Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азақстан Республикасының жағдайларына бар проблемаларды шешу бойынша бейімделуі мүмкін оң шетелдік тәжірибені шолу

Мазмұны | Бағдарлама паспорты | АӨК-дегі ағымдағы жағдайды талдау | Р АӨК өнімін өткізудің нысаналы ішкі және сыртқы нарықтары | АӨК дамуын мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау | АӨК-нің басымды салаларының проблемаларын талдау | Аржыландыруға қол жеткізу | Негізгі тұжырымдар | Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері 1 страница | Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері 2 страница |


Читайте также:
  1. A) Қолданушыға қажет жұмыстарды атқаруға мүмкіндік беретін программа.
  2. A] Мұра орналасқан елдің құқығы бойынша
  3. Flash MX-те жұмыс жасау мүмкіндігі
  4. XІ- ХVІ ғ.ғ. Қазақстанны” қай ө”ірінде қалалар гүлденді ?
  5. Ақ Орда Қазақстанның этникалық территориясындағы алғашқы мемлекет.
  6. АӨК-нің мықты және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіптерін талдау
  7. азақстан 2050» стратегиясы. Еліміздің жаңа саяси бағыты.

Азық-түлік өнімдерін тұтынудың қарқынды өсуімен және бір уақытта су, жер, отын-энергетика ресурстары тапшылығының артуымен әлемдік халықтың өсуі орын алуда, бұл азық-түлік өнімдеріне бағаның өсуіне әкеледі. Жалпы 2020 жылға қарай әлем халқы 7,6 млрд. адам құрайды, яғни
2011 жылмен (шамамен 7 млрд. адам) салыстырғанда 600 млн. адамға өседі. Азық-түлік өнімдерін тұтыну құрылымы өзгереді: етті, сүтті және сүт өнімдерін, балықты, көкөніс пен жемістерді тұтыну үлесі артады. Әлемде ауыл шаруашылығы алдында тұрған негізгі міндет өндірісті 2050 жылға қарай 70%-ға арттыру болып табылады. Осы мақсатқа қол жеткізу ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі өсуінің баяндай түсуімен және су ресурстарының шектеулі болуымен қиындайды. Ауыл шаруашылығы жерлерінің шөлейттену және азып-тозу процесі жүруде. БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының деректері бойынша жыртылған жерлердің үштен бірі азып-тозуға ұшырауда, бұл соңында 100-ден астам елдегі 1 млрд. астам адамның өмір сүру әрекетіне кері әсерін тигізеді.

1998 жылы әлемнің ОЭСР-ге кіретін дамыған елдері өкілдерінің министрлік кездесуінде аграрлық сектордағы мемлекеттік саясаттың бірлескен қағидаттары туралы келісімге қол жеткізілді, оларға сәйкес мемлекеттік саясаттың қолданылатын шаралары мынадай сипатқа ие болулары тиіс:

- ашықтылық: пай алушылардың нақты айқындалған міндеттерінің, шығындарының және пайдаларының болуы;

- нәтижелік: нақты айқындалған нәтижелер;

- оңтайлық: шығыстар нақты айқындалған нәтижелерге қол жеткізу үшін ең төмен қажетті болулары тиіс;

- икемділік: ауыл шаруашылығында пайда болатын жағдайды көрсету, міндеттер мен басымдықтардағы ден қоюға дайын болу, сондай-ақ қойылған нәтижелерге қол жеткізу үшін қажетті уақыт ішінде қолданылатын болуы;

- тең мәнділік: қолдауды секторлар, фермерлер мен өңірлер арасында бөлу эффектілерін назарға алу.

Секторды қолдау деңгейі бойынша Қазақстан салыстырмалы көрсеткіштерде орташа деңгейде тұр. Ауыл шаруашылығын жалпы қолдау бұл жағдайда ауыл шаруашылығы құрылымдарына бюджеттен төлемдерді де, жанама қолдау шараларын да (мысалға, тарифтік саясатты) қосады.

15-сурет. Елдің ЖІӨ-нің үлесі ретінде а/ш жалпы қолдау, 2005-2007 жылдардағы орташа көрсеткіш

Дерек көзі:ЭЫДҰ

Агросекторды мемлекеттік реттеудің мынадай негізгі нысандарын бөлуге болады: бағаны қолдау (АҚШ), гектар мен мал басына төлемдер арқылы табысты қолдау (Еуропа одағының елдері), тарихи табыс деңгейінің негізіндегі төлемдер арқылы табыстарды қолдау (Канада) және кредиттеудің жеңілдік режимдері (Бразилия). Қазіргі уақытта ДСҰ шеңберінде ауыл шаруашылығын тікелей мемлекеттік қолдау шараларынан бас тарту бойынша үрдіс басым болуда. ДСҰ мен әлемдік аграрлы азық-түлік нарықтарында Керн тобының елдері (Австралия, Аргентина, Жаңа Зеландия, Канада және басқалары) неғұрлым көп мәнге ие болуда, оларда ауыл шаруашылығына тікелей субсидиялардың ең төмен деңгейі бар және саланы өндірістің бәсекеге қабілеттілігін және тиімділігін өсіру есебінен дамытуда. Ауыл шаруашылығын тікелей қолдауды пайдаланбайтын Керн тобы елдерінің тәжірибесі субсидиялардан бас тарқаннан кейінгі кезеңдегі өндіріс факторларының жалпы өндіргіштігінің неғұрлым жоғары өсуін көрсетеді[1].

Бұл дамыған елдерде тысқары ауыл шаруашылығының жеке бағыты құрастырды - органикалық өнiмнiң өндiрiсi. Әлемдегi органикалық өнiмнiң нарығының дамытуының көрсетедi биiгiрек және дәстүрлi ауыл шаруашылығының өнiмi бар салыстыруындағы тұрақты баға өсудiң жоғары қарқындары, неткенмен жеткiлiктi. Органикалық өндiрiсiнiң отандық өнiмдерi органикалық өндiрiстiң әлемнiң дамыған ел танылған сертификациялау жүйесiне енгiзу шетел тауарлары қарағанда салдарынан бәсекеге түсе алатын бола алады.

 


Дата добавления: 2015-11-16; просмотров: 183 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ауыл шаруашылығы техникаларының паркі| АӨК-нің мықты және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіптерін талдау

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)