектегі істер); облыстық басшыға берілетін арыздар бойынша (қазақтардың сұлтандар мен билерге, болыстарға т.б.). 1824 ж. Орынбор генерал-губернаторы П.Эссен даярлаған «Орынбор қырғыздары туралы» Жарғы кіші жүзде жүзеге асырылды. Бұл реформа барысында Кіші жүздегі хандық билік жойылып, оның территориясы: Батыс, Орта жəне Шығыс болып үшке бөлініп,Орынбор генерал-губернаторлығына бағынды. Бұл бөліктердің басында аға сұлтандар тұрды. 1824 ж. «Орынбор қазақтарын басқару туралы ереже» қабылданды да, ол бойынша орыс шенеуніктерінен жергілікті əкімшілікті қадағалайтын «қамқоршылар» қызметі енгізілді. Қазақтардың ру-тайпалық бөлінісі ескерілмеді, ауылдардың өз бетінше қарекет етуі мүмкін болмай қалды. Осылайша, Ресей империясы Қазақстанды өз отарына айналдыру үшін хандық билікті, яғни, қазақ мемлекеттілігін жойып, орнына орыстың əкімшілік-территориялық басқару жүйесін енгізді. Алғаш Кіші жүз қазақтары шекаралық комиссия арқылы басқарылды, ал Орта жүз қазақтары шекаралық басқармаға бағынды. Кейін 1822-1824 жж. Ресей империясы Орынбор жəне Сібір ведомстваларының территориясында тұратын Кіші жəне Орта жүз қазақтарын басқару туралы Жарғыларды қабылдады. Осы жəне одан кейін жалғасқан ХІХ ғасырдың 30-50 жылдарындағы реформалар патшалық Ресейдің қазақ жерлерін одан əрі отарлау үшін жағдай жасады. ХІХ ғасырдың 60 жылдарының аяғына қарай қазақ даласы тұтастай Ресей империясына бағынышты болды жəне жаңа заңдар қабылданып, Ресейлік басқару жүйесіне қарай жақындатылды.

 

 

42. К.Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісінің себептері,барысы,ерекшеліктері және оның тарихи маңызы. Ресей империясының қазақ даласындағы хандық билікті жою, шекаралық аймақтарда жаңа бекіністерді салып, қазақ жерлерін күштеп тартып алуды одан әрі жлғастыруы, қазақ қоғамында әлеуметтік қатынастардың шиелінісуі К.Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көт-ң шығуына себеп болды. Көт-ң мақсаты қазақ елінің патшалы Ресейдің құрамына қосылып үлгермеген өңірлерінің дербестігін сақтау, қазақ жерлерін бекіністер мен округтік билеу арқылы отарлауды тоқтату, қоқандықтардың тепкісіндегі қазақтарды азат ету. Көт-с бүкіл үш жүзді қамтып, ұлт-азаттық сипат алды. Көт-ң басты қозғаушы күші қазақ шаруалары болды. Сонымен қатар ірі ақсүйектер де (80-нен астам сұлтан). Көтеріліске әртүрлі ұлттардың өкілдері орыс, өзбек, қырғыз т.б. қатысып, көтерілісшілер саны 20-мыңға жетті. Көт-ке Кенесары қолын басқарған атақты батырлар Иман, Жоламан, Бұғыбай, Сұраншы, інісі Наурызабай, Әбілғазы, әпкесі Бопай қатысты. 1837 ж қараша – Кенесары Петропавл қаласынан шыққан Ақтау бекінісі казактарының тобын тұңғыш рет шабуыл жасап, патша үкіметіне ашық қарсылық білдірді. 1838ж 26 мамыр – Кенесары сарбаздары Ақмола бекінісіне шабуыл жасап, өртеп жібереді. 1841ж Кенесары қолы Ташкентке аттанып, бірақ жұқпалы аурудың таралуынан жорық тоқтатылады. Ендігі кезекте патша үкіметі көт-ке қарсы шаралар ұйымдасытыра бастады: 1842ж Орынбор ген-губ Обручев, Сібірден Сотников әскері жіберілді. 1843ж І Николай старшина Лебедевтің 300 казактан тұратын тобын жіберуге келісім берді, сұлтан Жантөреұлы, Айшуақұлы, полковник Генс, Бизанов бастаған 5 мыңдық топ ұйымдастырылды. 1843ж 1 және 7 тамызда көтерілісшілер казактардың Орынборлық тобымен шайқасты. 1843 ж 17 тамызда полковник Бизановтың тобы ешқандай нәтижеге жетпей Ор бекінісіне оралды. 1844ж шілдеде көтерілісшілер сұлтан Жантөреұлының тобын қоршап, 44 сұлтанды мерт қылды. Осы жеңістің нәтижесінде Орынбор әкімшілігін Кенесарымен келіссөз жүргізуді бастауға мәжбүр етті. Кенесарының сонда қойған талабы, әскери бекіністер салынбаған Ақтау, Есіл, Нұра және Жайық өзеніне дейінгі өңірді Ресей билігінен босату. 1845ж сәуірде Кенесары ауылына орыс елшілері Долгов және Герн келеді. Бірақ екі жақ бір-бірінің талаптарын мойындата алмағандықтан, келіссөздер тоқтатылды. 1845 ж қазан, қарашада көтерілісшілер Созақ, Жаңа жүлек, Қоған бекіністерін алады. Абылайдың баласы сұлтан сүйік Ресей билігін мойындаса, Үйсін, Жалайыр, Дулат руларының көпшілігі көтелісішілерді жақтады. 1847 ж сәуір Кенесары 10 мың әскермен қырғыз жеріне басып кіреді. әскерледің қырғыз ауылдарын тонауы көтерілісшілердің Кенесарыға қарсы өшпенділік туғызады. Қазақ сұлтаны Рүстем мен Сыпатай би топтарының Кенесарыдан бөлініп кетуі қазақ жасағының жеңілісіне әсер етеді. Сол жылы Кенесары Бишкек маңындағы Майтөбе шайқасында 32 сұлтанмен қаза табады. Тарихи маңызы; үш жүзді қамтыған тұңғыш ірі көтеріліс, ХІХ ғасырдың І жартысындағы Ресей азаттық көтерілісінің құрамдас бөлігі, Патша үкіметінің Орта Азияны отарлауын кешеуілдетті, қазақ халқының ішкі қайшылықтарының Ресей саясатымен байданыстылығын көрсетті.

 

 

43.19ғ. 50жылд. Жанқожа Нұрмұхаммедұлы басқарған көтеріліс: себептері, барысы, ерекшеліктері. Жанқожа Нұрмұхамедұлы басқарғанСыр қазақтарының Хиуа хандығына қарсы шығуының себептері:Әскери күшпен салық жинауы; Бекіністер салуға Арал қазақтарын күштеп қатыстыруы.Көтеріліс жетекшісі Жанқожа Нұрмұхамедұлы.1836ж Амудария мен Сырдария арасында орналасқан Хиуа әскеріне қарсы күрес басталды.1842ж Хиуа бекінісі Бесқаланы қиратты.1843ж Жанқожа Нұрмұхамедұлының бастауымен Төменгі Сыр Қазақтары хиуалықтардың Қуаңдария бойындағы бекінісін талқандады.1845ж коктем Жанқожа тобы хиуалық 2000мың әскерді жойып жіберді.Орыс әскери топтарының Сыр бойына келуіне арқа суйеген Жанқожа тобы Сырдың төменгі ағысын хиуалықтардан тазартты.Негізгі қозғаушы күші қазақ, қырғыз шаруалары.Көтерілісшілер Әулиеата, Тоқмақ, Шымкенттегі Қоқан гарнизондарын қоршап, Пішпек түбінде қоқандықтарға соққы берді.3 мыңдық қолы бар Мырза Ахмет Қоқан ханынан комек сұрап, комекке келген топтың бірін Кенесарының ұлы Тайшық сұлтан басқарды.Қоқандықтар шабуылы қазақ ауылдарының Ресей бақылауындағы өңірлерге көшуін тездетті:Сарысуға 12мың шаңырақ, Перовск фортына 4700шаңырақ кошті.1858ж мамыр көтерілісшілер Созақ, Мерке, Шолаққорғанды алып, Жаңақорғанмен Түркістанды қоршады. Қазақ феодалдары опасыздық жасап, Қоқан ханы Худьярмен ымырластық келісімге келді:Ташкент билеушісі болып Мырза Ахмет орнына, інісі Мұрат Аталық сайланды.Котеріліс талқандалды.Жеңілу себептері:Күрестің стихиялылығы.Ұйымдастырудың әлсіздігі.Феодалдардың опасыздығы.Тарихи маңызы:Қазақ, қырғыз халықтарының біріккен қозғалысы.Оңт.Қаз.ды Қоқан тепкісінен босатып, Ресей құрамына кіруіне алғышарт жасады.

 


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 209 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Патшалық Ресейдің Қазақстанды жаулап алуының басталуы.| Ресей империясының 1867-1868 жж. Қазақстандағы реформалары және олардың нәтижелері.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)