Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Олма-қолсыз есеп айырысулар мәні, жүзеге асыру тәртібі. 5 страница

Олма-қолсыз есеп айырысулар мәні, жүзеге асыру тәртібі. 1 страница | Олма-қолсыз есеп айырысулар мәні, жүзеге асыру тәртібі. 2 страница | Олма-қолсыз есеп айырысулар мәні, жүзеге асыру тәртібі. 3 страница |


Читайте также:
  1. 1 страница
  2. 1 страница
  3. 1 страница
  4. 1 страница
  5. 1 страница
  6. 1 страница
  7. 1 страница

 

36. Трасттық операциялар есебі

Банктегі трасталық (сенімгерлік) операциялардың есебі

Коммерциялық банктер негізінен өз клиенттерінің шаруашылық қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.

Траст операциясы клиенттің сенімді тұлғасы ретінде оның мүлкін басқаруға және тапсырмасы бойынша басқада қызмет көрсетуге байланысты банктің операциясы.

Сенімгерлікпен қызмет көрсету – меншікті, клиентке тиесілі басқа активтерді басқару жөніндегі операция. Бүгінгі таңда сенімгерлік операциясының маңызы жоғары болғандықтан банк нарық пен клиенттің арасында өкілетті делдал ретінде алғы шығады және оларды орындаудан өзіне көптеген пайда түседі. Банктер үшін қызмет көрсетудің басқа түрлерімен салыстырғанда сенімгерлік операцияның артықшылықтары:

а) қаражат тартуда мүмкіндіктері шектеусіз, яғни, табыс көзішектеусіз. Банк операцияны өз есебінен немесе банкаралық несиені тартудың есебінен жүргізуде белгілі бір аядан шыға алмай қалады, өйткені, оның өзіндік ресурстары әлеуетті несие секілді шектеулі. Клиенттерге қызмет көрсеткенде берілетін несиенің мөлшері үлкен болады, бұдан шығатын қорытынды банктің табысы клиенттердің қатары көбейген сайын артып отырады;

ә) банк жұмысының нақты құрылымдануы: Клиенттерге қызмет көрсету бойынша барлық операциялар әр бөлімге бөлінбей, бір функционалдық бөлімде (бөлімде, басқаруда және т.б.) қарастырылады;

б) сенімгерлік операцияны жүргізуге кететін банк шығыны салыстырмалы түрде аз болады, көптеген банктерде ұқсас инвестицияларды өткізетін екі бөлім қатар жұмыс істейді: бірінші бөлім – банктің есебіне, екінші бөлім – клиенттің есебіне және пайдасына

в) банктің корреспондентік қатынасын ұлғайтады, оның банкаралық нарықтағы жағдайын жақсартады, репутациясын көтереді.

Банктің есеп саясатында сенімгерлік бөлімше (департамент) сенімгерлік активтерін сақтау үшін жауапкершілікті өз мойына алады, олар банк активтері болып табылмайды және сол ретте банктің қаржылық есептілігіне енгізілмейді. Әдетте, трастың бөлек қолма-қол шоттары талап етілгенге дейінгі депозит және мерзімді депозит түрінде банкке салынады. Сенімгерлік қызмет үшін сыйақыға жататын табыстар мен шығындар банк табысында танылып және есепке алу негізінде жазылады. Есептегі сенімгерлік қызмет шартты міндеттемелер ретінде қарастырылады.

Сенімгерлік қызметіндегі «актив» және «міндеттеме» терминдері әр түрлі болып анықталады. «Активтер» басқа тұлғалардың меншігін білдіреді, ал «міндеттемелер» шоттар типтерін болу кезінде, қолма-қол, негізгі қарыз немесе табыс ретінде активтер класының бір бөлігі болып табылады.

37. Факторингтік операциялар есебі

Факторингтік операциялар. Факторингтік операция -клиентпен төленбеген қарыздық талаптар (шот-факторлар, вексельдер) бойынша төлемді талап ету құқын басқаға (банкіге) беру.
Факторингтің мәні — банктер өз клиенттерінен төлем құжаттарды (олардың девиторлық қырызын) пайыздық ақы үшін сатып алу. Бұндай мәміле келісім-шартпен жүзеге асады. Ол келісім-шартта сатып алынған қарыздың сомасы және пайыз көрсетіледі. Бұл пайыз көрсетілген қызмет үшін қарыздың қандай мөлшері алынатынын көрсетеді. 1 988 жылы жеке құқықты жүйелеудің халықаралық институтымен қабылданған Халықаралық факторинг туралы Конвенцияға сәйкес, келесідей төрт белгі қанағаттандырылғанда ғана факторинг операциясы болып саналады.
1. қарыздық талаптарды алдын ала төлеу формасында
несиелеудің болуында;
2) жабдықтаушымен бухгалтерлік есепті жүргізу, ең алдымен өткізу есебін;
3) жабдықтаушы қарызын инкассолау;
1. несиелік тәуекелден жабдықтаушыны сақтандыру.
Факторингтің үш қатысушысы: фактор, бастапқы несие
беруші, борышқор. Жабдықтаушы өз қарыздық талаптарын факторға сатады. Фактор, ол талаптың 80% бөлігін сол жерде төлейді (комиссиондық төлемдерді алып тастағанда). Қалған бөлігі борышқормен төленгеннен кейін қайтарылады. Сонымен қатар, банк осы операциямен байланысты барлық жауапкершілікті, тәуекелді, талаптарды инкассолауды өз мойнына алады. Жабдықтаушы шығындарына мыналар жатады: бухгалтерлік есепті жүргізгені үшін және факторлық жиындар үшін комиссиондық төлемдер; банктің немесе факторингтік комиссияның пайдасы.
Факторингтік келісімнің бірнеше типтері бар. Толық қызмет ету туралы келісім әдетте факторингтік компания мен жабдықтаушы тұрақты, ұзақ қатынаста болатын болса қолданылады. Толық қызмет ету мыналарды қамтиды: күмәнді қырыздардың пайда болуынан толық қорғау, төлемдердің кепілдік түсімін қамтамасыз ету, несиені басқару, сатуды есептеу, белгілі бір мерзімге алдын ала төлем формасындағы несиелеу,

Факторингтік операциялардың мыналар бойынша жасалмайтынын ескеру қажет:

• Жеке тұлғалардың қарыздық міндеттемелері бойынша;

• Бюджеттік мекемелердің қоятын талаптары бойынша;

• Банктің несиелеуден алынып тасталған немесе төлем қабілетінсіз деп танылған кәсіпорындар мен ұйымдардың міндеттемелері бойынша;

• Кәсіпорындардың филиалдары немесе бөлімдерінің міндеттемелері бойынша.

Факторинг негізінен жабдықтаушы мен сатып алушының арасындағы қатынасты сипаттайды, себебі ол жабдықтаушының қаржылық жағдайына, сондай-ақ оның сатып алушыларының төлем қабілетіне үздіксіз бақылауды білдіреді.

Факторингтің ашық және жабық түрлері болады. Ашық факторингте берешекке, мәмілеге факторинг бөлімінің қатысатындығы туралы алдын ала хабардар етіледі

Факторинг деген тауарларды немесе қызметтерді жабдықтаушыдан төлем құжаттарын сатып алуды білдіреді. Факторингтің мақсаты — кез келген несиелік операциялардың ажырамас бөлігі болып табылатын тәуекелді қалпына келтіру. Нарық экономикасы дамыған елдерде төлемдердің сақталу мерзімдеріне басты көңіл аударылады. Ендеше факторинг ком­паниялар мен банктердің фактор бөлімдерінің қызметі жабдыктаушылар мен сатып алушылар арасындағы қатынастардағы тәуекелдер мен төлемдер мерзімдеріне байланысты мәселелерді шешуге бағытталады.

«Фактор» сөзі агылшын тілінен «factor», аударғанда «мак­лер, делдал» деген мағынаны білдіреді. Экономикалың жағынан алғанда бұл — делдалдық операция.

Факторингжабдықтаушы-клиенттің жабдықтаған тауары мен көрсеткен к,ызметтері үшін төленбеген төлем талабын (шот-фактурасын) банкке сатумен байланысты комиссиондық-делдалдық операция.

38. Форфейтингтік операциялар есебі

Форфейтингбұл форфейтордың, яғни коммерциялық банктін, немесе арнайы компанияның экспортерға импортердің төлеуге тиісті төлем талабын сатып алуы.

Форфейтинг мәмілесі бойынша, алдымен экспортер өзінің тауарын несиеге алушыны — импортерды іздейді. Ал импор­тер болса, оған жай немесе аударма векселін, яғни қарыздық міндеттемесін жазып беруге тиіс. Егер вексель берушінің беделі немесе қаржылық жағдайы жақсы болса, онда вексельге кепіл беру талап етілмеуі мүмкін, дегенмен де импортер аудармалы векселі бойынша авальшыны (төлеуге кепіл беруші тұлғаны) табады. Осы жерде басты мән берілетіні мыналар: банк несиесінің сомасы мен мерзімі, сатып алушының төлем қабілеттілігі, аваль берушінің қаржылық жағдайы.

Форфейтинг мәмілесінде үш қатысушы болады:

/. Экспортер, яғни тауарды орта мерзімді несиеге беруші.

2. Импортер, яғни тауарды несиеге алушы.

3. Форфейтор, яғни мәмілені қаржыландырушы банк не­месе арнайы ұйым.

 

Форфейтинг механизмін мынадай екі мәміле түрінде пайдаланады:

1. Қаржы мәмілесінде — орта мерзімді қаржы міндеттемесін тез арада іске асыру мақсатында.

2. Экспорттық мәміле бойынша — шетелдік сатып алушыға несиеге тауар бергені үшін экспортерға қолма-қол ақшамен түсім түсуге ықпал ету мақсатында.

Форфейтинг мәмілесінің мерзімі 180 күннен 5 жылға дейінгі аралықты құрайды, кей жағдайларда — 7 жыл.

 

39. Банк аралық клиринг есебі. Банк аралық электрондық аударым жүйесінің мәні

Банкараралық клиринг екінші деңгейдегі банктердің корреспонденттік шоттары көмегімен іске асады. Банкаралық клирингтің объектілеріне мыналар кіреді:

- төлем тапсырмалары,

- ақшалай аударымдар,

- чектер,

- вексельдер,

- бағалы қағаздар,

- аккредитивтер,

 

Төлем құралдарын таңдау мынадай екі факторға тәуелді:

1. жалпы негізде (жалпы есеп айрырысу жүйесі);

Жалпы негізде есеп айырысуда әр төлем құжаты жеке-жеке өңделіп ақша аударымы сол төлем құжаты негізінде жүзеге асыралады.

2. клиринг негізінде (таза ұстанымын есептеу арқылы ұйымдастырылатынесеп айрысу жүйесі). Клиринг негізінде клирингтің қатысушы банктерінің қарама-қарсы міндеттемелерін өзара есепке алу арқылы іске асады. Мұнда әр қатысушының таза ұстанымы (барлық түскен және шыққан қаражаттар сомаларының арасындағы айырма) анықталып, соған сәйкес аударым жасалады. Клирнг екі жақты және көп жақты болып кекледі. Екі жақты клирингте өзара есепке алу тек екі банк арасында жүргізіледі. Ондай клиринг нәтижесінде қандай да бір қатысушының дебеттік таза ұстанымы анықталған болдса, онда біріншісі екінші қатысушының пайдасына ақшалай аударымдар жасайды. Мұндай жағдайда әрбір банктің үш жекелеген екі жақты таза ұстанымы болуы мүмкін. Көп жақты клирингте әрбір қатысушының басқа барлық қатысушыларға қатысты міндеттемесін өзара есепке алады. Мұндай да әрбір қатысушының бір таза ұстанымы болады

Электрондық банк қызметі – бұл банктік карточкаларды және электрондық ақша жүйесін пайдалану арқылы көрсетілетін қаржылық қызметтері, сондай-ақ қор құндылықтарымен жасалатын биржалық операцияларды жүзеге асыруда мен қаржы делдалдары ретінде көрсететін банктік мекемелердің электрондық қызметтері.

Электрондық қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесі – Банк пен клиент арасындағы төлем операцияларын жылдамдатуға, сондай-ақ олардың орындалысан бақылау жасауға арналған есеп айырысу жүйесі.

Электронды сандық қолтаңба - банк пен клиент арасында есеп айрысуларда қолданылатын төлем құжаттарының тұпнұсқалығын және ондағы мәліметтердің шынайылығын растайтын, сондай-ақ берілетін ақпараттың құпиялығына толық кепілддік беретін және есеп айырысу процессінде үшінші бір тұлғаның араласуына жол бермейтін санмен құпияланған таңбалар. Электронды сандық қолтаңба клиенттің банкке тапсырған қолы және мөр қою үлгісі бар карточкаға балама болып келеді.

“Банк клиенті” ішкі жүйесі мынадай қымет атқарады:

- төлем құжаттарын даярлау;

- қол қою және жіберу;

- құжаттарды және банктен берілетін шоттың көшірмесін қабылдау;

- құжаттарды қарау және мөр басу;

- құжаттардың архивін жүргізу.

Электрондық қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесінде қолданылатын құжаттарға мыналар жатады:

- клиентің төлем тапсырмасы;

- клиенттің ағымдағы шотына ақша қаражаты түскендігі туралы хабарлама;

- клиенттің шоттары бойынша көшірме.

Клиентің жіберген құжаттарын қабылдай отырып, банк төлем құжатындағы электрондық сандық қолтаңбаның сәйкестігін және құжаттың дұрыс толтырылуын автоматты түрде тексереді.

Home-bankіng – банкоматтарды, электрондық есеп айырысу жүйелерін пайдалану арқылы және үйінде отырып банктік операцияларды жүргізуге мүмкіндік беретін халыққа арналған банктің электрондық қызметі

 

40. Коммерциялық банктердің сейфтік қызметтері

Банк қызметіндгі клитенттердің құжаттары мен құндылықтарының сақталуын сейфтік деп аталады. Банк –клиенттердің құндылықтары мен құжаттарын сақтауға арналған қазынаны құрайды.Олар сейфпен және арнайы сейфтік ұялар блоктарымен жабдықталған.Клиенттердің ыңғайлдығы үшін сейфтік ұялардың әртүрлі өлшемдері орындалады.Клиенттердің құндылықтары мен құжаттарының салымы үшін әр ұяшықтарда өздерінің қорапшалары болады.Құндылықтардың сенімді сақталуын қамтамасыз етуі үшін әр сейфтер мен ұяшықтар қос кілтпен жабылады,яғни ол сонымен қатар екі түрлі кілтпен ашылып жабылады.Кілттің біреуі банктің жұмысшыларында болса, ал екіншісі клиенттерде болады. Барлық сейфтер мен ұяшықтар нөмерленген.Сейфті жасы он алтыға жеткен кез-келген жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар жалға алалады.

Банктің жеке сейфтерінде сақтауға тыйым салынатындар:

- дәрімен атылатын,газды және суық қарулар

- жарылғыш заттар

- наркотиктік және психотропиялық заттар.

Сейфтік қызметтер жалға алушылардың келісімімен бекітіледі.Жеке тұлғалар өздерінің жеке куәліктерін немесе оны уақытша ауыстыратын құжаттарын көрсетуі қажет.Жұмысшылар жеке сейфті жалға алу арызын қабылдайды және банктердегі жеке сейфтерді жалға алу келісімін дайындайды.

Сейфті жалға алу келісімі екі (2) данамен дайынджалады:

Оның біреуі банкте сақталса, ал екіншісі клиенттерге беріледі.

Клиент – бұл заңды тұлға, жалға алынған сейфке рұқсатнамасы бар тұлғаларға қосымша қол қою үлгілерін толтырады.Келісімдерді қорытындылау негізінде банк жеке сейфтерді қолдануға карточкаларды дайындайды.Сейфтің кілті мен арендалық төлем квитанциясының көшірмесі және келісімнің 1 данасы клиентке беріледі.Клиент – бұл жеке тұлға,ал сейфтегі өсиет бойынша мүлікті алуға құқылы.Ол жазбаша түрде болуы керек.Онда нотариалды түрде куәландырылуы қажет және мұраға қалдырушының қолы мен оның құрылған уақыты мен орны көрсетілуі қажет.Сонымен қатар клиенттер сейфті қолдану құқығын өздерінің сенімді адамдарына тапсыра алады.Бұл кезде сенімхат өсиеті нотариалды түрде 2 дана болып дайындалады.Біреуі сенімхатпен бірге банкте сақталуы тиіс.Егерде сенімді тұлға президент болып табылса, онда ҚР-ғы шет мемлекеттілік өкілеттіліктерінің сенімі қосымша талап етіледі.Сенімді тұлға клиенттің сенімі бойынша сейфке құндылықтар мен құжаттарды салуға құқылы, бірақта келісімдер мен карточкалар клиенттің атына дайындалады және құжаттарға сенімді тұлғалардың қолы қойылады.Сейфтік қызметтерді

41. Еңбек ақы төлеу есебін ұйымдастыру

Еңбекақы - еңбек қызметін қолдану үшін уақыт бірлігімен өлшенетін (апта, ай), еңбек бағасы. Жұмысшылардың еңбек ақысын ұйымдастыру:

· кәсіпорын жұмысшыларының еңбек ақысының формалары мен

жүйелерін анықтау;

· кәсіпорын жұмысшылары мен мамандарының жеке жетістіктеріне

төлемдер төлеу критерийлерін жасау;

· мамандар мен қызметкерлердің лауазымдық жалақы жүйесін жасау.

· қызметкерлерге сыйақы беру көрсеткіштері мен жүйесін негіздеу.

Әртүрлі меншік формасындағы кәсіпорындарда еңбек ақы төлеудің екі негізгі формасы кең таралған. Олар: кесімді - өнімнің әрбір бірлігіне, немесе жасалған жұмыстың көлеміне байланысты төленетін жалақы; мерзімді – тариф жүйесінде көрсетілген календарлық емес, нормативтік жұмыс уақытына төленетін жалақы.

Кесімді жалақыны қолдану жағдайлары:

А) Жеке жұмысшының нақты еңбегіне тәуелді жұмыстың сандық көрсеткіштерінің бар болуы;

Б) Орындалған жұмыс көлемін дәл анықтау мүмкіндігінің бар болуы;

В) Нақты учаскедегі жұмысшылардың жұмыс көлемін немесе шығаратын өнім көлемін ұлғайту мүмкіндігінің бар болуы;

Г) Нақты өндіріс учаскесінде жұмыс көлемін немесе шығаратын өнім көлемін ұлғайту қажеттілігінің бар болуы;

Д) Еңбекті техникалық нормалау мүмкіндігінің бар болуы.

Мерзімді жалақыны қолдану жағдайлары:

А) Өнім шығару көлемін арттыру мүмкіндігінің болмауы;

Б) Өндіріс үдерісі қатаң шектелген;

В) Жұмысшының атқаратын қызметі тек технологиялық процесті бақылау ғана болғанда;

Г) Өндірістің конвейерлік және ағымдық типтері қолданылғанда.

Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу уақытына, істеген жұмысына қарай немесе еңбекке ақы төлеудің өзге жүйелері бойынша жүргізіледі. Еңбекақының негізгі жүйелері лауазымдық, уақыттық, еңбегіне қарай ақылар (ставкалар) болып табылады.

Лауазымдық ақы (ставка) тұрақты ақша мөлшерінде жұмыс берушімен анықталады, бірақ ол еңбекақының ең аз мөлшерінен төмен болмауы керек. Еңбекке ақы төлеудің уақыттьіқ жүйесінде жалақы мөлшері тұрақты айлық, күндік немесе сағаттық тарифтік ставка бойынша жұмыс уақытының ұзақтығына байланысты анықталады.

Қызметкерлер үшін еңбекке ақы төлеудің уақыттық жүйесі көбіне айлық қызмет ақысы түрінде белгіленеді. Еңбегіне ақы уақыт бойынша төленетін жұмысшылар үшін қызмет көрсету нормалары, қызметкерлер санының нормативтері және олар жұмыс атқаратын агрегаттар мен станоктар санының нормативтері жасалып, қолданылады.

Жалақыны еңбегіне қарай төлеу —алдын ала белгіленген бағалауларға қарай нақты шығарған өніміне сәйкес жүргізіледі. Ақыны істеген еңбегіне қарай төлеу жүйесі — жұмысшының алатын жалақысын оның еңбегінің нәтижесімен тікелей байланыстыра отырып, қызметкердің еңбек өнімділігін арттыруға материалдық мүдделілігін көтереді, қызметкердің жалақы мөлшері еңбегіне қарай ақы төлегенде оның өнім өндіру номаларын орындауына ғана байланысты болады және оған ешқандай шек қойылмайды.

Уақыттан тыс атқарылған жұмысқа еңбекақы бір жарым мөлшерден кем төленбейді. Сонымен заң уақыттан тыс жұмысқа ақы төлеудің ең аз деңгейін ғана айқындап, екі жаққа шарт жасасу тәртібімен уақыттан тыс атқарылған жұмыс үшін неғұрлым жоғары мөлшерде ақы белгілеуге мүмкіндік береді

Мереке және демалыс күндері жасалған жұмысқа еңбекақы екі есе мөлшерде төленеді: еңбегіне қарай төленетіндерге — екі еселенген бағалау бойынша; ақы еңбегіне сағаттық немесе күндік ставкалар бойынша төленетін қызметкерлерге — егер мереке күнгі жұмыс, жұмыс уақытының айлық нормасы шегінде істелсе, еңбекақысының үстіне бір сағаттық немесе күндік ставка мөлшерінде, егер жұмыс айлық нормадан тыс жасалған болса, онда еңбекақысының үстіне екі сағаттық немесе күндік ставка мөлшерінде төленеді. Барлық қызметкерлерге мереке немесе демалыс күндері жұмыс істеген нақты сағаттары үшін көтеріңкі мөлшерде еңбекақы төленеді.

Жұмыс ауысымының бір белігі мереке немесе демалыс күнімен тұстас келетін болса, онда мереке немесе демалыс күндері жұмыс істеген нақты сағаттары үшін екі еселенген мөлшерде еңбекақы төленеді (0-ден 24 сағатқа дейін).

Қызметкердің қалауы бойынша мереке немесе демалыс күндері атқарған жұмысы үшін төленетін үстеме ақыны қосымша демалыс күнімен алмастыруға болады. Бұл жағдайда мереке күні істелген жұмысқа ақы дара мөлшерде төленеді.

Түнгі уақыттағы жұмысқа еңбекақы бір жарым мөлшерден кем төленбейді. Бұл арада түнгі уақыттағы жұмысқа төленетін ақының аз мөлшері көрсетіліп отыр. Заңда тараптарға экономиканың салаларын және өндірістің өзге де жағдайларын ескере отырып, жеке еңбек және ұжымдық шарттар жасасқанда көтеріңкі ақы белгілеуге құқық берілген (мысалы, өнеркәсіптің кейбір салаларында, үздіксіз өндіріс жағдайында қосымша ақы төлеу және басқалары).


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 130 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Олма-қолсыз есеп айырысулар мәні, жүзеге асыру тәртібі. 4 страница| МЫСАЛЫ: Қызметкердің еңбекақысы–50000 теңге.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.018 сек.)