Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Аржыландыруға қол жеткізу

Мазмұны | Бағдарлама паспорты | АӨК-дегі ағымдағы жағдайды талдау | Р АӨК өнімін өткізудің нысаналы ішкі және сыртқы нарықтары | АӨК дамуын мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау | Азақстан Республикасының жағдайларына бар проблемаларды шешу бойынша бейімделуі мүмкін оң шетелдік тәжірибені шолу | АӨК-нің мықты және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіптерін талдау | Негізгі тұжырымдар | Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері 1 страница | Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері 2 страница |


Читайте также:
  1. a] ұлттық заңдардың қолданылуын
  2. АӨК дамуын мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау
  3. Баға тәуекелі – бентонитті сатып алуда келісілген баға және оны тиімді қолдану.
  4. Жылы халықтың қолдауымен Жанқожа батыр құлатқан бекініс. Хиуа бекінісі.
  5. Мемлекеттің халықты әлеуметтік қолдауы және қорғауы
  6. Олма-қолсыз есеп айырысулар мәні, жүзеге асыру тәртібі. 1 страница

2001 жылдан бастап экономикаға берілген кредиттер көлемі 18 есеге жуық өсті. Жеке банктердің ауыл шаруашылығына беретін кредиттері де өсті, алайда, барынша аз ауқымда – 2003-2011 жылдар кезеңінде бар болғаны 3,88 есеге өсті.

9-сурет. 2001-2011 жылдары жыл соңында берілген кредиттер көлемі, млрд. АҚШ доллары

Дерек көзі: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

2011 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша берілген кредиттер көлемі 545 млрд.теңгеден астамды құрады. Күдікті және үмітсіз кредиттер үлесі ауыл шаруашылығында жалпы экономикамен салыстырғанда айтарлықтай төмен.

10-сурет. 2012 жылдың 1 қаңтарына банктердің кредиттерін жіктеу, %

Дерек көзі: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

2012 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) және «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ның АӨК саласындағы кредиттік портфелі (595 млрд.теңге). Ауыл шаруашылығы өндірушілеріне берілген күдікті және үмітсіз кредиттер сомасы келесі негізгі факторлар әсерінің нәтижесінде 292 млрд.теңгені (49%) тұрады:

1) 2008 жылғы халықаралық қаржы дағдарысы;

2) Қазақстан өнімдерін, оның ішінде, астықты өткізудің экспорттық нарықтарындағы төмен баға және қолайсыз жағдай;

3) валютадағы кредиторлық берешектің ұлғаюына әкелген 2009 жылғы ұлттық валюта бағамының төмендеуі;

4) ауыл шаруашылығы дақылдарының төмен өнімділігіне және экспортқа шектеулер қоюға әкелген 2010 жылғы қолайсыз құрғақ ауа райы жағдайы.

АӨК-ні дамытуға республикалық бюджет қаражатынан 2007-2011 жылдар ішінде 1 571,9 млн. теңге бағытталды, оның ішінде, субсидиялар үлесіне (суды пайдалануды субсидиялауды есептемегенде) 25,9% немесе 407 млн. теңге келді. Сондай-ақ соңғы 5 жылда «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ (бұдан әрі – «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ) құрамына кіретін қаржы ұйымдары арқылы АӨК-ні қолдауға 891 млрд.теңге бағытталды, оның ішінде, кредит беруге 520 млрд.теңгеден астам қаржы бағытталды.

Ауыл шаруашылығын кредит ресурстарымен қамтамасыз етуде айтарлықтай үлесті «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ алады, ол АӨК-де іске асырылатын инвестициялық жобалардың жартысын қаржыландырады.

11-сурет. 2012 жылдың 1 қаңтарындағы кредиттік портфель, млрд.теңге

Дерек көзі: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ

2007-2011 жылдар кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуші өнеркәсіптерге екінші деңгейлі банктер берген кредиттер 1 289 млрд.теңгені құрады.

12-сурет. 2007-2011 жылдары банктердің АӨК-нің қайта өңдеуші салаларына берген кредиттері, млн. теңге

Дерек көзі: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

Соңғы 5 жылда ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға жыл сайынғы инвестициялар шамамен 2 есе, атап айтқанда 2007 жылғы 56 млрд. теңгеден 2011 жылғы 107,4 млрд. теңгеге дейін артты. Ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға инвестициялар үлесі Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялардың жалпы сомасынан соңғы 5 жылда іс жүзінде дәл сол деңгейде қалды, 2007 және 2011 жылдары сәйкесінше 1,7% және 2,2% құрады, бұл ретте елдің ЖІӨ-дегі үлесі өнімнің үлесі 5%-дан артық құрады. Осылайша, ҚР АӨК салыстырмалы инвестициялық тартымдылығы басқа салалармен салыстырғанда осы жылдары өскен жоқ.

Ауыл шаруашылығы саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін АӨК жобаларын қаржыландыруға тартылатын кредиттерді арзандатуға бағытталған бірқатар қарылық құралдарды және кредиторлар мен инвесторлардың тәуекелін төмендету құралдарын енгізу қажет.


Дата добавления: 2015-11-16; просмотров: 82 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
АӨК-нің басымды салаларының проблемаларын талдау| Ауыл шаруашылығы техникаларының паркі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)