Читайте также:
|
|
ҚР АӨК жалпы өнімінің көлемі ауыл шаруашылығы өнімінің
2007 жылғы 1121 млрд. теңге деңгейінен 2011 жылғы 2256,6 млрд. теңгеге дейінгі және қайта өңдеу өнімінің 2007 жылғы 464,1 млрд. теңгеден
2011 жылғы 747,4 млрд. теңгеге дейінгі өсуіне орнықты үрдісті көрсетеді. Ауыл шаруашылығы өнімінің орташа жылдық өсу қарқыны соңғы 5 жылда 19%, қайта өңдеу өнімдері 12,6% құрады.
1-сурет. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімдерінің өндіріс көлемі
Дерек көзі:Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
2-сурет. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу салаларының өндіріс көлемі
Дерек көзі:Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
Соңғы 5 жылда шешуші қайта өңдеу өнімдері өндірісінің орташа жылдық жалпы көлемі 650 млрд. теңгеден астамды құрады.
1-кесте. Қайта өңдеу өнімдерінің өндірісі, млрд.теңге
Көрсеткіш | |||||
Тамақ өнімдерінің өндірісі | 559,8 | 615,1 | 629,8 | 695,2 | 747,4 |
Етті қайта өңдеу және консервілеу және ет өнімдерінің өндірісі | 36,5 | 62,4 | 69,7 | 77,6 | 87,6 |
Балықты, шаян тәрізділерді және моллюскаларды қайта өңдеу және консервілеу | 5,9 | 7,0 | 7,3 | 8,0 | 7,8 |
Жемістер мен көкөністерді қайта өңдеу және консервілеу | 18,4 | 69,6 | 69,6 | 68,3 | 72,6 |
Өсімдік және жануарлар майлары мен тоң майларын қайта өңдеу | 43,7 | 52,0 | 42,8 | 85,6 | 64,1 |
Сүт өнімдерін қайта өңдеу | 43,9 | 101,5 | 103,5 | 117,3 | 125,6 |
Ұн өнеркәсібі өнімдерінің, крахмалдар мен крахмал өнімдерінің өндірісі | 69,0 | 133,3 | 128,0 | 120,0 | 150,7 |
Нан-тоқаш және ұн өнімдерінің өндірісі | - | - | 115,3 | 120,1 | 126,9 |
Өзге де тамақ өнімдерінің өндірісі | 91,0 | 181,6 | 86,1 | 90,9 | 101,4 |
Жануарларға арналған дайын азықтар өндірісі | 6,2 | 7,6 | 7,4 | 7,8 | 10,8 |
Дерек көзі:Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
ҚР ауыл шаруашылығы әлемдік азық-түлік нарықтарымен ықпалдастыққа түсуде және сауда теңгерімін қалыптастыруға белсене қатысады, барлық экспорттың 17,6%-ын және барлық импорттың 15,3 %-ын алады.
Алайда, АӨК қайта өңдеу өнімдерінің көптеген түрлері бойынша Қазақстанның импортқа тәуелділігі қалыптасып отыр, жеміс-көкөніс өнімдері, ет және сүтті қайта өңдеу өнімдері бойынша импортқа тәуелділіктің деңгейі жоғары.
2-кесте. 2011 жылғы Қазақстандағы өнімдердің импорты/экспортының теңгерімі, мың АҚШ доллары
Өнім | 2007-2011 жылдардағы орташа экспорт, мың АҚШ доллары | 2007-2011 жылдардағы орташа импорт, мың АҚШ доллары |
Бидай | 956 676 | 4 258 |
Мақта талшығы | 110 051 | 12 773 |
Арпа | 93 904 | 17 803 |
Балық | 79 391 | 33 127 |
Көкөністер | 35 466 | 52 514 |
Рапс | 17 642 | 1 415 |
Күріш | 16 946 | 13 066 |
Зығыр | 15 438 | |
Жүн | 4 085 | |
Сүт | 2 339 | 132 126 |
Жүгері | 1 595 | 1 182 |
Алма | 1 527 | 37 628 |
Күнбағыс | 1 510 | 13 208 |
Соя бұршақбастары | 1 272 | 3 363 |
Сұлы | ||
ҰМ еті | ||
Құс еті | 108 009 | |
Қара құмық | ||
ІҚМ еті | 22 734 | |
Картоп | 20 504 | |
Қара бидай | ||
Шошқа еті | 11 183 | |
Жылқы еті | - | 6 036 |
Дерек көзі: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті (өзара сауда-саттықты қоса алғанда)
2011 жылы ауыл шаруашылығында 2 196,1 мың адам (еңбекпен қамтылғандардың жалпы санынан 26%) жұмыс істеді, соның ішінде жалданғандар – 604,8/мың адам (секторда жұмыс істейтіндерден 27,5%), өздігінен еңбекпен қамтылғандар – 1591,3 мың адам (секторда жұмыс істейтіндерден 72,5%).
Қазақстан Республикасындағы егістік алқаптар 2011 жылы
21 083,0 мың гектар құрады. Барлық егістік алқаптардың 65,6%-на
(13 848,9 мың гектар) бидай егілді. Дәнді дақылдарға 2011 жылы барлық егістік алқаптардан 76,5% (16 125,9 мың гектар) бөлінді. Мал басының саны 2012 жылдың басында 5,7 млн. бас ірі қара мал, 18,1 млн. бас ұсақ мал, 1,6 млн бас жылқы, 1,2 млн. бас шошқа, 0,17 млн. бас түйе және 32,9 млн. бас құс құрады.
Дата добавления: 2015-11-16; просмотров: 116 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Бағдарлама паспорты | | | Р АӨК өнімін өткізудің нысаналы ішкі және сыртқы нарықтары |