Читайте также:
|
|
ҚР АӨК дамыту мақсатын белгілеу кезінде сыртқы орта мен ҚР АӨК ағымдағы жағдайдағы мынадай қалыптасқан шешуші үрдістерді ескеру қажет:
- экстенсивті дамыту мүмкіндіктерінің аяқталуы, өнімділікті арттыру және технологиялардың жаңғырту қажеттілігі орын алды;
- 1990-шы жылдардағы реформаларға дейінгі кезеңнің сандық, алайда бірқатар кіші салалар бойынша сапалы өзге нарықтық негіздегі көрсеткіштерге шыға отырып, дамудың қалпына келтіру кезеңі аяқталуда;
- алдағы ДСҰ-ға кіру және Кеден одағының шеңберіндегі қызмет жағдайларында халықаралық сауданы, көлік және коммуникация құралдарын белсенді дамыту, өнім стандарттарын көтеру, тұтынушылар қалауларының өзгеруі мемлекеттік қолдау деңгейін төмендету кезінде бәсекеге қабілеттілігіне және онымен тікелей байланысты еңбек өндіргіштігі, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің экономикалық тиімділігі, өнім сапасы мен маркетинг мәселелеріне талаптар бірінші кезекке қойылады;
- өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығындағы субсидиялауды қоса алғанда, саланы қаржылық сауықтыру, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ АӨК субъектілерін ветеринариялық, фитосанитариялық қауіпсіздік және сумен қамтамасыз ету саласында мемлекеттік қамтамасыз етуді дамыту, жер және салық қатынастары, салық салу, техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесінің тиімділігін көтеру мақсатында АӨК саласын мемлекеттік қолдау жөніндегі бірқатар жүйелі шаралар талап етіледі.
Бағдарламаның мақсаттарын іске асыру үшін Ауыл шаруашылығы министрлігінің күші мынадай бағыттар бойынша бағытталатын болады.
Өсімдік шаруашылығы саласындағы стратегия, бірінші кезекте, дақылдарды өңдеудің ғылыми негізделген ылғал-ресурс үнемдеуші технологияларына көшу, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы айналымына жаңа және қазір пайдаланылмайтын жерлерді тарту жолымен өндірісті әртараптандыруды, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін арттыруды көздейді.
Астық өндірісінің инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар бөлінетін болады, өйткені дәнді дақылдар ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау құрылымында неғұрлым үлкен үлес алады. Элеваторлар мен астық тасығыштар жетіспеушілігі проблемасы астықты өңдеу мен сақтауға,
сондай-ақ оны тасымалдауға арналған қуаттарды құру және кеңейту есебінен шешілетін болады.
Мал шаруашылығы саласында ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін арттыру және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді етті ма шаруашылығын дамытуға ынталандыру бойынша жұмыс жалғастырылатын болады. Асыл тұқым базасын дамыту және малмен құстың генетикалық әлеуетін арттыру бойынша жұмыс, соның ішінде одан әрі репродукциялау үшін асыл тұқымды малдарды импорттау есебінен жалғастырылатын болады. Дәстүрлі мал шаруашылығы салаларын дамыту үшін жайылымдық мал шаруашылығын, соның ішінде қой шаруашылығын дамытуды ынталандыратын іс-шаралар кешені қабылданатын болады. Сондай-ақ жемшөп өндірісін дамыту және азып-тозған жайылым жерлерді қалпына келтіру, суландыру жөніндегі шаралар қабылданатын болады.
Балық шаруашылығын дамытудың басым бағыты ретінде балықты тауарлық өндіруді арттыру мақсатында акваөсіру өнімдерін отандық өндірушілерді мемлекеттік қолдау шаралары қабылданатын болады.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында отандық өнім сапасын арттыру, азық-түлік тауарларының ассортиментін кеңейту және соның арқасында Кеден одағы бойынша біздің негізгі сауда серіктестерімен бәсекелестікке тең жағдайлар жасау үшін өндірісті техникалық және технологиялық қайта жарақтау, халықаралық сапа стандарттарына көшу өзекті болып қалуда.
Органикалық өнiмнiң өндiрiсi халықаралық сертификацияның жүйесiнiң енгiзуi арқылы ынталандыру жағдай туғызады.
Өнімді сақтау және тұтынушыға дейін жеткізу логистикасын дамыту жолымен нарықты отандық өндіріс азық-түлік тауарларымен одан әрі қанықтыру, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді кооперациялау жолымен дайындау, қайта өңдеу және сақтау пункттерін құру жөніндегі шаралар іске асырылатын болады. Осылайша, Министрліктің саясаты АӨК субъектілері үшін өнімді жоғары еңбек өндіргіштігімен тауарлық өндіруді қолдайтын болады, бұл отандық өндірісті қарқындатуға және көлемдерін көтеруге мүмкіндік береді.
Ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздік жүйесін дамытуға ерекше назар бөлінетін болады. ДСҰ-ға жоспарланып отырған кіру ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден халықаралық тамақ қауіпсіздігі стандарттарына сәйкес келетін сапалы және қауіпсіз өнімді жеткізуді талап етеді. Осыған байланысты, халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық шеңберінде заңнамалық база жетілдіріледі, Жауарлардың ауруларына қарсы күресу стратегиялары қайта қаралады, ауруларды бақылау, қадағалау және мониторингі үшін ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі бар зертханалардың таралған желісі құрылатын болады. Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар кенттер деңгейінде жұмыс істейтін болады. Фитосанитария саласында ерекше қауіпті организмдермен күреудің заманауи қауіпсіз әдістерін енгізу жөніндегі бірқатар шаралар жүргізілетін болады.
Отандық ауыл шаруашылығы өнімінің озық технологияларын енгізуді ынталандыру және өндіріс көлемдерін арттыру мақсатында қолданыстағы қолдау шараларымен қатар жеке дақылдарды жекелей субсидиялаудан жеңілдетілген қаржыландыру арқылы қолдауға біртіндеп көшу көзделетін болады (кредит және лизинг бойынша пайыздық ставканы субсидиялау, қаржы институттары алдындағы АШТӨ қарыздарын кепілдендіру жүйесін және сақтандыру жүйесін енгізу, сондай-ақ жобаларды іске асыру кезіндегі инвестициялық субсидиялау көзделетін болады). Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына кредиттік жүктемені төмендету және олардың банкротқа ұшырауына жол бермеу мақсатында осы кәсіпорындарды қаржылық сауықтыру жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ салық салу жүйесі қайта қаралатын болады.
Агроөнеркәсіп кешенін индустриялық-инновациялық дамытуға жоғары технологиялық инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы, сондай-ақ су ресурстарын ықпалдастырылған басқару қағидаттарын енгізу жолымен қол жеткізілетін болады.
Мемлекеттік қолдау тиімділігін арттыру мақсатында барлық субъектілерді біреуге біріктіру мүмкіндігі қаралатын болады. ДСҰ-ға кіру, сондай-ақ КО мен БЭК-тағы мүшелік тұрғысында отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге тең жағдайларды қамтамасыз ету үшін жоспарланып отырған кезеңде мемлекеттік қолдау деңгейін ықпалдастыру процестері шеңберінде тиісті келісілген көрсеткіштерге дейін жеткізу қажет.
Дата добавления: 2015-11-16; просмотров: 93 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
АӨК-нің мықты және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіптерін талдау | | | Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері 1 страница |