Читайте также:
|
|
Қазіргі сәтте АӨК дамытуды мемлекеттік реттеу саясаты мынадай нысандарда іске асырылады:
- АӨК субъектілері арасында субсидиялар, мемлекеттік сатып алу және т.б. басқа түрінде әртүрлі мемлекеттік қолдау нысандарын ұсыну;
- негізгі өндірістік құралдарды – ауыл шаруашылығы техникасының паркін, мал басын жаңарту үшін жағдайларды қолдайтын қаржылық құралдарды қолдану;
- АӨК субъектілері үшін қаржылық-несиелік құралдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету;
- АӨК дамыту жобаларына инвестицияларды тарту үшін тартымды жағдайлар жасау;
- өнім экспортын қолдау;
- ветеринариялық және санитариялық қауіпсіздік, бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету;
- ҚР АӨК дамыту үшін қажетті – көлік, су, сақтау және басқа инфрақұрылымдарды сақтау және дамыту
- салалық ғылымды дамыту және агротехникалық білімді тарату;
- ҚР АӨК дамытуды білікті басқару.
Қазақстанда негізінен ақшалай және қаржылық қолдау құралдары басым болуда.
3-кесте. 2007-2011 жылдары АӨК-ні дамытуға бөлінген бюджет қаражатының құрылымы
№ | Қаржыландыру бағыты | үлесі, % |
Инфрақұрылым | 3,9% | |
ҒЗТКЖ және Консультациялар | 3,1% | |
Әкімшілендіру | 3,9% | |
Нарықтық интервенциялар | 4,3% | |
Өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығына арналған қызметтер | 8,2% | |
Субсидиялар | 11,8% | |
Кредиттер және инвестициялар | 27,8% | |
Табиғи ресурстар | 29,8% | |
Жиыны | 100,0% |
Дерек көзі: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Сандық мәнде жалпы сома тек 2011 жылы 318 млрд. теңгеден астамды құрады.
3-сурет. 2007-2011 жылдары АӨК-ні дамытуға бағытталған бюджет қаражатының көлемі, млн. теңге
Дерек көзі: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
4-кесте. 2007-2011 жылдардағы субсидиялар түрлері мен қаржыландыру көздері, млн. теңге
Субсидия түрлері | 2007-2011, млн. теңге | үлесі, % | 2011 жылы, млн. теңге |
Егіс алаңдарына арналған субсидиялар | 63 517,74 | 32,95 | - |
Өндірістік субсидиялар (өткізілген өнім көлеміне) | 94 586,27 | 49,07 | 26 832,99 |
Суғару суына арналған субсидиялар | 4 756,64 | 2,47 | - |
Сақтандыруға арналған субсидиялар | 1 803,30 | 0,94 | 1 203,30 |
Экспорттық субсидиялар | 11 828,29 | 6,14 | 5 000,00 |
Пайыздық ставкаларға арналған субсидиялар | 16 029,78 | 8,32 | 5 000,00 |
Стандарттарды енгізуге арналған субсидиялар | 228,05 | 0,12 | - |
ИТОГО | 192 750,07 | 100,00 | 38 036,29 |
Дерек көзі: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
2011 жылы мал шаруашылығы салаларын субсидиялау бірнеше есе ұлғайды.
4-сурет. АӨК салалары бойынша 2007-2011 жылдардағы субсидиялау көлемі, млн. теңге
Дерек көзі: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
2012 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеуге арналған субсидиялардың өсуі жоспарланып отыр.
5-кесте. Субсидиялар бойынша жоспар, 2012 жыл
Субсидия түрлері | млн. теңге |
Өсімдік шаруашылығы | 27 864 |
Мал шаруашылығы | 31 900 |
А/ш өнімдерін қайта өңдеу | 4 060 |
Жиыны | 63 824 |
Дерек көзі: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Мемлекеттік қолдаудың жеткілікті дәрежедегі жоғары деңгейіне қарамастан бірқатар кемшіліктер байқалады:
- бірқатар субсидиялар оларға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің төмен қызығушылығына байланысты тиімсіз (дәнді, майлы, басқа да бірқатар дақылдардың өндірістегі 1 гектарына арналған, ІҚМ 1 басына жұмсалатын азыққа арналған субсидиялар және т.б.);
- субсидияларды әкімшілендіру жоғары шығындармен ұштасады;
- ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің субсидияларды алуы кешіктіріледі;
- бөлу механизмі нарықтық бағаларды бұрмалайды (тыңайтқыштарға арналған);
- субсидияларды алудың атаулылығы жеткіліксіз бақыланады (қолдан ұрықтандыруға, өсімдік шаруашылығындағы тұқым шаруашылығына арналған субсидиялар және т.б.).
Дата добавления: 2015-11-16; просмотров: 323 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Р АӨК өнімін өткізудің нысаналы ішкі және сыртқы нарықтары | | | АӨК-нің басымды салаларының проблемаларын талдау |