Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

АӨК-нің мықты және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіптерін талдау

Мазмұны | Бағдарлама паспорты | АӨК-дегі ағымдағы жағдайды талдау | Р АӨК өнімін өткізудің нысаналы ішкі және сыртқы нарықтары | АӨК дамуын мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау | АӨК-нің басымды салаларының проблемаларын талдау | Аржыландыруға қол жеткізу | Ауыл шаруашылығы техникаларының паркі | Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері 1 страница | Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері 2 страница |


Читайте также:
  1. A) Контекстік меню көмегімен, Файл менюімен және “Бума құру” сайманымен.
  2. A) сатушы және сатып алушы нарығы
  3. D)& толық сатып алынатын және жартылай сатып алынатын
  4. D)& толық сатып алынатын және жартылай сатып алынатын
  5. Microsoft Word бағдарламасымен және гипертекстпен жұмыс істеу.
  6. А топты болаттар дегеніміз не және оның ентаңбасы?
  7. АӨК дамуын мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау

 

ҚР-да АӨК дамытудың мықты жақтары қазіргі уақытта дамыту бағдарламасын мемлекеттік қолдау, агротехнологияларды қолданудың үлкен жинақталған тәжірибесі болып табылады. АӨК дамытудың әлсіз жақтары өндірістің ұзақ тауарлығы, сақтау қуаттарының, логистикалық қуаттардың жеткілікті мөлшерінің болмауы, ҒЗТКЖ енгізудің төмен деңгейі, ветеринариялық қауіпсіздіктің төмен деңгейі және дамытудағы басқа теңгерімсіздіктер болып табылады.

8-кесте. АӨК-ні SWOT талдау

Мықты жақтары - АӨК жалпы өнімінің тұрақты өсуі; - Қазақстан бидай мен бидай ұны өндірісінде әлемдік көшбасшы болып табылады; - Қазақстан АӨК мәнді мемлекеттік қолдау алады; - Жер және су ресурстарымен қамтамасыз етілуі; - Өндiрiс және органикалық өнiмнiң экспортының биiк потенциалы. Әлсіз жақтары - Бірқатар салалардағы өндірістің ұсақ тауарлығы; - Төмен еңбек өндіргіштігі; - Малдардың төмен өнімділігі; - Өсімдік шаруашылығының негізгі дақылдарының төмен өнімділігі; - ҒЗТКЖ төмен енгізу; - Заманауи агротехнологиялық білімді таратудың төмен дәрежесі; - Қаржыландыру және сақтандыру жүйесінің дамымағандығы.
Мүмкіндіктері - Бірқатар АӨК салаларында импорт алмастыруды дамыту және экспорттық әлеуетті іске асыру; - Саланы тиімді мемлекеттік қолдауды қалыптастыру; - Тауарлық балық аулауды, ІҚМ экспортын, жайылымдық мал шаруашылығын, алма, майлы дақылдар және басқа өнім түрлері өндірісін дамыту.   Қауіптер мен тәуекелдер - Сала өніміне әлемдік бағаның ішкі және сыртқы коньюнктурасының нашарлауымен шартталған макроэкономикалық тәуекелдер; - ДСҰ кіруге байланысты бірқатар өнім түрлері бойынша халықаралық нарықтардағы бәсекелестіктің өсуі; - Табиғи-климаттық жағдайлардың қысқамерзімді де, ұзақмерзімді де қолайсыз өзгерулері (климаттың жаһандық жылуы және осымен байланысты шөлді және шөлейтті жерлердің артуы, су ресурстары тапшылығының артуы, ауа-райы жағдайларының тұрақсыздығы және басқалары); - Өнімді нысаналы өткізу нарықтарына дейін тасымалдау нарығының сыни тозуы және осымен байланысты жеткізу құнының қымбаттауы; - Жануарлар мен өсімдіктер ауруларының таралуы және табиғи ортаның ластануы, өсімдіктердің, жануарлардың, балықтардың, жәндіктердің зиянкес түрлерінің таралуы, бұл жер, су және басқа ресурстардың қолжетімділігінің төмендеуін және жалпы сала өнімділігінің төмендеуін тудырады, ҚР АӨК экспорттық әлеуетін төмендетуі мүмкін; - Кәсіпкерлік субъектілері рентабельділігінің төмен деңгейі; - Пайдаға қысқамерзімді бағдарлану, қаржыландыру тапшылығы, ғылыми ұсынылған ресурстарды пайдалану нормативтерін сақтамау нәтижесінде жер, су, биологиялық ресурстар әлеуетінің, жануарлардың, өсімдіктер мен балықтардың генетикалық әлеуетінің төмендеуі; - Саланы тиімсіз мемлекеттік реттеу тәуекелі, бұл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің транзакциялық шығындардың өсуін тудыруы мүмкін, саланы дамытуды қолдауға бөлінген мемлекеттік қаражатты тиімсіз пайдалану, нарық сигналдарын бұрмалау және өнімді өндіру мен тұтыну құрылымындағы қайшылықтар.

Дерек көзі: Салаларды талдау


Дата добавления: 2015-11-16; просмотров: 325 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Азақстан Республикасының жағдайларына бар проблемаларды шешу бойынша бейімделуі мүмкін оң шетелдік тәжірибені шолу| Негізгі тұжырымдар

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)