Читайте также: |
|
Асыл тұқымды малдардың үлес салмағын арттыру, етті малдың гендік қорын,сондай-ақ тауар өндірушілердегі ауыл шаруашылығы жануарларының өнімділік сапасын қалпына келтіру және ұлғайту мақсатында отандық және шетелдік селекцияның асыл тұқымды өнімдерін сатып алу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдау жалғасатын болады.
Тауар өндірушілердің асыл тұқымды материал (жануарлар, тұқым және эмбриондар) сатып алу бойынша шығындарын өтеу мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыты болады.
Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы жануарларының сапалық құрамы мен тұқымдық сапаларын жақсартумен айналысатын тауар өндірушілерге асыл тұқымды аналық басты және асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу бойынша, сондай-ақ селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу бойынша шығындарын субсидиялау түрінде қолдау көрсетілетін болады.
Мемлекеттік қолдау қой шаруашылығын, жылқы шаруашылығын, түйе шаруашылығын және құс шаруашылығын дамытуға таралатын болады, бұл ауыл шаруашылығы жануарларының жалпы табынындағы асыл тұқымды мал басының үлесін ұлғайту үшін жағдай жасайды және олардың өнімділігін арттырады.
Отандық құс фабрикаларына ата-тектік, ата-енелік нысандары бар отандық асыл тұқымды құс фабрикаларынан асыл тұқымдық материал (тәуліктік балапан және инкубациялық жұмыртқа) сатып алу бойынша қолдау көрсетілетін болады.
Асыл тұқымды мал шаруашылығын субсидиялау 2011 жылы басталған ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін арттыру жөніндегі жобаны одан әрі іске асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Аталған жобаны іске асыру шеңберінде шаруашылық-репродукторлар, бордақылау алаңдарын және етті малды көбейту жөніндегі фермерлік шаруашылықтар құру бойынша жұмыстар жалғасатын болады.
19-кесте. Асыл тұқымды өнімнің экономикалық қолжетімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіштер
Р/с № | Көрсеткіш атауы | Іске асыру жылдары | |||||||
Бөлінген субсидиялар шеңберінде сатып алынған отандық селекцияның асыл тұқымды ІҚМ саны, мың бас | 13,6 | 15,3 | 17,5 | 19,9 | 22,7 | 25,9 | 29,5 | 33,6 | |
Бөлінген субсидиялар шеңберінде сатып алынған шетелдік селекцияның етті бағыттағы ІҚМ саны, мың бас | - | - | - | - | - | ||||
Бөлінген субсидиялар шеңберінде сатып алынған шетелдік селекцияның сүтті бағыттағы ІҚМ (жақын шетел) саны, мың бас | |||||||||
Бөлінген субсидиялар шеңберінде сатып алынған шетелдік селекцияның сүтті бағыттағы ІҚМ (алыс шетел) саны, мың бас | |||||||||
Бөлінген субсидиялар шеңберінде сатып алынған тәуліктік балапандар (етті бағыттағы) саны, мың бас | 286,1 | 315,2 | 363,5 | 419,1 | 423,7 | 426,7 | 429,2 | 433,8 | |
Бөлінген субсидиялар шеңберінде сатып алынған тәуліктік балапандар (жұмыртқа бағытындағы) саны, мың бас | 736,7 | 773,9 | 799,3 | 825,2 | 868,7 | 874,9 | 898,1 | 922,6 | |
Бөлінген субсидиялар шеңберінде сатып алынған инкубациялық жұмыртқа, млн. дана | 4381,0 | 4569,4 | 4719,5 | 4872,6 | 5129,1 | 5166,0 | 5302,8 | 5447,4 | |
ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту жөніндегі жобаны іске асыруға қатысушы агроқұрылымдардағы субсидиялаумен қамтылған ІҚМ аналық басының саны, мың бас | 238,4 | 289,8 | 352,4 | 428,4 | 520,8 | 633,2 | 769,8 | 935,9 | |
Бөлінген субсидиялар шеңберінде агроқұрастырулардағы қойдың аналық мал саны, | 1076,5 | 1345,6 | 1681,9 | 2102,2 | 2627,5 | 3284,1 | 4104,9 | 5130,7 |
4.2.4.3 Тауарлы балық өсірудегі тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру
Қазақстанда тауарлы балық өсіруді (акваөсіруді) дамыту мақсатында тауарлы балық өсіру көлемін ұлғайту және барынша бағалы балық түрлері есебінен балықтың түр-түрін кеңейту үшін жағдайлар жасалатын болады.
2020 жылға дейін тауарлы балық өсіру өндірісінің мүмкіндігі 35 мың тоннаға бағаланады.
Тауарлы балық өсiрушiлiктi дамыту және қолдау үшiн асыл тұқымды жатырлық балықтар тобының бағалы балықтар түрлерін ұстауына субсидиялар ендiредi.
20-кесте. Тауарлы балық өсірудегі тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіштер
Р/с № | Көрсеткіш атауы | Іске асыру жылдары | |||||||
Балықтар, бастардың бағалы түрлерiнiң асыл тұқымды жөндеу - жатырлық табынының қамтыған жәрдем беруiн саны | - | 1 870 | 39 630 | 40 800 | 78 400 |
Бекітілген нысаналы көрсеткіштерге қолжеткізу үшін «АӨК-ні және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу турлы» Заңның тауарлы балық өсіруді дамыту (акваөсіру) бөлігіне өзгерістер енгізіледі, сонымен бірге тауарлы балық шаруашылығын дамыту бойынша нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру жүргізіледі.
4.2.5 Ауыл шаруашылығы шикізатын тереңнен қайта өңдеу үшін тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру
Ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу саласын дамыту, өндірілген өнім сапасын арттыру мақсатында ауыл шаруашылығы шикізатын тереңнен қайта өңдеумен және дайын өнім өндірумен байланысты шығындарды субсидиялау арқылы мемлекеттік қолдау болжанады.
Мемлекет тарапынан осы қолдау отандық қайта өңдеу кәсіпорындарын Кеден одағы елдерінің кәсіпорындарымен бірдей жағдайға қоюға мүмкіндік береді. Нәтижесінде бәсекеге қабілетті өнім өндірісі көлемінің ұлғаюы, ішкі тұтыныстағы сүт пен қанттың тереңнен қайта өңдеу өнімдері бойынша импорт үлесінің қысқаруы күтіледі және кәсіпорындардың қаржылық-шаруашылық қызметіне оң әсер етеді, бұл жалпы АӨК-нің қайта өңдеу салаларын дамытуға оң әсерін тигізеді.
21-кесте. Ауыл шаруашылығы шикізатын тереңнен қайта өңдеу үшін тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіштер
Р/с № | Көрсеткіш атауы | Іске асыру жылдары | |||||||
Субсидиялаумен қамтылған, өндірілген өнім көлемі, мың тонна, оның ішінде: | |||||||||
- құрғақ сүт | 3,2 | 3,5 | 3,9 | 4,3 | 4,7 | 5,2 | 5,7 | 6,3 | |
- сары май | 15,6 | 17,2 | 18,9 | 20,8 | 22,9 | 25,2 | 27,7 | 30,5 | |
- ірімшік | 8,8 | 9,7 | 10,7 | 11,8 | 12,9 | 14,2 | 15,6 | 17,2 | |
- қызылшадан алынған қант | 46,8 | 67,1 | 78,1 |
4.2.6 Қаржылық қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру
4.2.6.1 Кредиттер мен лизингтің экономикалық қолжетімділігін арттыру
Агробизнесті тұрақты жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге ауыл шаруашылығы техникаларының лизингін қоса алғанда, негізгі және айналым құралдарын сатып алуға қаражат қажет, олар негізінен қаржы институттарының қарыз қаражаты есебінен тартылады. Сонымен бірге, ауыл шаруашылығы өндірісінің ерекшелігі (табиғат жағдайларына тәуелділік, экономиканың басқа салаларымен салыстырғанда төмен өнімділік және рентабельділік) салдарынан қаржы институттары ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жоғары сыйақы ставкасымен кредиттер береді.
Сонымен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша 2006-2011 жылдар кезеңінде АӨК субъектілеріне берілген кредиттер бойынша орташа пайыздық жылдық сыйақы ставкасы 12-ден 16%-ға дейін құрайды, ал экономиканың басқа секторларында 10-нан 13%-ға дейін құрайды.
Нәтижесінде АӨК субъектілері негізгі және айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттер бойынша жоғары сыйақы төлейді, бұл өнім бірлігін өндірудің өзіндік құнының артуына әкеліп соқтырады және оның бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді.
Осыған байланысты, сыйақы ставкасын төмендету үшін АӨК субъектілеріне (оның ішінде, дәнді, майлы және бұршақты дақылдар өндірумен айналысатын) берілген кредиттер және ауыл шаруашылығы техникаларының лизингі бойынша субсидиялау жүргізу қажет.
Қазіргі таңдағы ауыл шаруашылығының техникамен қамтамасыз етілу деңгейі оның тиімді дамуын тежеуде. Оның барлығы маусымдық ауыл шаруашылық жұмыстарының орындалу мерзіміне және сапасына әсер етеді. Қажетті техниканың және құрал саймандардың жоқтығынан, арзан және ұзақ мерзімді несие қорларын алу мүмкіндігінің аз болуынан АӨК-нің субъектілері оңайлатылған технологияларды өндірісте және ауыл шаруашылық өнімін қайта өндеуде қолдануға мәжбүр болды. Ауыл шаруашылық техникасының, қосалқы бөлшектердің, құрал саймандардың биік құнынан, банктік кредиттер мен лизингтердің қымбат болуынан ауылшаруашылық өндірушілердің басым көпшілігі негізгі құралдарын жаңартуға мүмкіндіктері болмайды.
Негізгі құралдарды алуға бағытталған несиенің негізгі көлемі қарыздан (тартылған), екінші деңгейдегі банктің меншікті құралдарынан және лизинг компанияларынан жүзеге асады. Орташа сыйлық беру ставкасы кредит/лизингте 12-15 % болса, шаруа 7-9 жылда құрал саймандар мен техниканың іс жүзінде екі құнын төлейтін болады. Сонымен бірге, екiншi деңгейдегi банктердің ауылшаруашылық өндiрушiлеріне орнатылған қарыздарын қайтару мерзiмдерi ауылшаруашылық өндiрiсінiң ерекшелiгiне сәйкес келмейді, олардың айырмашылықтары салулардың ұзақ орны толатындықтары.
Осыған байланыста, аграрлық секторына берiлген қарыздардың 42% «НУХ «КазАгро»АҚ еншілес акционерлiк қоғамдарға келетiн болды.
Екiншi деңгейлi банктердің АӨК-нің жобаларын қаржыландыруына аз қатысуы ұзақ мерзiмдi және қымбат емес қорландыру көзінің және тәуекелі жоғары несиенің жоқтығымен ұғындырылады.
Осы мәселенi шешу үшiн Германияның банктерді қорландыру тәжиребесін қолдануға ұсынады, олардың банктерінің АӨК жобаларын қаржыландыруы АӨК субъектілеріне қолайлы жағдайлар жасау арқылы жүзеге асырылады.
Банктік инфрақұрылымының, оның жұмыс істейтін филиалдық желісінің тартылуы АӨК субъектіліріне қолайлы ставкамен ұзақ мерзімге қарыз алуға, тиянақталған ставкамен толық спектрлік банктік қызмет алуға мүмкiндiк бередi, солай АӨК-нің бағдарламаларына қатысу мүмкіндігі арта түседі. Сонымен бiрге, АӨК саласындағы негізгі қорларды бір жолы жаңартуға және ары қарай дер кезiнде оларды кеңейтуге мүмкiндiк туғызады. Болашақта осы шара ауыл шаруашылығына несие беру үшін екiншi деңгейдегi банктiң меншiктi құралдарының қатыстырылуына көмектеседi.
22-кесте. Кредиттер мен лизингтің экономикалық қолжетімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіштер
Р/с № | Көрсеткіш атауы | Іске асыру жылдары | |||||||
Сыйақы ставкасын субсидиялау есебінен берілген, ауыл шаруашылығы техникаларына кредит беру және олардың лизингінің көлемі, млрд.теңге* | 145,5 | 163,7 | 185,5 | 222,6 | 267,2 | 320,6 | 384,7 | 461,7 | |
АӨК субъектілерінің екінші деңгейдегі банктердің ұсынатын мақсатты қарызхаттар есебінен алынатын кредиттер мөлшері |
4.2.6.2 АӨК субъектілерінің қаржы институттары алдындағы қарыздарын сақтандыру және кепілдендіру жөніндегі қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру
Екінші деңгейлі банктер АӨК субъектілеріне айналым қаражатын толықтыруға кредит беру үшін жоғары өтімділікке ие. Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жыл сайын көктемгі-егіс және жинау жұмыстарын уақтылы жүргізу үшін «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымдары желісі бойынша жеңілдікпен кредит қаражаты беріледі.
Сонымен бірге, шамамен 30% шағын және орта ауыл шаруашылығы өндірушілері тиісті деңгейдегі өтімділігі жоғары кепілзаттың және тұрақты қаржы жағдайының болмауынан аталған қаржыландыруға қол жеткізе алмайды.
Дәл осы мәселені аграрлық өндіріске тартылған жеке инвестициялардың тәуекелдерін төмендету үшін қарыздарды кепілдендіру мен сақтандырудың мемлекеттік жүйесін енгізу жөнінде міндет қоя отырып, Мемлекет Басшысы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында айтты.
Осыған байланысты, АӨК субъектілері үшін кредит ресурстарының қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қарыздарды сақтандыру және кепілдендіру жүйесін дамыту және АӨК-ні белсенді қаржыландыру процесіне қаржы институттарын тарту ұсынылады.
23-кесте. АӨК субъектілерінің қаржы институттары қарыздарын сақтандыру және кепілдендіру жөніндегі қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіштер
Р/с № | Көрсеткіш атауы | Іске асыру жылдары | ||||||
Қарыздарды сақтандыру және кепілдендіру жүйесі арқылы АӨК субъектілеріне қаржы институттары ұсынған кредиттер сомасы, млрд.теңге* | 105,9 | 142,2 | 182,4 | 223,1 | 270,2 | 322,1 | 375,1 |
4.2.6.3 Басымды инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру
Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың басты міндеттерінің бірі жаңа өндірістік қуаттылықтар салуға не қолданыстағыларын кеңейтуге инвестициялар тартуды ынталандыру арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемін ұлғайту болып табылады. Қазіргі уақытта «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымдарының жеңілдікпен кредит беру өнімдері және қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде негізгі және айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттер бойынша сыйақы ставкасын өтеу әрекет етеді.
Сонымен бірге, көрсетілген құралдар ауыл шаруашылығы субъектілерін Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенінің басымды салаларында инвестициялық жобаларды іске асыруға белсенді түрде ынталандыру үшін жеткіліксіз.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасында капитал сыйымдылықты және инвестициялық жобалардың өзін-өзі ақтау мерзімдерін төмендету үшін АӨК басымды салаларында өндірістік қуаттылықтар салуға не қолданыстағыларын кеңейтуге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде шығындарды ішінара өтеу (құрылыс-монтаждау жұмыстары, жабдықтар, ауыл шаруашылығы және арнайы техникалар сатып алу) түрінде мемлекеттік қолдауды енгізу қажет.
24-кесте. Басымды инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіштер
Р/с № | Көрсеткіш атауы | Іске асыру жылдары | ||||||||
Өлшем бірлігі | ||||||||||
Сүт-тауарлы фермалар саны | Ірі СТФ | бірлік | ||||||||
Шағын СТФ | бірлік | |||||||||
Қайта жаңғыртылған құс фабрикаларының саны | бірлік | - | - | - | - | - | ||||
Алма өсіру бойынша отырғызылған өнеркәсіптік бау-бақшалар саны | мың гектар | 7,3 | 2,6 | 2,6 | 2,6 | 2,6 | 2,6 | 2,6 | ||
Суландырушы ғимараттардың (құдықтар)құрылысы және қалпына келтiруі | бірлік | 1 000 |
4.2.7 Білім беру қызметтерінің, аграрлық ғылым нәтижелерінің және консультациялық қызметтердің қолжетімділігін арттыру
Агробизнесті қазіргі заманғы тиімді әзірлемелермен (технологиялармен) қамтамамыз ету үшін ғылыми зерттеулер жүргізіледі, сондай-ақ, халықаралық ғылыми бағдарламалар іске асырылады (оның ішінде, шетелдік ғалымдарды тарта отырып) және ғылыми кадрлардың алдыңғы қатарлы әлемдік ғылыми орталықтарда біліктілігін арттыру жүргізіледі.
Бұл бағытта едәуір көмек БҰҰ-ның Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымымен (ФАО) жүзеге асырылады, ол ФАО-ға мүше елдеріне аграрлық саясатты жасау кезінде консультация беруге, техникалық көмек көрсетуге және ауылшаруашылық өндірісінде ақпараттық, консультациялық қызмет көрсетуге көмектеседі.
Қазіргі кезде ФАО ұйым құрылымын орталықсыздандыру саясатын жүргізуде, ол ФАО эксперттерінің тікелей мүше елдерінде жұмыс істеуге, содан аграрлық саясаттағы өзгерістерге тез арада әсер етуіне ықпал етеді, аумақ ерекшеліктерін ескере отырып елдің үкіметімен қоса ұсыныстар енгізуге және ауыл шаруашылық дамуының басымды бағытын анықтауға көмектеседі. Осыған байланысты ФАО-ның Қазақстандағы ашық өкілеттілігін қамтамасыз ету қажет, ол жоғары білікті ауыл шаруашылық мамандарынан тез арада аграрлық саясатты жасау кезінде консультация алуға, АӨК-нің басымды бағыттарына техникалық және консультациялық көмек көрсетуге ықпалын тигізеді.
Ғылыми зерттеулер нәтижелерінің нәтижелілігін, тиімділігін және бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ғылыми-зерттеу инфрақұрылымын қайта жаңғырту және дамыту, сондай-ақ, ғылыми инфрақұрылымды және мүлікті (оның ішінде, ғимараттарды, жабдықтарды және материалдарды) ағымдағы қамтамасыз ету, әкімшілік және қызмет көрсетуші персоналға еңбекақы төлеу, сондай-ақ, ҚР АШМ-ге ведомстволық бағынысты ғылыми ұйымдардың ғылыми-техникалық қызметін ақпараттық сүйемелдеу қажет.
Ғылыми әзірлемелерді енгізу бойынша жұмыстардың экономикалық қолжетімділігін арттыру мақсатында субсидия түрінде агробизнесті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру ұсынылады.
Сонымен қатар, АШТӨ-нің инвестициялық мүмкіндіктерін арттыру жолымен АӨК-дегі инновациялық қызметті жандандыру үшін агротехнологияларды трансферттеу және коммерцияландыру жүйесін жетілдіру, АӨК субъектілерін білім беру жүйесімен қамтуды кеңейту жоспарланып отыр.
Мемлекеттік-жеке әріптестікті дамыту мақсатында келісім-шарттық зерттеулер жүргізу жолымен ғылыми зерттеулерге салынатын жеке инвестициялар үлесі ұлғайтылатын болады.
АӨК саласындағы білімдерді әлемдік үздік білімдерге сәйкес нәтижелермен жинақтау және енгізу жөніндегі жаңа ғылыми-инновациялық жүйе қалыптастыру үшін халықаралық деңгейдегі транспәндік ғылыми-білім беру кешендерін (орталықтарын) құру жөніндегі жұмыстар жалғасатын болады.
АӨК-нің субъектілері мен мемлекеттік құрылымдардың арасында тиімді кері байланысты орнату мақсатында аграрлық ғылым және кәсіби білім жүйесі шаруаларға тегін консультациондық көмек көрсетуді мемлекеттік қолдау арқасында жалғастыра береді.
Методологиялық базаны дайындау жұмысы әзірленеді, үйретуші материалдар, ақпараттық бюллетендер, ауыл шаруашылығын басқару стратегиясын құру мәселесі бойынша буклеттерді өңдеу жұмысы жүргізіледі, ғылыми қамтамасыз ету үшін аналитикалық материалдар дайындалады, алдыңғы қатарлы өндірістік тәжірибелерді өндірісте қолдану үшін әдiстемелiк ұсыныстар жасалынады, сонымен қатар бизнес-жоспарлар және жобалардың кеңес беріп бақылап отыруы жүргізіледі.
Әсіресе, консультанттардың оқыту тиiмдiлiгiн жоғарылатуына ерекше көңіл бөлiнедi.
25-кесте. Білім беру қызметтерінің, аграрлық ғылым нәтижелерінің және консультациялық қызметтердің қолжетімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіштер
№ | Индикаторлар | Іске асыру жылдары | |||||||
Субсидиялаумен қамтылған, енгізілген ғылыми әзірлемелер саны, бірлік | |||||||||
Білім беру жүйесімен қамтылған АӨК субъектілерінің саны, бірлік | 2 375 | 10 193 | 11 567 | 12 891 | 14 340 | 15 614 | 17 238 | 20 562 | |
Агротехнологияларды трансферттеу және коммерцияландыру бойынша іске асырылған инновациялық жобалардың саны, бірлік |
Дата добавления: 2015-11-16; просмотров: 204 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері 1 страница | | | Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері 3 страница |