Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері 3 страница

АӨК-дегі ағымдағы жағдайды талдау | Р АӨК өнімін өткізудің нысаналы ішкі және сыртқы нарықтары | АӨК дамуын мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау | АӨК-нің басымды салаларының проблемаларын талдау | Аржыландыруға қол жеткізу | Ауыл шаруашылығы техникаларының паркі | Азақстан Республикасының жағдайларына бар проблемаларды шешу бойынша бейімделуі мүмкін оң шетелдік тәжірибені шолу | АӨК-нің мықты және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіптерін талдау | Негізгі тұжырымдар | Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері 1 страница |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

4.3. АӨК субъектілерін мемлекеттік қамтамасыз ету жүйелерін дамыту

Осы бағыт шеңберінде мынадай міндеттерді шешу жоспарланып отыр:

- Фитосанитариялық қауіпсіздік жүйесін дамыту;

- Ветеринариялық қауіпсіздік жүйесін дамыту;

- Сумен қамтамасыз ету жүйесін дамыту.

4.3.1 Фитосанитариялық қауіпсіздік жүйесін дамыту

Фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында заманауи жабдықтарды қолдана отырып, карантиндік, ерекше қауіпті және зиянды организмдердің дамуы мен таратуының мониторингін уақытылы жүргізу, олардың таралу болжамын жасау, карантиндік зиянды организмдердің таралу ошақтарын оқшаулау мен жою жөніндегі және зиянды және ерекше қауіпті организмдерге қарсы күресу жөніндегі іс-шараларды өткізу үшін олардың таралу координаталарын айқындау қажет.

Фитосанитариялық қауіпсіздік жүйкесін дамыту үшін өсімдіктер карантині және аумақтың фитосанитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік органдардың өзара әрекеттесу процестерін біріздендіру мен стандарттауды қамтамасыз етудің әлемдік тәжірибесін мен қалыптасқан практикасын ескере отырып, фитосанитариялық тәуекелді жүйелі талдауды (АФР) жүргізу қажет. Алайда, қазіргі таңда Қазақстан Республикасында АФР жүргізу функциялары тапсырыс негізінде жүзеге асырылады, жүйелі зерттеулер жүргізілмейді. Осыған байланысты, өсімдіктер карантинің қамтамасыз ету жөніндегі үш мемлекеттік мекеменің (Республикалық карантиндік зертхана, Интродукциялық-карантиндік жеміс-жидек дақылдары питомнигі және Интродукциялық-карантиндік дәнді дақылдар питомнигі) бар болуын ескере отырып, осы ұйымдарды біріктіру және қайта ұйымдастырылған мемлекеттік мекеменің функцияларын кеңейту бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарына арттыра отырып және еңбекақы төлеуді сәйкесінше көтере отырып, осы мемлекеттік мекемеге ғылыми-әдістемелік мәртебені беру бойынша жұмыс жүргізілетін болады.

Зиянкестерді, арамшөптерді және өсімдіктердің ауруларын зерттеу зертханаларын заманауи, мысалға, амплификатор сияқты жабдықтармен жарақтау жөніндегі нормативтер әзірленетін болады.

«Е-Agriculture» бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесі пысықталып, фитосанитариялық қауіпсіздік саласындағы бірыңғай ықпалдастырылған ақпараттық жүйесімен толықтырылатын болады.

Ерекше қауіпті зиянды организмдермен күресудің қауіпсіз әдістерін енгізу мақсатында мақтаның, көкөніс, жеміс, жүзім және басқа дақылдардың қауіпті зиянкестеріне қарсы биологиялық күреу әдісін енгізуге арналған нормативтер әзірленетін болады.

2014 жылдан бастап ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге мақтаны өңдеуге арналған биоагент (энтомофагтар) мен биопрепараттар құнын, 2016 жылдан бастап ашық және жабық топырақтағы көкөніс дақылдарын, бақша және жеміс дақылдарын өңдеуге арналған биоагент (энтомофагтар) мен биопрепараттар құнын арзандату жоспарлануда.

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер, өсімдік алуан түрлілігі және табиғи мекендеу орындары, сондай-ақ экожүйелер үшін карантиндік, ерекше қауіпті және зиянды организмдерден төніп тұрған көптеген ерлердегі және күшейіп келе жатқан қатерлер республиканың өсімдіктерді қорғау және карантині қызметін үшін басты проблема болып қалуда. Тұрақты сәйкестендірілетін жаңа зиянды организмдер немесе белгілі зиянды организмдер сауда мен климаттағы өзгерістерге байланысты неғұрлым көп таралуда және залал келтіруде, сондықтан да карантиндік, ерекше қауіпті организмдерге қарсы күрес жалғастырылатын болады.

Елдің фитосанитариялық қауіпсіздігінің күтілетін өзгеруін сипаттайтын негізгі индикативтік көрсеткіш карантиндік және ерекше қауіпті зиянды организмдердің таралу ауданының көрсеткіштері, химиялық өңдеулерді жүргізу ауданы және оның тиімділігі болып табылады.

Химиялық өңдеу тиімділігін жыл сайын 0,2%-ға арттыру кезінде карантиндік және ерекше қауіпті зиянды организмдердің таралу қауіпінің коэффициенті 2020 жылға қарай 0,88 құрайды.

26-кесте. Фитосанитариялық қауіпсіздік жүйесін дамыту жөніндегі нысаналы көрсеткіштер

Р/с № Көрсеткіштің атауы Іске асыру жылдары
               
  Карантиндік және ерекше қауіпті зиянды организмдердің таралу қауіпінің коэффициенті (0,88) 1,02 1,00 0,98 0,96 0,94 0,92 0,90 0,88

4.3.2 Ветеринариялық қауіпсіздік жүйесін дамыту

Ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлерінің негізгі басы жеке қосалқы үй шаруашылықтарында, ұсақ тауарлы, фермерлік және кооперативтік шаруашылықтарда шоғырланған қазіргі заманғы республиканың мал шаруашылығын дамыту жағдайларында инфекциялық және инвазивтік ауруларды жою проблемасының өзектілігі мәнді түрде өсті.

Ветеринариялық саланың бар проблемаларын толық шешуге республика, өңірлер (соның ішінде жеке фермерлік шаруашылықтар) ауқымында жануарлардың инфекциялық және жаппай жұқпалы емес ауруларының алдын алу, профилактикасы және жою, сондай-ақ осы саладағы ветеринариялық бақылау мен қадағалауды күшейту жөніндегі іс-шаралар кезенін әзірлеу ықпал етеді.

Ветеринариялық жүйенің мақсаты ел аумағының орнықты ветеринариялық-санитариялық саулығын қамтамасыз ету болып табылады. Бұдан басқа, мемлекеттегі тұрақты эпизоотиялық ахуал республиканың экспорттық әлеуетін дамытудың діңгегі болып табылады.

27-кесте. Ветеринариялық қауіпсіздік жүйесін дамыту жөніндегі нысаналы көрсеткіштер

Р/с № Көрсеткіштің атауы Іске асыру жылдары
               
  Өндірісі халықаралық стандарт (соның ішінде GMP-стандарт) бойынша сертификатталған ветеринариялық препараттарды пайдалана отырып, жануарлардың ерекше қауіпті ауруларына диагностикалық зерттеулер үлесі, %                
  Өндірісі халықаралық стандарт (соның ішінде GMP-стандарт) бойынша сертификатталған жануарлардың ерекше қауіпті ауруларына қарсы иммундық-профилактикалық ветеринариялық препараттарды қолдану үлесі, %                
  Мониторингтік зертханалық зерттеулерге ұшырайтын тамақ өнімдерінің үлесі, %   0,13 0,18 0,22 0,27 0,32 0,36 0,40

 

Осы көрсеткіштерге қол жеткізуді жүйелі диагностикалық, емдеу-профилактикалық және жою іс-шараларын жүргізу есебінен де, осы іс-шараларды жүргізу тиімділігін жақсартуға бағытталған жаңа бастамалар және жалпы ветеринариялық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру есебінен де жүзеге асыру жоспарлануда.

Ветеринариялық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру бойынша жұмыс
ХЭБ-мен тығыз ынтымақтастықта жүргізілетін болады. Халықаралық экспорттармен бірге ДСҰ-ға кіруді ескере отырып, ветеринариялық заңнаманы үйлестіру мен жетілдіру жүргізілетін болады. Ветеринариялық-санитариялық профилактикалық, диагностикалық және жою іс-шараларын ойдағыдай өткізу үшін ветеринариялық ұйымдарды (мемлекеттік ветеринариялық зертханаларды, ветеринариялық станцияларды, пункттерді) ветеринариялық-техникалық жарақтауды қамтамасыз ету, GMP стандартына сәйкес келетін ветеринарлық препараттар, диагностикумдар мен жемшөп қоспалары өндірісін енгізу, сондай-ақ бірдейлендіру процесін оны одан әрі қолдай және деректер базасымен пысықтай отырып аяқтау жоспарлануда. Инфекциялық ауруларды қадағалау, эпизоотиялық мониторингі, болжау және математикалық модельдеу жөніндегі ақпараттық жүйелерді әзірлеу жүргізілетін болады. Тамақ қауіпсіздігі мақсатында қалдық заттардың бар болуына тамақ өнімдерінің мониторингін жүргізу қамтамасыз етілетін болады. Ақпараттық жүйелерді енгізумен «фермерден үстелген дейін» қағидаты бойында барлық тізбекті бақылау және байқау мүмкін болады, бұл түпкі тұтынушы үшін мал шаруашылығы өнімінің қауіпсіздігін арттырады.

4.3.3 Сумен қамтамасыз ету инфрақұрылымын дамыту

4.3.3.1. Суармалы егіншілік

Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы өндірісіндегі суармалы егіншілік алдағы рөл атқаратын елдер қатарына жатқызылады, алайда гидромелиоративтік жүйелерді пайдалану бойынша жұмыстарды тиісті қаржыландырудың болмауына байланысты суармалы жерлердің іс жүзінде жартысы ауыл шаруашылығы айналымынан шығып қалған.

Шамамен соңғы екі онжылдықта республикада суару желісін қайта жайластыру, жерлердің мелиорациялық жай-күйін жақсарту, олардың сумен қамтамасыз етілуін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілмеді.

Суару жүйелерінің техникалық жай-күйінің мәнді нашарлауы, суару суын және жер үстінде суаруды өздігінен ағу ағысы бойынша берудің басым болуы белгіленеді. Республиканың оңтүстігіндегі ірі суарылатын алқаптарында суды суару көздерінен сумен өңдеу орындарына дейін тасымалдау магистральдық және шаруашылық аралық каналдардың жеткілікті дамыған су әкелу желісі бойынша, негізінен жердегі арнасында жүзеге асырылады. Желілердің тұнбалануы, өсімдік өсіп кетуі, бұзылуы, гидромеханикалық жабдықтың тозуы мен мүлдем жоқ болуы, жөндеу жұмыстарының тоқтатылуы белгіленеді. Жүйелер суды есепке алу құралдарымен, көлік инфрақұрылымымен аз жарақталған. Бірқатар ірі каналдар күрделі қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді талап етеді.

Сумен қамтамасыз инфрақұрылымын дамыту мақсатында Қазақстан республикасының су шаруашылығын дамыту мен жаңғыртудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы әзірленіп, бекітілетін болады, оның мақсаты халықты, қоршаған ортаны және экономика салаларын кепілдендірілген сумен қамтамасыз ету мен су ресурстарымен және су шаруашылығы объектілерімен байланысты табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу болады.

Агроөнеркәсіп кешенін сумен қамтамасыз ету инфрақұрылымын дамыту бөлігінде нысаналы индикатор ретінде мынадай көрсеткіш айқындалды:

28-кесте. Сумен қамтамасыз ету инфрақұрылымын дамыту жөніндегі нысаналы көрсеткіш

Р/с № Көрсеткіштің атауы Іске асыру жылдары
               
  Қалпына келтірілген суарылатын жерлердің ауданы, мың га - -           -

Суарылатын жерлердің 61%-ы Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында орналасқан. Осы үш облыстардағы суарылатын жерлердің жалпы ауданы 1078 мың гектарды құрайды, соның ішінде 2011 жылы 94%-ы пайдаланылды, 6% жер қалпына келтіруге жатады, ол шамамен
61 мың гектарды құрайды.

Елдің оңтүстік облыстарындағы пайдаланылмайтын суарылатын жерлерді қалпына келтіру үшін ҚР су шаруашылығын дамыту мен жаңғыртудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасына сәйкес іс-шаралар жүзеге асырылатын болады.

4.3.3.2. Жайылымды суландыру

Отарлы мал шаруашылығын дамыту бағдарламасын іске асыру мақсатында, мал жайылымдарын сумен қамтамасыз ету жүзеге асырылады.

Жер пайдаланушылар мен малшылар, жауын-шашынның маусымды және тұрақсыз түсуіне байланысты, жасанды құрылыстардан едәуiр мөлшерде тәуелдi болады.

Бұл мәселелердi шешу үшiн келесi шаралар жүргiзiледi:

- Отарлы мал шаруашылығының суландырушы ғимараттарын пайдалану жүйесінің нормативтiк - заңға сүйенген негiзiнде өңдеуi;

- Жердің гидрогеологиялық жағдайын зерттеу арқылы жайылым аумақтарын кешендi тексеруi және мал жайылымдарын игеру және суландыру схемаларын өңдеуi;

- Мал жайылымды аумақтардың жер асты суларымен қамтамасыз етілуін талдау және бағалау;

- Мемлекеттiк сараптамасы бар отарлы мал шаруашылығының суландырушы ғимараттарының құрылысына жоба-сметалық құжаттамасын өңдеуi;

- Отарлы мал шаруашылығының жайылымды суландырушы ғимараттарын салу құрылысы.

Осы шаралар мемлекеттің меншiгіндегі жерлерде жүргiзiледi.

Жайылымды суландырушы ғимараттар су шарушылық ғимараттарының аудандық коммуналдық кәсiпорындарының балансына қабылданады, ал пайдалану және қызмет көрсету бойынша, ұзақ мерзiмдi жалдау негiзде мал шаруашылықтармен iске асырылады. Инфрақұрылымның жасалуы (ұшқалық станциялары, үрлегiштер, күн батареялары, вагондар) «НУХ «КазАгро» АҚ-ның несие өнiмдерiнiң қолдануымен, ауыл шаруашылық өнiм өндiрушiлерiмен жүзеге асырылады.

29-кесте. Жайылымды суландыру бойынша нысаналы көрсеткiш

Р/с № Көрсеткіштің атауы Іске асыру жылдары
               
  Жайылымды суландыру, млн. га     1,0 3,0 3,0 3,0 5,0 5,0

 

4.4. АӨК мемлекеттік реттеу жүйелерінің тиімділігін арттыру

Осы бағыт шеңберінде мынадай міндеттерді шешу жоспарланып отыр:

- Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану тиімділігін арттыру;

- Ауыл шаруашылығы дақылдарын мемлекеттік сорттық сынаудың тиімділігін арттыру;

- Салық салу жүйесінің дамуы;

- АӨК субъектілері үшін мемлекеттік қызметтерді көрсету жүйесін дамыту;

- Ауыл шаруашылығындағы техникалық реттеу жүйесін дамыту;

- АӨК-дегі мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесінің тиімділігін арттыру.

4.4.1 Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланудың тиімділігін арттыру

Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымсыз және тиімсіз пайдаланумен байланысты проблемалар бар. Мұндай жағдайдың объективті себептерінің бірі жерді иеленгені үшін төмен төлем болып табылады, ол жерді болашақ перспективаға алуға, оны мақсаты бойынша пайдаланбауға және мәнді шығындар тартпауға мүмкіндік береді.

Осыған байланысты жер пайдаланушылардың ауыл шаруашылығы жерлерін пайдаланбағаны және ұтымсыз пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілігін арттыру жөніндегі шаралармен қатар ауыл шаруашылығы өндірушілерін жерлерді барынша тиімді пайдалануға экономикалық ынталандыру қажет.

Бұл үшін мынадай шаралар кешенін жүзеге асыру ұсынылады:

· Ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымсыз пайдаланғаны үшін айыппұл санкцияларын және басқа шараларды жер пайдалану құқығының қолданылуын тоқтатуға дейін нормативтік-құқықтық актілерде бекіте отырып, жерлерді ұтымды пайдалануды бақылау мен мониторингі жүйесін одан әрі дамыту;

· Аграрлық заңды тұлғаларды жалпы салықтық жүктемені арттырусыз БЖС ұқсас (ҚҚС және еңбекақы төлеу қоры салықтарын қоспағанда) бірлестірілген оңайлатылған салықты төлеуге көшіру. Бұл ретте есептеу жердің нарықтық құнына қарай ыңғайластырылып жүргізілетін болады. Шаруа қожалықтары үшін Бірыңғай жер салығын «Шаруа қожалығы және фермерлік шаруашылық туралы» Заңға өзгерістер енгізу жолымен олардың санын қысқартып, бұрынғы деңгейде қалдыру қажет.

· Ауыл шаруашылығы өндірушілеріне мамандығы бойынша ұсынымдар әзірлей отырып, сондай-ақ осы аумақта шаруашылық жүргізу үшін оңтайлы дақылдарға, жануарлар тұқымдарына сәйкес субсидиялар, гранттар, басқа мемлекеттік қолдау нысандарын бөле отырып, елдің аумағын аймақтауды жүргізу. Осылайша, осы аумақ үшін өнімді емес қызмет бағыттарына мемлекеттік бюджет қаражатын өнімді емес шығындау алып тасталатын, ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін бағдарлар ұсынылатын болады.

Сонымен бірге АӨК салық салу жүйесін дамыту табыстарды жалпы декларациялауға көшуді, салық заңнамасын халықаралық стандарттармен үйлестіруді, салықтық есептілік санын қысқарту мен нысандарын оңайлатуды көздейтін ҚР салық жүйесін дамытудың жалпы бағытына сәйкес болуы тиіс. Осылайша, бағдарламаны іске асыру кезеңінде қазіргі уақытта жиынтық жылдық табысы туралы декларацияны ұсынбайтын ҚШ (ФШ) табыстарын декларациялау жүзеге асырылатын болады, ДСҰ-ға кіргеннен және көшпелі кезенді аяқтағаннан кейін ауыл шаруашылығы өндірушілері және қайта өңдеушілер үшін арнайы салықтық режим бойынша жеңілдіктер, ҚҚС төлеу бойынша жеңілдіктер алып тасталатын болады. Салықтық жүктеменің өскен көлемдері ДСО «сары» және «жасыл» кәрзенкесінің шеңберінде субсидиялау тетіктері арқылы өтелетін болады.

30-кесте. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану тиімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіштер

Р/с № Көрсеткіштің атауы Іске асыру жылдары
               
  Ұтымсыз пайдаланылатындар санынан қосымша ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға енгізу, млн. га - 0,4 1,2 1,7 1,4   0,7 0,4

4.4.1.1 Ауыл шаруашылығына агрохимиялық қызмет көрсету тиімділігін арттыру

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету және олардың құнарлығын арттыру жолдарының бірі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің агрохимиялық жай-күйін айқын бақылау болып табылады.

Топырақтарды агрохимиялық бақылап қарау 2000 жылдан бастап жүргізілуде. 2000 – 2011 жылдары 19,1 млн. гектар немесе республиканың жыртылған жерлерінің ауданынан 78% бақыланып қаралды.

Топырақтар құнарлығының агрохимиялық жай-күйін бақылау үшін циклдігін анықтай отырып, топырақтарды агрохимиялық бақылау қарауды жүргізу қажет, ол Қазақстан Республикасы үшін суармалы егіншілік жағдайларында бес жылда бір рет және бағара (суарылмайтын) егіншілік жағдайларында жеті жылда бір рет құрайды.

Мұндай циклдігі бақылап қараудың бірінші турын аяқтауды жеделдетуге және құнарлық деңгейі бойынша базалық көрсеткіштерді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Алайда, агрохимиялық бақылап қараудың 1,5 млн. гектардан артық емес аудандағы қолданыстағы жыл сайынғы көлемі мұндай циклдігін сақтауға мүмкіндік бермейді.

Көрсетілген циклдігіне қолжеткізу үшін 3,5 млн. гектарддан кем емес аудандағы топырақты жыл сайынғы агрохимиялық бақылап қарауды қамтамасыз ету қажет. Ақпараттық жүйелердің деректер банкі құрылатын болады.

31-кесте. Ауыл шаруашылығына агрохимиялық қызмет көрсету тиімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіш

Р/с № Көрсеткіштің атауы Іске асыру жылдары
               
  Жыртылған жерлерді агрохимиялық бақылап қарау ауданы, млн. га 3,5 3,5 3,5 3,5 3,5 3,5 3,5 3,5

Белгiлердiң бiрлерiнiң топырақ құнарлылығының агрохимиялық барлауының өткiзулерi гумустiң ауылшаруашылық тағайындау және егiстiк топырақтардың қамтамасыздығының агрохимиялық картограммаларының құрастыруының топырақтарының агрохимиялық күйi туралы ақпараттық деректер қорының жүргiзуi болып табылады, қоректендiргiш элементтердiң жылжымалы формаларымен. Картограммалардың негiзiнде минералды тыңайтқыштардың тиiмдi және тиiмдi қолдануы және топырақ құнарлылығының сақтауы бойынша ұсыныстар өндейдi.

Деректер қоры және агрохимиялық картограммалар топырақ құнарлылығының сақтауына қайтадан тексеруде 5-7 жылдардан кейiн бақылаудың негiз болады.

Топырақтардың агрохимиялық тексеруi бойынша шешiм топырақтардың қолдануға және қорғауы бойынша мемлекеттiк инспекторларға беруге ендiгәрi жоспарланады, топырақ құнарлылығының маңызды төмендету елiктiрген жер телiмiнiң қолдануының жағдайындағы тағайындаудың топырақтарының алып қоюы әкiмшiлiк сипат шейiн қай олар негiзiнде шара қолданады.

4.4.1.2. Ауыл шаруашылығының ақпараттық қамтамасыз етуiн дамыту

Ауыл шаруашылығының ішкі мәселесін шешу, әсіресе мал шаруашылығының қарқынды дамуы мен топырақтың тұздалуынан жердің шөлге айналуы, ауылшаруашылық өндірісінің табиғи жағдайларға байланысты болуы ауылшаруашылық өндірісін тиімді дамытатын жаңа әдістерді тұрақты іздестіруіне итермелейді.

Мүндай әдістердің бірі дәл егін шаруашылық технологиясы болып табылады. Нақты мәлiметтер негiзiнде бұл егiн шаруашылық түрi, өнiмдiлік пен өнiм сапасының өсуіне бағытталған тәптiштелген бақылауларды қамтамасыз етеді.

Ауыл шаруашылығына пайдаланатын жерлер бойынша (топырақтың дымқылдығы, өсуі және өсiмдiктердiң ауруы, метеохабарлама) АӨК-нің «Платформа» ақпараттық жүйесі негізінде, мәліметтерді жинау және деректерді өңдеу жүйесін ендіру жоспарланды.

32-кесте. Ауыл шаруашылығының ақпараттық қамтамасыз етуін дамыту бойынша нысаналы көрсеткіш.

Р/с № Көрсеткіштің атауы Іске асыру жылдары
               
  Дәл егін шаруа- шылығын қолдануы, облыстар саны                  

4.4.2 Ауыл шаруашылығы дақылдарын мемлекеттік сорттық сынаудың тиімділігін арттыру

«Ауыл шаруашылығы дақылдарын сорттық сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия» ММ (бұдан әрі – Мемлекеттік комиссия) басты міндеті ауыл шаруашылығы дақылдарының шаруашылық құнды белгілері мен қасиеттері кешені бойынша ең жақсы сорттарын анықтай отырып, жаңа отандық және шетелдік селекция сорттарының шаруашылық пайдалығына мемлекеттік сынақты және патент қабілеттілігіне сараптаманы ұйымдастыру мен жүргізу болып табылады.


Дата добавления: 2015-11-16; просмотров: 207 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері 2 страница| Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері 4 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.017 сек.)