Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

азақстан 2050» стратегиясы. Еліміздің жаңа саяси бағыты.

Ресей империясының 1867-1868 жж. Қазақстандағы реформалары және олардың нәтижелері. | Кімшілік-сот реформасын аяқтау, 1886 және 1891 жж. өлкені басқару жөніндегі ережелер. | Азақтың ұлы ағартушылары мен ойшылдары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбайұлы және т.б. | Ж.ұлт азаттық көтерілістің себептері,барысы,нәтижесі және маңызы. 1 страница | Ж.ұлт азаттық көтерілістің себептері,барысы,нәтижесі және маңызы. 2 страница | Ж.ұлт азаттық көтерілістің себептері,барысы,нәтижесі және маңызы. 3 страница | Ж.ұлт азаттық көтерілістің себептері,барысы,нәтижесі және маңызы. 4 страница | Ж.ұлт азаттық көтерілістің себептері,барысы,нәтижесі және маңызы. 5 страница | Астана – Қазақстан Республикасының астанасы | Азақстан Республикасындағы білім, ғылым, мәдениет және денсаулық сақтау ісінің дамуы |


Читайте также:
  1. C) жаңа идеялар, тауарлар мен қызметтер
  2. E) саяси белгісіне қарай сегменттеу
  3. XІ- ХVІ ғ.ғ. Қазақстанны” қай ө”ірінде қалалар гүлденді ?
  4. Ақ Орда Қазақстанның этникалық территориясындағы алғашқы мемлекет.
  5. Азақ хандықтарының Ресейге қосылуының саяси-құқықтық мәселелері
  6. Азақстан Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі және құлдырау кезеңінде.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың кезекті Жолдауының баға жетпес құндылығы - қалыптасқан Қазақстан мемлекетінің жаңа саяси бағыты - «Қазақстан - 2050» стратегиясын алдын-ала сарабдал сүзгіден өткізе, толымды талдаудың айқын үлгісі ретінде ұсынуы. Демек, «Қазақстан - 2050» стратегиясы - тым құбылмалы тарихи жағдайдағы жаңа Қазақстан үшін жаңа саяси бағыт өлшемі. «Қазақстан - 2050» бағдарламасының түпкі межесі - еліміздің XXI ғасырдың ортасына қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарынан ойып орын алуы. Әрине, бұл межеге жету жолында алға қойылған мақсат, міндеттер парадигмасына жаңа сапалық тұрғыдан қарау қажеттілігі туындайды. Бұл туралы М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті халықаралық көптілді білім беруді дамыту орталығының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Абат Қыдыршаев мәлім етті.Оның айтуынша, Жолдауда тіл саясатына елді біріктіруші басты фактор ретінде басымдық берілген. Бұл орайда рухани негізіміз - қазақ тілі турасында айта келіп, Елбасы: «Біздің міндетіміз - оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Бұл - өзін қадірлейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс міндет», - деп көрсетеді. ҚР Президенті мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайта түсу қажеттілігін, қазақ тілін кеңінен қолдану бағытындағы кешенді шараларды тереңдете түсуді баса айтады. Елбасы 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміздің қажеттілігін нұсқай келе, бұл ұлт болып шешуге тиіс көкейкесті мәселе екендігін және балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиістілігімізді орынды атайды. Елбасы өз Жолдауында Қазақстанның болашағы қазақ тілінде, қазақ қазақпен қазақша сөйлессін деген әрбір ел патриотының еңсесін көтерер, көңілін марқайтар қағидалы тұжырым-түйіндерін сенімді де нық айты Елбасы Жолдауындағы қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін де белсенді меңгеру турасындағы айтылған ой-тұжырымдар да әбден қолдауға лайық. Ал Елбасының ағылшын тілін игеруде серпіліс жасауымыз керек, қазіргі әлемнің осы «лингва франкасын» меңгеру біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады деуін бір кісідей қолдауға тиіспіз. Тап осы бағыттағы тіл саясатына қатысты жоспарлы іс-шаралар М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ-да жүйелі жүзеге асырылуда. Биылғы 2012-2013 оқу жылынан бастап университетімізде халықаралық көптілді білім беруді дамыту орталығы ашылып, кешенді кең көлемді іс-шаралар ғылыми-әдістемелік тұрғыда қолға алынуда. «Қазақстан - 2050» Стратегиясындағы тіл саясатына қатысты тұжырымды-түйінді қағидаларды елеп-екшей келе, М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіндегі халықаралық көптілді білім беруді дамыту орталығы көптілді білім берудің нормативті-құқықтық базасын дайындау, көптілді білім беру жүйесін ғылыми-әдістемелік тұрғыда қамтамасыз етуде арнайы мамандықтарға орай ағылшын тіліндегі оқулық, оқу құралдарын, үш тілді терминологиялық сөздіктерді әзірлеу, көптілді топтарда қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгеруге қатысты оқу-әдістемелік кешендерді даярлау бағытындағы жұмыстарды жүргізуде. Сондай-ақ орталықтың кәсіби филолог-тілші мамандардан құрылған ғылыми-әдістемелік кеңесі жоғары оқу орны оқытушылары мен студенттері үшін ағылшын тілі курстарын жүргізу, көптілді білім беруді дамыту бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жоғары оқу орнында көптілді топтар ашу, осы салаға қатысты мамандықтардың жұмыс оқу жоспарларын әзірлеуге бағыт беру, көптілді білім беруді енгізу мониторингісін саралай жүргізу жұмыстарын ұйымдастыруда. Көптілді білім беруді теориялық-әдіснамалық тұрғыда қамтамасыз ету мақсатында көптілді білім беру мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу бағыттарын айқындап, көптілділіктің өзекті проблемалары бойынша ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар өткізуді жоспарлауда. Нәтижеде көптілді білім беруді дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық білім мекемелерімен, жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс орнатуға, университет студенттерімен, орта мектеп оқушыларымен көптілді оқу-тәрбиелік шаралар ұйымдастыруға басымдық берілуде. Университет тарихында тұңғыш рет ашылған халықаралық көптілді білім беруді дамыту орталығының «Полиглот» атты басылымы университет ректоры, академик Асхат Иманғалиевтің қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өрілген алғысөзімен алғаш рет жарық көрді. Енді бұл басылым ай сайын жарық көріп, студенттерге көптілді білім алудың құндылықтарын насихаттай бермек. Демек, көптілді білім беруді дамыту - көп қырлы мәселе. Бұл саланы қилы қырынан қарастыру - университет профессор-оқытушылар құрамының алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі. Басты мақсат - көптілді және көп мәдениетті маман қалыптастыру.


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 167 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Азақстан – әлемдік қауымдастықта| Economic context

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)