Читайте также:
|
|
Сенімділікке сынау түрлері
Сенімділікке сынау олардың сенімділігінің нақты дәрежесін анықтау мақсатымен жүргізіледі.
Ереже ретінде, олардың басқы жиынтығын таңдаумен сынама жүргізіледі. Сынамалардың нәтижесі бойынша таңдамаларды барлық бас жиынтығы бойынша талқылайды.
Сенімділікке сынау жүргізудің әр алуан әдістері бар.
(11.1сурет).
Анықтайтын (зерттеу) сынамасы – бұл нәтижесінде сенімділік көрсеткіштерінің сандық мәні анықталатын сынау (істен шығусыз жұмыс істеу ықтималдығы, істен шығуға орташа атқарым және т.б.).
Бақылаулы сынау массалы өндіріс үрдісінде тексеріледі. Олардың мақсаттары орнатылған нормаларға сенімділік сипаттамасының сәйкес келуін тексеру болып табылады, яғни ұсынылған талаптарға жүйенеің сенімділігіне «иә-жоқ» түріндегі шешім қабылдау. Бұл сынаулар периодты жүргізіледі.
Арнайы сынау – сенімділікке әсер ететін кейбір факторлардың әсерін анықтау (бөгеттер, радиация және т.б.), сонымен қатар кейбір сенімділікпен байланысты сипаттамаларды сынауға арналған (өміршеңдік, ұзақтылық, жөндеуге жарамдылық және т.б.).
Әрбір сынаудың негізгі түрлері әр түрге бөлінеді. Сынауды зертханалық жағыдай да, сонымен қатар пайдалану кезінде де жүргізуге болады. Зертханалық сынау үшін ішкі әрекеттерді ұқсататын арнайы қондырғылар болады (діріл қабырғалары, термокамералар, барокамералар және т.б.). Тәжірибелік сынау жеделтетілген және қалыпты шарттарда өтуі мүмкін. Жеделдетілген сынаулар кезінде падаланумен қарағанда біршама ауыр, форсирленген жұмыс тәртібі орнатылады. Жеделдету факторлары механикалық, температуралық және басқа да әрекеттер болуы мүмкін.
Пайдалану шартындағы сынау өңдеуде және олардың функциялау үрдісіндегі жүйені жүргізу туралы ақпаратты өңдеу және жинаумен тұжырымдалады.
Статикалық материалдардың өңдеу әдістерінен тәуелді, сенімділік көрсеткішін бағалау есептік, тәжірибелік және есептік тәжірибелік әдістермен орындалуы мүмкін.
Анықтағыш сынау
Жүргізу әдісі нәтижелерді өңдеу, сонымен қатар сынау жүргізетін шарт және ұйымдастыру жүргізу бойынша олар әртүрлі болуы мүмкін (сур.11.2).
Сынау жоспарлары. Сынау алдында, сынау жүргізуге сәйкес ережені жасап алу керек. Осындай ережені дайындауды жоспарланған сынау деп атаймыз. Жоспар таңдауы қойылған сынаулармен толығымен Сынаудың жоспарын, дайындаудың көлемін, сынау жүргізу тәртібін және олардың тоқтау критерийлерін орнататын ережені айтады.
Жоспар атауын үш әріппен тану қабылданған: бірінші әріп N сыналатын жүйелердің санын білдіреді; екінші әріп істен шығу кезіндегі сынау уақытында қайта қалпына келу үрдісінің болуын немесе болмауын білдіреді (R – қалпына келудің болуын білдіреді, U – қалпына келмеуді білдіреді); үшінші әріп сынаудың тоқтау критерийін білдіреді (Т уақыты бойынша немесе N немесе r істен шығу жүйелерінің саны бойынша ұзақтылық).
Мысалы, NUr жоспары N қалпына келмейтін жүйелердің сынауына сәйкес келеді, істен шығу жүйелерінің саны r жеткенде, сынау тоқтайды, мұндағы r – істен шығу жүйелерінің алдын ала қойылған саны (r<N).
Егер r=N, онда NUN жоспарына өтеміз. Ереже ретінде, егер атқарылым экспоненциальді заң бойынша таралған болса NUr жоспарын істен шығуға дейінгі орташа атқарылымды және істен шығуға орташа атқарылымды аныөтау үшін қабылдайды. NUN жоспары қалыпты таралу жағыдайындағы істен шығуға дейінгі орташа атқарылымды анықтау үшін қолданады. NUT жоспары Т уақытындағы істен шығусыз жұмыс ықтималдығын анықтау үшін қолданады.
Олай болса, берілген жоспар бойынша белгілі сынама нәтижелері нүктелік және сенімділік көрсеткіштерін интервальді бағалау болып табылады.
Бақылау сынау
Бақылау сынауы сенімділік көрсеткіштерін анықтау үшін арналмаған. Олар кейбір жанама белгілер бойынша сенімділікті бақылау құралы болып қызмет етеді. Олай болса белгілер болып, мысалы, осы аралық уақытта сынау кезінде бас тартулардың болмауы, жүйелі уақыт интервалдары үшін рұқсат және рұқсат етілмейтін шекті саны.
Сынаудың соңғы нәтижесі болып екі шешімнің бірі табылады:
Таңдап алынған бұйымдардың сенімділігіне қанағаттанып партияны қабылдау немеес партияны жарамсыз деп ақаулау. Алайда бақылау кезінде таңдау көлемі аз, шешімді қабылдау кезінде қателіктің екі түрі мүмкін:
1) Бірінші түрдегі қателік, жақсы партия ақауланса;
2) Екінші түрдегі қателік, нашар партия қабылданса.
Бірінші түрдегі қателік кездейсоқтығы α ұсынушының тәуекелі болып табылады. Екінші түрдегі қателік кездейсоқтығы β тапсырыс берушінің тәуекелі деп аталады (тұтынушының).
Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 473 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Венди Л. Милнер. | | | Интегрирование иррациональных функций. |