Читайте также: |
|
Ұйымдардың ақшалай қаражаты банкте олардың қызмет сипатына сәйкес ағымды және есеп айырысу шоттарында сақталады.
Банктік шот – бұл банк тәжірибесінде қалыптасқан іскерлік қатынас салтында қолданылатын заңдылықтар мен келісім-шарттарда қарастырылған, клиентке банктік қызмет көрсетуді жүзеге асырумен байланысты депозитті қабылдау және банктік операцияларды жүзеге асыру бойынша банк пен клиент арасындағы келісім-шарттық қатынасты бейнелеу әдісі.
Коммерциялық банктердің дәстүрлі базалық функцияларының бірі өз клиенттеріне әртүрлі банктік қызмет көрсету үшін қажетті (қолма-қолсыз) ақшасыз есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізу болып табылады.
Шоттардың әртүрлі түрлерін ашуда (есеп айырысу, ағымдағы, депозиттік және т.б.) өз клиенттеріне коммерциялық банктер олардың тапсырмалары бойынша сәйкес төлем құжаттарының бар болуында клиент шотынан құжатта көрсетілген соманы қабылдайды және қажетсіздендіріледі.
Нарықты экономика жағдайында кәсіпорындар мен ұйымдардың жекелігі әртүрлі меншік формалары кәсіпорындары арасындағы, сонымен қатар жеке тұлғалар арасындағы шаруашылық байланыстардың көптүрлілігі және дамытуды нығайтуды ұсынады. Мұндай байланыстар қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар арқылы жүзеге асырылады.
Субъектілер барлық шаруашылық жұмыстарын жүргізу үшін және басқа субъектімен есеп айырысу үшін өз ақша қаражаттарын банкте ашылатын арнайы шоттарда сақтайды.
Банкаралық есеп айырысуларды жүргізгенде екінші деңгейдегі банктермен есеп айырысу орталықтарындағы құжаттар айналымы Ұлттық Банктің нормативтік құжаттарына сәйкес жүргізіледі.
Ақша қаражаттарын сақтау үшін және жеке, заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелері есеп айырысу шотын және ағымдағы шот ашады. Банктік шотты ашу банк пен шот иесі арасында банктік шоттың келісімін жасаумен жүргізіледі. Онда орындалатын операциялардың тізімі және қосымша қызметтер мен төлем тәртібі, сонымен қатар клиент реквизиттері және банкпен шаруашылық субъектіге берілген жеке код көрсетіледі.
Төлем құжатымен есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде шоттардың келесі корреспонденциясы құрылады:
1. Егер ақша жөнелтуші мен бенефициарға бір банкте қызмет көрсетілсе, онда келесі жазба құрылады:
Дт шот 2203 «Клиенттердің ағымдағы есеп шоттары» ақша жөнелтуші
Кт шот 2203 «Клиенттердің ағымдағы есеп шоттары» бенефициар
2. Егер ақша жөнелтуші мен бенефициарға әртүрлі банк қызмет көрсетсе, олардың арасындағы есеп айырысу корреспонденттік шоттар арқылы жүргізіледі:
Дт шот 2203 «Клиенттердің ағымдағы есеп шоттары»
Кт шот 1051 «Банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі корреспонденттік есеп шоты»
немесе
Кт шот 1052 «Банктің басқа банктердегі корреспонденттік есеп шоты»
3. Есеп айрысуды жүзеге асырғаны үшін банк комиссиялық ақы ұстайды:
Дт шот 2203 «Клиенттердің ағымдағы есеп шоттары»
Кт шот 4601 «Банктің аударым операциялар бойынша көрсеткен қызметі үшін есептелген комиссиялық кірістер».
Төлем талап- тапсырмасы – қызмет көрсетуші банкке жолданған есеп айырысу және тиеу құжаттары негізінде жеткізілген өнім, орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет келісімі бойынша құнын төлеу туралы бенефициардың жөнелтушіге берген талабы.
Есеп айырысудың келешегі зор нысаны ретінде чектермен есеп айырысуды айтуға болады. Чек банк клиентінің банкке ақша қаражатын өз шотынан алушы шотына аудару туралы бланкте жазылған жазбаша тапсырмасын білдіретін бағалы қағаз болып табылады.
Чек кітапшасындағы ақшалай қаржылары жабдықтаушылар мен тасымалдаушы кәсіпорындардан және байланыс ұйымдары мен басқа субъектілерінен алынған тауарлық-материалдық қорлардың құнын төлеуге және олардың қызметтері үшін есеп айырысуларға арналған.
Кәсіпорындар мен ұйымдар, мекемелер чек кітапшаларын алу үшін банкке өтініш жазады, сонымен қатар осы өтінішпен бірге кәсіпорын немесе мекеме алатын чек кітапшасындағы соманы депоненттеу үшін банк мекемесіне төлем талап тапсырмасын ұсынуы керек.
Банк мекемесі чек чек кітапшасының тиісті жеріне ол чек кітапшасы берілетін кәсіпорын немесе мекеменің толық аталуын, ал егер жеке адамға берілсе, оның аты-жөнін жазады. Чек кітапшасындағы соманың жұмсалмаған, яғни пайдаланылмаған мөлшері көрсетіледі. Чек кітапшасы арқылы бір немесе бірнеше жабдықтаушымен есеп айырысуға болады.
Пластикалық карталар атаулы төлем құжаттары болып табылады, ол банктермен шығарылады және клиент карточка иесі шотындағы қаржылармен қамтамасыз етілген.
Қолда бар ақшаны қабыладуда пластикалық карточкамен операцияларды жүзеге асыру үшін келесі жазба жасалады:
Дебет шот 1001 «Кассадағы ақша»
Кредит шот 2860 «Басқа кредиторлар»
Коммерциялық банктерде пластикалық карточкалармен операциялар клиенттердің депозиттік шоттарынан жүзеге асырылса, келесідей жазба беріледі:
Дебет шот 2211-2221 «Клиент депозиттері»
Кредит шот 2860 «Басқа кредиторлар»
Одан кейін түскен сомалар клиенттердің карточкалық шотына жіберіледі.
8. Банк аралық корреспонденттік қатынастарды ұйымдастыру және олардың есебі.
Көптеген коммерциялық банктердің және оның филиалдарының құрылуына байланысты еліміздің экономикасын әрі қарай дамыту мақсатында корреспондентік қатынастар жүйесі арқылы таралатын олардың арасындағы өзара байланысты орнату қажет.
Корреспондентік қатынастармен өзара банкті қызметтің үлкен жиынмен қарастырылады. Банкаралық есеп айырысулар банктер арасындағы қатынастардың бір түрі, ол басқа банктерде ашылған шоттарға ақшалай қаржыны аудару бойынша банк клиенттерінің тапсырмаларын орындаумен байланысты, сонымен қатар банктің меншікті операцияларын орындаумен байланысты.
Банк ісінде меншік формаларының өзгеруі – акционерлік және пайлық банктерді құру банктер арасында есеп айырысу сферасында және меншіктің шектеулерін талап етті. Ұлттық Банктің мекемелерінде және оның филиалдарынан ашылған коммерциялық банктердің корреспонденттік шоттары арқылы төлемдерді жүзеге асыруға негізделеді.
Банкаралық есеп айырысуларды басқарудың екідеңгейлі жүйесіне көшумен байланысты бас банктің деңгейінде біріңғай корреспонденттік шот бойынша жүргізіледі.
Біріңғай корреспонденттік шот жұмысы Ұлттық Банк филиалы және бас банк арасындағы корреспонденттік қатынас туралы келісіммен регламенттеледі. Біріңғай корреспонденттік шот бойынша төлемдерді жүргізуді коммерциялық банктің есеп айырысу орталығы қамтамасыз етеді.
Филиал ішінде жүргізілетін төлемдер филиалдың ішкі және сыртқы корреспонденттік шотында бейнеленеді. Солнымен келесідей жазбалар жасалады:
Филиалдан шығатын төлемдер бойынша;
Дебет – клиенттің есеп айырысу немесе басқа шоты, ішкі корреспонденттік шот
Кредит – 1352 (885) субкорреспонденттік шот.
Келесі күні филиал есеп айырысу орталығынан субкорреспонденттік шот бойынша көшірмені, бастапқы және жауап төлемдер ведомостын, электронды құжаттар бойынша қосымшаны қосатын соңғы формалар жиынын алады, оның негізінде келесі күнге баланс мәліметтері жүргізіледі. Бұған келесідей жазба жасалады:
Дебет 1352 (885) - субкорреспонденттік шот
Кредит – түскен төлемдердің белгіленуі бойынша сәйкес шот
Жауапты электронды құжаттар қосымшаларын алмаған жағдайда сыртқы корреспонденттік шотқа 2152 (886) жазылған қаржылар келесі жазбамен бейнеленеді:
Дебет 1352 (885) жергілікті филиалмен есеп айырысулар
Кредит 2870 (902) тұрақты транзиттік шот.
Қосымшаларды алғаннан кейін:
Дебет 2870 (902) мықты транзиттік шот
Кредит – қосымшаға сәйкес шот.
9. Депозиттік операциялар және олардың есебі
Банктер өздерінің активті операцияларын жүргізу үшін пассивті операцияларды өткізу нәтижесінде пайда болатын тартылған қаржыларды қолданады.
Коммерциялық банктің пассивті операциялары келесі нысанда жүзеге асырылуы мүмкін:
-банк қорын қалыптастыру және ұлғайту үшін банктердің пайдасы есебінен аударулар;
-басқа заңды тұлғалардан алынған несиелер;
-депозиттік операциялар.
Депозиттік операциялар – бұл заңды және жеке тұлғалардың тартылған қаржылары бойынша белгілі бір мерзімге немесе талап ету салымы бойынша банктердің операциялары.
Халықаралық банктік тәжірибеде барлық депозиттер төрт топқа бөлінеді:
-мерзімді депозиттер;
-талап етілмелі депозиттер;
-жинақ салымдары;
-бағалы қағаздар.
Талап етілмелі депозиттер чектік депозиттер деп те аталады. Талап ету депозиті түрінде қаржы тарту кезінде банк пен салымшы арасында келісімшарт жасалады. Чектік депозит – бұл міндетті түрде өтелуге тиісті, салымшыға чек жазуға құқы беретін шот.
Талап ету депозитінің бір түрі банктің клиентпен барлық операциялары есептелетін контокоррент – біріңғай шот болып табылады. Контокорентте банк қарыздары, сондай-ақ шоттан клиент тапсырысы бойынша барлық төлемдер және де шотқа салым, аударым және т.б. түрде түсетін барлық қаржы көрсетіледі.
Сонымен қатар талап ету депозитіне овердрафт шотын жатқызуға болады, овердрафт – банк пен клиент арасындағы келісімге сәйкес, банк анықтаған мөлшерде шотта бар қаржы көлемінен артық соманы алуға мүмкіндік беретін шот, бұл да несие алмасуды білдіреді.
Талап ету депозитінің тағы бір түрі – нау-шоттар – пайыздық мөлшерінің жоғары шегі жоқ шоттар, яғни ол қалқымалы болуы мүмкін. Супернау- шоттар – бұл қолма-қол ақшаны қолдану шоттары, оларды ашу қызметтер кешенін ұсынады.
Депозиттік шоттардың келесі бір түрі – автоматтық аудару шоттары. Жинақ шоттарынан ақша қаржыларын автоматты түрде аударуға мүмкіндік беретін, чектерді жабу үшін чектік депозиттерге пайыз әкелетін депозиттің түрі. Бұл депозиттерден басқа банктер баланстық есеп берулерінде «банк қызметкері жазған чектер және куәландыратын чектер» деп аталатын шағын баптар енгізіліп жүр. Куәландырылған чектер – банк қызметкері беретін төлемі кепілденген чектер.
Жинақ депозит туралы келісім негізінде ашылады. Қазіргі кезде жинақ депозиттерінің басты типі жинақ кітапшаларындағы шоттар, жинақ салымының жағдайы туралы жазбасы бар шоттар, сондай-ақ ақша нарығының депозиттік шоттары болып табылады.
Жинақ кітапшаларындағы шоттар – бұл жедел алуға болатын, пайыз әкелетін чектік емес депозиттер.
Мерзімдік салымдарға мерзімдік салымдар және салымды алу туралы алдын-ала хабарлауы бар салымдар кіреді. Бұл салымдар неғұрлым ұзақ мерзімге, яғни бір айдан кем емес мерзімге салынады.
Депозиттік салымдар есебі үшін қолданылатын шоттар:
2211 – Клиенттердің талап ету бойынша салымдары;
2215 – Клиенттердің қысқа мерзімді салымдары;
2217 - Клиенттердің ұзақ мерзімді салымдары;
2219 – Клиенттердің шартты салымдары;
2221 – Клиенттердің арнайы салымдары;
2222 – Арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың кепілдік –салымдары;
2223 – Клиенттердің кепілдік –салымдары.
10. Шетелдегі депозиттік операциялар есебінің ерекшелігі
Шетелдiк тәжiрибе елде қалыпты жұмыс iстейтiн банктiк жүйе қалыптасқанда ғана депозиттердi сақтандыру жүйесінің кызмет ету мәнi бар екенiн көрсетедi. Барлық дамыған елде депозиттердi сақтандырудың бiр немесе басқа да нысандары қолданылады. Швейцария банктiк ассоцияциясы ассоцияциясының қатысушы-банктердің клиенттерiне жинақ салымдарын және 30 мың швейцария франкiне дейiнгі мөлшерде клиенттердің есеп шығару шоттарын төлеуге кепiлдiк бередi. Егер банкке қарсы күйзелiс процедурасы басталса, аталған сома салымшыға бiрден төленедi. Францияда бiр салымшыға кепiлдiк 400 мың француз франкiн құрайды. Бұл кезде шетел валютасындағы мерзiмдiк аманаттар кепiлдiкке жатқызылмайды. Сонымен қатар бiр банкке қатысты депозиттi 200 млн франктен аспайтын жалпы кепiлдiк шегі бар. Франция банктерiнiң ассоцияциясы сақтандыру төлемi түрінден қалыпты жарналарды ұстамайды. Нақты төлем сомасы ассоцияция мүшелерiмен Франция банктiк жүйесінден олардың менiшiктi депозиттерiнің мөлшеріне үйлесiмдi жүргізiледi. Германияда немiс банктерiнің федералдық ассоцияциясы жетеiкшiлiгіндегі депозиттi қорғау қорына кiру ерiктi сипатта. Аталған қорға қабылданудың мiндеттi шарты немiс коммерқциялық банктерiнің аудиторлық ассоцияциясына мүше болуы. Ол банктердi жиi аудиторлық тексеруден өтуге және капиталға, кадрларды басқару бiлiктiлiгіне және пайдаға қатысты талаптарды сақтауға мiндеттейдi. Жыл iшiнде қорға аударулар, банкаралық салымдарды қоспағанда банктің сомалық мiндеттемелерiнің 0,03 пайыз құрайды. Жапония, Испания, Канада, Ұлыбритания және АҚШ-та депозиттерді сақтандыру бағдарламалары мемлекет бақылауында. Сонымен қатар Испания, Голландия және Ұлыбританияда қалыпты жарна төлеу қарастырылмаған, ақша шығындарды жабу қажеттiлiгіне және қор көлемiнің жоспарлы деңгейiне жеткенге дейiн енгізу қарастырылған. Канада, Жапония және АҚШ-та банктер қалыпты жылдық жарнаны төлейдi. Канада банктерiнің депозиттердi сақтандыру бойынша Канада қорпорациясына төлейтiн сақтандыру жарнасы банкте орналастырылған депозиттердің 0,1 пайызын құрайды. Бұл кезде салымшыға 60 мың Канада долларына дейiнгі көлемде сақтандыру есебiнен клиенттердің барлық салымдары өтеледi. Жапонияда банктің депозиттер бойынша сақтандыру сомасы бiр салымшыға 10 миллион жапон йенiне дейiнгі көлемде өтеледi. Сақтандыру қорының бастапқы жарнасы Қаржы министрлiгінен, Жапон банкiнен және жеке меншiк банктерден енгізiлген. Банктердiң қорға жарнасы басында өте төмен болған депозит сомасының — 0,012 пайыз мөлшерінде, алайда соңғы кездері жапон банктiк секторы проблемаларының қорытындысында олар ұдайы көтерiлген. Депозиттердi сақтандырудың федералдық бағдарламасы бойынша АҚШ-та банк шығындары жоғары. Басында жылдық жарна салымдардың жалпы сомасынан 0,083 пайыз құраған, 1990 жылы ол 0,12 пайызға дейiн ал 1991 жылы — 0,15 пайызға дейiн өстi. Заң бойынша жарналардың жоғары шегі банктiк салымдардың жалпы сомасынан 0,325 пайыз құрауы тиiс.
11. КБ несиелер беру бойынша операцияларының есебі
Несиелік операциялар коммерциялық мекеме ретінде банк қызметінің негізгі дәстүрлі активті қызметі болып табылады.
Несиелер ұсыну фирмалардың, кәсіпкерлік компаниялардың, мемлекеттік кәсіпорындардың және жеке тұлғалардың тұтынушылық және инвестициялық мақсаттарын қаржыландыру үшін жүзеге асырылатын оның басты экономикалық функциясы болып табылады. Банктер табыстың негізгі мөлшерін несиелік операциядан алады. Көптеген банктерде ссудалық операциялар олардың жиынтық активтерінің жартысынан көбін құрайды және табыстың 70 пайызына жуығын құрайды.
Қысқа мерзімді ссуданың синтетикалық есебін жүргізу үшін шоттардың жоспары бойынша қарыз алушыдан тәуелді келесідей баланстық активті шоттар және несиелер түрлері арналған.
1411 “Клиенттерге берілген қысқа мерзімді несиелер”; шоттың белгіленуі – клиенттерге бір жылға дейін берілген несиелер есебі. Шоттың дебеті бойынша клиенттерге берілген несие сомасы, сонымен қатар басқа банктердің қысқа мерзімді несиелері бойынша алынған талаптар сомасы көрсетіледі.
Шоттың кредиті бойынша басқа банктерге қысқа мерзімді несиелер бойынша берілген талаптар сомалары кредиті бойынша қарызды жоюға түскен сомалар, сонымен қатар 1424 “Банк қарыздары бойынша клиенттердің мерзімі өткен берешегі” немесе 1427 “ Банк қарыздары бойынша клиенттердің оқшауланған берешегі ” баланстық шоттарына жатқызылған қарыз сомалары жүргізіледі.
Бірінші топтағы синтетикалық шоттар ішінде 1411 екінші тәртіптегі шоттар бойынша қарыз алушының құқықтық құрылымынан тәуелді есеп құрылады: Қазақстан Республикасы қаржы министрлігіне көрсетілетін несиелер; жергілікті қаржылық органдарға көрсетілетін несиелер; мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға көрсетілетін несиелер; мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарға көрсетілетін несиелер; коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдарға көрсетілетін несиелер; жеке тұлғаларға – резидент еместерге көрсетілетін несиелер, т.б.
Екінші тәртіптегі осы шоттар ішінен мерзімнен тәуелді есеп құрылады: 30 күнге дейін; 31 күннен 90 күнге дейін; 90 күннен 180 күнге дейін; 180 күннен 1 жылға дейін.
Ссудалық операциялардың аналитикалық есебі әрбір қарыз алушыға және әрбір жеке несиелік келісімге ашылатын жеке дербес шоттарда жүргізіледі.
Қарыз алушының жедел міндеттемесі 6125 шотта теңгемен, сондай-ақ валюта түрінде кірістеледі (көрсетілген несие және депозит бойынша болашақтағы талаптар). Ұлттық Банктегі ресми курстың өзгеруі шамасында жедел міндеттеме сомасы валютада қайта саналады. Кірістеу бойынша жазбаларды жүргізу үшін кіріс-шығыс баланстан тыс ордер екі данада жазылады. Жедел міндеттемелер несиелік операциялар есебі бөлімінде сақталады.
12. Несиелік опреациялардың есебін ұйымдастыру
Несиелік операциялар коммерциялық мекеме ретінде банк қызметінің негізгі дәстүрлі активті қызметі болып табылады.
Несиелер ұсыну фирмалардың, кәсіпкерлік компаниялардың, мемлекеттік кәсіпорындардың және жеке тұлғалардың тұтынушылық және инвестициялық мақсаттарын қаржыландыру үшін жүзеге асырылатын оның басты экономикалық функциясы болып табылады. Банктер табыстың негізгі мөлшерін несиелік операциядан алады. Көптеген банктерде ссудалық операциялар олардың жиынтық активтерінің жартысынан көбін құрайды және табыстың 70 пайызына жуығын құрайды.
Несиелер несиелендіру процесінде банк пен оның клиентінің өзара қатынасы алдымен келісімдік сипатта жасалады, яғни несие сомасы және проценттік ставкалар мөлшері, оны көрсету әдісі және қайтару мерзімі несиелік келісім-шартта көрсетіледі. Несиелер тек несие қабілетті қарыз алушыларға беріледі.
Ссудалық шоттар жай ссудалық шот және арнайы ссудалық шот болады. Жай ссудалық шоттар бір реттік ссудалар қарыз алушының ағымдағы және есеп айырысу шоттарға есептелгенде және одан жою жүргізілгенде болады; арнайы ссудалық шот сауда, сауда-делдалдық ұйымдармен жабдықтаушылардың есеп айырысу құжаттарын төлеумен және жабдықтаушылардан табысты аударумен, сонымен қарыз жойылуында ашылады.
Әрбір 10-15күнде банк пен клиент арасындағы келісім шартқа сәйкес арнайы ссудалық шотты реттеу жүргізіледі. Бұл үшін дебет және кредит бойынша айналымдар салыстырылады, ал айырма есеп айырысу шотына жазылады немесе одан қажетсіздендіріледі.
Несиелер мерзімі бойынша келесідей түрлерге бөлінеді: қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді.
Қысқа мерзімді несие – пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын несиелер. Олар тауарлы-материалдық құндылықтарға, төлемдердің ағымдағы қажеттіліктері мен шығындарына беріледі.
Ұзақ мерзімді несиеге мерзімі бір жылдан асатын несиелер жатады. Берілген несиелер қаржылық активтерді, айналым құралын, негізгі құралдардың қалыптасуы үшін қажеттілігіне беріледі.
Банкте ссуданы рәсімдеу үшін арнайы бөлім – несие бөлімі бар. Оның жұмысшылары несиелік келісім жасауға дейін клиентті зерттейді және талдайды
Осы мақсатта банкке клиент келесілерді ұсынады:
-есепті кезеңнің соңғы күніне бухгалтерлік баланс;
-ссуданың қажетті мөлшері және оны жоюдың техника-экономикалық негізділігі;
-қарыз алушының реквизиттері, ссуда сомасы, мақсаты, қайтару мерзімі көрсетілген өтініш;
-жедел міндеттеме.
Банк клиенке несиені рәсімдеуде кәсіпорынның нотариалды расталған жарғы көшірмесін, құрылтайшылық келісімді, жетекшілердің қолдары және мөрлердің үлгілері бар карточка талап етеді.
Ссудалық операцияларды рәсімдеу келесі тәртіппен жүргізіледі:
-несиелік өтінішті алу;
-өтінішті тіркеу журналындағы есеп;
-несиелік іс рәсімдеу және бөлімге немесе комитетке қарауға жіберу;
-ссудалық шот ашу және ссуданы беру.
13. Борышкерлердің несие қабілеттілігін талдау
Қарыз алушының несиеқабілеттілігін талдау өткен кезеңдегі статистикалық және бухгалтерлік есебі, несие пайдалану кезіндегі оның қаржылық жағдайына болжам туралы жиналған мәліметтер негізінде жүргізіледі.
Жоғарыда көрсетілгендей, қарыз алушы несиені алу үшін банкке негізделген жазбаша арызымен барады, онда мыналар қысқаша жазылып көрсетілген: несиенің мақсаттық бағыты, оның сомасы, пайдалану мерзімі, нақты өтеу мерзімі, сонымен қатар несиеленетін шаралардың және оны жүзеге асырудың экономикалық тиімділіктерінің қысқаша сипаттамасы.
Қазіргі кезде барлық банктерде арнайы уәкілетті орган құрылған. Осы уәкілетті орган несиелерге байланысты көп мәселе бойынша шешімдерді қарастырады немесе қабылдайды, тек ерекше жағдайларда ғана басқарманың қарауына ұсынылады.
Несиеге қабілеттілкті бағалаудағы негізгі мезет – қарыз алушының жағдайына қаржылық баға беру.
Оның мақсаты – шаруашылық субьектінің қаржылық және мүліктік жағдайына, оның қызметінің нәтижелеріне толық сипаттама беру:
кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын және өтімділігін анықтау;
меншік және тартылған қаржылық ресурстарды пайдаланудың тиімділігін зерделеу.
Қарыз алушының барлық айналым активтері өтімділік дәрежесіне қарай екі класқа бөлінеді: І класс – тез таратылатын активтер; ІІ класс - өтімді активтер.
Қарыз алушының несиеқабілеттілігін бағалау кезінде мынадай үш негізгі көрсеткіш есепке алынады: өтімділік коэффициенті, жабу коэффициенті, меншікті айналым қаражаттарымен қамтамасыз етілу көрсеткіші.
Өтімділік коэффициенті – қарыз алушыныңақша қаражатын қарызды өтеу үшін шаруашылық айналымынан жедел босату қабілеті.
Қарыз алушының несиеқабілеттілігін бағалаудың келесі негізгі көрсеткіші – жабу коэффициенті – кәсіпорынның материалдық айналым қаражатымен қамтамасыз етілгенін көрсете отырып, осы кәсіпорынның жалпы өтімділігіне баға береді.
Меншік айналым қаражатын жоғарылатудың негізгі және тұрақты көзі – пайда болып табылады.
Айналым қаражаты және меншік айналым қаражаты түсінігін бір-бірімен ауыстырмау керек.Бірінші көрсеткіш кәсіпорын акивтерін білдіреді, екіншісі – қаражат көзі, негізінен кәсіпорынның меншік капиталының бөлігі, ол ағымдағы активтерді жабу көзі ретінде қарастырылған.
Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 135 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Open account credit | | | Олма-қолсыз есеп айырысулар мәні, жүзеге асыру тәртібі. 2 страница |