Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Баға тәуекелі – бентонитті сатып алуда келісілген баға және оны тиімді қолдану.

Читайте также:
  1. A) Импульсивті сатып алу тауарларына
  2. A) Контекстік меню көмегімен, Файл менюімен және “Бума құру” сайманымен.
  3. A) сатушы және сатып алушы нарығы
  4. A) Тек төмен бағалар
  5. B) анықтамалық бағалар
  6. B) дифференцияланбаған маркетинг
  7. B) сатып алу мүддесі

4. Әлеуметтік тәуекел – бұл жобаның мақсаты халықты таза ауыз сумен қамтамасыз етуге байланысты болғандықтан бұл тәуекел тікелей жобаға әсер етеді. Яғни, бұл жобаның нәтижесінде әлеуметтік тиімділікке қол жеткізуіміз қажет. Бұл арқылы халық денсаулығын жақсарту мен демографиялық өсуге мүмкіндік болады.

5.Коммерциялық тәуекел – жобаны жүзеге асыру барысында керек құрал – жабдықтар, тасымалдау, суды тазарту процесі және т.б шығындарды тудырады. Өз кезегінде бұл шығындар коммерциялық тәуекелді тудырып, шығындарды төмендету және пайданы максимилизациялауды жүзеге асырады. Қызметті жүзеге асыру нәтижесінде коммерциялық пайда келтіруі тиіс. Коммерциялық (кәсіпкерлік) тәуекелдер.

· пайданың (дивидендтің) болмауы;

· компанияның жабылуы;

· бағалық тәуекел;

· валютаның курстық құнының өсу ықтималдылығы;

· аяқтау тәуекелі;

· эксплуатациялық тәуекел.

 

 

Жобалық тәуекелдердің талдауы мен бағалау процедурасы:

 

Тәуекелдерді бағалау жобаны жоспарлау процесінде жүргізіледі, сонымен қатар, сапалық және сандық талдау жүргізіледі. Жоба тәуекелін басқару тәртібі, соынмен қатар, статистикалық ақпараттардың қолданылуы компанияның ерекшелігіне байланысты болады.

Тәуекелді сапалық талдау

Бұл тәуекелдің нәтижесінде, жобаға қатысты белгісіздікті сипаттау, оған қатысты себептерді анықтау болады. Яғни, жобаны жүзеге асыру нәтижесінде, халықты таза ауыз сумен қамтамасыз етуі, әлеуметтік көрсеткіштердің жақсаруы жатады.

Сандық талдау

Сандық тәуекел талдауы жоба тиімділігі көрсеткішіне қандай факторлар әсер ететінін бағалау үшін қажет. Мысалы, бентонит арқылы ауыз суды тазарту пайда табуға қаншалықты әсер ететіні және басқа тазарту жолдарына қарағанда тиімділігі мен артықшылығы және т.б бұл талдауға байланысты бірнеше әдістер бар: жеке факторларға әсер ететін талдау(анализ чувствительности), факторлар кешеніне әсер ету талдауы(сценарный анализ), имитациялық моделдеу(метод Монте-Карло).

8.Жобаның жалпы бюджеті.

Жобаның жалпы бюджеті – материалдық шығындар, еңбекақы бойынша аударымдар, амортизация шығындары, әлеуметтік шығындар және басқа да шығындар құрайды.

Шығындар атауы Шығындар сомалары (шамамен) теңге
1. Материалға кеткен шығындар 2. Дайындау –тасымалдауға кеткен шығындар 3. Негзгі еңбекақы 4. Қосымша еңбекақы 5. Еңбекақыдан аударымдар 6. Басқадай шығындар 8325 1 айда Шамамен 1000000   105000*21%=22050
Барлығы:  

Бұл шығындарды өндіруші компания шамамен 1жылда ақтап ала алады.

9. Күтілетін нәтиже

Саз балшықты бентонитті әртүрлі модификацияда қолдануда, судың құрамын ауыр металдар ионынан статикалық тәртіппен тазарту арқылы күтілетін нәтижелер: жүз пайыздан Cu 2+ = 99,6% , Pb 2+ = 94,3%, Zn 2+ = 99,5% - ға тазарды. Яғни, төмендегі кестеде көрсетілгендей, бентонитті 3 кезеінен өткізгеннен соң ғана осындай көрсеткішке қол жеткіземіз.

Қорыта келгенде, күтілетін нәтижеде бентонит арқылы суды тазарту 97,5%-ға тазарады. Ал су құрамындағы ауыр металдардың иондары 97,8%-ға тазаратын болады. Бұл көрсеткіштер бүгінде қолданылып келе жаткан хлорлық залалсыздандыру әдісіне қарағанда 7-8%-ға артық тиімді. Демек, біздің қолданылып отырған әдісіміз экономикалық тиімді әдіс. Бұл әдісті қолдану арқылы тек экономикалық ғана емес сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық және экологиялық тиімділікті арттырамыз.

10. Жобаны жүзеге асырудағы тиімділікті бағалау критериилері

 

Суды тазартуға жұмсалатын хлор мен бентониттің көлемін салыстырайық:

 

1 л суды тазарту үшін Хлор бентонит
1 мг 0,75 мг

 

Бір күндік суды тазартуға кететін бентонит көлемі

Егер шарт бойынша 1 күнде 10 000 тонна су тазартса:

10 000 тонна = 10 000 000 литр

1 л = 0,75мг

10 000 000л = х мг 7500 г

7,5кг жұмсалады.

Бір күндік суды тазартуға кететін хлор көлемі

1 л = 1 мг

10 000 000 = х мг = 10 кг жұмсалады.

1 күнде жұмсалатын хлор мен бентониттің шығыны

 

1 кг бентонит – 37 тг

1 кг хлор - 60 тг

 

Сонда, 1 күнде

Бентонит – 7,5 кг* 37 т = 277,5 тг

Хлор - 10* 60 т = 600 тг жұмсалады.

 

Ал 1 айда,

Бентонит – 277,5тг* 30 = 8325тг

Хлор - 600тг*30 = 18000тг

 

Ал 1 жылда,

Бентонит – 277,5тг*365 = 101287,5 тг

Хлор - 600тг*365 = 219000 тг

 

Демек, бізге хлор тазалауға қарағанда бентонитпен тазалау қаржылық жағынан да тиімді.

 

 


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 191 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жоба бойынша қызметтің қысқаша сипаттамасы| Мотивация в Казахстане

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.018 сек.)