Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жоба бойынша қызметтің қысқаша сипаттамасы

Читайте также:
  1. A] Мұра орналасқан елдің құқығы бойынша
  2. Азақстан Республикасының жағдайларына бар проблемаларды шешу бойынша бейімделуі мүмкін оң шетелдік тәжірибені шолу
  3. Бәсекелік ортаны қалыптастыру және дамыту бойынша мемлекеттік шаралар
  4. Баға бойынша ақпараттар
  5. Вирустық гепатиттердің алдын алу бойынша
  6. Герпес тақырыбы бойынша тесттік сұрақтар
  7. дәріс. Сынау нәтижелері бойынша сенімділікті бағалау

Ауыз су құрамындағы Cu 2+ , Pb2+ , Zn2+ сияқты және тағы басқа ауыр металл иондарынан тазартуды, модификация, термиялық активтендіру және қышқылдық белсендіру үдерістері жүзеге асатын мынадай кезеңдерге бөле аламыз.

І кезең: Табиғи бентонит «Алтай - минералы» ЖШС – де өңдеп, модификацияланған күйінде пайдаланылды. Модификацияланған бентонитті пайдаланып, тазартылмаған судың құрамында көп кездесетін ауыр металл, соның ішінде, мыс, қорғасын, мырыш металдарынан судың қаншалықты тазарғанын көріп отырмыз. 1- кестеде, тазартылмаған судың құрамындағы металдардың мөлшері: Cu 2+ = 0,21, Pb 2+ = 0,11, Zn 2+ = 12,3 болды. Содан соң, модификацияланған, өңделген бентонитті пайдаланып, өңделген тазартылған су құрамындағы Cu 2+ = 0,14, Pb 2+ = 0,09, Zn 2+ = 8,70 мөлшеріне азаяды. Негізі, судың құрамында металдардың жіберілетін шекті коэффициенттер ПДК (предельно допускаемый коэффициент) деп кестеде көрсетілген. Яғни, әрбір металдың судың құрымында бола алатын мөлшері.

1 - кесте

  Металдардың иондары     Металл иондарының концентрациясы (мг / дм3)         Шығару дәрежесі, %
  Тазартылмаған суда   Тазартылан су, бентонит қатысында МОДИФИКАЦИЯ процесі   ПДК       Бентонит қатысында МОДИФИКАЦИЯ Процесінде
    Cu 2+     0,21     0,14       0,001     33,3
    Pb 2+     0,11     0,09     0,1     18,2
    Zn 2+     12,3     8,70     0,01     29,2

Ал, судың құрамындағы иондардың шығару дәрежесі, контактілеу уақытына тікелей тәуелді. Тәжірибеде, біз контактілеу уақытын 5 – 35 мин - қа дейін өзгертіп отырдық. Контактілеу уақытын жоғарылатқан сайын, ауыз су құрамындағы металдар иондарының шығару дәрежесінің жоғарылауы байқалады. Мұнда, тазартылмаған судың құрамындағы Cu 2+ = 0,21 ді, Pb 2+ = 0,11 ді, Zn 2+ = 12,3 ді 100% деп санасақ, модификацияланған бентонитті пайдалана отырып, ауыз суын тазартқанда, келесі көрсеткіштерді көреміз. Яғни, Cu 2+ = 33,3 %, Pb 2+ = 18,2 %, Zn 2+ = 29,2 % тазарады.

Модификацияланған бентонит қатысында судағы ауыр металдардың шығару дәрежесі

ІІ кезеңде, модификацияланған бентонитті термиялық активтендіріп, тазартқан судан ауыр металдардың, мыс, қорғасын, мырыштың қаншаға азаятынын есептедік. 2 - кестеде, модификацияланған бентонит арқылы тазартылған судың құрамындағы металдардың мөлшері: Cu 2+ = 0,14, Pb 2+ = 0,09, Zn 2+ = 8,70 болды. Содан соң, модификацияланған бентонитті термиялық жолмен белсендіргенде, Cu 2+ = 0,07, Pb 2+ = 0,03, Zn 2+ = 4,03 мөлшеріне дейін азаяды.

 

  Металдардың иондары     Металл иондарының концентрациясы (мг / дм3)       Шығару дәрежесі, %
  Тазартылмаан суда Тазартылан су, бентонит қатысында МОДИФИКАЦИЯ процесі Тазартылан су, бентонит қатысында ТЕРМИЯЛЫҚ АКТИВТЕНДІРУ процесі       ПДК Бентонит қатысында ТЕРМИЯЛЫҚ АКТИВТЕНДІРУ процесі
  Cu 2+   0,21   0,14       0,07   0,001   65,6
  Pb 2+   0,11   0,09     0,03   0,1   74,9
  Zn 2+   12,3   8,70     4,03   0,01   67,1

2 - кесте

 

Судың құрамындағы иондардың шығару дәрежесіне, контактілеу уақытына тікелей тәуелділігіне байланысты, 5 – 35 мин арасында процесті бақылап отырдық. Контактілеу уақытын жоғарылатқан сайын, ауыз су құрамындағы металдардың иондарының шығару дәрежесінің жоғарылауы байқалады. Мұнда, тазартылмаған судың құрамындағы Cu 2+ = 0,21 ді, Pb 2+ = 0,11 ді, Zn 2+ = 12,3 ді 100% деп санасақ, модификацияланған бентонитті термиялық жолмен активтендіргенде, судың құрамынан металдардың шығу дәрежесі одан сайын өсе түседі. Яғни, Cu 2+ = 65,6 %, Pb 2+ = 74,9 %, Zn 2+ = 67,1 % шамасына дейін тазарады.

Модификацияланған және термиялық активтендіруден өткен бентонитті пайдаланғандағы судың құрамынан ауыр металдардың тазару дәрежесі:

 

ІІІ соңғы кезеңде модификацияланған және термиялық активтендендірген бентонитті H2SO4 күкірт қышқылымен белсендірген кезде, судан ауыр металдарды, мыс, қорғасын, мырыштың қаншаға азаятынын есептедік. 3-кестеде, модификацияланған бентонитті термиялық жолмен активтендіргенде, тазартылған судың құрамындағы металдардың мөлшері: Cu 2+ = 0,07 Pb 2+ = 0,03, Zn 2+ = 4,03 болды. Содан соң, модификацияланған және термиялық жолмен белсендірген бентонитті H2SO4 кікірт қышқылымен активтеген кезде, үлкен сорпциялық Cu 2+ = 0,07, Pb 2+ = 0,03, Zn 2+ = 4,03 мөлшеріне дейін азаяды.

  Металдардың иондары     Металл иондарының концентрациясы (мг / дм3)         Шығару дәрежесі, %
  Тазартылмаан суда Тазартылан су, бентонит қатысында МОДИФИКАЦИЯ процесі Тазартылан су, бентонит қатысында ТЕРМИЯЛЫҚ АКТИВТЕНДІРУ процесі   Тазартылан су, бентонит қатысында H2SO4 4сағ процесі   ПДК Бентонит қатысында H2SO4 4сағ процесінде
    Cu 2+     0,21     0,14     0,07     0,001       0,001     99,6
    Pb 2+     0,11     0,09     0,03     0,01     0,1     94,3
  Zn 2+   12,3   8,70   4,03   0,01   0,01   99,5

3 - кесте

 

Ауыз суын H2SO4 күкірт қышқылымен активтелген бентонитпен өңдегенде, иондардың шығару дәрежесі, контактілеу уақытына байланысты, 35 мин ішінде максималды деңгейде жоғары болады, толығымен дерлік тазарады. Мұнда, тазартылмаған судың құрамындағы Cu 2+ = 0,21 ді, Pb 2+ = 0,11 ді, Zn 2+ = 12,3 ді 100% деп есептесек, модификацияланған, сондай – ақ термиялық жолмен активтендірілген бентонитті күкірт қышқылымен активизациялап, сумен өңдегенде, су құрамынан металдардың шығу дәрежесі ең үлкен нәтижеге жетеді. Атап көрсетсек, Cu 2+ = 99,6 %, Pb 2+ = 94,3 %, Zn 2+ = 99,5 % - ға максималды көрсеткішке жетеді. Ең үлкен сорпциялық қасиетке қышқылдық активизация кезінде ие болады.

2 кезеңнен, яғни модификацияланған және термиялық активтендірген бентонитті H2 SO4 күкірт қышқылымен активизациялап, суды өңдегенде, судың құрамы толығымен дерлік, 99 % - дай тазарады.

 

 

8. Жобалық тәуекелдер

Белгісіздіктің пайда болуынан жобаның тиімділік көрсеткіштерінің нәтижесі төмендеуі жобалық тәуекелдердің түсінігі болып табылады. Сандық көзқарас тұрғысынан тәуекел жобадағы сандық көрсеткіштердің ауытқуынан пайда болады. Олар: таза келтірілген құн (NPV), ішкі табыс нормасы(IRR).

Жобалық тәуекелдердің негізгі кезеңдері:

1. Валюталық тәуекел – қызмет барысындағы ұлттық валютаға шетел валютасының курсының өзгеруіне байланысты шығындардың туу тәуекелдігі.

Бентонитті сатып алуда шетел немесе ұлттық валютада сатып алу тиімділігі, сонымен қатар, инфляциға байланысты қай валюта түрімен сатып алған тимділігі есептеледі.

Транспорттық тәуекел – бұл тәуекелде бентонитті тасымалдау барысында туындайтын шығындарды төмендету анықталады. Яғни,Ауыз суды ауыр металдардан тазартуда қолданылатын бентонитті Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы, Таған ауылындағы «Алтай минералы» ЖШС компаниясынан қамтамасыз етіліп, ол ҚР-ның басқа да аймақтарына тасымалданады.


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 100 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Конечный результат реализации проекта.| Баға тәуекелі – бентонитті сатып алуда келісілген баға және оны тиімді қолдану.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)